Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөнінде ақпарат беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 275 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 17 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөнінде ақпарат беруді ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөнінде ақпарат берсін:
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне - пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне - қатты пайдалы қазбалар бойынша, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға - жер асты сулары бойынша.
2. «Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі ақпарат беру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қазандағы № 999 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |