Жаңаөзен қаласында орналасқан Қазақ газ өңдеу зауыты (ҚазГӨЗ) 1973 жылы (бiрiншi кезең) салынған. Зауыт жергiлiктi жақын маңдағы, Өзен шоғы (Шығыс Өзен, Батыс Теңге, Қарамыңдыбас), Жетiбай шоғы (Оңтүстiк Жетiбай, Тасболат, Ақтас, Шығыс Нормаул) деп аталатын қайта өңдеу қуаттылығы 2,9 млрд. текше м. мұнай кен орындарының iлеспе газдарын қайта өңдеуге арналған. 1979 жылы Ақтау қаласындағы этан тасымалдау үшiн труба құбырларын салумен полиэтилен өндiрiсi үшiн мұнайхимия зауытын шикiзатпен қамтамасыз ету мақсатында зауыт жаңғыртылған болатын. Бiрақ өндiрiлетiн газдың құрамында этан аз болғандықтан және химиялық кешенде апатқа жол берiлгендiктен бұл труба құбыры сол күйiнше пайдалануға берiлмей қалды.
"Теңiз" мұнай газ кен ауданында орналасқан Теңiз газ өңдеу зауыты (Теңiз ГӨЗ) жылына 2,5 млрд. текше м. тазаланған газ өндiрудiң жылдық өнiмдiлiгiне қол жеткiздi. Келесi жылдары мұнай өндiру көлемiнiң артуы және соның салдары ретiнде алынатын газ көлемiнiң өсуi зауыттың екiншi кезегiн салуды талап етедi. Теңiз кен орнынан алынатын iлеспе газ құрамында бутан-пропан фракциясы қор болуымен сипатталады және әсiресе құрамында күкiртсутектiң жоғары болуымен, сондай-ақ құрамында тазалау мен қайта өңдеудi талап ететін көмiрқышқыл газы мен iлеспе құрамдары болуымен айрықшаланады.
Жаңажол газ өңдеу зауыты (ЖГӨЗ) әуел баста жылына 710,0 млн. текше м. өңдеуге есептелген болатын. "CNPC - Ақтөбемұнайгаз" компаниясы қайта жаңартқаннан кейiн зауыттың қуаттылығы жылына 800,0 млн. текше метрге жеттi. Бiрақ тазаланудан кейiн алынатын газ, құрамында күкiрттi қосындылары болуы бойынша стандарттық талапқа сәйкес келмейдi және МемСТ бойынша 0,036 г/ текше м. талап етiлетiн деңгейден 5-8 есе жоғары. Қытай мамандарының пiкiрi бойынша ГӨЗ-ын одан әрi қайта жаңарту зауыттың жұмысын жақсарта алмайды.
2003 жылдың қыркүйегiнде қуаты жылына 1,4 млрд. текше м. табиғи газ өңдейтiн екiншi Жаңажол ГӨЗ қатарға қосылды және 2004 жылы үшiншi зауыттың оны пайдалануға 2005 жылы енгізумен құрылысын бастау белгiленiп отыр. Бұл iлеспе газ өндiрудiң барған сайын өсiп келе жатқан көлемiн оны кейiн экспортқа жеткізумен бірге толық кәдеге жаратуды қамтамасыз етедi. Соңғы жылдары өндiрiлетiн газ негiзінен "CNPC Ақтөбемұнайгаз" компаниясының меншiктi мұқтаждықтарына электр энергиясын өндiру үшiн және тек iшiнара 360,0 млн. текше м. көлемiнде төмендетiлген баға бойынша (оның стандарттық талаптарға сәйкес келмеуiнен) газ Ақтөбе облысының тұрғындарына сатылды.
Сайып келгенде, үш газ өңдеушi зауыттың қуаттылығы елде өндiрiлетiн газдың толық өңделуiн көпе-көрнеу қамтамасыз ете алмайды. Теңіз кен орнының дамуы келешекте 8-10 млрд. текше м. дейiн өңдеуді талап етiлдi, Қарашаған - өндiрiлетiн көлемге қосымша 10 млрд. текше м. дейiн және Қашаған кен орындарын игеру кемiнде жылына 5-6 млрд. текше м. газды қайта өңдеудi талап етедi. Осының бәрi келешекте газ өңдеу зауыттарының жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтудi және сонымен бiр мезгiлде шағын мұнайгаз кен орындарының әзiрленiмi кезiнде газ тазалау жөнiнде арнайы қондырғыларды салуды талап етедi.
1.3. Қазақстан Республикасында табиғи және сұйытылған газды тұтынудың талдауы
Газ жүйесiн дамыту жөніндегі нақты жобаларды iске асыру, сондай-ақ газ саласын реформалау жөніндегі шараларды қарастыру үшiн негiзгi проблемалар мен бәсеке рынок жағдайындағы энергия ресурстарының басқа түрлерi бойынша қалыптасатын табиғи және сұйытылған газды жеткізу мен тұтынуды ұйымдастырудың қарама-қайшы үрдiстерiн түсiну қажет.
Мұндай қарама-қайшылықтарға отынның басқа түрлерiмен салыстырғанда совет кезеңiнен кейiн күрт түсiп кеткен және осы уақытқа дейiн сақталып отырған табиғи және сұйытылған газды тұтынудың төмен деңгейiн жатқызуға болады. Бұл ретте әлемдiк үрдiс тiптi газдың меншiк ресурсы жоқ елдердiң өзiнде энергия тасымалдаудың осы түрлерін тұтынудың өсуi байқалатынында.
Елдiң газ тарату жүйесiнiң деңгейiнде газды ұжымдық тарату принципi (әсiресе газ жеткізу кезiнде) қолданылуы жалғасуда, жеткiзiлген газ үшiн есеп жүргiзу мен төлем төлеу проблемасы шешiмiн тапқан жоқ. Дебиторлық берешектiң өсуi жалғасуының нәтижесiнде тұтынушыларды тобымен газ жеткізуден айыру жиi болып тұрады. Осының бәрi газ жеткізуде тұрақсыздықты тудырады, қорытындысында табиғи газ рыногының одан әрi тарылуына және бұрынғы абоненттердiң отынның басқа түрiне көшуiне соқтырады.
Егер 1990 жылдың басында энергия ресурстарының басқа түрлерiмен салыстыра қарағанда табиғи газды тұтыну үлесi (отынның шартты бiрлiктеріне аударғанда) 14,5% құрады, ал сұйық газ 1,0% болса, кейiнгi жылдары бұл көрсеткiштер сәйкесiнше 7,3 және 0,4%-ға, екi есеге түсiп кеттi. Бiрiншi кезекте бұл республикадағы тұтастай алғанда газды тұтыну саласындағы абсолюттiк көрсеткiштердiң төмендеуiнен болды, мәселен, табиғи газ бойынша 1991 жылы 13,0 млрд. текше метр деңгейiнен 2002 жыл қорытындылары бойынша 1991 жылы 5,7 млрд. текше м. дейiн.
Қалыптасқан жағдайдың бiр себебi, ауыспалы экономика мен дағдарыс құбылыстары кезеңiнде аралас нысанды меншiктегi жергiлiктi газ тарату ұйымдары iс жүзiнде жалпы газ тасымалдау жүйесiнен шығарылып тасталды.
Бұның бәрi жергiлiктi газ таратушы компаниялардың қаржылық жай-күйiнiң күрт нашарлауына, көп ретте олардың банкроттығына алып келдi. Жекешелендiру бойынша қабылданған шаралар жағдайды айтарлықтай түзете алмады, соның салдарынан, өңiрлерде жаңа газ құбырларының құрылысы тоқтап қалды. Өз кезегiнде жергiлiктi органдар да бұрынғы жылдарғы тәжiрибемен салыстырғанда, жекелеген елдi мекендерге газ берудiң коммерциялық емес жобаларын қаржыландырудағы өз белсендiлiктерiн төмендеттi. Сол мезгiлде облыстарда бұрынғы қабылданған газдандыру бағдарламалары шектерiнде жалпы ұзындығы 3800 шақырымдай жергiлiктi газ құбырлары құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жинақталып қалды. Бұл ретте республиканың тек үш облысында ғана (Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау) облыстарды газдандыру бағдарламалары әзiрленiп, сондай-ақ, жыл сайын жаңа газ құбырларын iске қосу жүзеге асырылуда.
Соңғы жылдары газ өндiрудiң жыл сайынғы өсуi 10-12% кезiнде республика бойынша газдың тұтынылуы көлемiнiң орташа өсуi бойынша 3%-тен аспай отыр. Осыдан келiп экспорттық бағыттардың iс жүзiнде болмауынан өндiрiлген газдың артылған көлемдерiн сату проблемасы шиеленiсе түседi.
Газды өңдеуде оны одан әрi коммерциялық сатып өткізу үшiн ынталандырудың болмауы газ өңдеу қуаттарын дамытуды кiдiртiп тұр. Осындай жағдай көп ретте өндiрiлген iлеспе газдың жартысын амалсыздан жағып жіберудiң себебi болып, ол мұнай мен газ өндiру өңiрлеріндегі экологиялық проблеманы одан әрi шиеленiстiредi. Республикадағы соңғы жылдары жағылған газдың үлесi жылына 3 млрд. текше метрге жетiп отыр және де оның көп үлесi Теңiз кен орнына тиедi. Осымен бiр мезгiлде, Қарашығанақ кен орнындағы өндiрiлiп 5 млрд. текше м. астам газ Орынбор МӨЗ-на Батыс Қазақстан облысының тұтынушыларына жеткiзiлетiн сол газ 1.5-2 есе төмен бағамен қайта өңдеу үшiн өткiзiледi.
Осылайша, шығарылатын газдың өткізу шектеулiгi, сондай-ақ бүгiнде оның пайдаланылуының өте тиiмсiздiгi газ саласын дамытуды ынталандырмайды, және де, оның үстiне мұнайды өндiрудiң одан әрi өсуiн, яғни сайып келгенде, Қазақстан Республикасының барлық мұнай-газ кешендерiнiң дамытылуын кiдiртедi.
Сонымен бiрге Қазақстандағы сұйытылған газдың өндiрiсi дағдарыс жағдайынан шығып келе жатыр, сөйтiп, республика көптеген жылдардан соң алғаш рет өз өндiрiсi есебінен қалыптасқан тұтыну рыногын жабу мүмкiндiгiне ие болып отыр. Айталық, егер 2001 жылы 941,7 мың тонна сұйытылған газ шығарылса, тұтынуының нақты көлемi өткен жылдың қорытындысы бойынша 430 мың тоннадай деңгейiнде болғанда онда 2003 жылы 1040,5 мың тонна сұйытылған газ өндiрiлдi.
Осы кезеңде сұйытылған газды шығарудың негiзгі өсуi газ конденсатын анағұрлым терең өңдеудi көздейтiн сұйытылған газ өңдейтiн жаңа қондырғыны iске қосумен Теңiз кен орнының өңдеу жүргізiлген қайта құру есебiнен қол жеткізiлді. Тек соның есебiнен сұйытылған газдың өндiрiсi 2001 жылы 6,6 есеге ұлғайтылған болатын. Мұнайдың iшкi жеткiзiлiмдерi тұрақтануымен бiрге барлық дерлік мұнай және газ өңдеу заводтарында сұйытылған газды шығару көлемдерiнiң артуы байқалуда.
Сұйытылған газ энергия көздерiнiң iшiнде ең бiр қымбаты болып табылатыны сөзсiз (құны тұтынушыға жеткізудi қоса есептегенде тоннасы 280-300 АҚШ долларына дейін жетедi), бiрақ, көбiне көп тұрмыста, әсiресе, табиғи газдың жеткiзiлiмi жоқ өңiрлерде табиғи отынмен салыстырғанда бұл отын түрiнiң тасымалдау мен пайдаланудағы артықшылығын ескере отырып, сұйытылған газдың өндiрiсi мен рыногын реттеу мәселесi барлық газ саласының дамуындағы маңызды бағытты құрайды.
Бәсекешiл ортаға икемделген газ саласының осы секторының қызмет ету ерекшелiгiн және сұйытылған газдың экспортқа шығарыла бастауымен iшкi бағалардың халықаралық бағалармен теңесуін ескере отырып, сұйытылған газдың бағасының тұрақтануын және ел iшiнде энергия көзiнiң осы түрiнiң жеткiзiлу көлемдерінің одан әрi артуын болжамдауға болар еді.
Оның үстiне жұмыс iстеп тұрған зауыттардың жоспарланған жаңғыртылуы және жаңаларының құрылысы мен сұйық газды шығаратын қондырғыларды салу есебiнен оның өндiрiс көлемдерiнiң күтiлетiн ұлғаюын ескере отырып республикада сұйытылған газдың бағасын төмендету үшін жағдайлар жасалады. Бұның бәрi сұйытылған газды халықаралық рынокқа жеткізудiң экспорттық әлеуетiн ұлғайту үшiн жаңа мүмкiндiктер жасауға және сұйытылған газдың бұрынғы тұтыну деңгейiн қалпына келтiруге мүмкiншiлiк бередi.
1.4. Магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жай-күйi
Табиғи газдың тасымалдау Қазақстанның сегiз облысының аумағымен өтетін магистралды газ құбырларының жүйесi бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан аумағындағы әкетушi және әкелушi газ құбырларын есептегенде магистралды газ құбырларының жалпы ұзындығы 10 мың шақырымды құрайды. Қазақстанның магистралды газ құбырлар жүйесi бұрын жалпы одақтық газ тасымалдау жүйесiнiң бөлiгi ретiнде құрылды және сондықтан, оның қызметi табиғи газды Орта Азиядан Ресейдiң солтүстiк облыстарына, Украина және Закавказье республикаларына жеткізуге бағытталған. Газ құбырлары қала өнеркәсiбi мен халықтың сұранысын тек транзит газ құбырларының трассаларына жапсарлас қалалар мен елдi мекендердi қамтамасыз ететіндей етiп жоспарланған.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтетiн магистралды газ құбырларының бiрде бiрiнiң республика аумағында өзара жалғаныстары жоқ, сол себептi мысалы, батыс өңiрiнде өндiрiлетiн арзан газды елдiң оңтүстiк және солтүстiк облыстарына жеткізу секiлдi, артық мөлшердегі газды өңiрлер арасында қайта бөлу мақсатында газ құбырларын пайдалану мүмкiндiгiн бермейдi. Бұл оңтүстiк облыстар мен Алматы қаласының табиғи газды тұтынушылары үшiн аса зәру проблема. Батыс облыстардағы газдың бағасынан 2-3 есе асып түсетiн өзбек газының жеткiзiлiмiне қатаң тәуелдiлiк осы өңiрдегi газ рыногының тарылуына әкелiп соқты. Қостанай облысының тұтынушылары Ресей газ импортына аз тәуелдi болып отырған жоқ.
Газдың халықаралық транзитi жүзеге асырылатын iрi магистралды газ құбырлары:
Түркiменстан және Солтүстiк Кавказға қосымша тармақталған газ құбырларымен Өзбекстан шекарасынан Ресей Федерациясының шекарасына "Александров Гай" КС-не дейiнгi газ құбырының төрт, бес тармағынан тұратын базалық "Орта Азия - Орталық" газ магистралы. Осы газ магистралы бойынша бастапқы жобалық қуаттылығы 60 млрд. текше м. болған кезде жылына 35-40 млрд. текше м. дейiн газ тасымалданады;
соңғы жылдары нақтылы транзитi 26-29 млрд. текше.м. көлемiнде болған жылына 42 млрд. текше м. газ транзиттелiнген техникалық параметрлерi бар Батыс Қазақстан облысы аумағы бойынша Орынбор ГӨЗ- ден "Александров Гай" КС-не дейiн өтетiн екi КС бар - "Союз" және "Орынбор Жаңа Псков" газ құбыры;
бұрын Өзбекстан және Түркiменстаннан Ресейдiң өнеркәсiп аудандарына газ тасымалдауға арналған, ал қазiр көбiне Ақтөбе облысына газ жеткізу үшiн пайдаланылатын қос тармақты "Бұқара - Орал" газ құбыры;
"Қазалы-Шымкент-Бiшкек-Алматы", "Қарталы -Қостанай" және "Өзен - Ақтау" газ құбырлары табиғи газды Қазақстан Республикасының iшкi рыногына оңтүстiк облыстарына және Маңғыстау мен Қостанай облыстарына тасымалдау үшiн пайдаланылады. Бұл ретте "Қазалы - Бiшкек газ құбыры бойынша қосымша 0,5-тен 1,0 млрд. текше м. дейiн көлемде Қырғызстан тұтынушылары үшін газ транзитi жүзеге асырылады.
2002 жылы Қазақстанның магистралды газ құбырларының жүйесi бойынша транзит режимiнде 97,5 млрд. текше м. табиғи газ айдалды, ал 2003 жылы оның көлемi 105,7 млрд. текше м. табиғи газды құрауы мүмкiн. Сонымен бiрге, анықсыздық және тәуелдiлiктен, әсiресе өткен кезеңде үшiншi елдерге, мәселен, Түркiменстанның Ресеймен немесе Украина, Өзбекстан, Қырғызстанмен және т.т. келісімдерi бойынша негiзгi транзиттiк магистралды газ құбырларының жүктемелерi газ тасымалдау жұмыстарының көлемiнде шұғыл ауытқуларға ие болды. Мысалы 1997-1998 жылдары түркiмен газы транзитiнiң толықтай дерлiк жоқтығы "Орта Азия - Орталық" басты газ магистралының жұмыс iстеуiн пайдалануға жарамсыз шегiне қойса, ендi таяу жылдардағы күтiлетiн жылына 50-80 млрд. текше м. газ транзитiн ескерумен жүйенiң толық қайта құрылымдауды жүргiзудi және газ құбырының қосымша тармағының құрылысын салуды талап етiп отыр.
Қолданыстағы нормативтер бойынша магистралды газ құбырларының амортизациялық мерзiмi шамамен 30 жылды құрайды. Алайда, Қазақстан Республикасының аумағында газ құбырларын пайдалану ерекшелiгі сол құбырлар олардың ерекше қатал, сорлы жерлермен өтуi нәтижесiнде әсiре жарамсыздыққа ұшырағандығы болып табылады. Осыған байланысты, жұмыс iстеу мерзiмi бойынша газ құбырлары құрылымын талдау көрсеткендей, 30 жылға дейiн қызмет ету мерзiмi бар 30-дан астам газ құбырларының үлес салмағы 30,4-ке жетедi, ал газ құбырларының 51%-ы 20 жылдан 30 жылға дейiн пайдаланылады.
Алдағы жұмыстардың көлемiн елестету үшiн 2001-2002 жылдардағы кезеңдер бойынша газ тасымалы жүйесiнiң апатсыз қызмет етуiне кепiлдiк беруге мүмкiндiк жасамаған елдiң магистралды газ құбырларының техникалық жай-күйiн ескеру қажет (1.4-кесте).
Қазақстан Республикасының жұмыс iстеп
тұрған магистралды газ құбырларының техникалық
жай-күйiнiң сипаттамасы
1.4-кесте
Р/с № | Газ құбыры атауы | Iске қосу басталған жылы | Тармақтар саны, ұзындығы | Диа. метрi | КС саны | Нақты және жобалық қуат | Тозу норма. тивi |
км | мм | Бірлік | млрд. м3 | % |
1 Орта Азия - Орталық 5 тармақ OAO-1 1966 279 1020 90 OAO-2 1969 406 1220 88 OAO-3 1972 821 1220 7 50,0/60,0 70 OAO-4 1972 821 1420 70 OAO-5 1985 821 1420 25 2 Мақат - 1987 371 1420 3 17,0/25,5 30 Солтүстiк Кавказ 3 Орынбор- 1976 380 1220 2 10,0/14,0 65 Новопсков 4 Орынбор- 1978 380 1420 2 20,0/28,0 57 Батыс Шекара (Союз) 5 Бұқара - 1965|1күрд. 639 1020 5 7,2/15,0 100 Орал жөнд 639 1020 5 1-тармақ 1965|1977-79ж 2-тармақ 6 БГР-ТФА 1964 2 тармақ 530- 2 6,0/13,0 60-90 684 1020 7 Ғазлы- 1988 314 1220 1 14,4/26,0 30 Шымкент 8 Қарталы- 1963 238 530- - 2,0/5,4 90 Қостанай 720 9 Окарем- 1967 398 1220 2 1,0/5,4 70 Бейнеу 10 Өзен-Ақтау 1968-1972 3 тармақ 530- - 1,8/3,6 70 150 820 |
Газ магистралдары мен таратушы газ құбырларының жұмыс режимiн, әсiресе, шұғыл континенталдық ауа райлы өңiрлерде ұстап тұру үшiн газ құбырлары жүйесiндегі мiндеттi элементтер жер асты газ қоймалары (ЖАҚ) болып табылады. Бiрақ, Қазақстан Республикасының газ-көлiк жүйесi шектерiнде қызмет жасайтын үш ЖГҚ өзара байланыспаған және бұрын бұрынғы Одақ жүйесіндегі бiрыңғай газ-көлiк жүйесіндегі қызметке арналған.
Мысалы 3,5 млрд. текше м. бiр жолғы газ сақтау қуаттылығымен "Бұхара-Орал" газ құбырларын бойлай орналасқан "Базой" ЖГҚ бұрын, (осы өңiрде газды кен орындары ашылғанға дейiн) маусымдық ауытқулар кезiнде Батыс Сiбiр тұтынушылары үшiн газ жеткізу режимiн қолдау үшiн пайдаланылған болатын. "Ташкент-Шымкент" және "Газли-Шымкент-Бiшкек-Алматы" газ құбырларымен технологиялық байланысты "Ақыртөбе" ЖГҚ (0,2 млрд. текше м.) және "Полторацкое" ЖГҚ (0,2 млрд. текше м.) бұрын Ташкент қаласы мен Қырғызстан тұтынушыларын газбен тұрақты жабдықтауды көбiне қолдау үшiн пайдаланылды.
Сонымен бiр уақытта газ өндiрiлетiн батыс аймақта жазғы кезеңде үлестес өндiрiлетiн газдың артық көлемi жиналады, бұл кен орындарында оны амалсыз өртеуге әкеп соқтырады. Сондықтан "Орта Азия-Орталық" газ құбыры бойына ЖГҚ салу мәселесi одан да өткiр қойылып отыр. Сондай-ақ қысқы кезеңде газбен тұрақты жабдықтау мақсатында Алматы қаласы ауданында ЖГҚ салу көкейкестi болып отыр.
Газ тасымалы жүйесi жұмысының маңызды қыры компрессорлар жұмысы кезіндегі атмосфераға зиянды шығарындылар әсерiн төмендету және газ құбырларының жұмысының техникалық және экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Газ жүйесi объектiлерiн пайдалану процесiндегі зиянды заттардың негiзгi көздерi компрессорлық станциялардағы (КС) газ айдаушы агрегаттардан, газды суыту станцияларынан, түрлi қазандық және алау қондырғыларынан атмосфераға шығарындылары болып табылады. Атмосфераға шығарындылардың саны жүзеге асырылатын транзиттiң техникалық жай-күйi мен көлемiне тәуелдi.
Соңғы жылдары газ құбырларының техникалық жай-күйiнiң нашарлауынан шығарындылар үшiн жыл сайынғы төлемдер, мысалы 1998 жылы 6,4 млн. теңгеден 2000 жылы 42,7 млн. теңгеге дейiн шұғыл өсiп кеттi. Сондықтан газ тасымалы жүйесiн газ айдаушы агрегаттарды, тығындауыш құрал-жабдықтарды және газ құбырларының жекелеген учаскелерiн алмастыру арқылы техникалық қайта жаңарту қоршаған ортаға зиянды әсердi азайтудың қажеттi шарасы болып табылады. Мысалы үшiн, ГТ - 750-6 ескiрген агрегатын жетiлдiрiлген ГПА-Ц-63 м. ауыстыру шығарындыларды 6 есеге дерлiк азайтады (50 млн. текше м. дейiн).