Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі
№ 275 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 604 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1395 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөнінде ақпарат беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 275 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
екінші абзацта «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөніндегі ақпарат осы қаулыға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 17 шілдедегі
№ 604 қаулысына
қосымша
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі
жөнінде ақпарат беру нысаны
р/ с № | Пайдалы қазба | Құрам- дас бөлікті өлшеу бірлік- тері | Орташа құрамы | Теңгерім- дік қорлар | Теңге- рімнен тысқары қорлар | Өсу/ кему |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |