Дәйекті ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін мынадай стратегиялық мақсаттар мен басымдықтар:
әйелдердің өз мүдделерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы білдіруіне және жаңа коммуникациялық технологияларға кең жол ашу;
әйелдерді бұқаралық ақпарат құралдарында объективті және жаттандылықсыз бейнелеу іске асырылатын болады.
К. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары.
Әйелдер және бұқаралық ақпарат құралдары
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | |
5 | 6 | 7 |
| Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары |
Л. Әйелдер және қоршаған орта
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет қоршаған ортаны қорғауды, әйелдер мен адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдай жасауды өзінің мақсаты етіп қойып отыр.
Қоршаған ортаны қорғауды заңды түрде реттеу мақсатымен республикада "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы туралы", "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы", "Еңбекті қорғау туралы" заңдар жұмыс істеуде.
Қазақстандағы экологиялық ахуалға, ең алдымен, экономикадағы оның шикізаттық бағдарлануы, күрделі табиғи-климаттық жағдайлары әсер етуде.
Қазақстан аумағында экологиялық апатты - Арал өңірі аймағы бар. Семей ядролық полигонындағы және басқа әскери полигондардағы сынақтар табиғатқа зор залалын тигізді.
Қазақстанның айтарлықтай күрделі шаруашылық кешені өнеркәсіптік, тұрмыстық, улы қалдықтардың едәуір көлемі жинақталуына, атмосфера ауасының, топырақ пен су бөгендерінің ластануына ықпалын тигізді.
Өзекті проблемалардың бірі халықты сумен жабдықтаудың тапшылығы болып табылады.
Ауыз судың тапшылығы, су құбырларының тозуы ауыз суының сапасы төмендеуінің және ішек аурулары таралуының себептеріне айналды.
Қоршаған ортаның қолайсыз жай-күйі әйелдер мен балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуде, ал әлеуметтік экономикалық жағдайдың нашарлауы елдегі демографиялық ахуалға ықпал етуде. 1992-1997 жылдарда халықтың табиғи өсуі 1000 адамға шаққанда 12,1-ден 4,6-ға дейін төмендеді.
1996 жылы Экологиялық қауіпсіздік конвенциясы қабылданды. Ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-қимылдардың ұлттық жоспарының басымдығын (НПДООС/УР), ХХІ ғасырға арналған стратегияны айқындап берді.
1999 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ мен дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдіктерімен бірлесіп елді тұрақты дамытудың ықшам экологиялық бағдарламасына қол қойды.
Оны іске асыру үшін (НПДООС/УР) республикалық орталығы құрылды.
Елдегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін 26 арнаулы бағдарлама әзірленді. Оның ішінде "Ауыр металдардың техногендік биогеохимиялық провинциялар жағдайларында әйелдердің рұқтық (репродуктивтік) функциясына әсері және сауықтыру іс-шараларының жүйесін әзірлеу", "Қазақстан Республикасы су жүйелерінің эпидемиялық жарамдылығын қолдауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру" және басқа бағдарламалар бар.
Л. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары.
Әйелдер және қоршаған орта
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 | |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | |
5 | 6 | 7 |
| Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, Халықаралық ұйым- дардың гранттары мен инвестициялары Халықаралық ұйымдардың грант- тары мен инвестициялары Халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары |
М. Қыздар
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес балалар туралы қамқорлық, ата-аналардың табиғи құқығы және міндеті болып табылады. Отбасы мен балалар мемлекеттің қамқорлығында болады.
Қолданылып жүрген заңдар білім алуда, медициналық қызметті пайдалануда және өмір тіршілігінің барлық басқа салаларында қыздарға ұл балалармен тең құқықтар береді.
Қазақстанда тұратын барлық ұлыстарда қыздарға қатысты теріс ұлттық дәстүрлер іс жүзінде байқалмайды.
1993 жылы Қазақстан "Сәбидің құқықтары туралы" БҰҰ конвенциясына қосылды, оның ережелері Қазақстан Республикасының тиісті заң актілерінде бекітілген. Қазіргі кезде Қазақстанда 14 жасқа дейінгі шамада 2283 мың қыз балақайлар мен 436,8 мың жасөспірім (15-17 жас) қыз өмір сүреді. Оқу бағдарламаларының шегінде қыздарға адамгершілік-жыныстық тәрбие, жеке гигиена жөнінде сабақтар беру, салауатты өмір салтын дарыту көзделіп отыр. Алайда, бұл жұмыс барлық мектептерде бірдей жүргізілмейді.
Әдетте, қыздар ұлдарға қарағанда ыждағатты және жақсы оқиды. Алайда, 1997/98 оқу жылында ЖОО студенттерінің жалпы санында қыздар 33% қана болып отыр.
Қазақстан Республикасының заңдары қыздарға қарсы зорлық жасағаны үшін қылмысты жауаптылықты көздейді. Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша жыл сайын 2 мыңға жуық қыз зорлау мен оларға қастандық жасау әрекеттері ресми түрде тіркеледі. Іс жүзінде мұндай оқиғалар әлдеқайда көп, өйткені жәбірленгендердің бәрі бірдей құқық қорғау органдарына өтініш жасай бермейді.
М. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Қыздар
ҚР Үкіметінің 13.11.00 ж. № 1705; 19.07.02 ж. № 808 қаулыларымен тарау өзгертілді
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 2 3 4 5 6 | |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | |
5 | 6 | 7 |
| 2001 ж.екінші жартыжылдығы 2000 ж. 2000 ж. 1999 ж. 2001 ж. 2000 ж. | Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық гранттар мен инвестициялары |
Қорытынды
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары әйелдердің жағдайы жөніндегі ІV конференцияда (Пекин, 1995 ж.) айқындалған 12 басымдықты қамтиды. Бұл басымдықтар Қазақстан Республикасының Президенті Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия үшін белгілеген іс-қимылдың төрт негізгі бағыттарына топтастырылған. Бұл - әйелдердің және олардың отбасыларының денсаулығын жақсарту, елдің қоғамдық-саяси өміріне әйелдердің белсене араласуы және олардың шешімдер қабылдау деңгейіне дейін көтерілуі, экономикалық ілгерілеу және әйелдерге қатысты зорлықтың жолын кесу.
Іс-қимылдардың ұлттық жоспарының мақсаты мен міндеттеріне кезең-кезеңмен жету көзделіп отыр: І кезең (қысқа мерзімді) - 1999-2000 ж., ІІ кезең (орта мерзімді) - 2001-2005 жж. ІІІ кезең (ұзақ мерзімді) 2006-2030 жж.
Әйелдердің денсаулығы мәселелері жөніндегі негізгі мақсаттар әйелдердің рұқтық (репродуктивтік) денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау, анемия ауруын және әйелдер мен балалардың денсаулығына экологиялық құбылыстардың зиянды ықпалын төмендету, жыныс жолымен берілетін аурулардың алдын алу, т.б. болып табылады.
Әйелдерді экономикалық ілгерілету экономикалық және жер ресурстарына олардың тең жағдайда жіберілуін қамтамасыз етуді, әйел кәсіпкерлігін дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасауды, отбасы мен әйелдерді әлеуметтік қорғаудың жүйесін жетілдіруді көздейді.
Қолданылып жүрген заңдарды қайта қарау жолымен іс-қимылдардың жоспарын, сондай-ақ әйелдерді зорлықтан қорғау және зорлықтың құрбандарын сауықтыру жөніндегі пәрменді тетіктерді жасауды, зорлықтан зардап шеккен әйелдер үшін деректердің ақпараттық базасын, дағдарыстық орталықтар мен сенімгерлік телефондарын құруды және т.б. көздейді.
Әйелдердің саяси қатысуы саласында әйелдерді өкімет құрылымына ілгерілетудің пәрменді тетіктерін жасауды, гендерлік көзқарастарды, оның ішінде тең құқықтары мен мүмкіндіктер туралы заңды ескере отырып, заңдардың қолданылып жүргендерін қайта қарауды және жаңасын әзірлеуді көздейді.
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын қаржыландырудың республикалық және жергілікті бюджеттерде қарастырылған шегінде, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды, донор-елдер мен халықаралық ұйымдардың көмектерін тарту жолымен жүзеге асырылады.