* Қожасай кен орындарында қайтадан айдау көзделеді.
** Өндірілетін газдың тәуелділігінен 15-тен 25%-ке дейін ҚнжЕ өңдеудегі газ көлемі.
Оңтүстiк аймақты газ ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша өңiрлiк бағдарламаның iшiнара шешiмi Жамбыл тобының газ кен орындарының бiрiншi жобасын Амангелдi газ кен орнынан жылына жоспарлы 700 млрд. текше м. өндiрумен 2003 жылы iске асыру болып табылады. Табылған қорларды ескерумен (дәйектелген геологиялық қорлар - 25 млрд. текше м. астам газ) кен орнының таяу арадағы 20 жыл iшiнде газ өндiру өсiмiнiң жылына 1 млрд. текше м. болатын келешегi бар.
Осы жобаның табысты iске асырылуы Қазақстан Республикасының оңтүстік өңiріндегі газ тұтынудың 30% дейiн қалыптасқан теңгерiмiн жабуға мүмкiндiк бередi және республиканың өзбек газының импортына тәуелдiлiгiн әжептәуiр азайтады. Барлық жалпы сметалық құны 30 млн. АҚШ доллары шамасында болатын үлкен әлеуметтiк мәнi бар жоба мемлекеттiң қаржылық қолдауымен iске асырылады.2
Табиғи газ жөнiнде Қазақстан Республикасының оңтүстiк облыстарында толық энергетикалық тәуелсiздiкке қол жеткізу мүддесiне қол жеткізуде экспорттық бағалау бойынша еркiн газдың перспективалық ресурсы 300 млрд. текше м. астамды жыл сайын 4 млрд. текше м. өндiру мүмкiндiгiмен құрауы мүмкiн болатын Солтүстiк Арал маңы аумағын барлау жөніндегі жұмыстарды аяқтау стратегиялық мәнге ие бола алады.
Арысқұм иiніндегі Оңтүстiк Торғай ойпатының әзiрленiп жатқан кен орындары бойынша iлеспе және еркiн газдың алынатын қалдық қорларының ресурсы 15,6 млрд. текше м. құрайды, ал барлау және пайдалануға дайындық сатысында тұрған перспективалы кен орындары бойынша (Арысқұм, Қоныс, Бектас) 18,7 млрд. текше м. құрайды. Қызылорда облысы өңiрi үшiн осы кен орындарынан алынатын iлеспе газды кәдеге жарату жөніндегі жобаны iске асыру маңызды әлеуметтiк-экономикалық мәнге ие болатын болады. Кен орындарынан 250-300 млн. текше м. көлеміндегі тазаланған iлеспе газды, жергiлiктi ЖЭО-да оны қайта жаңартқаннан кейiн электр энергиясын өндiру үшiн, сондай-ақ облыс орталығын iшiнара газбен қамтамасыз ету үшiн, Қызылорда қаласына жеткiзiлетiн болады.3 Бұдан басқа тiкелей кен орнында меншiк мұқтаждықтары үшiн электр энергиясын өндiруге 150 млн. текше м. дейiн бағыттау болжамдануда.
Таяу келешекте бүкiл Ақтөбе облысының табиғи газға деген сұранымын, ең алдымен Жаңажол мұнайгаз конденсатты кен орнынан мұнай бойынша - 96,3 млн. тонна, конденсат бойынша - 26,5 млн. тонна және ерiтiлген газ бойынша - 132,6 млрд. текше м. алынатын қорымен мұнай, демек газды да өндiрудi арттыру есебiнен қамтамасыз ету жөнiнде шынайы мүмкiндiктер бар. "CNPC - Ақтөбемұнайгаз" кен орны Операторы 2005 жылға дейiн газ өндiру көлемiн 2002 жылғы жылына 800 млрд. текше м. деңгейiнен 3.0 млрд. текше м астамға арттыруды жобалап отыр.
Әзiрлену үстiндегі Жаңажол кен орнына жақын орналасқан "Өрiктау" газмұнайконденсатты кен орны көбiне құрамында газы көп кен орны болып табылады және 40.0 млрд. текше м. жуық еркiн газ қоры бар. Кен орнын әзiрлеу жөніндегі жоба жалпы құны шамамен 250 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестициялық қаражатты тартуды қарастырады.
Әлiбекмола және Қожасай мұнайгаз конденсатты кен орындары. "ҚазМұнайГаз" ЖАҚ және "НельсонРесурсн компаниясы- "Қазақойл-Ақтөбе" АҚ бiрлескен кәсiпорынымен әзiрленедi. Бұл кен орындары бойынша газдың қоры тиiсiнше 5,9 және 6,8 млрд. текше м. құрайды. Кен орнын әзiрлеудiң жалпы бағасы 500 млн. АҚШ долларды құрайды.
"Жайықмұнай" АҚ әзірлейтiн Шынар кен орны Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан, оның дәлелденген қоры 17,7 млрд. текше м. бағаланып отыр. 24,9 млрд. текше м. дәлелденген қорының жалпы сомасымен Тепловско-Токаревское газконденсатты және газмұнайконденсатты кен орындарын "Степной Леопарт БК" бiрлескен кәсiпорыны әзiрлейдi.
2010 жылға дейін оны өз қажетiне
пайдаланумен және тауарлық газды өндiрумен iлеспе
газдың өндiрiлу серпіні (млрд. м3).
3.1. Сурет
Қарағанды көмiр бассейнi жергiлiктi тұтынушыларды метан газымен қамтамасыз ету үшiн басқа елдерде газбен қаныққан көмiр қабаттарынан метан алу тәжiрибесiнен шыға отырып мүдде бiлдiредi. Осы бассейн бойынша метанның өнеркәсiптiк қоры бар деп болжануда. Бұл ретте Көмiрлi кен орындарын әзiрлеу кезiнде метанды газсыздандыру мен кәдеге жарату мәселесiн шешу бiрiншi кезекте жұмыстың қауiпсiздiгiн және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету шарасы болып табылады. Сонымен, егер 1992 жылы метанның атмосфераға жайылуы шамамен бiр млрд. текше м. құрайтын болса, онда "Испат-Кармет" ААҚ даярлаған Метанды кәдеге жарату мен газсыздандырудың мақсатты бағдарламасына сәйкес осы шығарындыларды 2008 жылы 200 млн. текше м. дейiн қысқарту болжамдалады, оның үстiне 440 мың АҚШ долларына жуық жылдық экономикалық тиiмдiлiкке жетуге болады деп күтiлуде4.
Ғалымдар мен геологтардың бағалауы бойынша Орталық Қазақстанның көмiрлi кен орындарындағы метанның ресурсы 1,1 және 1,4 текше метрдi, соның iшiнде Қарағанды бассейнi 550 млрд. текше метр шамасындағыны құрайды. Оны кәдеге асырудың перспективалық бағыттары электр энергиясын өндiру болып табылады. Жалпы құны 170 млн. доллар шамасында АҚШ доллары тұратын шахталық метанды өнеркәсiптiк игерудi iске асыру жобасы екi кезеңмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Осылайша, газ өндіру бойынша жоғарыда көрсетiлген жобаларды іске асыру елдiң энергетикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету және газға деген iшкi сұранымын тауарлық газдың өндiрiлетiн және шығарылатын меншік ресурстары есебiнен жабу үшін елдiң экспорттық әлеуетiн көбейтуге нақты мүмкiндiктер бередi, сондай-ақ табиғи газ жеткiзiлiмдерi бойынша елдiң экспорттық әлеуетiн анағұрлым арттырады (3.1-сурет).
3.1.2. Газ өңдеушi қуаттарды дамыту
Газ саласының одан әрi дамуы ең алдымен iлесе өндiрiлген газдың өнеркәсiптiк көлемдерiнiң өсу қарқыны аясында газ өңдеу қуаттылықтарының дамуымен байланысты. Бұл ретте екi бiрдей мiндет шешiледi, атап айтқанда: бiр жағынан, тауарлық газды шығару көлемін арттыру есебiнен барынша экономикалық пайда алу болса, екiншi жағынан еркiн жағылатын газды толықтай кәдеге жарату есебiнен қоршаған ортаға экологиялық жүктеменiң төмендеуi. Бұл мақсаттарда Бағдарлама кен орындарындағы өндiрiлген газды қайта өңдеудi ұйымдастыру және одан әрi сату үшiн магистралдық газ құбырларына тауарлық газды беру, сондай-ақ iлеспе газды дайындау және тазалау бойынша шағын қондырғылар ұйымдастыру жөніндегі бiрқатар жобаларды көздейдi.
2010 жылы газ өңдеу объектiлерiн қайта жаңарту және жаңаларын салу есебiнен газды өңдеу қуаттылықтарының жалпы ұлғаюы жылына шамамен 28 млрд. текше м. құрайды деп болжануда. Өз кезегiнде бұл тек соңғы жылдарда қалыптасқан жылына 3 млрд. текше м. газдың алауларда еркiн жағылуының өсу үрдiсiнiң алдын алып қана қоймайды, сонымен бiрге бiрiншi кезекте ондаған мың улы заттардың тасталуын қысқартатын Батыс Қазақстан кен орындарындағы күкiрттi қосындылары бар iлеспе газды жағуды жоюға мүмкiндiк бередi.
Қарашығанақ кен орнындағы Газ жобасын iске асыру
Конденсатты өңдеу бойынша Қарашығанақ өңдеу кешенiн (КПК) пайдалануға беру және "Қарашығанақ-Атырау" мұнай құбырын iске қосылуымен газконденсат өндiру көлемдерiнiң одан әрi ұлғаюы iлеспе газдың да өндiрiлуiнiң ұлғаюына әкеледi. Бұның бәрi кен орыны операторымен Өнiмдi бөлу туралы келісімнiң (ӨБК) келесi кезеңiн iске асыру қажеттiгiн анықтайды. "Газ жобасы" деп аталатын келесi кезеңде Қарашығанақ газ өңдеу зауытын (КГӨЗ) салу көзделедi. ҚГӨЗ құрылысын салу екi кезеңде, жылына шикi газды өңдеу қуаттылығын 5,0 дейiн және содан кейiн 10,0 млрд. текше м. дейiн өсірумен және тазартылған газды газ құбырына дейін тасымалдау үшiн экспорттық газ құбырын салуды көздейді.
Бұл арада қазақстан тарабы "Газ жобасының" іске асырылуын жеделдету мақсатында, жобаның инвестициялық тартымдылығын бағалау үшiн, КГӨЗ жобасының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеудi жүргiзедi. Мәселе қолданыстағы Келісімнiң ережелерi бойынша кен орнының инвесторлары жобаның барлық бағалық құны шамамен бір млрд. АҚШ долларын құрағанда, қаржыландыру жөнiнде өздерiне тек "Газ жобасының" күтілiп отырған құнының 40% дейiн ғана мiндеттеме қабылдайды (3.2.-кесте).
2010 жылға дейiнгi келешекте ГӨЗ жұмыс
iстеп тұрғандарын кеңейту және жаңаларын салу және газды
кешендi пайдалану жөніндегі қондырғыларды (ГКПҚ) салу
3.2.-кесте
Газ өңдеу кешенінiң атауы | Пайдалану енгізудiң күтiлетін мерзiмі | Жылына өндірiм бойынша қуаттылық |
Табиғи газ млрд. м3 | Сұйытыл. ған газ мың тонна | Басқа ілеспе өнім |
Әлiбекмола, Қожасай және Өрiктау кен орындарында газ өңдеу мүмкiндiгiмен № ЖГӨЗ салу 2005 4.0 100,0 Күкiрт Теңiз ГӨЗ (екiншi буын) 2005 14,1 1170 жоқ Қарашығанақ ГӨЗ (Газ 2007- 5,0 300,0 Конденсат- жобасы 2-кезең) 1-кезең 50,0 т.т 2010- Күкірт 2-кезең Қашаған ГӨЗ 2008 3,0 500,0 Конденсат- (бiрiншi кезек) 100,0 т.т Күкiрт Амангелдi кен 2005 0,7 20,0 (2- Конденсат - орнында ГКПҚ кезеңде) 20 Құмкөл, Ақшабұлақ 2004 Құмкөл. 50,0 Конденсат- кен орындарында ГКПҚ де 0,2, 40 т.т Ақшабұ. лақта 0,2 Шынарлы кен орыны 2008 0,2 20,0 Конденсат- үшiн ГКПҚ 1 т.т Күкiрт - 0,6 т.т. Теплово-Токаревское кен орынының ОПЭ үшiн ГКПҚ 2008 0,6 40 Күкiрт Барлығы 2010 жылға 28 2200 Конденсат - дейiн 211,0 |
Жаңажол газ өңдеу зауытын кеңейту
"CNPC - Ақтөбемұнайгаз" ААҚ 2003 жылы 2-МӨЗ-дi iске қосты. Зауыттың жылсайынғы қуаттылығы 2 млн. тонна мұнай, 1.4 млрд. текше м. табиғи газды, сондай-ақ жылына 48 мың тонна күкiрт алуды құрайды, ол өндiрiлетiн iлеспе газдың кәдеге жарату деңгейiн 80%-ке дейiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Қосымша қондырғылардың арқасында жыл сайын 60 мың тоннаға дейiн сұйытылған газ алуға мүмкiндiк туды. Тiптi ЖМӨЗ кейiн газдың бiр бөлiгi ГТУ-де электр энергиясын шығаруға және меншiк мұқтаждықтарға (барлығы жылына 500 млрд. текше м.) жұмсалатынын ескергеннiң өзiнде, қалған көлем iс жүзiнде табиғи газға деген өңiрлiк сұранымды жабады.
Кен орнында газдың да өндiру көлемiн 2.4 млрд. текше м. артуын тудыратын мұнай өндiру көлемдерiн одан әрi аттыру үшiн, 2004 жылы 2.0 млрд. текше м. өңдеу қуаттылығымен № 3 МӨЗ және "Бұқара-Орал" газ магистралiне дейiн жалғаушы газ құбырын (160 км) салу жоспарланып отыр, ол өндiрiлетiн газдың толық кәдеге жаратылуын қамтамасыз етедi. Жобаның бұлайша дамуы келешекте, газдың жиынтық өндiрiсi жылына 3,8 млрд.текше м. құрауы мүмкiн, Әлiбекмола, Қожасай және Өрiктау сияқты ең жақын кен орындарынан газды өңдеуге жеткізудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Табиғи газды сұйыту жөніндегі жобаларды дамыту
Ақтөбе облысында қазiргi уақытта Ақтөбенiң табиғи газын метанды тазалау мен сұйыту пунктiн (АСГТП) пайдаланып отырған "KazTrasGas LHG" компаниясы ұсынған сұйытылған газ өндiрiсiн ұлғайту жобасы келешектi болып көрiнедi. Газдың қарсы ағынындағы құйынға негiзделген "Ранка-Хилш тиiмдiлігін" қолданумен газды фракциялар бойынша бөлудiң жаңа технологиясы жинақы жабдықта артық қысымның энергиясын қолданумен аз шығынмен метан сұйылтуда жоғары тиімділікке қол жеткізуге мүмкiндiк бередi.
Сұйытылған метанның бiрiншi легi алынғанына қарамастан сақтау мен тасымалдаудың инфрақұрылымы болмағандықтан жобаны одан әрi iске асыру iркiлiп тұр. Алайда, соңғы он жылдықта СПГ алу мен тасымалдау технологиясын әзiрлеуде қол жеткен техникалық прогресс оның алыну құнын 1980 жылдардағы бiр тонна үшiн 350 АҚШ долларынан қазiргi уақыттағы 200 АҚШ долларына дейiн төмендетуге, сондай-ақ метан тасушы-танкерлер өндiрудiң шығынын 1,7 есе азайтуға мүмкiндiк тудырды.
Сонымен бiр уақытта жоғарыда көрсетiлген қондырғы ГӨЗ-да бiрiншi тазалаудан өткен және сату үшiн газ құбырларына берiлетiн газ ағынынан пропан-бутан фракциясын қосымша алу үшiн, сондай-ақ газды күкiрттi қосындылардан тазалауға тиiмдi болып табылады.
Теңiз ГӨЗ қуаттарын кеңейту
"Теңiзшевройл" БК-не 2005 жылы кен орнында 13-тен 20-23 млн. тоннаға дейiн мұнай өндiрудi арттыру мақсатында жаңа жобаларды iске асыруға кiрiсудi көздеп отыр, бұл өзiнен кейiн 2010 жылға таман 14 млрд. текше м. дейiн iлеспе газ өндiрудiң өсуiн туындатады. Екiншi буынның объектiлерiн, атап айтқанда мұнайгаз өңдеу зауытын, қуаттылығы жылына 2 млрд. текше м. газды керi айдау бойынша қондырғыны және "Орта Азия-Орталық" магистральды газ құбырына дейiн жалғастыратын жаңа газ құбырын қосымша қаржыландыру шамамен 3 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Қашаған ГӨЗ салу
Каспий қайраңының Қашаған құрылымында барлау жұмыстарын жүргiзушi "Аджип ККO" халықаралық концорсиумы 2008 жылдан бастап осы кен орындарында көмiрсутектерiн өндiрудi жоспарлап отыр, бұл МӨЗ салуды бастау қажеттiгiн болжамдайды. Бұл ретте зауыт жыл сайын 3,0 млрд. текше м дейiн iлеспе газды, 500 мың тоннаға дейiн сұйытылған газ өңдейдi деп болжамдануда.
Теплово-Рокиревское және Шынар кен орындарында Газ өңдеу бойынша Қондырғы салу
Батыс Қазақстан облысында шағын және орта мұнайгазконденсатты кен орнын интенсивтi қарқынды әзiрлеу жүргiзумен байланысты, өндiрiлетiн iлеспе газды кешендi өңдеу жөніндегі, атап айтқанда жоғарыда көрсетiлген кен орындарында қондырғы салынады деп болжамдануда. Бұл ретте ресейлiк және украиндық институттардың жаңа әзiрленiмдерiн пайдалану осы қондырғыларда аз еседе күрделi қаржы жұмсалымы кезiнде тәжiрибелiк-өндiрiстiк пайдалану кезеңiнде-ақ жылына күкiрттi қосылыстардан газды тазалауды жүргізуге мүмкiндiк тудырады. Осы кен орындарын әзiрлеу 2010 жылы 20 мың тоннаға дейiн сұйытылған газды өңдеумен жылына 1,2 млрд. текше м тауарлық газ алуға мүмкіндік тудырады, бұл газға барлық жергiлiктi қажеттiлiктердi Қарашаған кен орнынан газ бермей-ақ толығымен жабады.
Оңтүстiк Торғай мұнайлы ойпатының кен орнында Газ өңдеу бойынша қондырғы салу
2004 жылы "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" ААҚ Құмкөл кен орнының операторы газды кешендi дайындау бойынша қондырғының және iлеспе газды кәдеге жарату жобасы шектерiнде қуаттылығы 55 мВт Газтурбиналы қондырғының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Жобаны iске асыру өндiрiлетiн электр энергиясының көп бөлiгiн сыртқы тұтынушыларға сатумен компанияның электр энергиясына деген меншiк мұқтаждығын жабуға және сұйытылған газ алуға мүмкiндiк бередi. Осыған ұқсас қондырғыны "Ақшабұлақ" кен орнында "Қазгермұнай" компаниясы 2004 жылы пайдалануға енгiзедi деп жоспарлануда.
Сайып келгенде, газ өңдеу қуаттарын кеңейту табиғи газға деген республиканың өңiрлiк қажеттiлiктерiнiң едәуiр бөлiгінiң қажеттiлiктерiн жабуға ғана емес, сонымен бiрге 2010 жылға таман Қазақстан Республикасында жаңа қуаттарды енгізудi ескерумен сұйытылған газ өңдеудiң жыл сайынғы деңгейiн 3,6 млн. тонна деңгейге дейiн жеткізуге мүмкiндiк бередi (3.3-кесте).
2010 жылға дейiнгi сұйытылған газды
өндiру мен тұтынудың, экспорты мен импортының
перспективалық теңгерімi
3.3-кесте (мың т.)
Сұйытылған газдың өнiмдiлігі | Нақты теңгерiм | Болжам |
1995 | 2003 | 2004 | 2006 | 2008 | 2010 |
ҚР өндiру барлығы 403 1040,5 1150 2370 3280 3620 1. Жұмыс iстеп тұрған қуаттылықтар 403 1040,5 1100 1200 1250 1290 1.1 Атырау МӨЗ* 13 3 20 100 120 160 1.2 Павлодар МӨЗ 130 115,6 120 100 130 130 1.3 Шымкент МӨЗ* 60 136,4 140 140 140 140 1.4 Қазақ МӨЗ 130 77,3 80 90 80 80 1.5 Теңiз МӨЗ 70 708,2 720 720 720 720 1.6 Ақтөбе ПОСГ - - 20 50 60 60 2. Жаңа қуаттар** - - 50 1170 2030 2330 Импорт 133,2 90 90 80 70 60 Ішкi тұтыну 534,4 430 450 1250 1250 1280 Экспорт 1,8 700,5 790 1200 2100 2400 |
| | | | | | |
* - осы зуыттарда өндiрiстi ұлғайту олардың толық жіктелуi және жаңғырту есебiнен деп күтiлуде
** - 3.2-кестенi қараңыз
Сонымен бiр уақытта бұрыннан барларды қайта жаңарту бойынша болжанатын шараларды iске асыру нәтижесiнде және жаңа газ өңдеу кешендерiн iске қосуды енгізумен кен орындарында iлеспе газды бос жағу көлемi республика бойынша 2003 жылғы 21,9 млрд. текше м-ден 2010 жылы 5,0 пайызға дейiн төмендейдi.
3.2. Табиғи және сұйытылған газдың iшкi рыногының перспективалары
3.2.1. Газдандырудың өңiрлiк бағдарламалары және газды тұтынудың iшкi рыногын дамыту
Табиғи газды тасымалдау және жеткізу жүйесiн орталықтандырылған басқару Қазақстан Республикасында қалыптасқан газбен жабдықтау схемасы үшiн тән және өзектi болып табылады. Алайда, табиғи және сонымен бiрге сұйытылған газ ретiнде iшкi рынокты одан әрi дамыту көбiнесе газ өндiрушi және газ тасымалдау ұйымдарының, сондай-ақ өңiрлiк деңгейдегi жергiлiктi органдардың үйлестiрілген бiрлескен әрекеттерiне тәуелдi болады (3.4-кесте).
ҚР облыстары бойынша газбен
жабдықтауды дамыту жөніндегі көрсеткіштер (табиғи газ)
3.4-кесте
┌─────────────┬───────┬───────────────────┬────────────┬───────────────┐