Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделуі мүмкін.
12-бап. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.
2. Сақтандыру ұйымы аннуитет шарты қолданылатын кезеңде актуарийдiң қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен тұрақты берiлiп тұратын сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн ұлғайтуға құқылы.
13-бап. Ортақ сақтандыру жөніндегі қызмет
1. Ортақ сақтандыру кезiнде сақтандыру шартының талаптары ортақ сақтандыру шартымен белгiленетiн жағдайларда жетекшi сақтандыру ұйымының мiндетi мен өкiлеттiгiн өзiне қабылдайтын сақтандыру ұйымының сақтандыру ережелерiне сәйкес айқындалады. Ортақ сақтандыру шартына қатысушы сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын сол сақтандыру түрi бойынша олардың ережелерiнде көзделгенiнен өзгеше жағдайларда жасасуға құқылы.
2. Лицензиясында тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлмеген сақтандыру ұйымының ортақ сақтандыру iсiне қатысуына тыйым салынады.
14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу
Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:
1) өз атынан сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға, негiзгi немесе Қосымша қызмет түрi ретiнде сақтандыру брокерiнiң, актуарийдiң немесе уәкiлеттi аудитордың қызметiн көрсетуге;
2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "сақтандыру ұйымы", "қайта сақтандыру ұйымы", "сақтандыру брокерi" деген сөздердi немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыруды бiлдiретiн не сақтандыру брокерi, актуарий немесе уәкiлеттi аудитор ретiнде көрiнетiн туынды сөздердi (сөз тiркестерiн) пайдалануға құқығы жоқ.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. Трансшекаралық сақтандыру және қайта сақтандыру
1. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру қызметiн көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру трансшекаралық сақтандыру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге қайта сақтандыруға беруi тiкелей Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымына, онда рейтингтi агенттiктердiң белгiлi бiр рейтингi болған жағдайда, жүзеге асырылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн жоғарыда аталған резидент емес сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруi рейтингтi агенттiктердiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерi арқылы не Қазақстан Республикасының резидентi - сақтандыру брокерi арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
Рейтингтi агенттiктердiң тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шартын жасасу жөніндегі делдалдық қызметке жол берiлмейдi.
4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтi тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлген уәкiлеттi органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру ұйымдары және аталған Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымымен жасалған тиiстi шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру брокерлерi жүзеге асыра алады.
5. Цеденттiң Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымдарына төлеген сақтандыру сыйлығының жиынтық мөлшерi, олардан цедент алған комиссиялық алымды шегерiп тастағанда, олар толық қаржы жылы аяқталғаннан кейiн сақтандыру шарты бойынша (қайта сақтандыру ұйымдарына төленгенiн ескергенде) алған сақтандыру сыйлықақысының жиынтық мөлшерiнiң сексен бес процентiнен аспауға тиiс.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Сақтандыру ұйымына сақтанушыларға ақпарат беру жөнiнде қойылатын талаптар
1. Тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгерген, атауы өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына республикалық екi газетте хабарландыру жариялау арқылы бiр айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
Өзiнiң оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерi өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына тиiстi екi облыстық газетте хабарландыру жариялау арқылы бiр айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесiн оны көрiп, танысуға болатын жерге орналастыруға мiндеттi.
3. Сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының сақтандыру ұйымынан кiрiстерi мен шығыстары туралы баланс пен есептен тұратын және уәкiлеттi аудитор куәландырған жылдық қаржы есебiн сұратып алуға құқығы бар.
4-тарау. Сақтандыру делдалдығы
17-бап. Сақтандыру брокерiнiң қызметi
1. Сақтандыру брокерiнiң қызметi ерекше қызмет түрi болып табылады және оны уәкiлеттi орган лицензиялауға тиiс.
2. Сақтандыру брокерiнiң өзi қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгi сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиiстi шарттармен белгiленедi.
3. Сақтандыру брокерiнiң жарғылық капиталының ең аз мөлшерiне және оның қызметiнiң өзге де жағдайларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
4. Сақтандыру брокерi, уәкiлеттi органға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi анықтаған төлем қабiлетсiздiгi фактілері туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
18-бап. Сақтандыру агентiнiң қызметi
1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру рыногында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi сақтандыру ұйымының тиiстi құжаттарымен белгiленедi.
Сақтандыру агентiнiң өкiлеттiгi болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi.
2. Сақтандыру ұйымы, өзiнiң атынан сақтандыру агентi сақтандыру ұйымынан алған өкiлеттiк шегiнде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған мiндеттемелердi сақтандыру ұйымының өзi тiкелей қабылдаған мiндеттемелер ретiнде орындайды.
3. Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi талаптар, оның iшiнде сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiнiң есебiн жүргiзу мен сақтау, қолмақол ақшамен жұмыс жүргiзу мәселелерi жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi.
4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру делдалдығы операцияларын жүргiзуге өзi уәкiлдiк берген сақтандыру агенттерiнiң тiзiлiмiн жүргiзiп отыруға мiндеттi.
5-тарау. Актуарийлік қызмет және аудит
19-бап. Актуарийлiк қызмет
1. Актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.
2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.
3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша бастамашылық актуарийлiк есептеулер;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.
4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi. Актуарий өзiнiң қарауына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы табыс еткен құжаттар мен мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы үшiн жауап бермейдi.
5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртiппен жауап бередi.
6. Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.
2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді ( бұр. ред. қара)
20-бап. Аудит
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметiнiң аудитiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы бар уәкiлеттi аудитор жүзеге асырады.
2. Сақтандыру қызметiнiң аудитiн жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
3. Уәкiлеттi аудитор, жүргiзiлген аудит туралы қорытындының көшiрмесiн, уәкiлеттi органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге мiндеттi.
4. Уәкiлеттi аудитор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiне мiндеттi аудит нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтар туралы уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында iшкi аудит қызметi (аудиторы) болуы мiндеттi, оның қызметi лицензиялауға жатпайды.
6. Iшкi аудит жүргiзу тәртібі, уәкiлеттi органның талаптары ескерiле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиiстi iшкi құжаттарында белгiленедi.
7. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшін міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына әсер ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясының қолданылуын осы Заңның 54-бабының 1-тармағы 8-1) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясын осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негізінде кері қайтарып алуға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.
Жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
3. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Оффшорлық аймақта тiркелген ұйым мәртебесi бар заңды тұлға не жарғылық капиталға қатысу үлесiн не акцияларын оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы иеленетiн және (немесе) пайдаланатын және (немесе) билiк ететiн заңды тұлға құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резидентінің құрылтайшысы бола алмайды.
Сақтандыру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде оффшорлық деп танылатын аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құқықтық мәртебесi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйым түрiнде құрылған және қоғам мүшелерi болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асыратын өзара сақтандыру қоғамының құқықтық мәртебесi, құрылу, лицензиялану, қызметiн реттеу мен тоқтату тәртібі осы Заңмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады. Жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны жабық акционерлік қоғам болуға тиiс.
3. Жабық акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына соңғы толық қаржы жылы iшiнде үнемi залалсыз жұмыс iстеген және осы кезеңде уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап кемiнде бiр жыл мерзiм өткеннен кейiн ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылуына жол берiледi.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ресми мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттік тiркеуден өтуiмен және уәкiлеттi мемлекеттік органның сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиясы болуымен айқындалады.
23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.
2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
3. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.
4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттік", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.
6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:
1) директорлар кеңесi - басқару органы;
2) басқарма - атқарушы орган;
3) iшкi аудит қызметi - бақылау органы.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлік қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi уәкiлеттi аудитордың, iшкi аудиттiң немесе актуарийдiң қорытындысы негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөніндегі заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.
16.05.03 ж. № 416-11; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастырылған кезде тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валюта ақшасымен төленуге тиiс.
2. Заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын меншікті оң капиталы болған ретте ғана сатып алады. Бұл шектеу жинақтаушы зейнетақы қорларына (зейнетақы активтері есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алатын) және инвестициялық қорларға қолданылмайды.
3. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тiркеуден өткiзген кезге дейiн толық төлеуге тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның келісімiмен ғана акцияларға бақылау жасау құқығы бар акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға, мәмiле жасау нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты заң талаптары бұзылмайтын жағдайда құқылы.
6. алып тасталды
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 26-бап өзгертілді ; 2005.23.12 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
қатысушысы
1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингі болғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру, келісімді кері қайтарып алу ережелерін, аталған келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-7-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, соның ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын;
2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі туралы, еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді;
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) өтініш берушінің жоғары органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмелерін;
2) осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді;
5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
6) ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарларын талдауды, соның ішінде өтініш берушінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру жөніндегі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын (бизнес-жоспар мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда) табыс етеді.