376. Жақын келетiн ауданда ұшудың қауiпсiз биiктiгi әуеайлақтың теңiз деңгейiне келтiрiлген атмосфералық қысымы бойынша анықталады.
377. Жақын келетiн ауданда ұшудың қауiпсiз биiктiгi, шеңбер биiктiгi және ЕҚБ орташа жылдық температура мен әуеайлақтағы қысымның ең аз шамасы бойынша жүргiзiлген көп жылдық бақылау негiзiнде есептеледi және осы әуеайлақта ұшу жүргізудің нұсқаулығында және аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетiледi.
378. Төменгi қауiпсiз эшелонның биiктiгi алынған мәндi таяу iлеспе эшелонға дейiн өсiре отырып, 760 мм сынап бағанасындағы атмосфералық қысым (1032,2 мб) бойынша ұшудың қауiпсiз биiктiгiн есептеу арқылы анықталады.
379. АҰЕ және арнайы КҰЕ бойынша әрбiр ұшу алдында:
1) төменгi эшелоннан төмен ұшқанда әуеайлақ ауданындағы қауiпсiз биiктiк;
2) төменгi эшелоннан төмен бағыт бойындағы (авиациялық жұмыстар ауданындағы) ұшудың қауiпсiз биiктiгi;
3) төменгi қауiпсiз эшелонның биiктiгi есептеледi.
380. КҰЕ бойынша төменгi эшелоннан төмен ұшқанда әуеайлақ ауданындағы қауiпсiз биiктiк (әуеайлақтың атмосфералық қысымы бойынша) және бағыт бойындағы қауiпсiз биiктiк (келтiрiлген ең аз қысым бойынша) ұшу (тағайындалған) әуеайлақтағы температураның нақты шамасы бойынша есептеледi.
381. Бағыт бойында және тегiс және қыратты жердегi әуеайлақ ауданында төменгi эшелоннан төмен, КҰЕ бойынша ұшу үшiн қауiпсiз биiктiктi есептегенде, егер әуе кемесiнiң ұшу жылдамдығы 300 км/сағаттан аспайтын болса, жасанды кедергiлердiң биiктiгi есепке алынбайды. Әуе кемесiнiң экипажы жасанды кедергiнi Көзбен шолып кемiнде 500 метр қашықтықта айналып өтуi тиiс.
Таулы жерлерде КҰЕ бойынша ұшқанда жасанды кедергiлердiң биiктiгi ұшу жылдамдығына қарамастан қауiпсiз биiктiктiң есебiне кiредi.
382. Бағыт бойынша, сондай-ақ ұшу және қону аймағында арнайы КҰЕ бойынша ұшу 6-кестенiң талаптарына сай болған жағдайларда орындалады.
Ұшу биiктiгiнен төмендегi бұлттардың мөлшерi екi октанттан аспаса КҰЕ бойынша бұлттан жоғары ұшуға рұқсат берiледi. Бұл жағдайда бұлттардың жоғары шекарасынан әуе кемесiне дейiнгi қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс.
383. Ұшудың аспаптық қауiпсiз биiктiгiн есептеудiң тәртібі осы Ереженiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
Ұшуды орындаған кезде экипаж Түзетулер енгізудiң бiрыңғай әдiстемесi талаптарына сай биiктiк өлшегiшiнiң түзетулерiн ескеруге мiндеттi.
6-кесте
┌─────────┬────────────────┬────────────────────────────┬───────────-┐
│ Жер │Ұшудың қауіпсiз │Бедердiң ең биiк нүктесі │ Көру │
│ жағдайы │биiктiгi │бұлттардың төменгi шекара. │ мүмкіндігі│
│ │(ақиқат), │сының биiктiгi, метр │ │
│ │ метр │ │ │
├─────────┼─────────┬──────┴─┬─────────┬─────────┬──────┴──┬─────────┼
│ │ күндiз │ түнде │ күндiз │ түнде │ күндiз │ түнде │
├─────────┴─────────┴────────┴─────────┴─────────┴─────────┴─────────┤
│ Денсаулық сақтау ұйымдарына, iздестiру-құтқару жұмыстарына қызмет │
│ көрсетуге байланысты жедел ұшу және жаттығу мақсатындағы ұшу │
│ │
│ Тегiс │
│ және │
│ қыратты 50 250 100 300 1000 4000 │
│ Таулы 300 - 400 - 2000 │
│ │
│ Әуe тасымалы және авиациялық жұмыстар бойынша ұшулар │
│ Тегiс - 400 - 450 - 400 │
│ және │
│ қыратты │
└────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Ұшу және қону аймағында жер бедерiн және жасанды кедергiлердiң көп болуын есептеу, жолағының енi бағыт осiнiң екi қапталында күндiз 5 км, түнде - 10 км болады.
ЖӘЖ бойынша және белгiленген бағытпен ұшу кезiнде жер бедерiнiң және жасанды кедергiлердiң көп болуын есептеу жолағының енi бағыт осiнiң екi қапталында күндiз - 5 км, түнде - 10 км, таулы жерлерде - ЖӘЖ (белгiленген бағытының) енi шегiнде болады.
Тегiс және қыратты жерлерде бұлттардың төменгi шекарасының нақты және болжамды биiктiгi 150 метрден кем және көру мүмкiндiгi 3000 метр және одан алыс болғанда, ұшу жылдамдығы 300 км/сағат болатын әуе кемелерi үшiн жасанды кедергiлердiң биiктiгi есепке алынбайды.
30-тарау. Бақыланатын әуе кеңiстiгiнде тiк,
көлденең және бүйiрге қарай эшелондау ережелерi
384. Тiгiнен эшелондаудың ара қашықтығы:
1) 900 эшелоннан 8100 метр эшелонға дейiн - 300 метр;
2) 8100 эшелоннан 12100 метр эшелонға дейiн - 500 метр;
3) 12100 метр эшелоннан жоғары, сондай-ақ дыбыстан жоғары жылдамдықта ұшатын әуе кемелерi және басқа әуе кемелерi арасында - 1000 метр болып белгiленедi.
385. Төменгi эшелоннан төмен ұшқанда төменгi эшелон мен ұшу биiктiгi арасындағы тiгiнен болатын қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс.
Төменгi эшелоннан төмен биiктiкте әуе кемелерiнiң КҰЕ бойынша (арнайы КҰЕ) 300 км/сағат аспайтын жылдамдықпен ұшу 150 метрден кейiн, 300 км/сағ. асатын жылдамдықпен ұшу - барлық жағдайларда 300 метрден кейiн эшелондалады.
386. Шеңбер бойынша ұшу биiктiгi мен күту аймағының төменгi эшелоны арасындағы тiгiнен болатын қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс.
387. Әуеайлақ ауданында әуе кемелерi арасындағы тiгiнен болатын қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс. Төменгi эшелоннан төмен КҰЕ бойынша ұшуды орындайтын 4-сыныпты ұшақтар мен тiкұшақтар үшiн 1, 2 және 3-сыныпты ұшақтардың ұшу бағыттарының қиылысатын жерiнде, радиолокациялық бақылау кезiнда және олардың арасындағы көлбеу қашықтық 5 км кем болмаса - тiгiнен болатын ара қашықтық кемiнде 150 метр болуы тиiс.
388. Әуе кемелерiнiң КҰЕ бойынша және АҰЕ бойынша ұшуы үшiн бiр уақытта бiрдей эшелон (биiктiк) тағайындауға тыйым салынған.
389. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде тiгiнен эшелондау жартылай шеңбер жүйесi бойынша жүзеге асырылады:
1) әуе жолдарын, ЖӘЖ және бағыттарды 0-ден 1790-қа дейiнгi (қоса алғанда) ақиқат жол бұрыштарымен белгiленген бағыттарды бағыттау кезiнде мынадай ұшу эшелондары белгiленедi: 900, 1500, 2100, 2700, 3300, 3900, 4500, 5100, 5700, 6300, 7500, 8100, 9100, 10100, 11100, 12100, 14100.
2) әуе трассаларын, жергiлiктi әуе жолдарын және белгiленген бағыттарды 180-нен 3590-қа дейiнгi (қоса есептегенде) нағыз жолдық бұрыштармен бағыттағанда ұшудың мынадай эшелондары белгiленедi: 1200, 1800, 2400, 3000, 3600, 4200, 4800, 5400, 6000, 6600, 7200, 7800, 8600, 9600, 10600, 11600, 13100, 15100 метр.
390. Бағыттардың бұрылыс пунктiнде эшелонды ауыстырғанда, ұшудың жалпы бағыты өзгергендiктен, жаңа эшелонды алу диспетчердiң рұқсатымен, осы Ережеде белгiленген ара қашықтық сақтала отырып көрсетiлген пункттi ұшып өтуден 20 минут бұрын орындалады.
391. Егер жолдың (бағыттың) басым учаскелерiнiң берiлген ақиқат жол бұрыштары бiр шеңбердiң жартылай шегiнде, ал жекелеген учаскелерде - бiр шеңбердiң басқа шегiнде болса, онда барлық әуе жолы (бағыты) үшiн ұшудың қауiпсiздiк шаралары сақтала отырып бiрыңғай эшелондар белгiленуi мүмкiн.
392. Әуеайлақ (аэроторап) ауданында және күту аймақтарында тiгiнен эшелондау белгiленген ара қашықтықтарға сәйкес ұшудың берiлген жол бұрыштарына тәуелсiз жүргiзiледi.
1-параграф. КҰЕ бойынша ұшқанда көлденең
эшелондаудың ең аз ара қашықтығы
393. Бiр эшелонда (биiктiкте) бiр бағыт бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы - 2 км.
394. Басқа әуе кемесi ұшып келе жатқан ұшу эшелонын (биiктiгiн) қиып өткен, сондай-ақ бір эшелонда (биiктiкте) ұшу бағытын қиып өткен кезде:
1) ұшу жылдамдығы 300 км/сағат және одан аз болатын әуе кемелерi үшiн - 2 шақырым;
2) ұшу жылдамдығы 301-550 км/сағат болатын әуе кемелерi үшiн - 5 км.
2-параграф. Үздiксiз радиолокациялық
бақылауға алынып, АҰЕ және КҰЕ бойынша
ұшқан кезде көлденең эшелондаудың ең аз аралығы
395. Бiр эшелонда (биiктiкте) бiр бағыт бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы:
1) әуе жолдарында, ЖӘЖ және белгiленген бағыттар бойынша - 30 км;
2) жақын келетiн аймақта - 20 км;
3) жақын келетiн аймақта ӘКБ АЖ пайдаланғанда - 10 км;
4) ұшу және қону аймағында - ұшу салмағы 136 тонна және одан көп болатын әуе кемелерiнiң соңынан ұшқан барлық әуе кемелерi үшiн - 10 км. Қалған барлық жағдайларда - 5 км.
396. Басқа әуе кемесi иеленген қарсы эшелонды (биiктiктi) қиып өткен кезде - қиып өтетiн сәтте 30 км (10 км бүйiрдегi ара қашықтықты сақтай отырып).
397. Басқа әуе кемесi иеленген iлеспе эшелонды (биiктiктi) қиып өткен кезде - 20 км, ал жақын келетiн аймақта ӘКБ АЖ пайдалану кезiнде қиып өтетiн сәтте 10 км.
398. Бiр эшелондағы (биiктiктегi) қиып өтетiн бағыттар бойынша (70о кем емес қиылысу бұрыштары кезiнде) ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы - қиып өтетiн сәтте 40 км.
3-параграф. Үздiксiз радиолокациялық
бақылау болмаған кезде АҰЕ (арнайы КҰЕ бойынша)
көлденеңiнен эшелондаудың ең аз аралығы
399. Қашықтыққа негiзделген АӨЖ пайдаланылғанда көлденеңiнен эшелондаудың минимумдары, белгiленген шамадан кем болмайтын, әуе кемелерiнiң басқа да ыңғайлы навигациялық құралдарын, қашықтықты (қашықтықтарды) пайдалануды үйлестіре отырып АӨЖ көмегiмен анықталатын, әуе кемелерiнiң хабарланатын орналасқан жерлерiнiң ара қашықтығын сақтау арқылы қамтамасыз етiледi.
Мұндай эшелондауды пайдаланған кезде ұшқыш пен ӘҚҚ диспетчер арасында тiкелей радиобайланыс орнайды. Бiр ұшу жолының бойында және бiр эшелонда ұшатын (крейсерлiк) әуе кемелерi үшiн мынадай көлденеңiнен эшелондау минимумы белгiленедi:
әрбiр әуе кемесi ұшу жолының бойында орналасқан АӨЖ станциясын пайдаланған және әуе кемелерiнен минимумдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қысқа уақыт аралығында АӨЖ көрсетулерi туралы мәлiметтердi бiр уақытта алу арқылы эшелондау тексерiлген жағдайда - 40 км.
4-параграф. Yздiксiз радиолокациялық
бақылау болмаған кезде АҰЕ және КҰЕ
көлденең эшелондаудың ең аз уақыттық аралығы
400. Бiр бағыт бойынша бiр эшелонда (биiктiкте) ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасында:
әуе жолдары, ЖӘЖ, белгiленген бағыттар бойынша және жақын келетiн аймақта - 10 мин;
ұшу және қону аймағында қонуға бағытталған сұлба бойынша маневрдi орындағанда - 3 мин.
401. Басқа әуе кемесi иеленген iлеспе немесе қарсы эшелонды (биiктiктi) қиып өткен кезде - қиып өткен сәтте 20 минут.
402. Бiр эшелондағы (биiктiктегi) қиып өтетiн бағыттар бойынша (70о-тан кем емес қиылысу бұрыштары кезiнде) ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы - қиып өтетiн сәтте 15 минут.
403. Әуеайлақ ауданында үздiксiз радиолокациялық бақылау жоқ болғанда, АҰЕ бойынша ұшқан жағдайда бiр биiктiкте бiр ғана әуе кемесi болуы тиiс.
404. КҰЕ және АҰЕ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерiнiң арасындағы көлденеңiнен эшелондаудың ара қашықтығы АҰЕ бойынша ұшу үшiн белгiленген ара қашықтан кем болмауы тиiс.
405. Бүйiрден эшелондауды қолданғанда әуе кемелерiн бүйiрден эшелондауды қамтамасыз етуге тиiстi болжамды бағыттар участкелерiнiң арасындағы қашықтық навигациялық қателiктер ескерiле отырып, тиiстi бiр қорғану резервi ескерiле отырып белгiленген қашықтықтан әрқашан кем болмайды. Қорғану резервiн ӘҚҚ тиiстi өкiлеттi орган анықтайды, ол бүйiрден эшелондаудың минимумына оның ажырамас бөлiгi ретiнде кiредi.
406. Әуе кемелерiн бiр деңгейде бүйiрден эшелондауды қамтамасыз ету үшiн олар көзбен шолып қарау арқылы немесе навигациялық құралдарды пайдалану арқылы анықталатын әртүрлi бағыттарда немесе әртүрлi географиялық жерлерде ұшуды орындауы тиiс.
407. КҰЕ бiр биiктiкте ұшқанда бүйiрден эшелондаудың ең аз ара қашықтығы:
1) төменгі эшелоннан төмен ЖӘЖ ұшқанда ажыратылған бағыттар үшiн - 5 км;
2) алдында ұшып бара жатқан әуе кемесiн оң жағынан басып озғанда (әуеайлақтық шеңберде - сырт жағынан) - 500 метр.
408. Үздiксiз радиолокациялық бақылау болып АҰЕ бойынша ұшқанда бүйiрден эшелондаудың ең аз ара қашықтығы:
1) қатарлас әуе жолдары остерiнiң арасы - 50 км.
2) iлеспе әуе кемесi иеленген эшелонды (биiктiктi) қиып өткенде қиып өткен сәтте (әуе жолы, ЖӘЖ, дәлiз шегiнде) - 10 км;
3) қарсы ұшып келе жатқан әуе кемесi иеленген эшелонды (биiктiктi) қиып өткенде - қиып өткен сәтте (әуе жолы, ЖӘЖ, дәлiз шегiнде, 30 км бойлық ара қашықтықты сақтай отырып) 10 км, не 12 км - егер ӘК бiрiмен бiрi қатар ұшса.
409. Үздiксiз радиолокациялық бақылау болмаған жағдайда АҰЕ бойынша ұшу кезiнде бүйiрден эшелондауға тыйым салынады.
31-тарау. Ұшу эшелонын (биiктiгiн) өзгерту
және әуе жолдарын қиып өту
410. Тағайындалған эшелонды (жолды) қауiпсiздiк шарттарын сақтай отырып, ӘҚҚ диспетчердiң рұқсатымен өзгертуге болады.
411. Берiлген эшелонда (биiктiкте) ұшуды орындайтын әуе кемесi осы эшелонды (биiктiктi) алуға рұқсат сұраған әуе кемесiнiң командирi алдында басым құқыққа ие.
412. Әуе кемесi иеленген эшелон, егер эшелондаудың басқа түрiн қолдану мүмкiндiгi болмаса алғашқы әуе кемесiнiң командирi төмендеу немесе биiкке көтерiлу туралы баяндағаннан соң басқа әуе кемесiне берiлуi мүмкiн.
413. Басқа әуе кемесiнiң эшелонды немесе әуе трассасын (ЖӘЖ, белгiленген бағытты) иеленуiне немесе қиып өтуiне байланысты рұқсат берiлгенде ӘҚҚ диспетчер қауiпсiз ара қашықтықпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
414. Берiлген эшелонда ұшу қауiпсiздiгiне қатер төнсе (қауiптi метеорологиялық жағдайға кез болу, авиация техникасындағы ақау) әуе кемесiнiң командирiне эшелонды дербес өзгертуге құқық берiледi және ол осы жайында әуе қозғалысын тiкелей басқаруды жүзеге асырушы ӘҚҚ органына жедел баяндайды.
Мұндай жағдайда командир ұшу эшелонын өзгертпей, әдетте әуе кемесiн бағыт осiнен 30о оңға бұрады, 20 км ұшып өткеннен кейiн, кеменi бiр мезгiлде қалаған эшелонына дейiн биiктiкке өзгерте отырып бастапқы бағытқа шығаруға мiндеттi. Маневрдiң орындалғаны туралы командир әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерге хабарлайды. Төтенше жағдайларда төмендеу, қарсылық туындаған сәттен бастап, тез арада әуе кемесiн ҰПЕ-нiң шектеулерi шегiнде орындалады.
Жаңа эшелонға иеленгеннен кейiн командир ӘҚБ органының келісімiмен әуе кемесiн әуе жолына немесе ЖӘЖ шығарады.
Әуе жолдарына (ЖӘЖ) кіру, олардан шығу және оларды қиып өту алдын ала келісілген эшелондарда (биiктiктерде) және участкелерде көлбей ұшу режимiнде жүзеге асырылады.
415. Әуе жолын (ЖӘЖ) қиып өтуге немесе оған шығуға арналған эшелонды (биiктiктi) әуе кемесi оның шекарасына кемiнде 10 км қалғанға дейiн иеленуге тиiс.
416. Әуе жолына (ЖӘЖ) кіру үшiн әуе кемесiнiң командирi оның шекарасына жақындауға кемiнде 5 минут қалғанда ұшуды жалғастыру үшiн әуе қозғалысын тiкелей басқаруды жүзеге асыратын диспетчерден рұқсат және нұсқау алуға мiндеттi.
417. Егер көтерiлiп ұшу әуеайлағы әуе трассасына (ЖӘЖ) жақын орналасса оны қиып өтуге рұқсатты және нұсқауды ӘҚҚ тиiстi органдар өзара келiседi және тiкелей ұшу алдында әуе кемесiнiң командирiне берiледi. Трассаны қиып өту ӘҚҚ екi органының бақылауымен, әуе кемесi командирiнiң диспетчерлердiң бiрiмен мiндеттi түрде радиобайланыс орнатқаннан кейiн жүзеге асырылады.
418. Әуе кемесi бiрнеше әуе трассасын немесе ЖӘЖ бiрiнен соң бiрiн қиып өткен кезде қиып өту ауданында әуе қозғалысын тiкелей басқаруды жүзеге асыратын, ӘҚҚ органы әуе кемесiнiң командирiне бiрнеше әуе трассасын қиып өтуге бiр ғана рұқсат бередi.
32-тарау. Әуеайлақ ауданында, күту аймағында,
белгiленген бағыт және ЖӘЖ бойынша ұшулар
419. Әуеайлақ ауданында ұшу осы әуеайлағы үшiн белгiленген дәлiздер, сұлбалар және ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес диспетчер белгiлеген траекториялар бойынша орындалады.
Таулы жерлердегi әуеайлақтар ауданында ұшқанда ӘК диспетчер берген траекториямен төмендеуi тек радиолокациялық бақылау болғанда, ұшу өндiрiсi жөніндегі нұсқаулықпен анықталған қауiпсiз эшелонда (биiктiкте), борттағы навигациялық құралдар жақсы жұмыс істеп тұрған жағдайда, экипаждың және диспетчердiң ӘК орналасқан орнын жақсы бiлгенде ғана жүргiзiледi.
420. Белгiленген сұлбадан тыс ең қысқа қашықтықпен АҰЕ бойынша қонуға бағыт алуға үздiксiз радиолокациялық бақылау болғанда немесе бұрыш-қашықтық өлшегiш жүйелерi қолданылғанда рұқсат етiледi. Бұл ретте РТҚ кешендi пайдалану және қонуға кіру сұлбасын (диспетчер беретiн траекторияларды) ұстану мiндеттi болып табылады.
421. Әуе кемелерiнiң қонуға кіру кезектілігiн реттеу үшiн арнайы алынған PHH немесе жер бетіндегі ерекше бағдарлардың үстiнен күту аймағы белгiленедi.
422. Күту аймағындағы ұшу эшелондау ережесіне сәйкес эшелондарда белгiленген сұлбалар бойынша жүргiзiледi.
423. Күту аймағының төменгi эшелоны шеңбер (өту биiктiгi) бойынша ұшу биiктiгiнiң үстiнен кемi 300 метрден асырып белгiленедi. Күту аймағының төменгi эшелонының биiктiгi әуеайлақтағы нақты температура мен қысым бойынша анықталады және жақын эшелонның шамасына дейiн ұлғайту жағына дөңгелектеледi.
Атмосфералық қысым 4 мм сынап бағанасы (5,3 мб) шамасына және одан көп немесе ауа температурасы 100 С және одан көп өзгерген жағдайда күту аймағының төменгi эшелонының биiктiгi қайта есептеледi.
Күту аймағының төменгi эшелонының биiктiгiн есептеудi кезекшi штурман (диспетчер) осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес жүргiзедi.
424. Күту аймағында ұшудың ережесi және қонуға кіру үшiн күту аймағынан кезектен тыс шығудың тәртібі әуеайлақ (аэроторап) ауданында ұшу өндiрiсi жөніндегі нұсқаулықпен белгiленедi.
425. Қатар немесе қатарға ҰҚЖ, егер:
1) ҰҚЖ екеуi де тек ұшуға (тәуелсiз ұшуға) пайдаланылса;
2) ҰҚЖ бipeуi ұшу үшiн, ал екiншiсi ұшу үшiн де, қону үшiн де (жартылай аралас операциялар) пайдаланылса;
3) ҰҚЖ екеуi де тек қону (тәуелсiз қону) үшiн пайдаланылса;
4) ҰҚЖ екеуі де ұшу үшiн де, қону үшiн де пайдаланылса (аралас операция) аспаптар арқылы тәуелсiз ұшуға және қонуға пайдаланылады.
426. Қатар ҰҚЖ-дан, егер:
1) ҰҚЖ остерiнiң ара қашықтығы 760 метр және одан көп болса;
2) тiкелей ұшқаннан кейiн жолдардың сызығы кемiнде 15о ажыратылса;
3) әуе кемелерiн ҰҚЖ табалдырығынан 2 км қашықтықта тани алатын радиолокатор болса, әуе қозғалысына қызмет көрсету ресiмi жол сызығының қажеттi ажыратылуын қамтамасыз етсе;
4) екiншi айналымға өту сызбасы даулы жағдай туындатпаса (ұшқаннан кейiн биiктiк алудың белгiленген траекториясы мен екiншi айналымға өтудiң белгiленген траекториясы арасындағы бұрыш кемiнде 150 болады) бiр мезгiлде тәуелсiз қатар ұшуға болады.
427. Қатар ҰҚЖ-на, егер:
1) ҰҚЖ осьтерiнiң ара қашықтығы 760 метр және одан көп болса;
2) әуе кемесі қонуға тiке бағытпен келсе;
3) әуе кемелерiн ҰҚЖ табалдырығынан 2 км қашықтықта ажырата алатын радиолокатор болса, әуе қозғалысына қызмет көрсету ресiмi жол сызығының қажеттi ажыратылуын қамтамасыз етсе;
4) ҰҚЖ екеуiнде де аспаптар арқылы қону жүйесi бойынша қонуға бет алу орындалады. АҰЖ немесе қонудың радиомаяктiк жүйесі (бұдан әрi - ҚРЖ);
5) әуе кемесiнiң бортына ұшу-қону жолағының айыратын нөмiрi хабарланса;
6) екiншi айналымға өту сызбасы даулы жағдай туындатпаса және әрбiр ҰҚЖ қонуға бет алуды бақылау үшiн диспетчерлiк қону пунктiң бiр-бiр диспетчерi бөлiнсе бiр уақытта тәуелсiз қонуға болады.
428. Қатар ҰҚЖ, егер:
1) ҰҚЖ осьтерiнiң ара қашықтығы 760 метрден кем болса;
2) әуе кемелерi тiке бағытпен келiп қонса;
3) әуе кемелерiн ҰҚЖ шегiнен 2 км қашықтықта ажырата алатын радиолокатор болса, әуе қозғалысына қызмет көрсету ресiмi жол сызығының қажеттi ажыратылуын қамтамасыз етсе;
4) ҰҚЖ екеуiнде де (АҰЖ немесе ҚРЖ) жүйесi бойынша орындалса;
5) әуе кемелерiнiң бортына ҰҚЖ екеуiне де қону орындалатыны хабарланатын болса (хабар ААТЖ жүйесi бойынша берiлуi мүмкiн);
6) екiншi айналымға өту сызбасы даулы жағдай туындатпаса (ұшқаннан кейiн биiктiк алудың белгiленген траекториясы мен екiншi айналымға өтудiң белгiленген траекториясы арасындағы бұрыш кемiнде 150 болады) тәуелдi қону жүзеге асырылады.
429. Диспетчерлiк нұсқаулар мен хабарлама әуе кемелерi арасындағы эшелондауды сақтау мақсатында ғана берiледi, АҰЖ немесе ҚРЖ бойынша бағытты сақтау үшiн жауапкершiлiк экипажға жүктеледi.
430. Әуе жолдары, ЖӘЖ және белгiленген бағыттар бойынша ұшу метеорологиялық жағдайлар мен әуе кемелерiнiң түрлерiне қарай АҰЕ, КҰЕ немесе әуе жолының белгiленген енi шектерiнде (ЖӘЖ, бағыттары) берiлген эшелондарда (биiктiктерде) арнайы КҰЕ бойынша орындалады.
431. Қарама-қарсы бағыттарда ЖӘЖ бойынша ұшу төменгi эшелонның төменгi биiктiктеріндегі барланған бағыттар бойынша жүргiзiледi. Бүйiрден эшелондауды қамтамасыз ету мүмкiндiгi болмаған жағдайда биiктiк бойынша эшелондау жүргiзiледi немесе бiр жақты қозғалыс ұйымдастырылады.