АҚШ-та газбен жабдықтаудың әрбiр секторында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру бойынша Жоғарғы соттың бiрқатар арнайы заңнамалық актілері мен шешiмдерi қабылданған. Анағұрлым маңызды заңдардың қатарына 1938 жылы қабылданған "Табиғи газ туралы" заң жатады. Заңмен штат аралық газ-көлiк компанияларының табиғи газдың экспорты мен импортын, көлiктiк тарифтерді бақылауды, осы компаниялардың негізгі қорларының құндық бағалауын қоса алғанда, газ құбырларын салуға рұқсат беруді қызметiн реттеу тәртібі көзделедi.
Мұндай заңдар Норвегия мен Францияда да қолданылады және барлау мен өндiру саласында да, сол сияқты газды тұрба құбырлары бойынша тасымалдаудағы операторлардың қызметiн де реттейдi. Ресейде магистралды газ құбырын пайдаланушы шаруашылық субъектiлердiң көптеген мәселелерiн реттейтiн "Мұнай және газ туралы" қолданыстағы заңға қосымша 1999 жылы "Ресей Федерациясындағы газбен жабдықтау туралы" Федералдық заң қабылданды.
1.1. Жұмыс істеп тұрған және перспективалы газ кен орындары
Газ саласын 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасында ескерілген барланған газдың көлемдері 1.8 трлн. шаршы м. құраған болатын. Бiрақ жаңартылған деректердiң және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының кен орындары бойынша газдың бағаланған қорын ескерумен 2002 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша пайдалы қазбалардың мемлекеттік теңгерiмiнiң негіздерiнде жиынтық қорлар 3,3 трлн. текше м. құрайды. Мысалы, тек "Қашаған" кен орны бойынша ғана Қорлар жөніндегі мемлекеттік Комиссияның 2002 жылғы 20 қазандағы қорлар жөніндегі отырысының хаттамасына сәйкес газ қорлары 969.0 млрд. текше м. құрады. Бұл ретте газдың перспективалы және болжамдық ресурстары 6.0-8.0 трлн. текше м. дейінгі деңгейде бағаланады, бұл негiзiнен, Каспий теңiзi ресурстарын игерумен байланысты (1.1-сурет).
Газдың саланы дамыту үшiн негiздiк мәнi бар болжамдалатын ресурстарының басты ерекшелiгi iс жүзiнде газдың барлық осы қорлары аса тереңдiгінен (5 мың метрден астам), көп құрамдылығынан және ең бастысы күкiртсутек қосылыстарының жоғарылығынан алудың қиындығымен сипатталатын Каспий маңы ойпатының қабаттарындағы тұзасты түзiлiмдерде орналасқандығы болып табылады. Сонымен бiр уақытта тереңдiгi аса үлкен емес және құрамында күкiрттi қосылыстар жоқ кен орындарында жергiлiктi аймақтарды газдандыру үшін, мысалы Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан жергілiктi маңызы үлкен бар газдың қоры онша көп емес.
Халықаралық сарапшылардың соңғы бағалары бойынша табиғи газдың дәлелденген әлемдік қорының 37,6% (147,5 трлн. текше м.) бұрынғы Советтер Одағының аумағында шоғырланған. Бұл ретте Қазақстан табиғи газдың барланған қоры мен болжамдық ресурстары бойынша Тәуелсiз Елдер Достастығының жетекшi төрт елiнiң қатарында тұр.
Қазақстан бойынша газдың болжамдық
ресурстары мен қорлары (трлн. текше м)
1.1-сурет
Қазiргі уақытта кен орындарының барлық санаттары бойынша шамамен газдың әзiрленiп жатқан және алдын ала бағаланған қорымен 130-дай кен орны тiркелген, оның: 21-газдық, 9-газконденсатты, 23-мұнай-газконденсатты, 31-мұнай-газды және құрамында аз-мұз газы бар тағы басқалары. Бұл ретте құрамында алынатын 80% астам көмiрсутек газ қорлары бар 44 кен орны әзiрлену үстiнде (1.2-кесте және 1.2-сурет).
Негiзгi көмiрсутек кен орындары
қабатындағы табиғи газ қорлары млрд. текше м.
1.2-сурет
Іс жүзiнде Қазақстан Республикасының барлық әзiрлену үстіндегі iрi мұнай кен орындарында өндiрiлетiн мұнайдың құрамында күкiртсутегi мен басқа да күкiрттi қосылыстарда жоғары ерiтiлген газ бар. Мысалы Жаңажол-Өрiктау кен орындары тобы бойынша осы улы газдың құрамы 2 ден 6% дейiн, Қарашығанақ кен орнында - 3-тен 5% дейiн ауытқиды, ал Теңiз кен орнында күкiртсутегiнiң концентраты 19% дейiн жетедi.
Сондықтан газ саласын одан әрi дамытудың басты бiр проблемасы өндiрiлетiн мұнай мен газды күкiрттi одан алынған күкiрттi одан әрi пайдаға жаратумен, қайта өңделген осы өнiмдi тауарлық күйге жеткізу және оны сыртқы рынокқа сатуға қосылыстардан тазарту болып табылады. Осы мәселенi шешудiң бiр нұсқасы қабаттық қысымды ұстап тұру және көмiрсутегiнiң сұйық компонентiн алудың тиiмдiлiгiн көтеру үшiн кен орындарының өнiмдi қабатына күкiрттi газды керi айдау шараларын жүзеге асыру болып табылады.
Кен орындарын табиғи газ
қорының деңгейi бойынша бөлу1
1.2-кесте
┌────┬─────────────┬─────────┬──────────────────┬──────────────────────┐
│ ├Қорлардың ша.│Кен орын.│ Кен орындары │Газдың теңгерімдiк │
│ │масы бойынша │дарының │ │қорлары А+В+СІ │
│ │кен орындары │ саны │ ├─────────┬────────────┤
│ │ топтарының │ │ │Барлығы: ├ҚР бойынша │
│ │ сипаттамасы │ │ │дәлел. │ қор % │
│ │ │ │ │денгендер│ │
├────┴─────────────┴─────────┴──────────────────┴─────────┴────────────┤
│ Қазақстан │
│ Республикасы 130 3011 100 │
│ 1. Алыптары 3 Қарашығанақ-МГК 1370 45,5 │
│ (300 млрд.м3 Теңiз-М 569 18,9 │
│ астам) Қашаған-М 227 7,5 │
│ 2. Аса iрiлерi 2 Жаңажол-МГК 133 4,4 │
│ (100,1-300 Имашев-ГК 129 4,3 │
│ млрд.м3) │
│ 3. Ірiлер (30,1- 4 Жетібай-МГК 99 3,3 │
│ 100 млрд.м3) Теңге-МГК 45 1,5 │
│ Өзен-ГК 43 1,4 │
│ Ұрықтау-ГМК 40 1,3 │
│ 4. Орташасы 8 Прорва-МГК 28 0,9 │
│ (10,1-30 Қаламқас-ГМ 27 0,9 │
│ млрд.м3) Амангелді-Г 25 0,8 │
│ Тепловск- │
│ Токаревск-Гм 25 0,8 │
│ Оңтүстiк │
│ Жетiбай-МГК 23 0,8 │
│ Шағырлы-Шөміштi-Г 20 0,7 │
│ Шынарлы-МГК 17 0,6 │
│ Королевское-М 16 0,5 │
│ Тасболат-мГк 13 0,4 │
│ 5. Шағындары 17 99 3,3 │
│ 3,1-10 │
│ млрд.м3) Көмiрсутек. │
│ 6. Ұсақтары 25 терiнiң фазалық 44 1,5 │
│ (1-3 тұрпаттары │
│ млрд.м3) бойынша 113 кен │
│ 7. Өте ұсақтары 71 орындары 20 0,7 │
│ (1 дейін │
│ млрд.м3) │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Ескерту: МГК-мұнай-газ конденсаты, ГМК-газ-мұнай конденсаты, М-мұнайлы, Г-газды, ГМ-газ-мұнайлы
Құрамында газ бар кен орындарының ұсынылып отырған талдауы Қазақстан Республикасының газ ресурстарын - қолда бар қорлар өндiру көлемдерi және оларды алу пайдалылығы бойынша шартты түрде үш топқа бөлуге мүмкiндiк бередi:
- күрделi коллекторлық қасиетiмен және әдеттегiдей құрамында күкiртсутек қосылыстары жоғары болып келетiн табиғи газдың стратегиялық қорлары аса iрi мұнай-газды кен орындарындағы Каспий ойпаты қабаттарының түзiлiмiнде тереңде орналасқан;
- шығару тереңдiгі аса үлкен емес және күкiртсутегi қосылыстары жоқ өнiм сатысындағы газы орташа қорлы болып келетiн кен орындарының өндiрiлiмi кему сатысында;
- құрамындағы табиғи газдары еркiн болып келетiн кен орындары негiзiнен ұсақ санаттарға жатады, жиынтық қорлары газдың жалпы қорларынан 1,5% аспайтын таза газ кен орындары, бұл осы кен орындарының әзiрленiмiн iс жүзiнде пайдасыз етедi.
1.2. Газ өндiру бойынша жұмыс iстеп тұрған өңдеу қуаттары
Республикада табиғи газдың едәуiр дәлелденген қоры барына қарамастан, республикада газ өндiру әлi де болса мұнайгаз компанияларының iлеспелi қызметi болып қалуда. Қалыптасқан тәжірибе бойынша мұнаймен iлесе өндiрiлетiн газ әдеттегідей кен орындарында жағылады немесе тәуiр деген жағдайда алдын ала дайындықтан кейiн меншiктi қажеттерге қолданылады. Мәселен, 2002 жылдың қорытындысы бойынша 2 млрд. текше м. астамы жағылды, меншiктi қажеттерге 1,7 млрд. текше м. пайдаланылды және технологиялық жоғалтулар шамамен 0,7 млрд. текше м. құрады.
"Теңiз" және "Королевское" мұнай кәсiпшiлiгiнде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң жүргiзген кешендi тексеруi барысында 127 зиянды шығарындылары бар көздер табылған болатын және зиянды заттарды ауаға нақты шығарындыларын талдаудың толық емес деректері бойынша 2003 жылғы 8 айда ғана кен орындарында 600 млн. текше м., соның iшiнде қауiптiлiгi жоғары сыныпты 6 млн. текше м. жуық күкiртті қосылыстары алдын ала тазаланбаған газды тiкелей жағуға жол берiлген. Алдын ала есептеулер осы кезеңде атмосфераға 27 млн. шартты тонна зиянды заттар тасталуы мүмкiн екендiгiн көрсеттi.
Талдау мұндай жағдайлардың нормативтiк құжаттарда кен орындарында әсiресе құрамында зиянды компоненттерi бар газды жағу мәселелерi толық шамада реттелмегеннен орын алып отырғанын көрсетедi. Мысалы "Қазақстан Республикасының мұнайлы және газды кен орындарын әзiрлеудiң бiрыңғай ережесіндегі" 6.2.26-тармағы жағу кезіндегі шектеулер күкiрттiсутектерi бар қабатты өнiмдi (газды) олардың халық қоныстанған немесе халық шаруашылық объектiлеріндегі әуенiң жер үстi қабаттарындағы концентраты санитарлық нормалардан аспайтын шарттар қамтамасыз етiледi". Сайып келгенде, осы мәселеде мейлiнше анық регламенттеудiң болмауы, "Петро Қазақстан Құмкөл Мұнай" және Қызылорда облысының басқа да жер қойнауын пайдаланушыларының ұзақ уақыт бойы iлеспе газды үлкен көлемде жағуына мүмкiндiк бередi.
Газды өндiруге одан әрi шектеу қою мұнай өндiрудi арттыруды тым кедергiлейтiн фактор болатындықтан, осының бәрi өндiрiлетiн газды кәдеге жарату мәселесiн жылдамырақ құқықтық реттеудi талап етедi. Бұл газ өңдеу қуаттылықтарын кеңейту және жаңа газ өңдеу қуаттылықтарын салу жөніндегі шараларды қабылдау қажеттігін негіздейдi.
Қазiргi уақытта республикада, жылына 6,85 млрд. текше м. дейiн жалпы жобалық газ өңдеу қуаттылығымен үш газ өңдеу зауыттары (ГӨЗ) жұмыс iстейдi (1.3-кесте).
ҚР жұмыс iстеп тұрған газ өңдеу
зауыттарының сипаттамасы
1.3-кесте
┌───────────┬───────────┬──────────────┬──────────────┬───────────────────┐
│ ГӨЗ атауы│Пайдалануға│жобалық қуаты │ 2002 жылы ├Қайта құрыл. │
│ │енгізілген │ │ іс жүзiнде │ғаннан кейiн │
│ │ жылы │ │ өндірілгені │2010 жылға күті. │
│ │ │ │ │летiн қуаттар │
│ │ ├──────┬───────┼──────┬───────┼──────┬────────────┤
│ │ │Таби. │Сұйы. │Таби. │Сұйы. │Таби. │Сұйытыл. │
│ │ │ғи газ│тылған │ғи газ│тылған │ғи газ│ған газ │
│ │ │бойын.│газ │бойын.│газ │бойын.│бойынша, │
│ │ │ша, │бойын. │ша, │бойын. │ша, │мың тонна │
│ │ │млн. │ша, мың│млн. │ша, мың│млн. │ │
│ │ │м3 │тонна │м3 │тонна │м3 │ │
├───────────┴───────────┴──────┴───────┴──────┴───────┴──────┴────────────│
│ Қазақ ГӨЗ 1973 жыл - 2900 80 940 77,3 Өңдеу қуаттарын │
│ 1-кезек кеңейтпей зауытты │
│ 1997 жыл - технологиялық │
│ 2-кезек жаңғырту │
│ көзделедi │
│ Теңiз ГӨЗ 1995-1999 2550 1 желiде 2550 684 6439 1330 │
│ кезең- 90 про. про. дейiн пропан, │
│ кезеңмен пан, пан, бутан │
│ үш техноло. бутан бутан │
│ гиялық │
│ желiлер │
│ (КТЛ) │
│ Жаңажол 2003 жыл 1400 60 920 - 4400 150 │
│ ГӨЗ │
└─────────────────────────────────────────────────────────────────────────┘