«Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі ақпарат беру туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы
7 қазандағы № 999 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.13.04. № 275 Қаулысымен күші жойылды
Пайдалы қазбалар қоры жөнiнде ақпарат берудi тәртiпке келтiру мақсатында және Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы кодексiнiң 57-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі жыл сайын 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша:
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша;
Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігіне, Өнеркәсiп министрлігіне, Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитетiне - тиiстiлiгiне қарай пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік баланстарын берiп отырады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi