1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге өзінің басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзгеше түрде ықпал етуді жүзеге асыруы туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы болатын;
2) жарғылық капиталдарға қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
3) ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) алынған қарыздар есебінен сатып алу туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты қамтитын есептілікті табыс етуге тиіс.
Есептілік табыс етудің тәртібі мен оның нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы уәкілетті органға:
1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны;
2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде, аудиторлық ұйым растамаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілікке түсіндірме жазбасында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаларында мынадай ақпарат:
1) ірі қатысушының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымның қаржылық есептілігі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушы болмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қаржылық есептілік пен ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етуге тиіс.
75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы
1. Сақтандыру резервтерi бойынша мiндеттi актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есебiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және уәкiлеттi органға табыс етiлуге тиiс.
2. Мiндеттi актуарий қорытындысының мазмұнына және табыс етiлу тәртібіне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); ҚР 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 76-бап өзгертілді
76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жылдық қаржылық есептi, жылдық балансты және кiрiстер мен шығыстар туралы есептi қоса, уәкiлетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгiлеген нысан бойынша және мерзiмде, оларда келтiрiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тәуелсiз аудиторлық растаудан кейiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жылдық жиналысы жылдық балансты және қаржы-шаруашылық қызметi туралы есептi бекiткеннен кейiн жариялайды.
77-бап. Құжаттарды сақтау тәртібі және мерзiмi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген сақтандыру статистикасын қалыптастыруға, өз қызметiне байланысты құжаттардың есебiн жүргiзу мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi мен олардың сақталу мерзiмiн мемлекеттік мұражай қызметi органдарымен келiсе отырып, уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
78-бап. Уәкiлеттi органның шешiмiне шағым жасау
1. Мүдделi тұлға уәкiлеттi органның шешiмiне ол күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
2. Уәкiлеттi органның шешiмiне шағым жасау санкция қолдану туралы шешімнің орындалуын тоқтата тұруға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының