Күкiрттi iске жарату мәселесi ерекше назар бөлудi талап етедi. Мысалы тек Теңiз кен орындарында ғана ашық аспанның астында қоймаланған күйде 8,0 млн. тоннадан астам қоршаған ортаға маңызды қауiп туғызатын техникалық күкiрт жатыр. Сондықтан газ өндiру орындарында мiндеттi түрде күкiртсутектi газдан тазартуға талапты күшейту және күкiрттi түйiршектеу технологиясын енгізу толығымен ақталған шара болып табылады. 2002 жылы жылына 150 мың тонна қуаттылығымен жоғары сапалы қабыршақты күкiрт өндiру жөніндегі Қондырғыны iске қосумен жағдай бiр шама өзгерiп келедi және 2003 жылы түйiршектелген күкiрттi өндiрiсiнiң басталуымен принциптi түрде күкiрттi пайдаға асыру проблемасы шешiлген болатын.
Метанол өндiру. Қазақстанда технология жағынан табиғи газдың негізiнде жасалатын метанол (метил спиртi) өндiрудi ұйымдастыру бүгінгі күнi ең бiр көкейкестi мәселе болып көрiнедi. Ең бастысы осы химиялық өнiмдi негізгi тұтынушы мұнайгаз өнеркәсiбi кәсiпорындары болып табылады. Бұл ретте статистика, осы өнiмнiң жоғары улылығынан тасымалдауды ұйымдастыру мен кедендiк рәсiмдердi орындаудың аса қиын екенiне қарамастан, метанол импортының жыл сайын өсіп келе жатқанын көрсетедi.
Сайып келгенде, 2001 жылдың қорытындысы бойынша Ресей мен Өзбекстаннан 3,0 млн. АҚШ доллары жалпы сомасына 10.0 мың тоннадай метанол импортталды. Қазiргi уақытта анағұрлым оңайлатылған технологияның негізiнде метанол алуда жаңа әзiрленiмдер бар. Мысалы Украинада табиғи газ бен ауадан метанол алу қондырғысының пилоттық жобасы жұмыс iстейдi. Мұндай пысықтауларды Жаңажол кен орындарында Донецкiнiң жобалау институтымен ынтымақтастықта "СНПС - Ақтөбемұнайгаз" ААҚ жүргізуде.
3.2.3. Табиғи газды өндiрудің, тұтынудың, экспорты мен импортының перспективалы балансы
Табиғи газ алу мен өндiру және салалар мен өңiрлер бойынша оның мүмкiн болатын тұтынылуының талдауы перспективасынан шыға отырып, республикада энергия ресурсының осы түрi жеткiлiктi деген қорытынды жасауға болады. Табиғи газды өндiру мен тұтыну балансынан көрiнiп тұрғанындай республика өзiнiң меншiк ресурстары есебiнен табиғи газға деген ағымдық сұранымды жабуға қабілетті (3.7-кесте). 2010 жылға таман тiптi газ тұтынудың бұрынғы деңгейiн қалпына келтiрудi есепке алумен республика 12,7 млрд. шаршы метрге дейінгі көлемде экспорттық ресурсқа ие бола алады.
Қазақстан Республикасында табиғи
газды өндiрудiң тұтынудың, экспорты мен импортының
перспективалық балансы
3.7-кесте (млрд. м3)
Газ ресурстарының көздерi және тарату | Факт* | Болжам |
1995 | 2003 | 2004 | 2006 | 2008 | 2010 |
І. Барлық ресурстар: 15,0 14,7 17,2 17,7 24,6 31,8 1.Тауарлық газ өндiру көлемi 5,9 12,0 14,4 15,0 21,6 28,1 2. Табиғи газ импортының көлемi 9,1 2,7 2,8 2,7 3,0 3,7 Соның iшiнде Ресейден 1,8 1,4 1,6 1,3 1,3 1,6 Түркiменстаннан 3,9 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0 Өзбекстаннан** 3,9 1,3 1,2 1,4 1,7 2,1 II. Газ тарату көлемдерi 12,5 8,7 10,0 10,2 14,8 19,1 1. ҚР тұтынушыларына жеткiзiлiм 7,3 5,7 7,0 7,2 11,3 15,6 2. Технологиялық мұқтаждықтарға 5,2 3,0 3,0 3,0 3,5 3,5 3. Экспорт көлемi 2,5 6,0 7,2 7,5 9,8 12,7 |
| | | | | | |
* - ҚР Статистика жөніндегі деректерінің негізiнде
** - Өзара жеткiзiлiм туралы келісімге қол қою кезiнде газ импортына қажеттiлiк болмайды
Осы жағдайда ескере отырып Газ саласын дамыту бағдарламасын iске асырудағы басымдықты бағыт қымбат тұратын ресей және өзбек газының импортын азайту және өндiрiлетiн газды барынша өңдеу есебiнен экспорттық ресурстарды өсiру мен оны өңдеу мен тасымалдау кезiнде технологиялық ысырапты төмендеттi болып табылады.
Қарашығанақ және Теңiз кен орындарында газ өндiрудiң өсiп отырған көлемi республиканың батыс облыстарының қажеттерiн қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi. "ҚазТрансГаз" ЖАҚ атынан газ тасымалдау жүйесiнде ұлттық оператор пайда болуымен және ресей тарапымен бiрлесумен "ҚазРосГаз" ЖАҚ кәсiпорнының құрылуымен ресей және өзбек компанияларымен 1992-1997 жылдардағы практикада қалыптасқан өзара ынтымақтастықта газ жеткiзiлiмдерi туралы өзара тиiмдi келісімге қол жеткізудiң мүмкiндiгi пайда болады. Бұл Қазақстан Республикасының тұтынушыларына неғұрлым арзан iшкi газ ресурстарының жеткiзiлiмiн ұйымдастырумен ресей және өзбек газының импортын толығымен болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Бiрiншi кезекте газ жүйесiнде қалыптасқан технологиялық өзара тәуелдiгiн ескере отырып, әзiрше Ресей мен Өзбекстаннан iшiнара газ импортымен газбен қамтамасыз етудiң аралас нұсқасы мүмкiн болып көрiнедi. Ең соңында табиғи газ импортының көлемi ел iшiнде және көршi елдердiң жеткізушiлерiнде қалыптасқан бағалары деңгейiнiң ара қатынасына, сондай-ақ газ жүйелерi операторлары мен мемлекеттік органдарының уағдаластықтарының болуына байланысты болмақ.
3.3. Магистралды газ құбырлары жүйесiн жаңғырту және дамыту
Қазақстанның бұрынғы бiрыңғай бүкiл одақтық газ көлiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгі ретiнде жұмыс iстеген қазiргi бар газ құбырлары схемасы негізiнен Орта Азиядан Ресейдiң Еуропа бөлiгiне, Украинаға және Закавказия мемлекеттерiне табиғи газдың транзиттiк ағымына қызмет көрсетедi. Негiзгi газ магистралдарының арасындағы қосылыстардың болмауы газдың артық көлемiн қайта бөлу үшiн республика өңiрлерi арасындағы газдың қажетті қайта ағымын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi.
Сондықтан газдың iшкi ресурстарын қайта бөлу үшiн орнын ауыстыру (айырбастау) жолымен газдың ағымы немесе оны жеткізу жөніндегі барлық операциялар іс жүзiнде тек ТМД елдерiмен шектес барлық газ жүйесi операторларымен арнайы келісімдер мен шарттардың негізiнде ғана орындалуы мүмкiн. Сонымен бiрге мұндай схемаларды iске асыру кезiнде осындай уағдаластықтардың тұрақсыздығын ескере отырып, мысалы мүмкiн болатын технологиялық себептермен немесе тараптар мүдделiлiгiнiң қайшылығымен байланысты негізгi газ магистралдары арасында жалғаушы газ құбырларын салумен қазiргі бар газ-көлiк жүйесiн қайта құрылымдау бойынша қажеттiлiк туады.
3.1.1. Жаңа газ құбырларын қайта құрылымдау және салу
Жұмыс iстеп тұрған газ-көлiк жүйесiн қайта құрылымдау және салу
Қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының газ-көлiк жүйесiнiң операторы (концессияда магистралды газ құбырларының 98% бар) - "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ (ИОА) осы жоспардың iске асырылуына 2010 жылға дейiн 1,5 млрд. АҚШ долларымен жалпы қаржыландыру көзделiп отырған, газ-көлiк жүйесiн қайта құрылымдау жоспарының жобасын әзiрледi.
Магистралды газ құбырлары бойынша газдың халықаралық транзитi жалпы көлiктiк жұмыстардың 90% астамын құрайтынын және компанияның алатын кiрiстерiн ескере отырып "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның еншiлес кәсiпорыны "ИОА" қызметiнiң негiзгi бағыты қазiргi магистралды газ көлiк жүйесiн түбегейлi қайта құрылымдау және қосымша газ құбырлары мен компрессорлық станциялар (КС) салу болады. Бұл ретте елдiң геосаяси сонымен бiрге коммерциялық саяси маңызы бар негiзгi газ-көлiк магистралi "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ ("ИОА") болып табылады (3.8-кесте).
"САЦ" МГ бойынша газ
тасымалдаудың болжамдық көлемдерi
3.8-кесте млрд.м
Республикалардың және кен орындарының атаулары | 2005 жылға | 2010 жылға |
Түркiменстаннан 50,0 70.0 Өзбекстаннан 3,0 5,1 Қазақстаннан, 4.4 13.1 газды, соның iшiнде: Қашаған 1,2 8,3 Теңiз 3,2 4,8 Барлығы: 57,4 88,2 |
Қазақстан Республикасының аумағында "ИОА" ЖАҚ магистралды газ құбырының өткiзгiштiк қабiлетi мен сенiмдiлiгiн арттыруды ұлғайту мақсатында алдын ала:
1. Газ құбырларын қалпына келтiру және оларды қатты тотығып тозған тұрбалардың жекелеген бөлiктерiн ауыстырумен пайдалануға жарамды техникалық жағдайға келтiру, сондай-ақ электрлiк химиялық қорғаныш жүйесiн және трасса бойындағы электр беру желiлерiн (ЭБЖ) және т.б. қалпына келтiру жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралар кешенiн жүзеге асыру; 2. Магистралды газ құбырларын және iлеспе инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі инвестицияны негiздеу үшiн дефектоскопияның қазiргi әдiстерiн қолданумен егжей-тегжейлi техникалық зерттеудi орындау;
3. Магистралды газ құбырларының өткiзгiштiк қабiлетiн, сенiмдiлiгiн және қауiпсiз пайдалануын ұлғайту мақсатында ИОА газ құбырларында жалпы ұзындығы 500 км астам қосымша газ құбырларын (лупингтер) салуды жүзеге асыру жоспарланады;
4. Газ айдау және жаңа қолда бар жабдықтарды ең болмағанда iшiнара реновациялауды жүргiзу және газ-көлiк жүйесiнде автоматтандырылған басқару жүйесiн енгізу жөніндегі iс-шараларды орындау жөніндегі қуаттарды ұлғайту мақсатымен "OAO" МГ бес жаңа компрессорлық цехтарды салу.
Осы газ құбыр желісінiң ауданында Теңiз және Қашаған кен орындарында айтарлықтай көлемде iлеспе газ өндiру күтiлуде, онда газды тұтынудың маусымдық деңгейiне қарамастан үзiлiссiз және тұрақты газ өндiру процесi қолдау табуға тиiс.
Мұның барлығы "OAO" МГ тек газ құбыры бойынша ғана бiр млрд. АҚШ долларын құрайтын маңызды капитал салуды талап етедi.
"Орта Азия Орталық" (ОАО) магистралды газ
құбыры бойынша 2010 жылға дейін күрделі қаржылар жоспары
3.9 кесте
| Жұмыстар атауы | Бағдар. лылық барлығы | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 |
1 "OAO" газ құбыр желісi бойынша барлығы 1145,9 149,5 166,2 170,4 179,4 204,6 127,7 148,1 2 күрделi құрылыс 806,2 78 96,4 126,3 132,6 172,1 108,9 91,9 2.1 ОАО-4 және ОАО-2 мг құрылыс учаскелерi: 439,4 51,4 51,0 62,0 91,0 105,0 40,0 39,0 2.2 Алты компрес. сор цехының құрылысы 244,0 1,6 25,0 45,4 24,0 58,0 48,0 42,0 2.3 Автоматтанды. рылған басқару жүйесiн енгізу 122,8 25,0 20,4 18,9 17,6 9,1 20,9 10,9 3 Техникалық қай. та жаңғырту: 326,1 68,7 67,3 42,2 45,2 30,8 18,2 53,7 3.1 OAO газ құбыр желісінiң линиялық бөлiктерi 96,0 22,0 22,0 10,0 10,0 10,0 0,0 22,0 3.2 компрессор цех. тарын жөндеу: 215,0 43,4 42 30,9 33,9 19,5 16,9 28,4 3.3 жабдықтарды жөндеу және сатып алу 6,0 2,0 2,0 0,0 0,0 0,0 0,0 2,0 3.4 Электрохимия. лық қорғау құралдарын жөндеу 9,1 1,3 1,3 1,3 1,3 1,3 1,3 1,3 4 Диагностикалық және іскеқосу жұмыстары, экология Барлығы: 13,6 2,8 2,5 1,9 1,6 1,7 0,6 2,5 |
"Орта Азия-Орталық" (OAO) магистралды газ құбыры бойынша капитал салудың осы жоспары 2010 жылға дейiн алдын-ала болып табылады. Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық бағдарламалар табиғи монополиялар субъектiлерi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгімен келісілуi тиiс.
Елдi газбен iшкi жабдықтау газ құбырлары тораптарын кеңейту
Республика тұтынушыларын газбен жабдықтауды дамыту жөніндегі мiндет пен газдың меншiк ресурстарын жеткізудегі энергетикалық тәуелсiздiктi қамтамасыз ету iшкi магистралды газ құбырлары торабын жеткізушi және жалғастырушы газ құбырларын салу арқылы одан әрi дамыту қажеттілiгін болжайды. Нәтижесiнде республика ішiнде газ ағыны мүмкiндiгін алу үшiн газ жүйесiнiң технологиялық бiртұтастығы қамтамасыз етiлуi тиiс.
Мәселенiң мәнiсi, республика елдiң барлық өңiрлерiн Қарашығанақ және Теңiз кен орындарының газымен қамтамасыз етуге толық мүмкiндiкке ие екендiгiнде. Алайда, ең басты проблема бұл кен орындарының Оңтүстiк және Солтүстiк өңiрлердiң табиғи газды тұтынушыларынан айтарлықтай географиялық қашықтығы болып қалып отыр ал жаңа газ құбырларының жобасы мол капиталды қажетсiнедi және 20 жылдан астам ұзақ мерзiмде ғана өзiн ақтауды талап етедi.
Қазiргi уақытта пайдаланылмайтын бөлiгі бойынша газ құбырларын түгендеу және консервациялаудан кейін таратушы торап бөлiгінде қолданыстағы барлық өңiрлiк газ құбырлары мен ондағы құрылыстарды қалпына келтiру және жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды iске асыру көзделедi. Аталған жобалар мыналарды көздеуi тиiс:
таратушы газ құбырларындағы болат тұрбаларды полиэтилендiге ауыстыру;
әрбiр тұтынушыға есептеу құралдарының жаңа буындарын енгізу;
қысымды қажет деңгейге дейiн төмендету үшiн төменгі қысым тұрбаларынан тұтыну орынында ШГРП-мен жабдықталған орта қысымды тұрбаларға көшу;
газ тұрбаларының орналасу схемаларын өзгерту (сақиналау);
жаңа (полиэтилен) тұрба құбырларды пайдалану жөніндегі нормативтік және техникалық құжаттаманы әзiрлеу.
Iшкi рынокты дамыту және өңiрлердi болашақ газдандыру бағдарламасын iске асыру үшiн магистралды және таратушы газ құбыр желiлерiн тиiмдi дамыту мен жетілдiру жөніндегі барлық шаралар кешенiн үйлестiру қажет етiледi. Бұл үшiн бастапқы кезеңде "ҚазТрансГаз" ЖАҚ және "РГC" ЖАҚ атынан магистралды және таратушы газ құбыр желiлерiн басқару жөніндегі бiрыңғай оператордың, сондай-ақ "ҚазТрансГаз Дистрибьюшн" ЖАҚ атынан газды көтерме саудамен жеткізу жөніндегі оператордың болуы қажет.
Қазiргi кезеңде әр уақытта алдын ала пысықтаудан өткен бiрқатар келешектi жобалар бар.
"Ишим-Петропавл-Көкшетау Астана" газ құбыры желісін салу
Астана қаласына және республиканың солтүстiк облыстарына табиғи газ жеткізу нұсқаларын пысықтау 1998-2000 жылдары халықаралық "ВSI Industries" гранты мен "Гипрогазорталық" AAҚ тартумен жүргізiлдi. Бұл ретте Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласына газ берудiң үш ықтимал нұсқасы қаралған болатын, атап айтқанда:
Ишим қ. Петропавл қ. дейiн бiрiншi нұсқа тақылеттес жаңа газ құбыр желісін салу және одан кейін Қазақстан Республикасының аумағында бар, жұмысы тоқтатылмаған, диаметрi 300 мм "Петропавл-Астана" мұнай өнiмдерi желісін газ құбыр желісі етiп қайта өзгерту;
Ресей Федерациясының аумағында жұмысы тоқтатылып тұрған, диаметрi 500 мм "Омбы-Петропавл" мұнай құбыр желісін оны Ресей Федерациясының магистралды газ құбыр желісіне қосумен және сондай-ақ "Омбы-Петропавл" мұнай құбыр желісін қайта өзгертумен қайта бейiмдеу нұсқалары қаралды.