табиғи газды сақтау жөніндегі қызметтерге тарифтердiң қосымша әдiстемесiн;
магистралды газ құбырлары бойынша кiрiстi, шығыстар мен iске қосылған активтердi есепке алуды бөлек жүргiзу ережесi;
таратушы газ жүйелерi бойынша кiрiстi, магистралды газ құбырлары бойынша шығыстар мен iске қосылған активтердi есепке алуды бөлек жүргiзу ережесін әзiрлеу жорамалданады.
3.4. Саланы ұйымдастырушылық және нормативтiк қамтамасыз ету
3.4.1. Газ көлiк жүйесiнiң ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру
Газ көлiк саласы субъектiлерiнiң қолданыстағы құрылымы мен жұмыс iстеу схемасы ұлттық экономиканың қалыптасуының алғашқы жылдарында бiрнеше рет құрылымдық реформалау барысында қалыптасты. Одақтық мемлекет кезеңiнде экономиканы бөлудiң бастапқы сатысында республика аумағынан магистралдық маңызды газ құбырлары өтетiнiне қарамастан заңды түрде республикада қандай да болсын газ көлiк құрылымы болмаған. Оның сыртында, сол кезеңге республикада iс жүзiнде (алынған газ өңiрдiң iшiнде тұтынылған Өзен кен орны мен Қазақ МӨЗ-нан басқа) газды өнеркәсiптiк өңдеу және бастапқы өңдеу болған жоқ. Іс жүзiнде барлық тұтынылатын табиғи газ жеткiзiлiмi көршi Ресей, Түрiкменстан және Өзбекстан республикаларынан ҚР аумағы бойынша өтетiн транзиттi магистралды газ құбырларымен жүзеге асырылды. Осыдан келiп, барлық газ шаруашылығына басшылық республикада көршiлес республикалардың республикалық орталықтарынан Газ өнеркәсiбi министрлігінiң, ал кейiн "ГАЗПРОМ" ААҚ-ның құрылымдық бөлiмшелерiмен жүзеге асырылды.
Сондықтан да ұлттық мұнайгаз саласының қалыптасу кезеңiнде магистралдық және газ тарату құбырлары жүйелерiн басқару құрылымы бiрнеше мәрте қайта құруға ұшырады. Егер, бастапқы кезеңде магистралды газ құбырлары "Қазақгаз" Мемлекеттік холдинг ұлттық компаниясының бiр құрылымының басқаруында болса, ал кейiннен басқаруды екi оператор "Қазақгаз" МХК (Орал қ.) және "Алаугаз" (Алматы қ.) жүзеге асырды. Алғашқы жылдары магистралды және айырушы газ құбырлары жүйесi өзi жеке жұмыс iстедi, кейiннен облыстық газ шаруашылықтары магистралды газ құбырларының екi операторының басқаруына берiлдi.
Магистралды газ құбырлары жүйесiн "Трактабель С.А." компаниясына концессияға берумен, газ құбырларының бiр бөлiгi мемлекеттік меншiкте қалғанда өңiрлiк өнеркәсiптер жекешелендiрiлдi. Сондықтан әлі күнге дейiн, және магистралды газ құбырлары мен өңiрлiк газ құбырлары жұмысын үйлестiру жөніндегі мемлекеттік компания құру жүйесіндегі мемлекеттік реттеу үшiн "Қазтрансгаз" ЖАҚ ұлттық операторы құрылғаннан кейiн, газ-көлiк жүйесiн басқару құрылымы қалыптасқан проблемаларды тиiмдi шешуге және саланың дамуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi.
Газдың халықаралық транзитiн, тасымалдауды және iшкi тұтынушылардың табиғи газға деген қажеттiлiгін қамтамасыз етудi үйлестiру жөніндегі негізгi құрылым "ҚазМұнайГаз" ҰК ЖАҚ болып табылады, ол өз кезегiнде бұл жұмысты "ҚазТрансГаз" ЖАҚ компаниясының тобы арқылы жүргiзедi. Тiкелей табиғи газ тасымалдауды "Трактабель С.А." компаниясымен бұрын 1997 жылы қол қойылған, формальды қолданыстағы магистралды газ құбырларының концессиясының шартына сәйкес оған берiлген Магистралды газ құбырларының операторы болып табылатын "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ жүзеге асырады.
Газ секторында сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретiнде (Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасында газ саласындағы ынтымақтастық туралы 2001 жылғы 28 қарашадағы Келісімге сәйкес "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ және "Газпром" ААҚ арасында тепе-теңдік негізде құрылған) "КазРосГаз" ЖАҚ бiрлескен кәсiпорны өкiлдiк етедi. "КазРосГаз" ЖАҚ-ның негiзгi функциясы сатып алу, маркетинг және қазақстандық артық табиғи газ ресурстарын экспортқа жеткізу болып табылады.
"ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның iшкi газбен жабдықтау секторында жергілiктi көлiк компаниялары арқылы жеткізушi ретiнде бола отырып, негізiнен импорттық газ жеткізудi жүзеге асыратын сегіз облыстың бесеуiне ұзақ мерзiмдi шарттар бойынша табиғи газ жеткізудi қамтамасыз ететiн "ҚазТрансГаз Дистрибьюшн" компаниясы ұсынады.
Газ саласын 90 жылдары қайта құрылымдау нәтижесінде әр түрлi қаржылық, техникалық және ұйымдастыруға және газтарату жүйесi операторларының жұмыс iстеу жағдайларына, жергілiктi және атқарушы органдардың қабылдаған түрлi тәсiлдерiне байланысты бiрқатар өңiрлерде газбен жабдықтауда, қаржылық мiндеттемелерде, газды есепке алуда, өндірiстiк активтердiң техникалық жай-күйiнде сындарлы жағдай қалыптасты. Газтарату ұйымдарының бiрыңғай жүйесi меншiк нысанының өзгеруiне байланысты бұзылды. Сөйтiп қазiргi уақытта түрлi өңiрлерде таратушы газ құбырлары немесе олардың участоктары:
- республикалық меншiкте,
- коммуналдық меншiкте,
- жеке меншiкте (соның iшiнде "РГC" ЖАҚ меншiгiнде).
Жекелеген газ құбырларына меншiк нысаны белгiленбеген және олар бойынша газ тасымалдауды сол сияқты әр түрлi нысандағы операторлар жүзеге асырады.
Қалыптасқан жағдайдан шығу мақсатында Қазақстан Республикасының 16.08.1999 жылғы № 1166 Қаулысымен "ЭЦ ECK" PMК балансына Ақтөбе және Жамбыл облыстарының таратушы газ құбырларын беру туралы шешiм қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесе отырып Алматы қаласының, Оңтүстік-Қазақстан, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан облыстарының және Маңғыстау облысындағы "Өзен-Ақтау" тарату газ құбырын республикалық меншiктен иелiктен шығарудың негiздiлiгiнiң талдауын жүргізу тапсырылды.
Қазақстан Республикасының 06.05.2002 жылғы № 498 Қаулысымен "ЭЦ ЕСК" РМК оны "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-на берумен "ӨГТ" ЖАҚ қайта құрылды. "ҚазМұнайГаз" ҰK" АҚ Директорлар кеңесiнiң 19.04. 2004 жылғы шешiмiмен және 05.05.2004 жылғы № 9 бұйрығымен "ӨГЖ" ЖАҚ жүз пайыздық акциялар пакетi "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның жарғылық капиталына берiлдi. Қазiргі уақытта "ӨГТ" ЖАҚ Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының газ таратушы жүйелерiн және Маңғыстау облысының "Өзен-Ақтау" газ құбыры желісін басқарады.
Газ тасымалдау жүйесіндегі басымдықты мiндеттер барлық газ-көлiк жүйелерi жұмысының тиiмдiлігін көтеру, қайта құрылымдауға қаржы тарту және газ тасымалдауға айқын тариф қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады. Газ-көлiк, газ тарату жүйелерiнiң дамытудағы мемлекеттік мүдденi ескерумен және ішкі газ рыногын үйлестiру үшiн мынадай iс-шараларды жүргiзу қажет:
болуы мүмкiн апаттың алдын алу үшiн оларды жүргiзудiң уақытлығын ескерумен газ тарату жүйелерiн қалпына келтiруде, жаңғыртуда және техникалық қайта жарақтауда объективтi, дұрыс және негізделген бағалауды алу үшiн меншiк нысанына тәуелсiз барлық өңiрлерде газ тарату жүйелерiнiң өндiрiстiк объектiлерiнiң жай-күйiне техникалық сараптама жүргiзу;
жүргізiлген техникалық сараптаманың негiзiнде барлық өңiрлер бойынша Газ тарату жүйелерiн қалпына келтiру, жаңғырту және техникалық қайта жарақтау бағдарламасын әзiрлеу;
операторға да, сол сияқты тұтынушы үшiн де әдiлеттi тариф белгiлеу мақсатында тариф құру әдiстемесiн жетiлдiру.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К.Ахметовтың 16.02.2004 жылғы № 38 Өкімімен жұмыс тобы құрылды, оған Қазақстан Республикасының өңiрлерiнде газ-көлiк жүйесiн дамыту және газбен жабдықтау бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Жұмыс тобында ақпаратты талқылау бүгiнгi күнi өңiрлердегi газ-көлiк жүйелерiнiң 70% жеке меншiк құрылымдарға және коммуналдық шаруашылықтарға жататынын көрсеттi, осыған байланысты өңiрлерде газ тасымалдау жүйесiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшiн таратушы газ құбырының әрбiр иесi оған жататын таратушы газ-көлiк жүйесiнiң участоктарын қайта құрылымдау мен жаңғыртуды қаржыландыруды жүзеге асыру талап етiледi.
Газ тарату жүйелерiн қалпына келтiруде, жаңғыртуда және техникалық қайта жарақтауға "ӨГТ" ЖАҚ-на республикалық бюджеттен қаржыландыру қабылданбағандықтан қазiргi сәтте "ӨГТ" ЖАҚ үшiн қарыз қаражаттарын тарту оңтайлы нұсқа болып табылады.
3.4.2. Газ саласын кадрлық қамтамасыз ету
Елiмiздiң газ жүйесi кәсiпорындарында 10 мың адам еңбек етедi, оның iшiнде 2/3-i техникалық персоналды құрайды. Алайда, ертеректе осы саладағы кадрларды даярлау негiзiнен Ресей мен Украинада жүргiзiлгендiктен, кәсiпорындарда соңғы жылдары жоғарғы және орта білімдi біліктi кадрлардың өткiр жетiспеушiлiгi сезiлуде.
Сонымен бiрге көптеген кәсiптiк-техникалық училищелердiң жабылуы және маман жұмысшылардың құрметтi демалысқа шығуына байланысты кәсiпорындарында біліктi кадрлармен қамту мәселесi одан әрi өткiр сезiлуде. Оның үстiне соңғы 4-5 жыл iшiнде арнаулы оқу орталықтарында немесе жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары жанындағы курстарда біліктiлiктi көтеру жөніндегі жұмыстар жүргiзiлген жоқ.
Қазiргi уақытта әлемде жұмысшыларды, инженер-техникалық пен орта және жоғары буын басшыларын даярлау, оқыту және біліктiлiгiн арттыруды компанияның Оқыту орталығы базасында да, сондай-ақ басқа ұйымдарды тартумен де мұнайгаз компанияларының өздерi жүзеге асырады.
Республикада мұнайгаз iсi мамандарын даярлау бiрқатар жоғарғы оқу орындары базасында жүргiзiледi, мәселен, Алматы қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-да, Қазақстан Республикасының Үкіметінiң шешiмiмен "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ құрамына берiлген Қазақстан-Британ техникалық университетi. Қарашығанақ кен орынындағы жергілiктi кадрларды оқыту негiзiнен Ақсай қ. Оқу орталығы базасында жүргiзiледi. Мамандықтар бойынша жергiлiктi жұмысшылардың біліктiлiгін арттыру шетелдегi "Бритиш газ" және "Аджип" бас компанияларында, оқу орталықтары мен магистрлық және менеджерлiк халықаралық бағдарламалар бойынша оқыту жолымен жүргiзiледi. Бұдан басқа соңғы жылдары саланың беделiнiң артуына байланысты мамандарды даярлау бiрқатар облыстар мен ұлттық мұнайгаз компаниялар жанындағы жаңадан құрылған орталықтарда қайтадан басталды, мысалы, Ақтау қ. "КазТрансОйл" ЖАҚ жанындағы Оқу Орталығы, "Ембiмұнайгаз" АҚ жанындағы мұнай колледжi мен оқу-курс комбинаты және т.б.
Сала үшiн сапалы кадрлық әлеует қалыптастыру қажеттiлiгiнен шыға отырып әлемдiк тәжiрибенi, республикадағы бар білім базасын және саланың мамандарға деген бiрiншi кезектегi сұраныстарын ескере отырып кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі шаралар кешенiн әзiрлеу қажет.
3.4.3. Газ саласының нормативтiк базасының нарықтық жағдайларға бейiмделуi
Газ саласында бұрын қолданылып келген нормаларды қайта қараумен, кейiннен "Газ және газбен жабдықтау туралы" заң қабылдай отырып, жаңа нұсқамалық құжаттар әзiрлеумен нормативтiк базаны жетiлдiру мәселесi принциптi болып табылады. Осы тақылеттес заңдар iс жүзiнде барлық елдерде, тiптi өзiнiң газ өндiрiсi жоқ мемлекеттерде де бар.
Әзiрленiм мақсатқа сай болған және "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заң жобалары қызметiнiң мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен келісілетiн болады.
Сонымен бiр мезгiлде тиiсiнше бұрын қабылданған, бекіту мен тiркеу рәсiмiнсiз газ-көлiк кәсiпорындары пайдалануды жалғастырып келе жатқан 20-ғa жуық ведомстволық нормативтiк құжаттарды қайта қарауға тура келедi. Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымда қабылдаған "Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату Ережесін бекіту туралы" № 568 қаулысын және "Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережелерiн" дамыту үшiн сол сияқты нарықтық экономика мүдделерiне жауап беретiн және мемлекет тарапынан газ-көлiк жүйесiнде табиғи бәсекелестiк субъектiлерi қызметiн реттеу мәселелерiн жетiлдiру жөніндегі жүргiзiлетiн жұмыспен сай келетiн жаңа ережелер мен нормативтер әзiрлеген жөн.
Сондай-ақ газ жүйесіндегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлердi қайта қараған жөн. Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстан Республикасында бұл салада негiз қалаушы заңдар қабылданған болатын. Сонымен бiрге Қазақстан Республикасының қолданылатын нормативтiк және техникалық құжаттамасы экология жөнiнде жобалау жұмыстарын атқару кезiнде сол немесе өзге де нормаларды неғұрлым дәлелдi пайдалануға, сондай-ақ, атап айтқанда, iлеспе газды бос жағу кезiнде зиянды заттар шығарындыларының дұрыс мониторингiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi.
Газ объектiлерiнiң жұмысынан қоршаған ортаға шығарындыларды нормалау мен мониторингi мәселелерiн ретке келтiру үшiн мынадай нұсқамалық және нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге және бекітуге тура келедi:
компрессорлық станциялар үшiн ластаушы заттарды сейiлтудi есептеу әдiстемесi және кәдеге жаратушылармен ГПА шығарындылары параметрлерiн есептеу әдiстемесi;
прогрессивтi көрсеткiштер белгілеу үшiн, кәсiпорындардың қызметiнде қайта азайтуды ынталандыру үшiн газды өндiру, тасымалдау, бастапқы өңдеу және сақтау кезiнде табиғи газдың үлестiк шығынының нормативтерi;
зиянды заттардың атмосферада орташа жылдық шоғырлануы бойынша газ саласы объектiлерi үшiн ластаушы заттардың жалпы шығарындыларын нормалау әдiстемесi;
сала объектiлерiнен (үлестiк көрсеткiштер негізiнде) ластаушы заттарды есептеу әдiстемесi және өндiрiлген өнiм бiрлігіне және т.б. зиянды заттар шығарындыларының үлестiк нормативтерi.
4. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Газ саласын дамытудың бағыттарын ресурстық қамтамасыз етудiң негiзгi көздерi мұнайгаз кен орындарының жер қойнауын пайдаланушылар мен осы салада жұмыс iстейтiн ұлттық компаниялар мен шаруашылық етушi субъектiлердiң инвестициялық қаражаттары, сондай-ақ республикалық және жергілiктi бюджет қаражаттары болып табылады.
Бағдарлама олардың әрқайсысы бойынша нақты нәтиже алуға мүмкiндiк тудыратын жобалардың жиынтығын бiлдiредi. Бұл ретте 2010 жылға дейiн газды қайта өңдеу жөніндегі қуаттылықтар салуға, газды энергия мен өнiмдердiң басқа да түрлерiн өндiру үшiн пайдалануға, сондай-ақ газды тасымалдау объектiлерiне байланысты жобаларды iске асыруға 1009,6 млрд. теңгенi және соның iшiнде іс-шаралар жоспарын iске асыру кезеңiне 511,7 млрд. теңге инвестицияланады деп болжанады. Бағдарламаны 2004 жылы iске асыруды бюджеттік қаржыландыру 3000,0 млн. теңгенi құрайды. Бұл ретте келесi жылдарға бюджеттен жыл сайынғы қаржыландыру көлемi тиiстi қаржылық жылға "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес анықталатын болады.
Өңiрлер үшiн әлеуметтiк-экономикалық маңызы бар немесе елдiң энергетикалық қауiпсiздігі мүдделерiне жауап беретiн газ жобаларын iске асыруға мемлекет барған сайын неғұрлым белсендi қатысады деп күтiлуде. Негiзiнен коммерциялық мүдделердi көздейтiн жеке инвесторларға қарағанда мемлекеттік қаражаттар Амангелдi газ кен орны әзiрленiмi немесе Қызылорда облысының iлеспе газды кәдеге жарату жобасын iске асыру, Қарашығанақ ГӨЗ техника-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу және т.б. секiлдi жаңа зерттеулерге және әлеуметтiк маңызды жобаларға бағытталатын болады.
Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында таратқыш газ құбырларын қалпына келтiру және жетiлдiру жобаларын iске асыру, оларды iске асырудың соңында 2015 жылы қордың ең төменгi берiктiгi 35 жылды қамтамасыз ететiн болжамды есептерi бойынша шамамен 29,0 млрд. АҚШ долларын қажет етедi.
"Өңiрлiк газ-көлiк жүйесiн ЖАҚ жұмыстарын қаржыландыру кезiнде күрделi қаржының көрсетiлген көлемдерiн тарту есебiнен, тарифтер инвестицияларды қайтаруды қамтамасыз ететiн аспап ретiнде қызмет етуi тиiс болатын, инвестициялық стратегияны ұстану керек болады. Бұл жеңiлдiктi несиелiк ставкалармен несиенi ұзақ мерзiмге тартқанда мүмкiн болады.
Басқа облыстар бойынша жергiлiктi газ таратушы тораптарды қайта құрылымдау мен салу қажеттігін ескере отырып барлық қаржыландыруға қажеттi сома 44,0 млрд. теңгенi құрайды. Сонымен бiрге Бағдарламаның iске асырылуына және сол немесе өзге де жобалардың мақсатқа сай келетiндігін анықтау шамасына қарай жекелеген жобалар бойынша қаржыландыру көлемдерi түзетiлетiн болады. Сол сияқты жекелеген стратегиялық зерттеулер немесе жекелеген жобаларды пысықтауды жүргізу үшін демеуші компаниялардың тартылатын мақсатты қаржылары мен қарыз қаражаттарын тарту жорамалданады.
5. Күтілетін нәтижелер
2004-2010 жылдарға арналған газ саласын дамыту бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде Қазақстан Республикасы әлемде дәлелденген iрi табиғи газ қорына ие болатын елдердiң қатарына енедi деп және ТМД елдерiнiң аумағындағы табиғи және сұйытылған газды негізгі үш iрi өндiрушiлердiң бiрi болады деп күтiлуде.
Бұл ретте шикi газды өндiрудiң болжамдық көлемдерi 2010 жылы үш еседен аса өседi және жылына шамамен 52,5 млрд. текше метрдi құрайды деп күтiледi. Жылдар бойынша өндiрудiң бұл деңгейлерi бiрiншi кезеңде: 2004 жылы 24,1 текше метрдi; 2005 жылы - 26,1 млрд. текше метрдi; 2006 жылы 28,8 млрд. текше метрдi құрауы мүмкiн, бұл кезде газ өндiрудiң орташа жылды көлемдерi 12%-ке жуықты құрайды. Осының бәрi өз кезегiнде тауарлық газ өндiрудi мынадай көлемдерде ұлғайтуға мүмкiндiк бередi: 2004 ж. - 13,7 млрд. текше метр, 2005 ж. - 15,0 млрд. текше метр, 2006 ж. 15,7 млрд. текше метр және 2007 - 2010 жылдары: тиiсiнше 18,2; 19,4; 21,8; 22,7 млрд. текше метр.
Бiр мезгiлде тауарлық газ өндiру мен сату көлемдерiнiң өсуi, сондай-ақ табиғи газдың халықаралық транзитiнiң күтiлетiн ұлғайтылуы, мысалы, "Орта Азия - Орталық" негiзгi магистралдық газ құбыры желісінiң өткізу қабiлетiн 2005 жылға таман 60 млрд. текше метр және 2010 жылға таман 90 млрд. текше метрге дейiн кеңейтумен газ құбыры жүйесiн жаңғырту жөніндегі шаралар қабылдауды жеделдетуге мүмкiндiк бередi.
Саланың өнеркәсiптiк дамуының ең басты нәтижелерiнiң бiрi табиғи және сұйытылған газдың өз ресурстары есебiнен халықтың, әлеуметтiк саланы және елдiң басқа да салаларының қажеттiлiктерiн неғұрлым толық қамтамасыз ету болады. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004 - 2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспарына сәйкес, халықтың осы жылдардағы нақты кiрiстерiнiң күтiлетiн 15-25%-ке шынайы өсуi және IЖӨ жыл сайынғы өсiмi 8-9%-ке аясында, өңiрлерде табиғи және сұйытылған газды тұтынудың жыл сайынғы өсiмi 7 - 8% құрайды және 2010 жылы бұл деңгей табиғи және сұйытылған газ бойынша тиiсiнше 10,3 млрд. текше метрдi және 1280 мың тоннаны құрауы мүмкiн деп болжанады. Бұл ретте тек қана газдандыру бағдарламасын iске асыру есебiнен табиғи газды тұтынушылардың өсiмi 2010 жылы 480 мың абонент құрайтын болады.
Жергiлiктi проблемаларды шешу үшiн бiрқатар энергия қамтамасыз ету жөніндегі жобалар iске асырылатын болады. Мысалы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында табиғи және сұйытылған газды жеткізу жөнiнде, Батыс Қазақстан облысында электр энергиясымен қамтамасыз ету жөнiнде және т.б. Саланы дамыту жөніндегі бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн негiзгi нақты нәтижелер мыналар болуы мүмкiн:
газ экспортының 13,0 млрд. текше м. дейiнгi көлемiне қол жеткізумен табиғи газ экспортын 3,4 еседен астамға ұлғайту;
оны экспортқа сату көлемiн 1,7 млн. тоннаға өсiрумен сұйытылған газ экспортын 4 есеге дерлiк ұлғайту;
жаңадан қатарға қосылған газ кешендерiнде 3,7 мыңға дейiн, соның iшiнде жылдар бойынша: 2004 жылы 300 адамға; 2005 жылы 470 адамға; 2006 жылы 460 адамға; 2007 жылы 500 адамға; 2008 жылы 720 адамға; 2009 жылы 600 адамға; 2010 жылы 660 адамға арналған жұмыс орындарын құру.
Жоғарыда аталған факторлардан тек табиғи және сұйытылған газ көлемдерiнiң экспортын, сондай-ақ халықаралық транзит көлемдерiн ұлғайтудан ғана күтiлетiн әлеуметтiк тиiмдiлiктен басқа жылдық экспорттық әлеуеттiң 2010 жылға таман 110,6 млрд. теңге артық сомаға өсуi мүмкiн.
Икемдi тарифтiк реттеу әдiстерiне көшу өңiрлiк газбен қамтамасыз ету саласына ең алдымен жергiлiктi газ тарату тораптарын жаңғыртуға арналған инвестициялар тартуға қолайлы жағдайлар жасауды, жаңа pecypc үнемдеушi ғылымды кеп қажетсiнетiн технологиялар енгізудi қамтамасыз етуi тиiс деп күтiлуде.
Бұдан басқа газ саласын дамыту бағдарламасын іске асырудың маңызды қыры газды энергия тасымалдаушы ретiнде және газ саласы кәсiпорындарының экологиясына зиянды әсерiн төмендетуге пайдаланудан қоршаған орта үшiн оң әсердi қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламада көзделген шаралардың нәтижесiнде мыналар күтiледi:
жаңа өңдеу кешендерiн қатарға қосу және Теңiз, Құмкөл, Жаңажол және басқа кен орындарындағы шырақтарда көмiртек тотығы, күкiрттi қосындылар мен көмiрсутектерi қалдықтар түріндегі және басқа да iлеспе газды тiкелей жағуды азайту есебiнен зиянды шығарындыларды 800 мың тоннаға дерлiк кемiту;
2,2 млрд. кВт/сағ. дейiнгi көлемде электр энергиясын өндiру үшiн, егер электр энергиясының осы көлемiн өндiру үшiн көмiр пайдаланылуымен салыстырғанда табиғи газды пайдаланудан жорамалданатын зиянды шығарындыларды 3,8 млн. тоннаға дейiн азайтудан шартты тиiмдiлiк алу.
6. 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
газ саласын дамыту бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар
жоспары
┌────┬──────────────────┬───────┬──────────┬────────┬────────┬─────────┐
│ Р/с│ Iс-шаралар │Аяқталу│Орындауға │Орындалу│Болжамды├Қаржы. │
│ № │ │нысаны │(iске │(іске │шығыстар│ландыру │
│ │ │ │асыруға) │асыру) │(млн. │көзi │
│ │ │ │жауаптылар│мерзiмi │теңге) │ │
├────┴──────────────────┴───────┴──────────┴────────┴────────┴─────────┤
│ I. Сала жұмысының тиiмдiлігін арттыруға бағытталған │
│ нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі iс-шаралар │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1. Магистралды және Бұйрық ЭМРМ, 2004 ж. талап │
│ таратушы газ құ. ТМРБҚА, 4-тоқсан етiл. │
│ бырлары бойынша "КМГ" ЖАҚ, мейді │
│ газ тасымалдау "КТГ" ЖАҚ, │
│ кезіндегі шығын. "ИЦА" ЖАҚ, │
│ дар мен жеке мұқ. "ӨГЖ" ЖАҚ │