Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық
іс-қимылдар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
19 шілдедегі № 999 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 13.11.00 ж. № 1705;
19.07.02 ж. № 808 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 9 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстанда әйелдердің жағдайын жақсарту, әйелдердің жағдайы жөніндегі IV Бүкіл дүниежүзілік конференцияның (Пекин, 1995 ж.) іс-қимылдар тұғырнамасын іске асыру мақсатында:
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын белгіленген тәртіппен Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдердің жағдайы жөніндегі комиссиясына жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі
№ 999 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі
іс-қимылдардың ұлттық жоспары
Кіріспе
Қазақстан Республикасы - өзінің негізгі мақсат-мұраты қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, мемлекет өміріндегі толғақты мәселелерді демократиялық жолмен шешу деп жариялаған, жас, егемен мемлекет.
Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты Қазақстан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде Үкімет қабылдаған шаралар ойдағыдай нәтижелер бермеді.
Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім азайды, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі кеміді, жұмыссыздық ұлғайды, халықта баланың тууы азайып, өлім көбейіп кетті, көші-қон құбылысы үдей түсті, соның салдарынан республика тұрғындарының саны кеміді.
Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін "Қазақстан 2030" ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы қабылданды. Ұзақ мерзімді басымдықтар ретінде мыналар айқындалады:
шетелдік инвестициялардың және ішкі қорлардың жоғары деңгейімен қатар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу,
Қазақстанның экономикалық ресурстарын тиімді пайдалану;
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
осы заманғы инфрақұрылымды дамыту және басқалар.
1999 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 8038 мың әйел болды, бұл халықтың жалпы санының 51,4 процентін құрайды. Әйелдердің еңбекке қабілетті жасқа дейінгісі - 29,8%, еңбекке жарамды жастағысы 53,7%, еңбекке жарамды жастан асқаны - 16,5%. Әйелдердің 56%-і қалалар мен қала төңірегінде тұрады. 1997 жылы әйелдердің орташа өмір сүруінің ұзақтығы 70,2 жыл болды, бұл еркектерге қарағанда 11,2 жыл ұзақ (59 жыл). Ұлттық іс-қимылдар жоспарын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы мен әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия БҰҰ ұсынған нұсқаға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың және халықаралық ұйымдардың қатысуымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жасады.
Стратегиялық мақсат - "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі мен ролін арттыру және әйелдердің жағдайын жақсарту үшін мүмкіндіктер жасау және пәрменді тетіктер дайындау.
А. Әйелдер және кедейлік
Нарыққа көшу, өндірістің құлдырауы, бүкіл шаруашылықты жүргізу жүйесінің қайта құрылымдалуы, адамдардың кәсіпкерлік тәжірибесі және бастапқы капиталы болмауы, әлеуметтік кепілдіктер жүйесінің өзгеруі республика халқының едәуір бөлігінің тіршілік дәрежесі төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Салық түсімдері есебінен өмір сүріп келген және, көбінесе, кәсіпорындардың меншігі болып табылатын бүкіл әлеуметтік сала аса қиын қаржы тапшылығына ұшырады.
Ең алдымен, көп балалы аналар мен асыраушысынан айрылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектердің үлкен бөлігі, жұмыссыздар, сондай-ақ жалақысын дер кезінде алмайтын қызметкерлер, еңбегіне ақы аз төленетін бюджеттік ұйымдардың өкілдері, жұмысқа қабілетсіз жастар кедейлердің арасына тап болды. Бұл ретте қалалықтарға қарағанда, ауыл халқы кедейірек тұрады.
Халықтың кірісінің негізгі көзі жалақы болып отыр.
Орташа айлық жалақы 1998 жылы 9682 теңгені (124 АҚШ долларын) құрады. Әйел еңбегі басым секторларда (білім беру, денсаулық сақтау, қызмет көрсету салаларында) республикадағы ресми орташа жалақыдан үштен бір еседен астам төмен. Күнкөрістің ең азы айына 3,3 мың теңге жағдайында, ел бойынша орташа алғанда жан басына шаққандағы ақшалай табыс айына 3 мың теңгеге жуық қана болды. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін Үкімет белгілі дәрежеде шаралар қолдануда. Мәселен, 1999 жылға дейін балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек жәрдемақылардың мынадай бес түрі бойынша көрсетіліп келді:
бірыңғай;
7 жасқа дейінгі төрт және одан көп баласы бар, жұмыс істемейтін, көпбалалы аналарға;
адамның шалдыққан иммунтапшылығы вирусын жұқтырған балаларға немесе СПИД-пен ауыратындарға;
қысқа мерзімді әскери қызметшілердің балаларына;
үйде тәрбиеленетін және оқу оқитын, мүгедек балаларға.
Бұл ретте бірыңғай жәрдемақы аз қамтылған отбасыларына ғана тағайындалып келді, жәрдемақылардың қалған бөлігі халықтың неғұрлым әлеуметтік-осал санаттарына олардың кірістеріне қарамастан беріліп отырды.
1998 жылы балаларға арналған жәрдемақыны жан басына шаққандағы орташа айлық жиынтық кірісі екі есептік көрсеткіштен аспаған отбасылары алды. Бұл көрсеткіш зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін пайдаланылады және жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда бекітіліп отырады. Өткен жылы оның мөлшері 645 теңгені (8,2 АҚШ долларын) құрады. Бірыңғай жәрдемақымен 923,2 мың бала қамтылып, жәрдемақының барлық түрлерін алатындардың 98%-ін құрады.
Одан басқа, тұрғын үй жәрдемақылары тұрғын үйді ұстаудың және коммуналдық қызметтерді тұтынудың ақысына жұмсаған шығындары іс жүзінде жиынтық жүзінде жиынтық табысының 30 процентінен асып кеткен, аз қамтылған отбасыларына төленді.
1999 жылдан бастап жәрдемақылар атаулы көмекпен ауыстырылды, ол балалы отбасыларына, адамның тууы мен өлуі жағдайларында, сондай-ақ тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін берілетін болады.
Әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру үшін де, жұмсау үшін де жауаптылықта болатын жергілікті атқарушы өкімет органдары әкімшілер ретінде әрекет етеді. Отбасының атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждылық шегінің мөлшері әкімдердің шешімдерімен айқындалады.
Қазақстанда кедейлікті азайту үшін айқындаушы кезең жұмыс орындары жасалуын және жалақы ұлғайтылуын қамтамасыз ететін ауқымды да тұрақты өркендеу болуы тиіс.
Халықтың кірісі саясатында негізгі міндет еңбекке ақы төлеу, оның ішінде жалақының ең аз мөлшерін күнкөрістің ең аз мөлшеріне дейін біртіндеп жеткізу, барлық ақшалай кірістердің жариялылығын ынталандыру және мемлекеттік мекемелер қызметшілердің еңбегіне ақы төлеудің жалпы деңгейін көтеру жолымен оны ұлғайту болып табылады. Әлдеқандай себептермен жұмыс таба алмай жүрген еңбекке жарамды тұрғындар шағын несиемен кеңінен қамтылатын болады.
А. бөлімі бойынша іс-шаралар жоспары. Әйелдер мен кедейлік
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 | |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | |
5 | 6 | 7 |
Еңбекәлеуметмин, ІІМ, Отба- сы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия КДА, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, облыстардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері Еңбекәлеуметмин, облыстар- дың, Астана және Алматы ққ. әкімдері Облыстардың, Астана және Алматы ққ. әкімдері Облыстардың, Астана және Алматы ққ. әкімдері, ІІМ, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, Еңбекәлеуметмин, ІІМ, Денбілімспортмин | 2005 ж. 2005 ж. 1999 ж. 2005 ж. 2005 ж. 2002 ж. | Жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Халықаралық ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар |
Б. Әйелдердің білімі және оларды оқыту
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, барлық азаматтарға, олардың жынысына қарамастан, мемлекеттік оқу орындарында орта білім алуына кепілдік беріледі. Қазақстан азаматтарының конкурстық негізде мемлекеттік оқу орындарында жоғары білім алуға құқығы бар. Білім беру мемлекеттің бақылауында болады, мемлекет оның міндетті стандарттарын белгілеп отырады.
Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес барлық азаматтарға, олардың жынысына қарамастан, мемлекеттік оқу орындарында міндетті орта білім алу қамтамасыз етіледі. Қазақстанның азаматтарының конкурстық негізде мемлекеттік оқу орындарында тегін жоғары білім алуға мемлекет құқығы бар. Білім беру мемлекеттің бақылауында болады, мемлекет оның міндетті стандарттарын белгілеп отырады.
Қазақстанда білімді әйелдер еркектерден көбірек. Жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандардың арасында олар 62%-ті құрайды.
Білім беру жүйесінде жұмыс істейтін әйелдердің зиялылық өресі жоғары (77%). Соған қарамастан, 16 облыстық және қалалық оқу басқармалары бастықтарының арасында 7 ғана әйел бар (44%). Жоғары оқу орындарындағы басшылардың арасында әйелдердің проценті өте төмен. 51 мемлекеттік жоғары оқу орнының арасында екеуінің ғана ректоры әйел (4%).
Жоғары білімді мемлекеттік білім гранттары немесе несиелері арқылы да алуға болады. Бұл жағдайда ең алдымен кедей отбасыларының балалары мен ауылды жерлерде оқығандар қиыншылық көруде. Аз қамтылған отбасыларында қыздардың білім алуына жете көңіл бөлінбейді.
Балабақшаларда сәбилерді ұстаудың ақысы көтеріле түсуде. 1991 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі балалар торабы 80%-ке дерлік қысқарды.
Білім беру саласындағы негізгі міндеттер: қаржылық ресурстарды, әсіресе ауылдық мектептер үшін үнемді пайдалану, дәріс берудің әдістемелерін жетілдіру, аз қамтылған отбасылары балаларының білім алуына жол берілуін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлу, мүгедек балаларды кәдімгі мектептерге тарту болып табылады.
Б. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары.
Әйелдердің білімі және оларды оқыту
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекет | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | |
5 | 6 | 7 |
| Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялар Жергілікті бюджеттер, халықаралық ұйымдар қаражат- тарының шегінде Жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде |
В. Әйелдер және денсаулық
"Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді даму стратегиясында азаматтардың денсаулығы, білім мен игілігі негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
Халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 1998 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Жарлығы қабылданды. Сондай-ақ Президенттің 1998 жылғы 16 наурыздағы Жарлығымен, ананың денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау бала тамағы, респираторлық індеттер (пневмония) мен балалардың диарей ауруларының және басқалардың алдын алу және емдеу бөлімдерін қамтитын "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Республикада аналар және перинаталь өлімдерін азайту жөніндегі бағдарлама, Рұқтық (репродуктивтік) денсаулықты сақтау жөніндегі ұлттық бағдарлама, СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу жөніндегі 1996-2000 жылдарға арналған ұлттық іс-қимылдар бағдарламасы, жыныс жолымен берілетін аурулардың алдын алу және оны бақылау жөніндегі 1996-2000 жылдарға арналған бағдарлама, т.б. жұмыс істеуде. Ұлттық генетикалық тіркелім әзірленді және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі бағдарлама жасалуда.
Соған қарамастан әйелдер денсаулығының индексі небәрі 30%-ті құрайды, ал жекелеген облыстарда (Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан) 20%-тен де төмен.
Аналар мен сәбилер өлімінің, түсік тастау мен жыныс қатынастары арқылы ауысатын аурулардың деңгейі жоғары болып отыр. Рұқтық денсаулық жөніндегі қызметтерге, әсіресе ауыл тұрғындарының жаппай қолын жеткізу қамтамасыз етілген жоқ.
Ана өлімі көбейіп кетті. 1998 жылы ол тірі бала туған әрбір 100 мың анаға 77,5-тен келді. Әсіресе Шығыс Қазақстан облысында жағдай қолайсыз, бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,6 есе асқынған және 123,6-ға жеткен, Қостанай мен Ақтөбе облыстарында - 1.57 есе (122), Астана қаласында - 1.48 есе (115), Павлодар облысында 1.36 (105.5).
Жүкті әйелдердің жартысынан астамы анемиямен ауырады, Оңтүстік Қазақстан облысында осы ауруға болашақ аналардың 76%-і, Астана қаласында 63% - шалдыққан.
Іштен аномалиямен туған балалардың саны көбейіп келеді. 1998 жылы олар 3371 болды. Әйелдерді контрацептивтермен қамту баяу.
1998 жылы оларды 1,5 млн. әйел, яғни фертильдік жастағы әйелдердің 41%-і ғана қолданды.
Әйелдердің денсаулығын қорғау стратегиясы халықтың аналар тобы үшін рұқтық (репродуктивтік) денсаулықтың стандарттарын әзірлеуді, қауіпсіз аналық әдістемелерін енгізуді, халықты осы заманғы контрацевтивтермен қамтамасыз етуді, аймақтардың ерекшеліктерін және халықтың әртүрлі топтарының рұқтық (репродуктивтік) әдет-ғұрпын ескере отырып, отбасын жоспарлау саласында ғылыми-әлеуметтік зерттеулер жүргізуді көздейді.
Репродуктивті денсаулықты қорғау мақсатында әйелдерге жүктілік және босану жөнінде біржолғы жәрдемақылар төленеді. Қазіргі кезде бұл жәрдемақыларды төлеу ата-аналардың өздеріне жүктелген. Бұл ретте жәрдемақылардың мөлшері орташа айлық жалақының есебінен айқындалады, бірақ 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспауы тиіс.
Бала туған кезде аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік жәрдем жасалатын болады, оның мөлшері жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне қарай анықталады.
Республикада әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, экологиялық репродуктология мәселелері, жыныс жолымен берілетін ауруларды емдеудің, диагноз жасау мен алдын алу, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде елеулі ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
БҰҰ Халықтардың орналасу қорымен бірге Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында халықтың рұқтық (репродуктивтік) әдет-ғұрыптары мен денсаулығы бойынша әлеуметтік-әдістемелік зерттеулер жүргізілді. Мұндай зерттеулер бүкіл Қазақстан бойынша жүргізіліп жатыр.
1999 жылы балалары жоқ жұбайлар жұптарына жәрдемдесу үшін экстракорпоральдық ұрықтандыру лабораториясын ашу жоспарланып отыр.
Репродуктивті денсаулықты қорғаумен жекелеген үкіметтік емес әйелдер ұйымдары да шұғылданады, олардың саны Қазақстанда 30-ға жуықтайды.
Бұдан әрі әйелдердің денсаулығына қатысты қабылданған барлық бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жалғаса бермек.
В. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдер және денсаулық
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекет | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Орындау мерзім | Қаржыландыру көздері |
5 | 6 | 7 |
| Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты шегін- де, ДДҰ, халықаралық ұйымдар- дың гранттары мен инвестиция- лары ДДҰ, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары БҰҰ Халықтарды орналастыру қоры, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары БҰҰ Халықтарды орналастыру қоры, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Жергілікті бюджеттер қаража- тының шегінде Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегін- де, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары |
| 2000 ж. 2000 ж. 2000 ж. 2005 ж. 2000 ж. | Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегін- де, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегін- де, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегін- де, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегін- де, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының шегін- де, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары |