│ Облыстар │Жұмыс │Газбен жабдықтауды │Газбен жаб. ├Қаржыландыру. │
│ │істеп │дамытудың болжам. │дықтауды да.│дың мүмкiн │
│ │тұрған │дық көрсеткіштері │мытуға бол. │көздерi │
│ │өңiрлiк├────────────┬──────┤жамдық қар. │(млн. теңге) │
│ │газ құ.│Газ құбырла.│Жаңа │жыландыру ├──────┬────────┤
│ │бырлары│рының құры. │тұты. │(млн. теңге)│бюд. │Шаруа. │
│ │торап. │ лысы (км) │нушы. ├─────┬──────┤жеттік│шылық │
│ │тарының├──────┬─────┤лардың│2004-│2007- │ │етуші │
│ │ұзынды.│2004- │2007-│саны │2006 │2010 │ │субъек. │
│ │ғы (км)│2006 │2010 ├──────┤ │ │ │тілер │
│ │ │ │ │2010 │ │ │ │ │
│ │ │ │ │жылға │ │ │ │ │
│ │ │ │ │таман │ │ │ │ │
├─────────────┴───────┴──────┴─────┴──────┴─────┴──────┴──────┴────────┤
│ Ақтөбе 14089 191 411 50800 1803 6227 8030 - │
│ Алматы 23206 30 129 15890 283 523 70 736 │
│ Атырау 1186 578 1380 4900 5500 14500 19786 214 │
│ Жамбыл 2425 Қайта құру - 597 - - 597 │
│ Батыс │
│ Қазақстан 2000 180 920 42600 1235 3705 2560 2380 │
│ Қостанай 2025 43 350 3000 172 753 40 885 │
│ Қызылорда 400 401 - - 7161 - 5301 1860 │
│ Маңғыстау 1574 82 212 5350 302 196 497 - │
│ Солтүстік │
│ Қазақстан 80 - - - - - - - │
│ Оңтүстік │
│ Қазақстан 3086 102 Қайта 356000 544 96 401 239 │
│ құру │
│ Алматы қ. 25434 - 147 1200 218 545 - 764 │
│ Барлығы 75505 1608 3549 480337 17218 26545 37282 7078 │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Ескерту: Кесте облыс әкімдіктерінің бастапқы және болжамдық деректері негізінде жасалынды.
Соңғы жылдары газ көлiктiк жүйесiнде экономиканың және құрылымдық қайта құрылулардың дағдарыстық жай-күй жағдайларында газдандыруды дамыту және бұрыннан бар өңiрлiк газ тарату тораптарында жаңарту бойынша жұмыстар iс жүзiнде жүргiзiлген жоқ. Облыстарда бюджеттік қаржыларға жобалық-сметалық құжаттаманы негізiнен әзiрленген ұзындығы 5 мың км-нан артық жаңа газ құбырының бұрынғы директивалық жоспарлары iске асырылмай қалды.
Жергілiктi бюджеттiң қатысуымен және инвесторларды тартумен газ құбыры тараптарын кеңейту, табиғи газды жаңа тұтынушыларға қосу жүргiзiлетiн, сұйытылған газдың жанармай құю станцияларының саны ұлғаятын республиканың батыс облыстарында осы бағытта неғұрлым белсендi жұмыс жүргiзiледi. Әдеттегідей, бұл жұмыс газдандырудың әзiрленген бағдарламалары мен өңiрлердi газбен жабдықтауды жақсарту негізiнде жүргізiледi. Осы тақiлеттес, мысалға Ресей Федерациясында кеңiнен қолданылатын бағдарламалар, әдеттегідей, мынадай нақты мiндеттердi шешумен өңiрлiк саясаттың мынадай негiзгі бағыттарын қамтиды:
жағылатын iлеспе газды кәдеге жаратумен газ ресурстары аумағында барларын әзiрлеу мен жеделдетiп игеруге жәрдемдесу, шағын газ өңдейтiн қуаттылықтар мен газ электр энергетикасын дамыту;
елдi бекеттердi газдандырумен жергiлiктi газ құбырлары тораптарын дамыту, жұмыс iстеп тұрған газ құбырларын қайта құру үшiн жаңа технологиялар мен материалдарды қолдану;
бұрыннан бар газ құбыр-бұрғыштарының транзиттiк жүктемесi, табиғи және сұйытылған газ жеткiзiлiмдерiнде олардың автокөлiкте, коммуналдық-тұрмыс секторында пайдалануын ұлғайтумен тұрғындардың қажеттiлігін неғұрлым толық қанағаттандыру;
қаржыландырудың мүмкiн көздерiн жұмылдыру, шаруашылық етушi субъектiлердiң мүдделерiн және жергiлiктi органдардың, жер қойнауын пайдаланушылардың және магистралды газ құбырлары операторының iс-әрекеттерiн үйлестiру.
Үйлестiрiлген әрекеттер үшiн мүмкiндiктерге ие бола отырып, iс жүзiнде республиканың оңтүстiгiнде және басқа облыстарында газ сатудың 2002 жылғы нәтижелер бойынша 2,2 млрд. текше м қарсы 2003 жылы 2,9 млрд. текше м дейінгі күтiлетiн көлемiмен табиғи газдың жоғалтылған рыногын қалпына келтiретiн "КазТрансГаз" ЖАҚ-ның еншiлес компаниясы "КазТрансГаз Дистрибьюшн" ЖАҚ көтерме газ жеткiзiлiмi бойынша неғұрлым айқын рөл атқарады. Мұның барлығы табиғи монополия жағдайында күш салулардың бiрiгуiнде жүйелер мемлекеттік қолдау кезiнде бiрегей мақсаттарға және газ тұтынудың iшкi рыногын дамыту бойынша реттеуге табысты қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн магистралды газ құбырлары операторының тарапынан қолдау болған жағдайда iрi газ тарату компаниясы жүйесiнде жұмыстың тиiмдiлiгiн дәлелдейдi.
Алайда, осы уақытқа дейiн, "КазТрансГаз Дистрибьюшн" ЖАҚ тарапынан төлемдердi жақсарту мақсатында жұмыстың жаңа әдiстерiн енгізу жөніндегі шаралардың қабылданғандығына қарамастан, бұл проблема шешiлмей қалуда, бұл газ рыногының одан әрi дамуын тежейдi. Бұл мәселенi шешу тек газ жеткізушiнiң, оның жеткізушiсiнiң және жергiлiктi органдардың бiрлескен iс-қимылдарымен ғана қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Мысалға, 2002 жыл нәтижелерi бойынша жеткiзiлген газ үшiн және газ транзитi бойынша көрсетілетiн қызметтер үшiн республиканың тек отын-энергетикалық компанияларының дебиторлық берешегі 2,6 млрд. теңгеден асып кеттi.
Сайып келгенде, газ көлiк жүйесiнiң жұмыс iстеу ерекшелiктерi және оның даму перспективалары табиғи және сұйытылған газ өндiру, өңiрлердi одан әрi газдандыру, газ жүйесiнiң барлық субъектiлерi мен жергiлiктi органдар тарапынан экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық жағдайларды құру негізiнде ресурстық базаны дамыту жөніндегі шаралар кешенiн өткізудiң қажеттiлiгін болжайды.
Батыс Қазақстан облысын газбен жабдықтау
Облыс аумағында газ өндiрудiң жылдық көлемi - 5,8 млрд. текше м қол жеткен аса iрi Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кен орны (МГКК) бар. 2004 жылға таман Шынар және Тепловско-Токаревской газконденсатты кен орындары топтарын кен орындарын өнеркәсiптiк пайдалануға енгізумен, сондай-ақ газ өңдеу жөніндегі (Қарашығанақ МӨЗ) жаңа қуаттарды салумен газ өндiру көлемi 2010 жылға таман облыста жылына 20,0 млрд. текше м дейiнгi деңгейге өседi. Газды керi айдаумен және газды өз қажеттеріне пайдаланумен тауарлық газ көлемi бұл жылдары 10,0 млрд. текше м артық болуы мүмкiн. Облыс аумағы бойынша өтетiн "Орта Азия-Орталық", "Союз" және "Орынбор-Новопсков" транзиттік магистральды газ құбырлары (МГ) оның облысты газбен жабдықтауды дамыту бойынша қолайлы жағдай тудырады. Нәтижесiнде облыс бүгiнде неғұрлым газдандырылғандардың (42%) бiрi болып табылады. Көтерме газ жеткiзiлiмiне арналған бағалардың сақталуы (1 мың текше м үшiн 18-21$) экономикада дағдарыс құбылыстарының құлдырау кезеңiнде облыста басқа өңiрлерде болған газ тұтынудың шұғыл түсiп кетуiн ұстап тұруға мүмкiндiк бердi.
Облыста әзiрленген Газбен жабдықтау бағдарламасына сәйкес 2010 жылға дейiнгi кезеңде өнеркәсiп тарапынан газға деген сұранымның артуы және оны электр станцияларында негiзгi отын ретінде пайдалану есебiнен (электр энергиясының 90% дейiнгi Ресейден жеткiзiлiмi жүзеге асырылады) болжанады. Осыны және қазандықтар мен көлiктерде газ пайдаланудың күтiлетiн ұлғаюын ескерумен облыста газ тұтыну жылына 1000 млн. текше м. өседі деп болжанады.
Атырау және Маңғыстау облыстарын газбен жабдықтау
Өңiрдiң газ өнеркәсiбiн iлеспе газ өндiретiн "Теңiзшевройл" ЖШС, "Маңғыстаумұнайгаз", "Өзенмұнайгаз", "Қазақойл-Ембi" АҚ сияқты ірі компанияларды білдiреді. Әзiрше компаниялар өңiрдегi 84 газ кен орындарының жартысынан астамын ғана әзiрлеу үстiнде. Олардың iшiнде тек белгiлi кен орындары - Теңiз, Королевское, Имашевское (Атырау облысы); Өзен, Жетiбай, Қаламқас (Маңғыстау облысы).
Облыстарды энергиямен жабдықтау табиғи және сұйытылған газдарды пайдалануға басымдықпен негiзделедi, мұнда сондай-ақ белгiлi себептер бойынша өткен кезеңде газ тұтынудың төмендеуi біліндi. Мысалы, талдау Атырау облысы үшiн тәуелдiлiктiң тән екенін: тарифтер 10% ұлғаюының газ тұтынуды орта есеппен 3,6% төмендетуге әкеп соққанын көрсеттi. Сондықтан соңғы жылдары газға бағаны төмендету саясаты мен "Теңiзшевройл" БК тарапынан оны өзiндiк құны бойынша 12 АҚШ доллары бағасымен жеткізу газ тұтынуды тұрақтандыруға және өсiруге алып келді. Маңғыстау облысындағы негiзгi газ жеткізушi "Өзенмұнайгаз" АҚ-ы газ жеткiзiлiмi бағасын 1 мың текше м үшiн 30 АҚШ доллары көлемiнде жүзеге асыру мүмкiндiгi бар, бұл елдiң оңтүстiк және солтүстік облыстарына қарағанда едәуiр арзан.
Осы екі облыстың аумақтарын газдандыру үшiн олардың аумақтары арқылы өтетiн "Орта Азия-Орталық" және "Мақат-Солтүстiк Қазақстан" iрi магистральды газ құбырларының болуы қолайлы жағдай болып табылғанмен, облыстар бойынша газ құбырлары тораптары әлсiз дамыған және тек магистральды газ құбырларына тiкелей жақын орналасқан кенттер ғана газдандырылған. Мысалға, Атырау облысы бойынша облыс халқының 50% құрайтын елдi мекендер газдандырылған. 2003 - 2010 жылдар кезеңiне қабылданған газдандыру жоспарында ұзындығы 2,0 мың км жаңа газ құбырларының құрылысына 20,0 млрд. теңге бөлудi көздейдi. Газ құбырларының 300 км жуығын Маңғыстау облысында салу болжанып отыр. Каспий қайраңы кен орындарын игерудiң басталуымен облыстарды газдандыру бағдарламасын аяқтау үшiн неғұрлым қолайлы жағдайлар жасалуда.
Сайып келгенде, егер, 2003 жылдың нәтижелерi бойынша газ тұтыну Атырау облысында шамамен 638,1 млн. текше м, ал Маңғыстау облысында жылына - 1289,0 млн. текше м құраса, онда Атырау ЖЭО қуатының 70 МВт кеңейтiлуi күтiлетiнiн ескерумен, өңiрдiң мұнайхимия кешендерiнiң және өнеркәсiптiң дамуын қалпына келтiрiлумен, сондай-ақ өңiрлердi газдандыру жөнiнде белсендi жүргiзiліп жатқан жұмыстарға байланысты 2010 жылға таман газды тұтыну Атырау облысында 2,0 млрд. текше м деңгейiнде, ал Маңғыстау облысында - 6.0 млрд. текше м шамасында болады деп болжануда (Анықтама үшiн: облыстар бойынша 1992 жылы газды тұтыну сәйкесiнше 0,4 және 2,2 млрд. текше м құрады).
Ақтөбе облысын газбен жабдықтау
Қолда бар минералдық-шикiзаттық базасы негiзiнде Облысты газдандыру бағдарламасының жобасы әзiрлендi. Қазiргi уақытта облыстың газға деген сұранымының жартысына жуығы дерлiгi Жаңажол кен орнынан ("СНПС-Ақтөбемұнайгаз" мұнайгаз компаниясы) жеткiзiлiмi есебiнен жабылады. Алайда, таяу жылдарда "Қазақойл-Ақтөбе" компаниясы (Әлiбекмола және Қожасай кен орындары) iрi газ жеткізушi болуы мүмкiн және өңiр газ экспортерi болған кездегi маңызды кезең Ұрықтау газконденсатты кен орнын әзiрлеу болып табылады.
Жылына 1,4 млрд. текше м дейiнгi қуаттылықтағы екiншi кезегiн Жаңажол ГӨЗ пайдалануға қосумен және жаңа Жаңажол ГӨЗ, сондай-ақ "Әлiбекмола" және "Қожасай" кен орындарында зауыт салумен, бағасы 40-42 АҚШ доллары тұратын өзбек газының импортынан бас тартып өңiрдiң тұтынуын меншiктi ресурстармен қамтамасыз ету проблемасы толығымен шешiлетiн болады.
Жұмыс iстеп тұрған газ магистралдарының торабы мысалы, "Бұқара-Орал", "Жаңажол-Ақтөбе" қазiрдiң өзiнде, жалпы саны шамамен 380 мың адам (облыс халқының жалпы санының 58%) 38 елдi мекендер мен қалаларды газдандыруға мүмкiндiк туғызды. Облысты газдандыру жоспары бойынша келешекте тағы да инвестициялаудың жалпы көлемi 5,5 млрд. теңге сомамен жоғары қысымды төрт газ құбырларын салу көзделiнедi: "Ақтөбе-Мартөк" (17 елдi мекенге газ беретiн 72 км), "Ақтөбе - Байғанин" (70 км), "Ақтөбе-Новоалексеевка" (110 км).
Ақтөбе облысы, қажеттiлiгiнiң 25% Ресейден жеткiзiлiм есебінен жабылатын, электрге тапшы өңiр болып табылады. Электр энергиясына аймақтың қажетсiнуiнiң одан әрi өсуi фонында жаңа генерирлеушi қуаттардың жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту және жаңаларын салу, мысалы, "Жаңажол" кен орнында қуаттылығы 48 МВт электр станциясын салу. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында 570 МВт қуатпен TЭC салу жобасы пысықталуда.
Тұтастай алғанда газдандыру жөніндегі қабылданған шаралар фонында облыстың, өнеркәсiптiк өндiрiстiң және орташа жалақы республикалық орташа деңгейден 18,7% артық болатын облыстың жергілiктi бюджетiне түсiмнiң оң серпiнi газ тұтыну көлемдерін арттырудың жоғары әлеуетiне ие болып отыр.
Сайып келгенде, халықтың ақшалай кiрiстерiнiң жыл сайын 4% астамға өсуi және облыс бойынша газ тұтынудың 3-7% өсу үрдiсi қалыптасқан кезде өнеркәсiптiң дамуымен 2010 жылға таман облыста газды 1.8 млрд. текше м. деңгейiнде тұтыну көлемiнiң ұлғаюын күтуге болады.
Республиканың Оңтүстiк аймақтарын газбен жабдықтау
Ағымдағы кезеңде республикадағы өзектi проблемалардың бiрi дәстүрлi түрде Өзбекстаннан газ жеткiзiлiмдерi жүзеге асырылатын оңтүстiк облыстарды газбен тұрақты қамтамасыз ету болып қалады. Оңтүстiк өңiрдiң қалыптасқан тәуелдiлiгi алдын ала төлеумен жағдайларында 40 және одан көп АҚШ доллары бағасымен импортталатын газ жеткiзiлiмi шарттарында, сондай-ақ өтпелi экономика кезеңiнде жоғары бағаның (80-84 АҚШ доллары) жай-күйi. Жекешелендiру кезеңiнде газ шаруашылықтарында құрылымдық қайта құрулар шығындары да өзiнiң жағымсыз әсерлерiн тигiздi. Мұның барлығы оңтүстiк өңiрде газдың тұтыну деңгейiн 1992 жылғы 5,3-тен 2003 жылы 1,7 млрд. текше м дейiн қысқартуға әкеп соқты.
Соңғы екi жылда тұтыну деңгейiнiң шамалы көтерiлуi газ тұтынудың бұрынғы көлемiн қайта қалпына келтiру проблемасын шеше алмайды. Бұған өңiр халқы кiрiстерiнiң салыстырмалы түрдегі төмен болуы кезiнде импортталатын өзбек газына сақталып отырған жеткiлiктi жоғары бағалар ықпал ете алмайды.
Сондықтан, газ шаруашылығын қайта құру жөніндегі жүргiзiлетiн жұмыстармен қатар ("ҚазТрансГаз" ЖАҚ өзiнiң еншiлес компаниясы арқылы осы мақсаттарға Оңтүстiк Қазақстан облысына, оның iшiнде Қайнар поселкесiнен Бадам станциясына дейiн - 12 км газ құбырын салуға 5 млн. АҚШ долларын инвестицияланды). Оңтүстiк облыстарға табиғи газды жеткізудi ұлғайтудың принциптi шешiмi жеткiзiлетiн газ бағасының төмендету және газбен жабдықтаудың баламалы нұсқаларын пысықтау болуы тиiс. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiне сәйкес Жамбыл облысындағы Амангелдi газ кен орнын пайдалануға енгізу оңтүстiк ауданда газбен жабдықтаудағы маңызды кезең болып табылады. Бұл өңiрдiң қажеттiлiгiн меншiк ресурстары есебiнен 30% дерлiк (600 млн. текше м. газ шамасында) қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Оңтүстік облыстардың газ проблемасын шешудiң екiншi перспективалы бағыты Қазақстан Республикасының FA Геология институты мен геофизикалық компаниялар сарапшыларының бағалауы бойынша еркiн газдың болжамдық қорлары 300,0 млрд. текше м дейiнгiнi құрайтын Солтүстiк Аралдың перспективалық аумақтарында барлауды аяқтау болуы мүмкiн. "Бұқара - Орал" МГ-нан "Шымкент-Алматы" МГ-на дейiн жалғастырушы магистралды газ құбырын салу Қызылорданың тоқырауға ұшыраған аудандарын газдандыруға, сондай-ақ республиканың бiрыңғай газ-көлiк жүйесiмен жоспарланып отырған "Құмкөл-Қызылорда" газ құбырын қосуға мүмкiндiк бередi.
Сондықтан оңтүстiк өңiрдi газбен жабдықтаудың баламалы жобасын iске асырудың негiзгi мәселелерi:
Амангелдi кен орнын игерудi жеделдету және Жамбыл мен Оңтүстiк Қазақстан облыстарының аумақтарында газдың басқа кен орындарын әзiрлеу жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеменi жүргiзу;
Солтүстiк Арал маңы аумақтарындағы геологиялық барлауды және Қытайға газ жеткізудi ескерумен "Шалқар-Шымкент" газ құбырын салу жобасын қайта қарауды аяқтау;
ауыстыру схемасын пайдаланумен көршi елдердiң газ компанияларымен оңтүстiк өңiрге газ жеткізу жөнiнде пысықтаулар болып қалуды.
Қазақстан Республикасының оңтүстiк облыстарын газбен жабдықтауды тұрақтандыру бойынша кешендi шаралар қабылдау бiрiншi кезекте газ тұтынудың бұрынғы деңгейлерiне жақындатуға, атап айтқанда Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша 800 млн. текше м, Жамбыл - 1000 млн. текше м, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша - 950 млн. текше м деңгейге дейiн бағытталуы тиiс.
Қызылорда облысын газбен жабдықтау
Қызылорда облысы Оңтүстiк-Торғай ойпатының кен орындарында жолай өндiрiлетiн газдың жеткiлiктi ресурстарына ие бола отырып, тұрғындар үшiн сұйытылған газды басқа өңiрлерден жоғары бағаға сатып алады және облыс тұтынушыларын энергия ресурстарымен қамтамасыз етуде өткiр тапшылықты өткерiп отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қабылдаған шешiмдерiне сәйкес осы мәселелердi кешендi шешу, алауларда жыл сайын өңiрдiң экологиясына залал келтiрумен 700 млн. текше м дейiн iлеспе газ жағылатын жұмыс iстеп тұрған мұнайгаз кен орындарынан алынатын iлеспе газдарды неғұрлым толығымен кәдеге жарату есебiнен осы проблеманы шешу болжанып отыр.
"ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" ААҚ "Торғай-Петролеум" ЖАҚ компаниялары және "Қазгермұнай" БК 2004 жылдың аяғына дейiн газ өңдеу жөніндегі кешендi қондырғыларды және жылына 250 млн. текше м газға дейiнгi транзиттiк қуаттылығымен Қызылорда қаласына дейiн газ құбырын салуды аяқтау. "Қуатамлонмұнай" БК-ның басқа кәсiпорындары, "КОР" ЖАҚ және "Aй Дан" ЖШС сол сияқты iлеспе газ қоры бар кен орындарында геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзедi. Жоғарыда көрсетiлген кен орындары бойынша газ қорларының жиынтығы шамамен 15 млрд. текше м құрайды, ал барлау кезеңiнде тұрған перспективалық кен орындарын ескерумен осы өңiрдегi газ қоры шамамен 40 млрд. текше м құрайды.
Оңтүстiк-Торғай ойпатының мұнай кен орындарында iлеспе газды кәдеге жарату мен пайдалану жобасы5:
iлеспе газды өндiру осы газды жинақтау жүйесi және жылына 50 мың тонна дейiнгi көлемде құрғақ және сұйытылған газ өндiру жөніндегі қондырғыларды монтаждау жүргiзiлетiн әрбiр кен орындарында құрылыс салуды;
2004 жылдан бастап 150 млн. текше м көлемде берумен 2006 жылға таман 300 млн. текше м дейiн ұлғайту мүмкiндiгiмен тазартылған газды ең алдымен қаланы жылумен жабдықтау қажеттерi үшiн жеткізу үшiн, ұзындығы 124 км Ақшабұлақ-Қызылорда магистралды газ құбырын салуды;
"ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" ААҚ-ның (қазiргi кезде пайдалануға енгiзiлген) қаржыландыруымен Оңтүстiк Құмкөл кен орнында қуаттылығы 55 МВт және құны 30,3 млн. АҚШ доллар тұратын газтурбиналық қондырғыны (ГТҚ) салуды;
Қызылорда қаласының тұрғын-үй секторын iшiнара газдандырумен арзан электр және жылу энергиясын өндiру үшiн ЖЭО мен қалалық қазандықтарды табиғи газды жағуға қайта құрылымдау және көшiрудi болжамдайды.
Облыстың өнеркәсiптiк өнiмi жалпы көлемiнiң 95%, 2000-дай адам еңбек ететiн, мұнай өндiрушi кәсiпорындардың үлесiне тиесiлiгiн ескере отырып, Iлеспе газды кәдеге асыру жобасын iске асыру маңызды әлеуметтiк салдарларға ие болмақ. Атап айтқанда: коммуналдық қызметтер көрсету тарифiн 2-3 есе төмендетуге, салық түсiмiн газды сату мүмкiндiгiне қарай жылына 280 млн. теңгеге ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Көрсетiлген тарифтердi төмендету бюджеттік қаржыларды 180-200 млн. теңге сомасына үнемдеуге және оларды облыс тұрғындарына атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге жолдауға мүмкiндiк тудырады.
Бұл ретте соңғы бiрнеше жылдарда сақталып келе жатқан алауларда iлеспе газдарды бос жағудың экологиялық проблемасының шешiлетiндiгi өте маңызды. Мәселен, Энергопром ҒЗЖИ институтының бағалаулары бойынша әрбiр 100 млн. текше м iлеспе құмкөл газын кәдеге жаратудан ластанған заттардың тастауларын 40,0 мың тоннаға дейiн азайту әсерiне қол жеткiзiлетiн болады.
Қостанай облысын газбен жабдықтау
Облыстың отын-энергетикалық балансында көмiрдiң үлесi 26%, ал табиғи газдың үлесi 13% құрайды. Облыс аумағы бойынша жалпы ұзындығы 238 км "Қарталы-Қостанай" газ құбыры өтедi. Соңғы жылдары өнеркәсiптiк өндiрiстi қалпына келтiрумен импортталатын табиғи газды тұтынудың артуы байқалады. Мәселен, тек соңғы жылда ғана облыста тұтыну 2003 жылдың қорытындысы бойынша 800 млн. текше м табиғи газды деңгейiне дейiн өстi.