Г. Әйелдерге қарсы зорлық
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның намысына қол сұғуға болмайды. Ешкім де азаптауға, зорлыққа, адамның намысын түсіретін басқа да қатыгездік немесе шабуыл әрекеттеріне ұшырауға тиісті емес.
Әркімнің өз ар-ожданын және намысын қорғауға құқығы бар. Қатыгездік пен зорлық-зомбылық салтын насихаттауға жол берілмейді.
Соған қарамастан қылмыскерлік деңгейі мен зорлық фактілері жоғары күйінде қалуда. Мәселен, 1997 жылы 97,5 мың қылмыс жасаған адам анықталды, оның ішінде 13,7 мыңы (14%-і) әйелдер.
Әйелдерге жасалатын зорлықтың ең көп тараған түрі тұрмыстық (денеге, психологиялық, жыныстық) зорлық. Бұл ретте әйелдерге қатысты зорлық фактілері толық статистикалық деректер жоқ, өйткені, мұндай әрбір оқиға құқық қорғау органдарында ресми түрде тіркеле бермейді.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, қазақстанда барлық әйелдердің 60%-тен астамы өмірінде бір рет дене тұрғысынан немесе жыныс қатынасынан зорлыққа ұшырайды. Тек 1996 жылы ғана 2026 рет зорлық тіркелген. 1995 жылы 718 адам өлтірілген, яғни өлген адамдардың әрбір төртіншісі әйел болған.
Жезөкшелік етек алып келеді, бұл негізінен әйелдерге жасалатын экономикалық зорлық (коммерциялық секс) нысанында көрінуде.
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қосылғаннан кейін ішкі істер министрлігінде әйелдерге қатысты зорлықтың көріністерімен күрес жүргізу жөнінде арнаулы бөлімше құрылды.
Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне әйелдерге қатысты жасалған қылмыс үшін жауаптылықты күшейтуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар дайындалуда.
Бұдан кейін жаңа актілерді қабылдау және қолданылып келген нормативтік құқықтық актілердің халықаралық нормаларына оларды сәйкестендіру, зорлықтың құрбаны болғандарға оларды әлеуметтік оңалту жөнінде пәрменді көмек көрсетілуін қамтамасыз ету, зорлыққа тап болған әйелдермен жұмыс істеу үшін мамандарды арнайы даярлауды және оқытуды ұйымдастыру мен басқа да шаралар қарастырылуда.
Әйелдер, жасөспірімдер мен балалар үшін әлеуметтік бейімдеу, дағдарыс орталықтарын құру көзделіп отыр.
Г. бөлімі бойынша іс-қимылдар жоспары. Әйелдерге қарсы зорлық
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекет | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар |Атқару мерзімі | |
5 | 6 | 7 |
| Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, БҰҰДБ, Халықтарды орналастыру қоры Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, БҰҰДБ Жергілікті бюджеттер, халықаралық ұйымдар қаражаты- ның шегінде Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Республикалық және жергілік- ті бюджеттер қаражаты шегін- де, БҰҰДБ, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдардың грант- тары мен инвестициялары |
| | |
Д. Әйелдер мен қарулы жанжалдар
Қазақстан Республикасы өмірінің негіз боларлық принциптері қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық болып табылады. Конституцияға сәйкес, ұлтаралық келісімді бұзатын кез келген әрекет Конституцияға жат саналады. Қазақстан ядросыз мемлекеттердің қатарына жатады және көршілес елдермен бейбіт қатар өмір сүру, басқа мемлекеттермен өзара тиімді жағдайларда интеграцияға түсу, келісім актілеріне басымдық беру және басқа мемлекеттердің ісіне араласпау саясатын жүргізіп отыр.
Соған қарамастан, басқа мемлекеттердегі қарулы жанжалдардың салдарынан Қазақстанда босқындар проблемасы пайда болды.
Босқындардың құқықтық жағдайы, босқындар мәртебесін алудың тәртібі мен ережелері "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы заңымен айқындалған. Соңғысында халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайлардан басқасында, босқындарды елден олардың келген жеріне қайтаруға немесе мәжбүрлі түрде апарып тастауға тыйым салынады.
1998 жылдың желтоқсанында Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы Конвенциясына және босқындардың мәртебесіне қатысты 1967 жылғы оған қосымша хаттамаға қосылды.
Қазіргі кезде "Босқындар туралы" заңның жобасы әзірленді, ол БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының (БҰҰ БІЖКБ) құқықтық сараптамасынан өткен.
Республиканың көші-қон қызметтеріне өздерін босқындар деп тану жөнінде 536 отбасы (1025 адам) өтінім жасады. 161 отбасына (440 адамға) босқындық мәртебесі берілді.
Қазақстанға босқындардан басқа репатриант-босқындар (оралмандар) келіп жатыр. Бұлар бір кезде Қазақстаннан саяси, ұлттық, діни және басқа себептер бойынша қудалаудың салдарынан зорлықпен немесе құқыққа жат шаралармен аласталған қазақтар, қазір олар өздерінің тарихи отанына қайтып оралуда.
Репатриант босқындар әскери қимылдар болып жатқан аймақтар - Тәжікстан мен Ауғанстаннан келіп жатыр. 1991 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде 3560 отбасы (16,1 мың адам) келді. Репатриант босқындардың жағдайлары өте күрделі. Олардың арасында сауатсыздар көп. Іс жүзінде бәрі дерлік ұлтаралық қатынас тілін (орыс тілін) білмейді. Репатриант босқындардың көпшілік бөлігінің мамандықтары және тіршілік ету мүмкіндіктері жоқ. Әсіресе, әйелдер ауыр жағдайда қалып отыр.
Репатриант-босқындардың және басқа қоныс аударушылардың проблемаларын шешу үшін Қазақстанда көші-қон процестерін басқару жөнінде өкілеттік берілген - Көші-қон және демография жөніндегі агенттік құрылды.
Д. бөлімі бойынша іс-шаралар жоспары. Әйелдер және қарулы жанжалдар
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 | |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | |
5 | 6 | 7 |
| Жергілікті бюджеттер, БҰҰ УВКБ, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымдар, қаража- тының шегінде Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдар қаража- тының шегінде |
Е. Әйелдер және экономика
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, ережелер мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін.
Әркімнің қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына, еңбегі үшін әлдеқандай кемсітушіліксіз сыйақы алуға, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. Әркім еркін кәсіпкерлік қызметке құқылы.
Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті жеке иеленуге құқығы бар, оның ішінде мұраға қалдыру құқығына заңмен кепілдік берілген. Соттың шешімі болмайынша ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды.
Қазақстанның экономикалық белсенді халқы 7,5 миллион адамға жуықтайды. Жұмыс істеушілердің жалпы санында әйелдердің үлес салмағы 46%. Әйелдердің неғұрлым көп бөлігі денсаулық сақтауда, дене шынықтыруда, әлеуметтік қамсыздандыруда - жалпы жұмыс істеушілер санының 82%-і, білім беруде - 77%, қоғамдық тамақтану мен ақпараттық-есептеу қызметінде - 76%, мәдениетте - 70%, саудада - 3%, "қаржы-несие және сақтандыру" саласында 66% болып отыр. Әйелдер өнеркәсіптің тоқыма, тігін, тамақ және электроника салаларында да көп.
Экономиканы қайта құрылымдау жеке меншік секторында, шағын және орта бизнесте, өндірістік емес қызмет көрсету саласында әйелдердің үлесін көтеруге себеп болды. 1997 жылы тұрмыстық қызмет көрсету саласында 11,6 мың (56,5%), шағын бизнесте - 76 мыңға жуық (38%) әйел жұмыс істеді.
1998 жылдың аяғында республикада 156,4 мың жұмыссыз әйел ресми түрде тіркелді, мұның өзі жұмыссыздардың 62 %-ін құрайды.
Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған әйелдердің арасынан небәрі әрбір 6-шы әйел ғана жұмысқа ие болды. Жұмыс берушілер мұны әйелдердің еңбек рыногында бәсекелестікке қабілетінің төмендігімен түсіндіреді. Жұмыстан босатылғандардың арасында едәуір бөлігін он жылдан астам жұмыс стажы, жоғары және арнаулы орта білімі бар әйелдер құрайды.
Жұмыс күшіне деген сұраныстың түсіп кетуіне байланысты 45-тен жасы асқан жоғары және арнаулы орта білімі бар әйелдер өз мамандықтары бойынша жұмыс табу үмітінен айрылған.
Жұмыссыздар ретінде танылған әйелдердің жартысына жуығының асырауында жас балалар бар, олардың арасында мүгедек балаларды асырап отырған аналар 5%-ті құрайды.
Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы еркектерге қарағанда едәуір жоғары, 6,1 айға жуықтайды. Ұзақ уақыт жұмыссыз жүрген әйелдер жігі пайда болуда.
Қазіргі уақытта әйелдер экономиканың тіркелмейтін секторынан жұмысты тезірек тауып жүр. Көптеген әйелдер үшін "шоп-турлар" бірден бір кіріс көзі болып табылады. Мұның өзі отбасылық бюджеттің жартысынан астамын құрайды.
Халықтың өзін өзі жұмыспен қамтуы, отбасылық және жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Үкімет Қазақстан Республикасында неғұрлым аз қамтылған азаматтарға шағын несиелер берудің 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруда.
Бағдарламаны іске асыру үшін "Шағын несие" үкіметтік емес ұйымы құрылды. Шағын несиенің мөлшері 1 адамға 400 АҚШ долларын құрайды. Шағын несиелерді берген кезде аз қамтылған әйелдерге басымдық беріледі. "Шағын несие" ҒӨБ барлығы жалпы сомасы 510 миллион теңгенің шағын несиесін берді. Алғандардың арасында 63%-і әйелдер.
Шағын несиелерді берумен, сондай-ақ аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы ұлттық қор да айналысады. Ол 3,4 миллион теңге сомасында 8,7 мың шағын несиені таратты.
Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымдардың қызметімен қатар шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі халықаралық ұйымдардың бағдарламалары іске асырылуда. Олар берген несиелердің үлесі жалпы несиенің 15 %-ін құрайды.
1998 жылы барлығы 29 мыңға жуық шағын несие берілді, мұның әлі де жеткіліксіз екендігі аян, жұмыспен қамтылмаған халықтың саны сарапшылардың бағалауынша қазір 1 млн. адамнан асады.
Е. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдер және экономика
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі |
7 _____________________________ Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, БҰҰДБ (келісім бойынша), халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық әйелдер банкі (келісім бойынша), БҰҰДБ (келісім бойынша), халық- аралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде Шағын бизнесті қолдау қоры, аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі жалпыұлттық қор, Еуропалық Қайта жаңарту және Даму Банкі Халықаралық гранттар мен инвестициялар |
Ж. Әйелдер өкімет құрылымдарында
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтар жынысына қарамастан, мемлекеттік істерді басқаруға тікелей және өздерінің өкілдіктері арқылы қатысуға құқылы деп жазылған.
Еркектер мен әйелдерге мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға тең құқықтар берілген. Заңдарда әйелдер үшін мемлекеттік қызметке қол жеткізуіне ешқандай шектеулер жоқ.
Сайлау заңдарында да Президентке, Парламенттің, мәслихаттардың және жергілікті өзін өзі басқару органдарының депутаттарына кандидаттарды ұсынған кезде барлық азаматтардың теңдігі көзделген.
Іс жүзінде дәлелденіп отырғанындай, саясатпен айналысатын және жоғары және жергілікті заң шығарушы және атқарушы өкімет органдарында, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерде басшылық лауазымдарда істейтін әйелдер саяси басымдықтарды қайта қарауға өз үлестерін қосып отыр, перспективалық және ағымдағы мемлекеттік жоспарларға өзіндік ерекшелігі бар әйел проблемаларын көрсететін мәселелерді енгізуге қол жеткізуде.
Соңғы 2-3 жылда басшылық лауазымдардағы әйелдердің өкілдігі ұлғайды, Парламентте 114 депутаттың - 15-і әйелдер, олардың ішінде 3 әйел - негізгі тұрақты комитеттер - Сенаттың Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі, Сенат пен Мәжілістің Заң және сот-құқық реформасы жөніндегі комитеттерінің төрағалары.