292. С сыныбы әуе кеңiстiгіндегі KҰE бойынша ұшу, егер бұлттар шамасы 2 октанттан аспайтын болса, және әуе кемесiнен бұлттардың жоғарғы шекарасына дейiнгi тiгiнен алғандағы қашықтық кемiнде 300 м болса бұлттардың үстiмен ұшу; немесе:
егер әуе кемесiнен бұлттардың төменгi шекарасына дейiнгi аралық 3 А-кестесiнде көрсетiлгеннен кем болмаса, бұлттардың астымен бұлттарға дейiнгi көлбеу қашықтық барлық жағдайларда 1500 м-ден кем болмаса; орындалуы мүмкiн.
3) бақыланбайтын G сыныбы әуе кеңiстiгiнде, теңiз деңгейiнен 900 м биiктiктен төмен, бұлттардың сыртында ұшқанда көру мүмкіндігі кемiнде 5 км болса, бұл ретте ұшу бағыты бойында және оның төңiрегіндегі жер (cу) бетi және олардағы барлық дөңестер (жасанды кедергiлер) ұшқышқа көретiндей болуға тиiс;
4) бақыланбайтын G сыныбы әуе кеңiстiгiнде теңiз деңгейiнен 900 м-ден төмен биiктiкте ұшуға көру мүмкiндiгi ұшқанда 1500 м-ден кем емес, аспаптық жылдамдығы 300 метр және одан төмен әуе кемелерiне рұқсат етiледi; ұшқандағы көру мүмкiндiгi 1500 м-ден кем, осы мүмкiндiктi ескерiп басқа әуе кемелерiмен немесе қандай да бiр кедергiлермен соқтығысып қалудан сақтандыратын аспаптық жылдамдық алған тiкұшақтарға бұлттардан тысқары жерде ұшуға рұқсат етiлген.
293. КҰЕ бойынша ұшқан кезде диспетчер аймағының шегiнде орналасқан әуеайлақтан ұшып шығу және оған қону, сондай-ақ әуеайлақтық қозғалыс аймағына немесе қозғалыс сызбасына кіру, әуе қозғалысына қызмет ететiн органдардың диспетчерлiк рұқсаты бар жағдайлардан басқа реттерде, егер:
1) бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi 450 м-ден аз, немесе:
2) жердегi көру мүмкiндiгi 5 км-ден аз болса орындалмайды.
294. Ұшып шығу немесе қону үшiн қажет болған немесе ӘҚҚ тиiстi өкiлеттi органдардың рұқсаты берiлген жағдайлардан басқа реттерде ұшудың КҰЕ бойынша ұшу:
1) халық көп тұратын iрi қалалардың немесе елдi мекендер мен қалалардың үстiмен, немесе сырттағы жиналған адамдардың үстiмен - әуе кемесiнен 600 м радиустағы ең биiк кедергiнiң үстiмен 300 м-ден төмен биiктiкте;
2) 1) тармақшада көрсетiлгеннен басқа кез-келген аудандарда - жер немесе су бетiнен 150 м-ден төмен биiктiкте орындалмайды.
295. Әуе кемесiнiң курсы бойынша алдында көрiнген кедергiнi, одан кемiнде 500 м қашықтықта оң жағынан, әуе кемесiнiң ұшқышына (экипажына) өте сақтықпен айналып өтуге рұқсат етiледi.
296. Алда ұшып бара жатқан әуе кемесiн кемiнде 500 м қашықтықта оң жағынан басып озуға болады.
Әуеайлақ шеңберi бойынша ұшқанда бiр үлгiдегi әуе кемелерiнiң бiрiн бiрi басып озуына рұқсат берiлмейдi. Шапшаңырақ ұшатын әуе кемелерi баяу ұшатындарды кемiнде 500 м ара қашықтықта шеңбердiң сыртқы жағымен үшiншi айналымға дейiн басып оза алады.
297. Әуе кемесiнiң симметрия жазығына 70 градустан аз бұрыш құрып, оған құйрық жағынан жақындап келе жатқан әуе кемесi басып озушы деп саналады, алдыңғы кеме басып озушы кемеге қарағанда, сондай жағдайда болады, түнгi уақытта әуе кемесiнiң ешбiр сол немесе оң аэронавигациялық оттарын ажырату мүмкiн емес. Басып озылатын әуе кемесi бiрiншi кезектiк құқықты пайдаланады, ал басып озушы әуе кемесi, жоғарылап немесе төмендеп бара жатқандығына, не көлбеу ұшып бара жатқандығына қарамастан оңға бұрылып жол бередi; бұл екi әуе кемелерiнiң бiр бiрiне қатысты орналасуы ғана өзгергенiмен, басып озушы әуе кемесiн, ол жеткiлiктi ара қашықтықта басып озғанша жоғарыдағы талапты орындау мiндетiнен босатпайды.
298. Әуе кемелерi өзара қиылысатын бағытта және бiр эшелонда (биiктiкте) ұшқанда сол жағынан әуе кемесiн байқаған пилот (ұшқыш) биiктiгiн азайтуға, ал оң жағынан байқаған пилот (ұшқыш) ұшу биiктiгiн көтеруге тиiс, сөйтiп олар әуе кемелерiнiң қауiпсiз айырылысып кетуi үшiн әртүрлi биiктiкте ұшады.
Егер биiктiктi өзгерту мүмкiн болмаса (бұлт болғандықтан, немесе ең аз биiктiкте ұшқандықтан немесе басқадай шектеулерден) ұшқыштар бiр бiрiнен қарама қарсы жақтарға бұрылып кету арқылы қауiпсiз өтудi қамтамасыз етуге тиiс, немесе, тiкелей кездесетiн бағыттарда әдейiлеп емес жақындасып қалған жағдайда, әрбiр ұшқыш сол бортпен өту үшiн өз әуе кемесiн оңға бұрады. Айырылысу процесiнде ұшқыштар басқа әуе кемесiн көзден таса қылмауы тиiс.
299. Бiр биiктiкте және айырылмаған бiр бағытта, эшелоннан 900 м төмен ұшқанда әуе кемелерiнiң бiрiне бiрi қарсы қозғалуына жол берiлмейдi.
300. Метеорологиялық жағдай КҰЕ бойынша ұшуға қойылған тиiстi талаптарға сай келмейтiн шамаға дейiн нашарлағанда әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы):
1) егер КҰЕ бойынша арнайы ұшу ережелерiн қолдануға және ұшуды жалғастыруға мүмкiндiк болмаса, ұшып шыққан әуеайлаққа қайтуға немесе ең жақын қосалқы әуеайлаққа қонуға;
2) егер ұшудағы мақсат, пилоттардың (ұшқыштардың) ұшу дайындығы, әуe кемесiнiң жасақталуы және ӘҚҚ тиiстi органның рұқсаты бұған кедергi болса, AҰE бойынша ұшуға ауысуға мiндеттi;
3) тiкұшақ пилоттары әуеден таңдаған алаңға қона алады. Өз әрекетi жайында тiкұшақ ұшқышы ӘҚҚ көрсететiн тиiстi органға хабарлауға мiндеттi.
301. КҰЕ бойынша қарама-қарсы курстарда - төменгi эшелоннан төмен биiктiкте ұшу айырылған бағытта жүргiзiледi. Бүйiрге эшелондау мүмкiн болмаған жағдайда биiктiк бойынша эшелондау жасалынады немесе бiр жақты қозғалыс ұйымдастырылады.
302. КҰЕ бойынша ұшқанда әуе кемесiнiң пилоты әуеайлақты қауiпсiз қашықтықта немесе ӘҚҚ диспетчерлiк органның белгiлеген дәлiзi бойынша өте сақтықпен айналып өтуге тиiс.
303. KҰE бойынша елдi мекеннiң үстiнен ұшу, әуе кемесiнде ақау болған жағдайда, оны осы елдi мекеннен тысқары жерге немесе жақын жердегi әуеайлаққа қондыруға мүмкiндiк беретiн биiктiкте орындалады. Метеорологиялық жағдай тиiстi биiктiктi сақтауға мүмкiндiк бepмece егер айналып ұшудың басқадай тәртібі белгiленбеген болса, әуе кемесiнiң ұшқышы елдi мекендi, әдетте, оң жағынан айналып ұшады.
304. Егер КҰЕ бойынша ұшып келе жатқан әуе кемесiнiң ұшқышы AҰE бойынша ұшуға көшкiсi келсе, мұндай жағдайда ол мынадай әрекеттер жасайды:
1) егер ұшу жоспары берiлген болса - ұшудың ағымдағы жоспарына енгiзiлуге жататын қажеттi өзгертулер туралы хабарлайды;
2) ұшу жоспарларын ұсынуға қатысты талаптарға сәйкес органға ұшу жоспарын ұсынады және бақыланатын әуе кеңiстiгiнде AҰE ұшуға көшкенше рұқсат алады.
305. Кез келген жағдайда, КҰЕ бойынша ұшудан АҰЕ-мен ұшуға көшкен кезде ұшқыш өз әрекетiн, сондай-ақ қажеттi эшелонды (биiктiктi) ӘҚҚ тиiстi органмен келісіп алуға тиіс, ол өз кезегінде мұндай көшу үшiн қажеттi жағдай тудыруға мiндеттi.
306. Әуе кемесi KҰE бойынша ұшу үшiн белгiленген минимумнан төмен жағдайға кенеттен түскенде, көзбен шолып ұшуға көшу мақсатында белгiленген қауiпсiз биiктен төмен құлдилауға рұқсат етiлмейдi. Бұл жағдайда, егер ол мүмкiн болса, ұшқыш аспаптар бойынша ұшуға көшуi керек және ұшып шыққан аэродромына қайтуға немесе жақын арадағы әуеайлаққа қонуға тиiс. 1800 бұрылғаннан кейiн көзбен шолып ұшуға көшу мүмкiндiгi болмаса, ұшқыш ұшудың төменгi қауiпсiз эшелонын алуға және өзінің алдағы әрекетін әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерлiк органмен келiсуге мiндеттi.
307. Ауа райының жағдайы КМЖ минимумынан төмен нашарласа және КМЖ ұшудың ағымдағы жоспары бойынша ұшудың мүмкiн емес екендiгi анық болса KҰE бойынша ұшуды орындаушы ұшқыш:
1) бағытталған жерiне немесе қосалқы әуеайлаққа дейiн КМЖ ұшуды жалғастыруға мүмкiндiк беретiн, өзгертiлген рұқсатты немесе шегiнде диспетчерлiк рұқсатты қажет ететiн әуе кеңiстiгінен кетуді сұрайды;
2) егер рұқсат алу мүмкiн болмаса, әуе кемесi КМЖ ұшуын жалғастырады және ӘҚҚ тиiстi органға қабылданған шешiм жайында хабарлайды, не бұл әуе кеңiстiгiнен кетедi, не жақын арадағы әуеайлаққа қонады;
3) Аспаптар бойынша ұшу ережелерiне (AҰE) сәйкес ұшуға рұқсат сұрайды.
308. Әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсететiн орган қамтамасыз ететiн, KҰE бойынша ұшу мына жағдайларда орындалады:
1) олар бақыланатын С сыныбы әуе кеңiстiгi шегiнде орындалатын болса;
2) олар бақыланатын әуеайлақтарда әуеайлақтық қозғалыстың құрамдас бөлiгi болса;
3) олар KҰE ережелерi бойынша арнайы ұшулар ретiнде орындалса.
309. Ұшуды КҰЕ бойынша диспетчерлiк ауданның шегiнде немесе ауданға кiрерде немесе ӘҚҚ ұшу жоспары ұсынылатын тиiстi өкiлеттi орган белгiлеген бағыт бойымен орындаған кезде ұшу ақпаратын ұсынуды қамтамасыз ететiн ӘҚҚ органының тиiстi радио жиiлiкте ұдайы тыңдайды және қажеттілігiне қарай әуе кемесiнiң қай жерде келе жатқандығы туралы мағлұмат бередi.
310. КҰЕ бойынша ұшқанда ұшқыш:
1) ұшудың нағыз қауiпсiз биiктiгiн сақтауға;
2) ұшу бағытын, әуеайлақ аумағынан шығуға және қонуға беттелу сызбасын дәл ұстауға;
3) ұшып шыққан әуеайлаққа (қосалқы әуеайлаққа) қайту туралы немесе метеорологиялық жағдайлар белгiленгеннен төмен шамаға дейiн нашарлағанда AҰE бойынша ұшуға көшу туралы уақтылы шешiм қабылдауға;
4) әуе кемесiнiң ұшып келе жатқан орны және ұшу жағдайлары туралы шынайы ақпарат беруге;
5) ӘҚҚ диспетчерлiк органның нұсқауларын дәл және уақтылы орындауға;
6) эшелондауды (apa қашықтықты) сақтауға жауапты болады.
311. ӘҚҚ органның КҰЕ бойынша ұшуға тiкелей басшылық жасайтын диспетчерi:
1) ұшу биiктiгiн (эшелонын) тағайындауға;
2) әуе кемелерi ұшып шыққанда уақыт аралығын сақтауға;
3) әуе, метеорология және орнитология жағдайлары туралы ақпаратты уақтылы ұсынуға;
4) АҰЕ бойынша ұшуға көшкенде әуе кемелерi арасындағы белгiленген ара қашықтықты сақтауға;
5) радиологиялық бақылау болған жағдайда әуе кемесiнiң ұшып келе жатқан нақты орны туралы дәл және дер кезiнде ақпарат беруге жауапты болады.
24-тарау. КҰЕ бойынша арнайы ұшулар
312. KҰE бойынша арнайы ұшулар КМЖ-дан нашар метеорологиялық жағдайлардай болған кезде диспетчерлiк аймақта күндiз және түнде орындалуы, ондай ұшулар ресми белгiленген және оларды орындау тәртібі арнайы нұсқаулықтармен (әуеайлақтық аймақта ұшу нұсқаулықтарымен немесе аэротораптық аймақта ұшу нұсқаулықтарымен) анықталған жағдайда ӘҚҚ диспетчерлiк орган рұқсат еткен ұшуларды көздейдi, сонымен қатар:
1) әуе кемесiнiң табиғи көкжиек, жарық және жер бағдарлары бойынша, оның кеңiстiк орнын пилотаж-навигациялық аспаптар бойынша бiр мезгiлде бақылау арқылы ұшқыштығын;
2) АҰЕ үшiн белгiленген көлденең және бүйiрге қарай эшелондау аралығын және осы Ұшу ережесінде көзделген тiк эшелондау аралығын сақтау арқылы ұшуды орындауды;
3) жасанды кедергiлердi ескере отырып ұшудың берiлген эшелонын (биiктiгiн) сақтауды;
4) радиолокациялық құралдарды қолдану арқылы және (немесе) экипаждан алатын ақпарат негiзiнде, әуе кемелерi арасындағы аралықты сақтау үшiн ӘҚҚ диспетчерлiк органды бақылауды көздейдi.
313. КҰЕ бойынша түнгi арнайы ұшулар 6000 м эшелонда, әуе кеңiстiгiнiң төменгi шегіндегі эшелондарда немесе биiктiктерде, А, В, С санатындағы 4-сыныпты ұшақтарда және тiкұшақтарда, денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсетуге байланысты жедел ұшуды орындағанда, iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзгенде, Қазақстан Республикасының ҚМ, ҰҚК, IIM-нiң мүддесi үшiн ұшулар орындағанда, сондай-ақ оқу және жаттығу ұшуларын орындағанда, басқа кез келген аудандарда және/немесе жағдайларда, Қазақстан Республикасының ӘҚҚ тиiстi өкiлеттi органдарының рұқсатымен ұшқанда қолданылады.
314. КҰЕ бойынша ұшуды және КҰЕ бойынша арнайы ұшуды орындайтын барлық әуе кемелерiн эшелондау сол эшелондаудың ережелерi мен минимумдарына сәйкес және мұны ӘҚҚ тиiстi өкiлеттi орган мiндеттеген жағдайда, КҰЕ бойынша арнайы ұшуды орындайтын барлық әуе кемелерi арасында, эшелондаудың осы өкiлеттi органдар белгiлеген минимумдарына сәйкес жүзеге асырылады.
315. Жердегi көру мүмкiндiгi кемiнде 1500 м болса, КҰЕ бойынша арнайы ұшу орындайтын әуе кемелерiне олардың қонып-ұшуы үшiн диспетчерлік аймаққа кіруiне және диспетчерлiк аймақтан тiкелей ұшып шығуына рұқсат етiледi. G сыныбы әуе кеңiстiгiнiң шегiнде, әуе кемесiнiң ақаусыз қабылдау-беру құралымен жабдықталған-жабдықталмағандығына қарамастан, КҰЕ бойынша арнайы ұшулар орындалуы мүмкiн.
316. Жердегi көру мүмкiндiгi кемiнде 1500 м болып, әуе кемесi ақаусыз қабылдау-беру құралымен жабдықталған және ұшқыш тиiстi радиожиiлiктi тыңдай алатын жағдайда диспетчерлiк аймақ шегiнде КҰЕ бойынша арнайы ұшуды орындауға рұқсат берiледi.
317. КҰЕ бойынша түнде арнайы ұшу жазық және төбелi жерлерде:
1) көру мүмкiндiгi 4000 м; бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi 450 м;
2) көзбен шолып ұшуды орындағанда нағыз қауiпсiз биiктiк 400 м-ден кем болмауға тиiс, ал әуе кемесiнен бұлттардың төменгi шекарасына дейiнгi тiк қашықтық кемiнде 50 м метеорологиялық жағдайларда орындалады.
318. Таудағы әуеайлақта жаттығу тұрғысына ұшуды қоспағанда, таулы жерлерде КҰЕ бойынша түнде арнайы ұшуға тыйым салынған.
319. АҰЕ схемасы бойынша, таулы әуеайлақтарда түнде көру мүмкiндiгi 5000 м және бұлттардың төменгі шекарасының биiктiгi ұшу биiктiгiнен кемiнде 200 м астам кезiнде, таулы жерлердегi әуеайлақтарда жаттығу тұрғысына ұшуларды көзбен шолып орындауға рұқсат етiледi.
320. КҰЕ бойынша түнде арнайы ұшу олардың саны 2-октанттан артық болмаған кезде орындалуы мүмкін, бұл жағдайда әуе кемесiнен бұлттардың жоғарғы шекарасына дейiнгi тiк арақашықтық кемiнде 300 м болуы тиіс.
321. КҰЕ бойынша түнде арнайы ұшу бiр бағытта қарсы қозғалыс болмаған кезде және ӘҚҚ орган мен ұшқыш арасында үздiксiз екi жақсы байланыс болған жағдайда ғана орындалады. Көзбен шолып түнде ұшқанда сол биiктiкте алдында келе жатқан әуе кемесiн басып озуға тыйым салынады.
322. КҰЕ бойынша түнгi арнайы ұшуға дайындалғанда ұшу бағыты жасанды кедергiлердi қауiптi биiктiктiң есебiне кiргiзбеуге мүмкiндiк беретiн қашықтықта айналып өтудi қамтамасыз ететiндей есеппен, түнде жыға танылатын, өзiндiк ерекшелiгi бар бағдарлар арқылы белгiленедi.
323. Күндiз және кешқұрым КҰЕ бойынша белгiленген бағыттар бойынша КҰЕ бойынша түнде арнайы ұшуды орындағанда қарсы қозғалуға және әуе кемелерiн басып озуға осы ҚР ӘК ҰHE көзделген тiк эшелондауды қолданған жағдайда рұқсат етiледi.
324. Мұндай ұшуларды тiк эшелондауды жүзуге асыру мүмкiн болмаған кезде осы Ұшу ережесіне сәйкес көлденең эшелондаудың ара қашықтығымен әуе кемелерiнiң бiр жақты қозғалысы ұйымдастырылуы тиiс.
325. КҰЕ бойынша арнайы ұшу және түнде қонуға бет алу жұмыс алаңы мiндеттi түрде жарықпен таңбаланған, жарық бағдарларымен жабдықталған алаңда орындалады. Бұлай жабдықталмаған алаңдарға көзбен шолып түнде қонуға тыйым салынған.
326. Метеорологиялық жағдай КҰЕ бойынша түнде арнайы ұшу үшiн белгiленген шамадан нашарлап кеткен жағдайда әуе кемесiнiң командирi ұшып шыққан әуеайлағына қайтуға, немесе жақын жердегi қосалқы әуеайлаққа қонуға тиiс. Әуе кемесi түнде кезбен шолып ұшуға болмайтындай жағдайға тап болса, әуе кемесiнiң командирi АҰЕ бойынша ұшуға көшедi, ӘҚҚ органмен ұшу бағытын және ұшу эшелонын (биiктiктi) келiседi.
25-тарау. Ұшып шығатын әуе кемелерi
327. Жоспарланған ұшуға (немесе, ұшудың бiр бөлiгiне) қатысты, ӘҚҚ органға жiберiлуге жататын ақпарат ұшу жоспары нысанында ұсынылады, ол:
1) диспетчерлiк қызмет оны қамтамасыз етуi үшiн кез келген ұшу (немесе, оның бiр бөлiгi);
2) консультациялық әуе кеңiстiгiнiң шегiнде АҰЕ бойынша жүзеге асырылатын кез келген ұшу;
3) ұшу ақпаратына, авариялық хабар беруге, iздеу салуға және құтқаруға қатысты қызмет көрсетудi оңайлату мақсатында ӘҚҚ тиiстi өкiлеттi орган талап еткен жағдайда, берiлген аудан шегiнде немесе берiлген бағыт бойынша орындалатын кез келген ұшу;
4) тану мақсатында көршiлес мемлекеттерде әуе кемесiн ұстап қалуды болдырмау үшiн тиiстi әскери органдармен немесе ӘҚҚ органдармен iс-әрекеттердiң үйлесiмiн оңайлату мақсатында ӘҚҚ тиiстi өкiлеттi орган талап еткен жағдайда, берiлген аудан шегiнде немесе берiлген бағыт бойынша орындалатын кез келген ұшу;
5) мемлекет шекараларын кесiп өтетiн кез келген ұшу, ол басталғанға дейiн ұсынылады.
328. ӘҚҚ тиiстi өкiлеттi орган тарапынан басқадай нұсқаулар болмаған кезде диспетчерлiк қызметтi немесе консультациялық қызметтi қажет ететiн ұшу жоспары ұшуға дейiн, тым болмағанда, 1 сағат iшiнде берiледi, ал ұшып бара жатып берiлсе, ӘҚҚ тиiстi органның оның алуын қамтамасыз ететiндей әуе кемесiнiң:
1) диспетчерлiк аймаққа немесе консультациялық ауданға кiретiн жоспарлы пунктке;
2) әуе трассасын немесе консультациялық бағытты кесiп өтетiн межеге жетуiне 20 минут iшiнде берiледi.
329. Әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) ұшуға шешiмдi:
1) экипаждың (ұшқыш) ұшуға дайындығы;
2) әуе кемесiнiң ұшуға дайындығы;
3) әуеайлақ аймағындағы, ұшу бағыты бойынша, баратын және қосалқы әуеайлақтағы метеорологиялық жағдайды талдау;
4) әуеайлақтық ААҚ-нан (ААБ-нан) алынған аэронавигациялық ақпарат негiзiнде қабылдайды.
Егер ұшып шығатын, барып қонатын және/немесе қосалқы әуеайлақтарда, сондай-ақ бағыт бойынша (авиациялық жұмыстар ауданында) метеорологиялық жағдай ұшуға шешiм қабылдағаннан әуе кемесi ұшып шыққанға дейiнгi аралықта, бұл минимумдар үшiн белгiленгеннен төмен шамаға дейiн нашарласа, ӘҚҚ диспетчерi ол жайында экипажға (ұшқышқа) хабарлауға тиiс. Әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) ұшып шығу мүмкiндiгiн қайта қарап, тиiстi шешiм қабылдауға тиiс.
330. Мемлекеттік (әскери) авиацияның әуе кемелерiнiң азаматтық әуеайлақтардан, сондай-ақ белгiленген бағыттар (авиациялық жұмыс аудандары) бойынша ұшуы немесе әскери әуеайлақтарға қонуы үшiн азаматтық авиацияның әуе кемелерінің ұшуына тиісті әскери органдардың келісімімен ғана рұқсат берiледi.
331. Әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) аспаптар бойынша ұшу ережелерiмен ұшуға, егер:
1) ұшып шығатын әуеайлақтағы сол кездегi ауа райы ұшу үшiн белгiленген минимумнан төмен болмаса;
2) ұшу бағытында айналып өтуге болмайтындай қауiптi метеорологиялық құбылыстар жоқ болса;
3) барып қонатын әуеайлақта ұшып келгенге дейiн нақты және жобадағы ауа райы 5-кестедегi нұсқалардың бiреуiнiң талаптарына сай келсе;
4) 4-кестенiң және осы ҚР ӘК ҰНЕ 339-340-тармақтарының талаптарына сай келетiн қосалқы әуеайлақ болса;
5) ETOPS ережесi бойынша ұшуларды орындау кезiнде маршрут бойында жарамды қосалқы әуе айлақтар болса метеорологиялық жағдайға талдау жасау негiзiнде шешiм қабылдайды.
4-кесте
Нұс- қау- лар | Тағайындалған әуеайлақта |
Нақты ауа райы (ВНГО, ҰҚЖ-да көру мүмкiндігi, жел) | Болжау мен белгiленген минимумның арақатынасы (ұшып келген уақытқа) | Ұшып баратын әуеайлаққа дейiн ұшудың есеп бойынша ұзақтығы | Барып қонатынын әуеайлақтағы ВПР ұшу баруды қамтамасыз ете алатын қосалқы әуеайлақтар саны |
1. 2. 3. | Белгiленген минимумнан төмен емес Нақты ауа райына байланысты емес Нақты ауа райына байланысты емес | Болжамды ауа райы мини- мумнан төмен Болжамды ауа райы минимумнан төмен емес Болжамды ауа райы минимумнан төмен | 2 сағ. дейiн 2 сағаттан 5 сағатқа дейiн 1 сағат және одан көп 5 сағаттан астам | 1 2 немесе 1* 1 2 немесе 1* |
*Егер ауа райының болжамы ұшып келетiн уақытқа бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi 100 метрге, көру мүмкiндiгi 1000 метрге белгiленген минимумнан жоғары болады деп көзделсе, мұндай жағдайда қосымша әуеайлақ таңдалады.
4-кестедегi 1-нұсқа бойынша ұшуға шешiм қабылдағанда ұшып баратын әуеайлақтағы нақты ауа райы туралы деректердiң алынған мерзiмi бақыланған кезден бастап 1 сағаттан аспауға тиiс.
332. Ұшу ұзақтығы 2 сағатқа дейiн болса:
1) жылдамдық пен жол бағытының белгiленген шектеулерге сәйкестiгi жел екпiнi ескерiлiп анықталады;
2) ҰҚЖ көру мүмкiндiгiн басшылыққа алуға рұқсат етiлген, бұл ретте, егер ұшып-қону жолағындағы көру мүмкiндiгi бойынша ұшуға шешiм түнде қабылданса, ал ол ұшып баратын (қосалқы) әуеайлаққа кешқұрым немесе күндiз қонатын болса, тәулiктiң қараңғы кезiнен жарық кезiне ауысқанда ҰҚЖ көру мүмкiндiгiнiң азаятындығын ескеру қажет.
Ұшу ұзақтығы 2 сағаттан асатын болса, көру мүмкiндiгiнiң болжамдығы шамасын басшылыққа алу керек.
333. АҰЕ ұшуға шешiм қабылдағанда, барып қонатын және қосалқы әуеайлақтарда:
1) ұшып келетiн уақытқа болжамды қауiптi метеорологиялық құбылыстар (қосалқы әуеайлақтардағы, болу мүмкiндiгi 40%-тен асатын қарсы жолығатын найзағайлардан басқасы);
2) ұшып келетiн уақытқа болжамды жел екпiнi;
3) бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi (егер олардың мөлшерi 2 октанттан аспаса);
4) ұшып келу уақытына болжамды көру мүмкiндiгiнiң уақытша нашарлауы және/немесе бұлттардың төменгi шекарасының төмендеуi ескерiлмейдi.
Егер ұшып баратын (қосалқы) әуеайлаққа жету уақыты көру мүмкiндiгiнiң және/немесе бұлттардың төменгi шекарасының болжамды өзгеру кезеңiмен дәл келсе, АҰЕ ұшуға шешiм қабылдағанда олардың ең аз шамасы ескерiледi.