Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 ақпандағы № 114 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігі» деген 3-бөлімде:
«Магистралды газ құбырлары жүйесін жаңғырту және дамыту» деген 3.3-кіші бөлімде:
«Жаңа газ құбырларын қайта құрылымдау және салу» деген 3.3.1-тарауда:
«Жұмыс істеп тұрған газ-көлік жүйесін қайта құрылымдау және салу» деген бөлігінде:
соңғы абзацтағы «және бәсекелестікті қорғау жөніндегі» деген сөздер алынып тасталсын;
«Елді газбен ішкі жабдықтау газ құбырлары тораптарын кеңейту» деген бөлігінде:
тоғызыншы абзацтағы «және «РГС» ЖАҚ», «, сондай-ақ «ҚазТрансГаз Дистрибьюшен ЖАҚ атынан газды көтерме саудамен жеткізу жөніндегі оператордың» деген сөздер алынып тасталсын;
«Саланы ұйымдастырушылық және нормативтік қамтамасыз ету» деген 3.4-кіші бөлімде:
«Газ көлік жүйесінің ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру» деген 3.4.1.-тарауда:
он үшінші абзац алынып тасталсын;
«2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының газ саласын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-бөлімде:
«Сала жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі іс-шаралар» деген 1-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:
«3-1 | Қазақстан Республикасы- ның газ саласын дамытудың 2007-2010 жылдардағы кезеңге арналған (екінші кезеңі) бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспарын әзірлеу | Қазақстан Республикасы- ның Үкіметі қаулысының жобасы | ЭМРМ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ком- паниялар (келісім бойынша) | 2006 ж. 4-тоқсан | Талап етіл- мейдi | Жоқ |
»; |
көрсетілген Жоспарға ескертуде:
«ТМРБҚА - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі» деген жол «ТМРА - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі» деген жолмен ауыстырылсын;
«ТЖА - ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі» деген жол «ТЖМ - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі» деген жолмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |