Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға
арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 22 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 25 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының газ саласын 2015 жылға дейiн дамытудың тұжырымдамасының негiзгi бағыттары мен ережелерiн тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары мен мүдделi ұйымдары Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жыл сайын жарты жылдық пен жылдың қорытындылары бойынша Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С.Школьникке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 18 маусымдағы
№ 669 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының газ саласын
дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
Бағдарламасы
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының газ саласын
атауы дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама).
Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасының Энергетика және
үшiн негіздеме минералдық ресурстар министрлігі әзiрлеген
және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002
жылғы 11 қаңтардағы № 25 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының газ
саласын дамытудың 2015 жылға дейiнгi
тұжырымдамасы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003
жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен
бекiткен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының
2.1.1-тармағы.
Негiзгi әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі
Iске асыру мерзiмi 2004-2010 жылдар:
I кезең - 2004-2006 жылдар
II кезең - 2007-2010 жылдар
Бағдарламаның мақсаты Газ жөнiнде iшкi рыноктың сұранымдарын
анағұрлым толық қамтамасыз ету үшiн iлеспе
газды тасымалдау мен өңдеу жөнiндегі
қуаттылықтарды дамыту есебiнен халықаралық
транзиттің көлемiн ұлғайтудан және газдың
ішкі ресурстарын үнемдi пайдаланудан
әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiктi арттыру
және энергетикалық тәуелсiздiкке қол
жеткізу, табиғи және сұйытылған газды,
сондай-ақ олардан өңделген өнiмдерiн сатудан
экспорттың әлеуетті өсiру.
Бағдарламаның Газ қорлары бойынша ресурстық әлеуеттi өсiру
мiндеттерi және iлеспе газды кәдеге жарату жөніндегі
iс-шараларды енгiзе отырып, жаңа газ және
мұнай-газ кен орындарын өңдеумен оны өндiру
бойынша қуаттылықтарды дамыту.
Импорт алмастыру бағдарламасының
шеңберінде сұйытылған газ шығару және
мұнай-химия өнiмдерiнiң көлемiн арттырумен
өндiрiлетiн газды өңдеу және кәдеге жарату
бойынша жұмыс iстеп тұрғандарын қайта
жаңарту және жаңа қуаттылықтар жасау.
Жаңа аумақтарды газдандырудың және
коммуналдық шаруашылықта, электр
энергетикасында, автокөлiктерде және т.б.
газды пайдалану аясын кеңейтудің өңiрлiк
бағдарламасын әзірлеу және іске асыру.
Олардың пайдаланылуы кезiндегі техникалық
және экологиялық қауiпсіздіктi қамтамасыз
ету үшiн газ-көлік жүйесi объектiлерiн
техникалық қайта жаңарту жөніндегі
шараларды iске асыру, сондай-ақ жаңа газ
құбырларын салу және табиғи газды сыртқы
рыноктарға тасымалдау жөніндегі экспорттық
бағыттарды пысықтау.
Газ саласының нормативтiк базасын қайта
қарау, газ-көлiк жүйесi субъектiлерiнiң
ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру және
табиғи газды тасымалдау кезіндегі тариф
құрау жүйесiн жетiлдiру.
Күтiлетiн нәтижелер Табиғи және сұйытылған газды тұтынуды
2010 жылға 2 еседен астамға ұлғайту және
табиғи газ абоненттерiнiң санын 1,4 есеге
кеңейту.
Саланың экспорттық әлеуетін 2010 жылға
таман осы кезеңге табиғи газдың халықаралық
транзитi көлемдерiн 1,5 есеге және
қазақстандық табиғи газ экспорты өсiмiн
2 еседен артыққа және сұйытылған газды
3,4 есеге дерлік өсiру есебiнен 110,6 млрд.
теңге дейiн қосымша арттыру.
Газды өндiру, қайта өңдеу және тасымалдау
жөнiнде жұмыс iстеп тұрған өндiрiстерді
қайта жаңартуға және жаңа қуаттылықтарды
дамытуға 2004-2010 жылдарғы кезең үшiн
инвестицияның көлемiн 1 трлн. теңге дейiн
ұлғайту.
Жаңа объектiлердi пайдалануға енгізу және
алдыңғы қатарлы технологияны дамыту
көрсетiлген кезең үшiн 3,7 мың адам үшiн
қосымша жұмыс орындарын құрумен жобалық
және басқа да сервистiк орталықтардың
жұмыстарын ынталандыру.
Өндiрiлетiн газды толық кәдеге жарату
және көлiктiк қуаттарды мейлiнше толығырақ
техникалық жарақтау есебiнен газ жүйесi
объектiлерiнiң жұмысынан болатын
экологиялық жүктеменi төмендету.
Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қамтамасыз ету мен iс-
қаржыландыру көздерi шараларды жүзеге асырудың негiзгi көздерi
мен қаржылық ресурстары мыналар болып
табылады:
- сыртқы инвестициялар, жер қойнауын
пайдаланушылардың қаражаты, гранттар;
- республикалық және жергiлiктi
бюджеттерден қаржыландыру;
- жеке компаниялардың қаржылары арқылы
iшкi инвестициялар, банк несиелерi.
Газ жобаларын қаржыландыру қажеттiлiктерi
кезеңдер бойынша 2004 жылы - 179,8; 2005
жылы - 221,3; 2006 жылы - 110,6 және
2007-2010 жылдарғы кезеңде - 497,9 млрд.
теңге құрайды деп болжанады. Соның iшiнде
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға
2004 жылға арналған республикалық бюджеттен
қаржыландыру 3000,0 млн. теңгенi құрайды.
Келесi жылдарға арналған бюджеттік
қаржыландыру мен доллардың бағамы тиiстi
қаржылық жылға "Республикалық бюджет
туралы" Заңға сәйкес анықталатын болады.
Бұл жағдайда АҚШ долларымен көрсетiлген
сомалар доллардың 2004 жылғы бағамы бойынша
алынды (138,3 теңге).
Кіріспе
Соңғы жылдары дүниежүзiлiк мұнай-газ рыногының талдауы энергия тасымалдаушылардың басқа түрлерiн өндiру мен тұтынуға қатысты газ өнеркәсiбiнiң озыңқы дамуын көрсетiп отыр. Дүниежүзiлiк энергия балансындағы көмiрсутектi газ тәрiздес отынның үлесi XXI ғасырдың орта тұсына қарай 30% -дейiндi құрауы мүмкiн деп болжанады. Осының нәтижесiнде энергетиканың дамуындағы алдағы кезең сарапшылар "метан" дәуiрi деп сипатталып отыр.
Қазақстан үшiн, сондай-ақ энергия тасымалдаушы табиғи газ мейлiнше перспективалы болып келедi, оның барланған және (Каспий қайраңындағы ашылған жаңа кен орындарын ескерумен) бағаланған қоры 3,3 трлн. текше метрдi құрайды, ал ықтимал ресурстары тағы 6-8 трлн. текше метрге жетедi. Бұл ретте, республикада барланған газ қорының ерекшелiгi, iс жүзiнде барлық кен орындарында және әсiресе жаңадан әзiрленiп жатқан аса iрi кен орындарында газды өндiру мұнай мен конденсатты өндiрумен iлесе жүргiзiлетiндiгi болып табылады. Сондықтан осы кен орындарын белсендi игеру және мұнай өндiру көлемiнiң күрт өсiп кетуi соңғы жылдары қалыптасқан үрдiсi өндiрiлуi одан сайын арта түсетiн iлеспе газдың көлемдерiн кәдеге жарату қажеттiлiгiн туындатып отыр.
Соңғы жылдары газ саласын қайта қалыптастыру жөніндегі қабылданылған iс-шаралар, сондай-ақ халықаралық транзиттiң және табиғи газды iшкi тұтынудың көлемдерiнiң өсуi, газ-көлiк компанияларының қатысты қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуiне, магистральды және жергiлiктi газ құбыры жүйелерiн техникалық қайта жаңарту жөніндегі жұмыс көлемдерiнiң ұлғаюына қол жеткізуге мүмкiндiк бердi.
Бiрақ, мұнайгаз кешенiнiң газдық құрамдаушысы салалық жүйеге қарағанда көбiне жекелеген буындардың технологиялық және аймақтық бытыраңқы жиынтығы болып қала беруде. Нәтижесiнде өндiрiлетiн газды өңдеу толық шамада жүзеге асырылмайды, елдiң қажеттерiн өз ресурстары есебiнен өтеу үшiн табиғи газды оның өндiру орнынан негiзгi тұтыну аймақтарына қайта бөлу мүмкiндiгi болмай отыр.
Осының барлығы өндiрiлетiн iлеспе газды кәдеге жаратудың жаңа жолдарын iздеумен, газ өңдеу мен тасымалдау жөніндегі жаңа қуаттылықтарды енгізумен, сондай-ақ сатудың дәстүрлi рыногын кеңейтумен байланысты бiрқатар мiндеттердi шешу қажеттiлiгiмен шарттасады.
Бағдарламаның шеңберiнде жүзеге асырылуы мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектiлерi деңгейiнде тiкелей инвестициялар мен iшкi қаржыландыруды тартумен газ саласының базалық жобаларын iске асыру үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк беретiн аймақтық бағдарламалар әзiрленетiн болады деп күтiлуде.
1. Газ саласының қазіргі жай-күйін талдау
Саланы дамытудың негiзгi бағыттарын түсiну және қойылған мақсаттарға қол жеткізудiң тетiктерiн жасау үшiн, газ-көлiк кәсiпорындарының жұмысында орын алып отырған проблемалар мен кедергi келтiретiн факторларды егжей-тегжейлi талдау, сондай-ақ саланы дамытудың серпiнiн анықтау қажет болады. Соңғы уақытта, әсiресе Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тарапынан мақұлданғаннан кейiн қалай да табиғи және сұйытылған газды өндiру, өңдеу және сатумен байланысты бiрқатар жобаларды түзетумен, тұтастай алғанда саланың қызметiн көп көрiм жақсартқан, ұйымдастыру шаралары қабылданған болатын.
Мысалы, газ саласын қалыптастыру үшiн Теңiз кен орындарында мұнай-газ кешенiнiң екiншi буынын дамыту жөнiнде қабылданған шешiм маңызды болып табылады. Қарашығанақ газ өңдеу зауытының (бұдан әрi - ГӨЗ) техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуден бастап iс жүзiнде осы кен орнында "Газ жобасын" iске асыру басталды. 2002 жылғы қазанда "Қашаған" теңiз кен орнының бағаланған запасы қабылданды, бұл газ ресурстарын 1,5 есеге дейiн дерлiк өсiрдi.
2002 жылы республикалық бюджеттiң қолдауы кезiнде, оңтүстiк аймақты газбен қамтамасыз етудi тұрақтандыру үшiн маңызды әлеуметтiк мәнi бар Амангелдi газ кен орнын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жөніндегі жұмыстар басталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қаржыландыруды қатыстырумен Оңтүстiк Торғай ойысындағы кен орындарында iлеспе газды кәдеге жарату жөніндегі жобаны iске асыру басталды. Жобамен кен орындарында және Қызылорда қаласында электр энергиясын өндiру жөніндегі қуаттылықтарды енгізу, сондай-ақ қаланы iшiнара газдандыру көзделедi.
Табиғи газдың экспорты мәселелерiн шешу үшiн көршi елдердiң үкiметтерiмен Газ альянсын құру жөніндегі және атап айтқанда, Ресей Федерациясы Үкіметімен газдың экспорттық жеткiзiлiмiн жүзеге асыру үшiн "ҚазРосГаз" бiрлескен компаниясын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы принциптi уағдаластықтар маңызды болды.
Жергiлiктi газ құбырлары операторларының кәсiпорындарын дағдарыстық жағдайдан алып шығу үшiн, оған аймақтық газ-көлiк жүйесiн берумен, жаңа "Аймақтық газ-көлiк жүйесi" (АГЖ) акционерлік қоғамы құрылды. Газ жүйесi қызметiн одан әрi тәртiпке келтiруге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 маусымдағы Газ-көлiк жүйесiне концессия шартының шектерiнде цеденттер болып табылатын газ жүйесiнiң бұрынғы құрылымдарын банкроттау туралы қабылдаған шешiмi, сондай-ақ Қарашығанақ кен орны бойынша Өнiмдердi бөлу туралы келісімнiң шеңберiнде мемлекеттік мүлiктi басқару үшiн "КапиталМұнайГаз" ЖАҚ-ын құруы ықпал ететiн болады.
Саланың нормативтiк базасын жетiлдiру, атап айтқанда Табиғи газды тасымалдау жөніндегі ережелерді бекіту жөніндегі қабылданған шараларға қарамастан көп жағдайда жаңадан қалыптасып келе жатқан рыноктық жағдайларға газ саласының совет көздерiнен қолданыста келе жатқан құқықтық базаларының сәйкеспеуі мәселесі мейлiнше өткiр күйінде қалуда. Сонымен iс жүзінде табиғи газ шығарылатын және тұтынылатын барлық елдерде газбен жабдықтау мәселелерi арнайы заңдармен және басқа да заңға тәуелдi актiлермен реттеледi. Мәселен, Ұлыбританияда "Бритш Газ" компаниясының монополиялық қызметi 1986 жылдан бастап, "Бритш Газ" газ-көлiк жүйесiне кіруге қол жеткізу тәртібі анықталған, газбен жабдықтау жүйесіндегі компанияның өкiлеттiлiгi, газға бағаны реттеудегi мемлекеттік органдардың ролi белгіленген мен газ тасымалдау тарифтерi белгіленген "Газ туралы" заңға сәйкес анықталған және реттеледі.