«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313
қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қазандағы № 1014 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 14, 136-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу комитетінің төрағасына екі орынбасары болуына;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитетінің төрағасына екі орынбасары болуына;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасына екі орынбасары болуына;
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берілсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |