Қаралған нұсқаларды талдау 440 млн. дейiн AҚШ доллары құрылыс салу құнымен бiрiншi нұсқа газды өңiрде дамыту мен тұтыну перспективасын ескерумен неғұрлым мақсатқа сай болатынын көрсеттi. Алайда, Ресей аумағында газқұбырын қосуды келiсудi талап етуi мүмкiн болатын жобаның әлсiз жақтарын ескере отырып нұсқалардың бiр газды қазақстан аумағынан "Қарталы-Рудный" газқұбырынан беру болуы мүмкін. Кез келген жағдайда бұл жобаны iске асырудың мақсаттылығы көбіне газды Қытайға беруге байланысты болады.
Шалқар-Ленинск-Қызылорда-Шымкент газ құбыр желісін салу
Қазақстанның оңтүстiк өңiрiн қамтамасыз ету және газды солтүстiк облыстарға беру мақсатында ресейдiң "ВНИИгаздобыча" институтымен жобаланған "Шалқар-Шымкент" газ құбыры нұсқасы қаралған болатын. Газ құбыры желісінiң ұзындығы "Қазалы-Алматы" газ құбырына қосылғанға дейiн Ленинск және Қызылорда қаласы арқылы өтетiн 750-1000 мм диаметрiмен 1216 км құрайды. Жылдық айдау көлемi жобаның сметалық құны 850,0 млн. жуық АҚШ долларын құрайтын 5,0 млрд. текше м. газға есептелген болатын.
Алайда, жоба құнының жоғарылығын ескере отырып оның өмiршеңдiгi Ақтөбе өңiрiнде өсiп келе жатқан өндiру көлемiнен шыға отырып және Солтүстiк Арал маңындағы кен орнындағы болжамды запастар расталған жағдайда, сондай-ақ газды Түркiменстанмен және Өзбекстанмен бiрлесе отырып Қытайға жеткізу перспективасын ескерумен одан әрi зерттеуге байланысты болады.
Қырғызстан аумағын айналып өтетін айналма газ құбырын салу
Айналма газ құбырын салу Қырғызстан аумағы бойынша өтетiн оңтүстiк газ құбырының проблемалы участогын пайдалануға, жергiлiктi газ компанияларының газды жыл сайын рұқсатсыз алуына байланысты. "ҚазТрансГаз" ЖАҚ "БГP - Ташкент - Бiшкек - Алматы" газ құбыр желісінiң сенiмдiлiгін арттыру үшiн газ құбыр желісінiң көрсетiлген учаскесiн бiрлесiп пайдалану жөніндегі бiрлескен қазақстандық-қырғыз кәсiпорнын құру жөніндегі ұсыныс пысықталды.
Қырғыз тарапынан ұсынылып отырған БК құрудағы негiзсiз жоғары талаптарға байланысты уағдаластыққа қол жеткізу мүмкiн болмаған жағдайда және сонымен бiр уақытта Қырғызстан аумағын айналып өтетiн магистралды газ құбырын салу нұсқасы қаралады. Ұзындығы 142 км бұл газ құбырының құны 90 млн. АҚШ долларындай тұрады.
Газ құбырларын салу бағдарламасын iске асыру қарыз қаражаттарының және газ құбыры операторының iшкi ресурстарының есебiнен жүргiзiлетiн болады.
Қарағанды бассейні кен орындарында газ құбырының жобасы және көмір метанын өндіру
Соңғы жылдары Қызылорда облысының Оңтүстiк Торғай иiнiнiң мұнай-газ кен орындары аудандарында жылсайын өсiп келе жатқан iлеспе газды жағудан экологиялық жағдай шиеленiсе түстi. Тек әзiрленген кен орындары бойынша ескерiлген газ тастауларының көлемi 2003 жыл үшiн шамамен 700 млн. текше метрдi құрады. Сондықтан 2004 жылы мемлекеттік органдардың бақылауы кезiнде және "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсис" ААҚ "Торғай Петролиум" және "ҚазГерМұнай" сияқты негiзгi жер қойнауын пайдаланушылар iске асыратын iлеспе газды кәдеге жарату жобасы аяқталу фазасына ендi.
Жоғарыда көрсетiлген жобаның шектерiнде газ әзiрлеу жөніндегі қондырғы құрылысы мен орнында кәдеге жарату жөніндегі энергетикалық қондырғылардан (ТТҚ) басқа жобаның маңызды бөлiгі бiрiншi кезек бойынша "Ақшабұлақ" кен орнынан Қызылорда қаласының тұтынушыларына дейiн газ тасымалдау қуаты 300 млн. текше м/жыл көлемiмен магистралды газ құбырын салу болып табылады.
Жобаның шеңберiнде жергiлiктi ЖЭС газ тұтынуға көшiрудi және Қызылорда қаласында жалпы сомасы 5 млрд. теңге газ тарату торабын салуды көздейтiн "Қызылорда қаласының жылу энергия көздерi мен жеке тұрғын секторын Оңтүстiк-Торғай иiнiнiң кен орындарынан түсетiн газды пайдалануға көшiру" жобасының ТЭН әзiрлендi.
Каспий шельф - OAO газ құбырын салу жобасы
Аджип ККO консорциумының жоспарларына сәйкес 2008 жылдан бастап Қашаған кен орнында мұнайды өнеркәсiптiк өндiрудiң басталуы туралы және көмiрсутегiнiң үлкен запасы туралы болжамдық деректерге сәйкес қазiргi уақытта осы көлемдердi халықаралық рынокқа және iшкi тұтынушыларға тасымалдау проблемасы қойылады. Осы мәселенi шешу үшiн жылына шамамен 9 млрд. текше м. босату қабілетiмен болжанып отырған Қашаған газ өңдеу зауытынан "OAO" газ құбырына дейiн газ құбыры салынатын болады.
Осы газ құбырының құрылысы iлеспе газды кәдеге жарату проблемасын, өңiрдiң экологиялық қауiпсiздігін шешуге мүмкiндiк бередi және табиғи газды тасымалдаудан кiріс алуға мүмкiндiк бередi.
3.3.2 Қазақстандық газдың перспективалы экспорттық бағыттары
Географиялық жақын өңірлерде табиғи газ өндiру мен тұтынудың қалыптасқан талдауы мен перспективалы теңгерiмiн басшылыққа ала отырып қазақстандық газды экспортқа тасымалдаудың төрт негiзi бағыттарын бөлiп көрсетуге болады.
Батыс бағыты. Оны Еуропа елдерiне жеткізумен газ экспорты екі бағыт бойынша iске асырылуы мүмкiн, атап айтқанда Ресей аумағы арқылы өтетiн жұмыс iстеп тұрған магистралды газ құбырларын пайдаланумен солтүстiк батыс бағытында немесе жаңа газ құбырларын салумен оңтүстік-батыс бағыты. Бұл газ құбырларының бағыттары Каспий теңiзiнің акваторийі немесе Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауын бойлай Иран мен Түркия арқылы өтуі мүмкін.
Болжамдарға сәйкес 2010 жылы Еуропалық Одақ 30% - меншік, 30% - ресейлiк, газбен қамтамасыз етiлетiн болады газ сұранымының 40% өзге жеткізушiлер есебінен жабылады. Қазақстан газының экспортын арттыру үшiн солтүстiк-батыс бағытта "Орталық Азия-Орталығы" магистралды газ құбырының қуатын кеңейту және "Оренбург - Новопсков" және "Союз" газ құбырларының Қарашығанақ газымен жүктелуiн арттыру қажет.
Оңтүстiк-Батыс бағытында құбыр желісі көлiгiн дамыту көбiне-көп TRACECA ("Еуропа-Кавказ-Азия көлiк дәлiзi") халықаралық бағдарламасымен ынталандырылады. Бір мезгiлде, ЕС елдерi Орталық Азия мен Каспий елдері бассейнiнен мұнай мен газды Еуропаға жеткізудiң экспорттық бағыттарын дамытуды қолдайтын INORATE ("Мұнай мен газды Еуропаға халықаралық тасымалдау") бағдарламасының демеушiлерi болып табылады. Батыс бағыты бойынша газ тасымалдаудың бiрнеше перспективалық нұсқалары қарастырылуда. Транскаспий газ құбыр желісі (ТКЖ) Шығыс Түркiменстаннан Каспий түбiне қарай 200-300 м. тереңдiкте, одан әрi Әзiрбайжан мен Грузия аумағы бойынша Эрзерумге (Түркия) дейiн 2000 км. газ құбыр желісін салуды көздейдi. Жобаның құны 2,5-3 млрд. АҚШ доллары. Жылдық өткізу қабілетi бiрiншi кезеңде - 10 млрд. АҚШ доллары, екiншiде - 20 млрд. АҚШ доллары, үшiншiде - 30 млрд. АҚШ доллары. Алайда, күрделi проблемалар кешенiнiң болуы осы өңiрлiк жобаны iске асыруға бөгет жасайды.
Түркіменстан - Иран - Түркия - Еуропа жобасы. Газ құбыр желісінiң TЭH-iн 1997 жылы Sorregaz (Франция) компаниясы орындады. Газ құбыр желісінiң негiзгi сипаттамалары мыналар болып табылады: ұзындығы 3900 км, жеткізудiң жоспарланған көлемі 2010 жылы 30 млрд. текше м. дейiн, күрделі қаржылары - 7,6 млрд. АҚШ доллары. Газ құбыр желісі Шығыс Түркiменстан - Шатлық iрi кен орнынан бастау алады және одан әрi Каспий теңiзi бойымен Солтүстiк Иран аумағы бойынша Түркияның шекарасына дейiн салынатын болады деп болжанады.
Шығыс бағыты. Болжамдарға сәйкес Азия елдері өңiрiнде газға сұраныс үнемi өсiп отыратын болады. Атап айтқанда, Қытайда 10-бесжылдыққа арналған жоспарларда газды тұтыну көрсеткiштерiн 2005 жылы - екi есе арттыру оны 24 млрд. текше метрден 50 млрд. текше м. дейiн ұлғайту, ал 2010 жылы 100 млрд. текше м. дейiн ұлғайту көзделген.
Жапон компанияларының консорциумымен соңғы 10 жыл iшiнде газды "Шығыс Түркіменстан - Өзбекстан - Қазақстан - Қытай - Оңтүстiк Корея Жапония" бағыттар бойынша Қазақстан аумағы арқылы Азия - Тынық мұхит өңiрiне экспорттау жобасы зерделенуде. Бағыттың ұзындығы жылына 28 млрд. текше м. өткізу қабiлетiмен және сметалық құны 12 млрд. жуық АҚШ доллары тұратын жобамен алты мыңнан астам км. құрайды.
Осы құбыр желісіне қазақстандық газды жеткізу үшiн "ОАО" газ магистралiнен "Бұқара-Орал" газ құбырына дейiн, одан әрі "Шалқар-Шымкент" газ құбырын, сондай-ақ "Шымкент-Алматы" оңтүстiк газ құбырын қайта жаңғыртумен жаңа газ құбыр-тұйықтау желісін салу қажет етiледi. Осы жобаны iске асырудағы маңызды кезең Түркiменстанмен және Өзбекстанмен уағдаластықтарға мүдделiлiк пен қол жеткізу болып табылады.
Оңтүстiк бағыт. Ауғанстан немесе Иран аумағы бойынша газ транзитiн Пәкстанға немесе Yндiстанға газ жеткізудi көздейді.
"Түркiменстан-Ауғанстан-Пәкiстан" газ құбыры. Құбыр желісi түркiмен Довлетабад/Денмез кен орнынан өтiп, ауғандық Герат және Қандағар қалаларына дейiн, одан Мултан қаласы арқылы Пәкстанның арабтық жағалауларына Гвадар айлағына жеткiзiледi, содан сұйытылған күйiнде әлемдiк рыноктарға экспортталатын болады. Бағыттың ұзындығы 1650 км. құрайды және газ құбыр желісінiң өткізу қабiлетiн жылына (бiрiншi кезеңде газ құбыр желісінiң өткізу қабiлетi 15 млрд. текше м. көлемінде белгіленген) жылына 60 млрд. текше м. газ көлеміне жеткізу жоспарлануда.
Алайда, жоғарыда көрсетiлген газ тасымалдау бағыттарын іске асыру мен жаңа газ құбырларын салу ең алдымен газды негізгi жеткізушi Түркiменстанның саясатына, азия өңiрi елдеріндегі саяси тұрақтылыққа байланысты болады. Сондықтан газ экспортының бұл бағыттары Қазақстан үшiн каспий газының өсiп келе жатқан көлемдерiн экспорты жөніндегі түпкiлiктi шешiм қабылдау кезiнде көбiне-көп ақпараттық болжамдық сипатта болады.
3.3.3. Табиғи газды тасымалдау кезiнде тариф құрауды жетiлдiру
Магистралды және (немесе) тарату құбыр желiлерi бойынша табиғи газ тасымалдау жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар саласына жатады.
Осы салада қызмет көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметi "Табиғи монополиялар туралы" және "Бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ көрсетiлген заңдарды дамытуда қабылданған түрлi нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
Мәселен, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде:
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) белгiлеу кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы ережелер;
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өндiрiсi мен қызметiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту жөніндегі Нұсқаулық;
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шығындары өздерi көрсететiн қызметтерге және басқаларына тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржы ресурстары мен қызметтерiн сатып алу ережелерi бекітілдi және тiркелдi.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 1-тармағына сәйкес "уәкiлеттi органмен бекітілетiн табиғи монополиялар субъектiнiң қызметтерiне тарифтер (бағалар, алым ставкалары) қызметтер (тауарлар өндiру, жұмыстар) көрсету үшiн қажеттi шығындардан төмен болмауға тиiс және табиғи монополиялар субъектiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiндей пайда алу мүмкiндiгiн ескеруi тиiс".
Газ жеткізушiлердiң бағалары мен
газ-көлiк кәсiпорындарының облыстар бойынша 2002 жылғы
1 қазандағы жай-күйi бойынша тарифтерiнiң деңгейлерi
3.10-кесте (теңге)
┌───────────────┬─────────────────────┬─────────┬────────┬─────────────┐
│ Облысы │Кәсiпорындардың атауы│ Газды │Тарату ├ҚҚС-мен*** │
│ ├──────────┬──────────┤сатып алу│торап. │орташа │
│ │Жергілікті│Газ сату. │ бағасы │тарын. │босату │
│ │тораптар │мен айна. │ │дағы │тарифі │
│ │бойынша │лысатын │ │тарифтер│ │
│ │газ тасы. │ │ │ │ │
│ │малдаушы │ │ │ │ │
├───────────────┴──────────┴──────────┴─────────┴────────┴─────────────┤
│ Алматы "Алматы газ "Алматы 6000-6700 1759 14144 │
│ тораптары" интаргаз" │
│ ЖАҚ ААҚ │
│ "Узтранс. │
│ газ" АҚ │
│ Ақтөбе "РГС" ЖАҚ "КТГД" ЖАҚ │
│ Импортталатын 5951 450 8795 │
│ Жаңажол газ 2357 450 3378 │
│ Оңтүстiк │
│ Қазақстан "РГС" ЖАҚ "КТГД" ЖАҚ 6854 176 10504 │
│ Жамбыл "РГС" ЖАҚ "КТГД" ЖАҚ 6588 900 9800 │
│ Қостанай "Қостанай. "Қостанай. 5012 470 8800 │
│ газ" ГӨЗ газ" ГӨЗ │
│ "РГС"-пен "КТГД" │
│ жалдау ЖАҚ-нан │
│ жөнінде │
│ Батыс "Уральс. "КазРос. 3151,13 443 4656 │
│ Қазақстан коблгаз" Газ" │
│ ЖАҚ-нан 5954 │
│ Атырау "Атырау. "ТШО" 1800 677 3644 │
│ облгаз" ЖШС-нен │
│ "Атыраугаз. 1800 195 3537 │
│ инвест" │
│ "Құлсарыгаз" 1800 588 3226 │
│ Маңғыстау "Ақтаугаз" Қазақ ГӨЗ 2000 145 2649 │
│ ЖАҚ │
│ "Маңғыстау. "Узень. 2470 344,7 3463 │
│ облгаз" мұнайгаз" │
│ "Бейнеугаз" Тенгизский 2778 545 4053 │
│ ЖШС ГӨЗ │
│ "Газ-Сервис" "ТШО" ЖШС 1500 150 1914 │
│ ЖШС │
│ "Ақшұқыргаз. 2000 900 3525 │
│ сервис" │
│ "Ауылгаз" ЖШС 2000 650 3403 │
│ "Жылу и К" ЖШС 2000 468 2863 │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Алайда, тариф құрудың қолда бар әдiстемесi шығындық қағидаттан шығады және табиғи монополия субъектiлерiн шығынды азайтуға және қолда бар активтердi тиiмдi пайдалануға ынталандырмайды. Табиғи монополия субъектiлерi тиiмдi немесе тиiмсiз қалай жұмыс iстеп жатқанынан тәуелсiз белгiленген тәртiпке сәйкес барлық шығындар тариф құру кезiнде ескерiлдi (3.10-кесте).
Сондықтан маңызды мiндеттер:
табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны;
табиғи монополия субъектiлерi қызметiне тарифтердi қалыптастыруға әдiснамалық көзқарастарды жетiлдiру болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 қаулысымен бекітілген 2002 - 2004 жылдарға арналған табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын жетiлдiру бағдарламасы" бекітілдi, онда табиғи монополия саласында өндiрушiлердiң, тұтынушылар мен мемлекеттiң экономикалық мүдделерiнiң тепе-теңдігін қамтамасыз етудiң негiзгi принципiн сақтаумен мемлекеттік реттеудi жетiлдiру көзделген.
Жоғарыда көрсетiлген бағдарламаны iске асыру шеңберiнде табиғи монополия саласына инвестициялар тартуды ынталандыратын жаңа тариф құру әдiстерi әзiрлендi.
Қысқамерзiмдi кезеңге тұрақты тарифтер енгізу соның шегiнде табиғи монополиялар өз қызметiн жүзеге асыратын тарифтiк шеңберлер белгiлеудi көздейдi. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудан түскен кiрiстерге өз бетiмен иелiк ету мүмкiндiгiн алуы маңызды болып табылады.
Қысқамерзiмдi кезеңге тарифтердi ұсынудың шарты табиғи монополия субъектiсiнiң кәсiпорын бойынша қысқамерзiмдi кезеңге бекітілген инвестициялық бағдарламаны iске асыру жөнiнде мiндеттемелер қабылдауы болып табылады. Бұдан басқа, тарифтердiң "шектi" деңгейiнде есеп айырысу кезiнде iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына есептелген кiрiсi ескерiледi.
Бұдан басқа, 2004 жылдың басында магистралды құбыр желiлерi бойынша және табиғи газды тарату құбыр желiлерi бойынша тасымалдау қызметiне тарифтердiң есебi бойынша және табиғи газды тасымалдау қызметтерiне тарифтер есебi бойынша әдiстеме әзiрленетiн болады. 2004 жылы қосымша: