Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөнінде ақпарат беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 275 Қаулысы
(2007.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1395 Қаулысымен күші жойылды
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөнінде ақпарат беруді ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 2007.17.07. № 604 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөнінде ақпарат берсін:
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне - пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне - қатты пайдалы қазбалар бойынша, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға - жер асты сулары бойынша.
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөніндегі ақпарат осы қаулыға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
2. «Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі ақпарат беру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қазандағы № 999 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.17.07. № 604 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі
жөнінде ақпарат беру нысаны
р/ с № | Пайдалы қазба | Құрам- дас бөлікті өлшеу бірлік- тері | Орташа құрамы | Теңгерім- дік қорлар | Теңге- рімнен тысқары қорлар | Өсу/ кему |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |