Үкіметке әйелдер мынадай тұрғыда көрінеді: 2 министр, 4 мемлекеттік комитет пен агенттіктің басшылары, 10 вице-министр, комитеттер мен агенттіктер төрағаларының орынбасары.
5 әйел облыс әкімдерінің орынбасары, 2 әйел елші болып табылады. Қазақстан Республикасының Ғылым академиясын әйел басқарады. 74,5 мың қызметші әйел экономиканың әртүрлі салаларында басшы лауазымдар атқарады. Қазіргі кезде елде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 13 Өкімін іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметке кіруге ықылас білдірген азаматтарды құжаттар конкурсынан өткізу және сынақтау жолымен конкурстық іріктеу жүргізілуде.
Өткізілген конкурсқа қатысуға өтінім берген азаматтардың құжаттарын конкурстық реттеудің нәтижесі бойынша мемлекеттік органдар мәлімдеген 61 орынға 229 қатысушы жіберілді, олардың ішінде 115-і әйелдер болды.
Кәсіподақтарда, елдің қоғамдық және саяси өмірінің проблемаларымен айналысатын қоғамдық бірлестіктерде басшы лауазымдағы әйелдердің саны едәуір көбейді.
Соған қарамастан саяси шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесі әзірше еркектердің құзыры (прерогатива) болып қалуда. Қызметкерлерінің басым көпшілігін әйелдер құрап отырғанына қарамастан, білім беру, өнер, мәдениет, бұқаралық ақпарат сияқты салалардағы басшы лауазымдарда олар аз.
Ж.бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдер өкімет құрылымдарында
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекет | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | |
5 | 6 | 7 |
| Халықаралық ұйымдардың грант- тары мен инвестициялары Бөлінген бюджеттік қаражат шегінде, халықаралық ұйымдар- дың гранттары мен инвестиция- лары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары |
З. Әйелдерді ілгерілетудің ұстындық (институционалдық) тетіктері
Отбасының мүдделерін қорғау, елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне әйелдердің атсалысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Отбасы, әйелдер және демография саясатының проблемалары жөніндегі кеңес жұмыс істеп келген болатын.
Ұлттық комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының министрі болып табылады. Ұлттық комиссияның құрамына мемлекеттік қайраткерлер, ғылыми және мәдени жұртшылықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, барлығы 28 адам кірді. Мұндай комиссиялар облыстар, Астана және Алматы ққ. әкімдерінің жанында да құрылды. Оларды әкімдердің орынбасарлары басқарады.
Ұлттық комиссияға, "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді даму стратегиясы мақсатындағы аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды айқындау және ұсынымдар әзірлеу, отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты мемлекеттік саясаттың тұғырнамасы мен баяндамасын әзірлеуге қатысу, осы салаға қатысты заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау және қарау, және т.б. міндеттер жүктеледі.
Ұлттық комиссия қызметінің басымдығы ретінде әйелдердің саясатқа, өкімет органдарына, экономикаға араласуы, оларды жұмыспен қамту, отбасы проблемалары және зорлықтан қорғау белгіленген.
Осы басымдықтарды атқару үшін халықаралық ұйымдардың бірлесіп, әйелдердің мәслихаттар мен Қазақстан Республикасының Парламенті сайлауларына белсенді қатысуы үшін сайлау технологияларын зерделеу жөнінде бірқатар семинарлар өткізді.
БҰҰДБ-мен бірлесіп гендерлік статистика жөнінде аймақтық семинар өткізілді. Статистика жөніндегі агенттіктің жоспарларында оларды таяу уақытта енгізу көзделіп отыр.
Қолданылып жүрген заңдарға гендерлік сараптама жасалуда. БҰҰ, ЕҚЫҰ қатысуымен тең құқықтар мен мүмкіндіктер туралы заңның жобасы әзірленіп жатыр.
З. бөлімі іс-шаралардың жоспары.
Әйелдерді ілгерілетудің ұстындық (институционалдық) тетіктері
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
| Заңның жобасы Гендерлік инди- каторларды пайда- лану Төрағаның бұйрығы Анықтамалық Парламент Мәжілісінің қаулысы Заңның жобасы Заңның жобасы |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | |
5 | 6 | 7 |
| Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде |
И. Әйел құқығы - адам құқығы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның құқықтары әркімге туғанынан тиесілі, таласы жоқ және шеттетуге болмайды деп саналады. Ешкім шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүлік жағдайлары, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге деген көзқарасы, нанымдары, тұрған жері бойынша немесе кез келген өзгеше жағдаяттар бойынша әлдеқандай кемсітушілікке ұшырауға тиісті емес.
Бұл құқықтардың жүзеге асырылуы білім алуда және кәсіби даярлықта, қоғамдық-саяси және мәдени қызметте әйелдерге еркектермен тең мүмкіндіктер берілуімен, сондай-ақ әйелдердің еңбегі мен денсаулығын қорғау жөніндегі арнаулы шаралармен; еңбекті ана болумен қатар атқаруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасаумен, құқықтық қорғаумен, отбасын және әке болуды, ана мен баланы материалдық және моральдық қорғаумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы еркектер мен әйелдердің некелік одағының еріктілік принципін, отбасында жұбайлардың теңдігін бекітеді.
Жұбайлар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттілікте болады. Некедегі кезінде жұбайлар жинаған мүлік олардың ортақ игілігі болып табылады. Әйелдің балалар үшін олар 16 (18) жасқа жеткенге дейін алимент (асырау пұлы) алуға құқығы бар және т.б.
Қазақстанда әйелдердің еңбекке, оның ақысын алуға, демалуға және әлеуметтік қамтамасыз етілуге тең құқығы бар.
Әйелдердің еңбегіне Қазақстан КСР-ның Еңбек туралы заңдар кодексінің арнайы тарауы арналған. Онда жұмысқа қабылдаған кезде кепілдіктер беру және жүкті әйелдерді және балалары бар әйелдерді жұмыстан босатуға тыйым салу, үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беру; әйелдердің сондай-ақ жерасты жұмыстарында пайдалануға тыйым салу және т.б. көзделген.
Жұмыссыздық, жалпы тіршілік деңгейінің төмендеуі жағдайларында әйелдердің бір бөлігі бұл құқықтар мен шектеулерді кемсітушілік ретінде қабылдап отыр, өйткені бұл олардың еңбекке жайғасуына бөгет жасауы мүмкін.
Қолданылып жүрген заңдарда әйелдердің құқығын қорғаудың қылмыстық-құқықтық шаралары бекітілген. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі қылмыстық кодексіне алғаш рет "Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс" деген жаңа тарау енгізілді.
Балаларды немесе еңбекке қабілетсіз ата-аналарды күтуге, еңбекке қабілетсіз зайыбын (ерін) күтуге, балаларының өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, т.б. жөніндегі міндеттерін тиісті дәрежеде атқаруға қаражат бөлуден әдейі бас тартушылар үшін жауаптылық қарастырылған.
Қылмыстық кодексте әйелдерге қатысты жаза қолдануда шек қойылған. Жүкті әйелдерге, сегіз жасқа жетпеген балалары бар, сондай-ақ елу жасқа жеткен әйелдерге бас бостандығын шектеу қолданылмайды. Жүкті, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қамауға алу қолданылмайды. Әйелдерге өмірлік бас бостандығынан айыру да белгіленбейді.
1998 жылғы 29 маусымда Қазақстан Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қосылды. 1995 жылғы 26 мамырда ТМД шеңберінде Қазақстан Республикасы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы конвенцияға қосылды, онда әйелдерге қатысты өлім жазасын қолданбау туралы нысан бекітілген. Адам құқықтары бойынша Қазақстан 20-дан астам халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылған.
Бұдан әрі әйелдердің саяси құқықтары туралы, аналарды қорғау, күйеуі бар әйелдердің азаматтығы туралы, некеге отыруға келісім беру, некелік жас және некені тіркеу және отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты және басқа конвенцияларға Қазақстанның қосылуы туралы мәселені қарау көзделіп отыр.
Алайда, Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған азамат құқықтарының көпшілігі нақты мемлекеттік кепілдіктермен, ең алдымен соттың қорғауымен, олардың бұзылғандығы үшін жауаптылықпен бекітілмеген. Әйелдерге қарсы зорлық фактілері, еңбек қатынастарындағы, қызметі бойынша жылжудағы және т.б. теңсіздік көріністері қоғамның қатты алаңдаушылығын туғызып отыр.
Қалыптасқан ахуалды өзгерту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 1997 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсартудың мемлекеттік саясаты конвенциясын мақұлдады. Ол әйелдерге қатысты мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясы мен басым бағыттарын айқындайды.
И. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйел құқығы - адам құқығы
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | |
5 | 6 | 7 |
| 2000 ж. және әрі қарай 2000 ж. | Халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегінде |
| Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегінде |
К. Әйелдер мен бұқаралық ақпарат құралдары
Соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында әйелдерге қатысты көптеген бағдарламалар пайда болды. Соған қарамастан, ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жүзеге асыруды талап ететін бірқатар проблемалар бар.
Гендерлік проблематикаға лайықты көңіл бөлінбей келеді.
Әйелдерге қатысты зорлықтың көріністері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы адамгершіліктік намысты түсіретін баспалық және көрсетпелік өнімдік әйелдердің әлеуметтік мәртебесіне, әйелдің, әсіресе өскелең ұрпақтың лайықты бейнесін қалыптастыруға кері әсерін тигізеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары әйелдің байыпты бейнесін қалыптастыруға, оны жасампаз тұлға, елдің дамуындағы қоғамдық процестің белсенді құрылысшысы ретінде көрсетуі тиіс.