12) заңдарда көзделген жағдайларда белгiлi тұрғылықты орны, құжаттары жоқ адамдарды олардың жеке басын куәландыру және кейiннен тиiстi органдар мен мекемелерге (көшi-қон, медицина, әлеуметтiк және өзге де) беру мақсатында прокурордың санкциясымен отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауға және қабылдау-бөлу орындарында отырғызуға;
13) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мастық күйде жүрген не айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн, ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды - олармен бiрге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медицина мекемелерiне не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткізуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға;
14) заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық iс жүргiзу әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, оларды жүргiзуге мамандарды тартуға, дерек мәлiметтердi жинау және зерттеу үшiн ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтер, сондай-ақ адамдардың жеке өмiрi, жеке басы мен отбасының құпиясы туралы мәлiметтер жария етiлуге тиiс емес;
15) қамауға алынған, қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған, қылмыс жасады деп айып тағылған, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды, олардың жеке басын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, тiркеуге, фотосуретке түсiруге, дыбысын жазуға, кино және бейнекөрiнiске түсiруге, дактилоскопия жасауға;
16) құқық тәртібін қорғау жөніндегі мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және ескерту арқылы ықпал жасалуға тиiс адамдарды, әкiмшiлiк құқық бұзған және оларды қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құрауға және пайдалануға, есепте тұратын адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
17) әкiмшiлiк құқық бұзу iстерi жөнiнде алдын ала тергеу, анықтама және iс жүргiзу барысында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзуге;
18) адамдардың iшiмдiк, есiрткi және психотроптық заттарды қолданғандығын белгiленген тәртiппен куәландыруға немесе оны жүргiзу үшiн оларды медициналық мекемелерге жiберуге не жеткізуге;
19) құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуға келісім білдірген азаматтармен жария және жария емес негізде ынтымақтастық орнатуға;
20) кiдiртуге болмайтын жағдайларда қызмет мақсатында, қай жерде орналасқанына және кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан халықаралық және қалааралық сөйлесуге кеткен шығыстарды өтей отырып, байланыс құралдарын пайдалануға;
21) өзге мүмкiндiктер болмағанда меншiк нысанына қарамастан (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) жазатайым оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару және жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткізу үшiн, сондай-ақ кiдiртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелерiне залал келтiрiлген жағдайда оны өтей отырып, көлiк құралдарын пайдалануға;
22) iшкi iстер органдарының қызметiн жария ету, қылмыстың мән-жайын, сондай-ақ оны жасаған адамдарды анықтау үшiн, тергеуден, анықтама алудан және соттан бой тасалап жүрген адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру үшiн қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету барысында пайда болған өзге де жағдайларда мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн тегiн пайдалануға;
23) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды бақылау жөніндегі заңда көзделген шараларды қолдануға, ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында және олардың маңындағы аумақтарда режимдік талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; Ішкі істер министрі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларына ерекше жағдайлар режимін енгізуге;
24) азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыс жасаған, әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдардың iзiне түскен кезде не ол жерде қылмыс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болса, сондай-ақ дүлей апаттар, күйреулер, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн азаматтардың тұрғын және басқа жайларына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, аумаққа және үй-жайларға (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге және оларды тексеруге хақылы. Азаматтарға тиесiлi тұрғын және басқа жайларға басып кiрген жағдайлар жайында осыған уәкiлдiк берiлген iшкi iстер органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етуге;
25) азаматтардың жекелеген учаскелер мен аумақтарға кiруiн шектеуге немесе оған тыйым салуға қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел iздестiру шаралары мен тергеу iс-әрекетiн жүргiзген кезде оларды белгiлi бiр орынды босатуға мiндеттеуге;
26) жергiлiктi атқарушы немесе басқа өкiлеттi мемлекеттік орган өкiлiнiң ұйғаруымен, жиналысты, митингтi, демонстрацияны, шерудi, пикеттi, оның ұйымдастырушылары аталған шараларды өткізу тәртібі туралы заң талаптарын сақтамаған жағдайда, тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
27) қамаудан қашқан адамдарды iздестiруге байланысты шараларды жүргiзген кезде өздiгiнен бақылау-өткізу пункттерiн орнатуға;
28) карантиндiк шаралар жүргiзiлген кезде, сондай-ақ құрамында есiрткi бар жабайы өсiмдiктер жаппай өсетiн, балықтың құнды тұқымдарының уылдырық шашатын жерлерiне, ұлттық парктердiң, мемлекеттік қорықтар мен заказниктердiң аумақтарына тиiстi атқарушы органдар мен лауазымды адамдардың шешiмiмен бақылау-өткізу пункттерiн орнатуға;
29) мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қызметiн бақылауға және орындалуы мiндеттi ұйғарымдар беруге; автомобиль жолдарын, көшелердi, жол құрылыстарын, темiржол өткелдерiн, қалалық электркөлiгi желiлерiн, сондай-ақ автомотокөлiк техникасының жаңа үлгiлерiн пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуға; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, сондай-ақ көшелер мен жолдарды салуға және қалпына келтiруге қатысты ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың, көлiк құралдарының конструкциялары мен жүргiзушiлер даярлау жөніндегі оқу бағдарламаларының жобаларын келiсуге; техникалық жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн көлiк құралдарының пайдалануына тыйым салуға; ұйымдардың көлiк құралдарының, оларды пайдалануды жалғастыру жол қауiпсiздiгiне қатер төнгiзсе, ұйғарымдар орындалғанға дейiн, желiге шығарылуын тоқтата тұруға;
30) заңдарда белгiленген тәртiппен және реттерде көлiк құралдарын тоқтатуға және жүргiзушiлердiң оларды пайдалануға және жүргiзуге құқық беретiн құжаттарын, жүктер мен оларды тасымалдауға құқық беретiн құжаттарын тексеруге; мас адамдарды, көлiк құралдарын жүргiзуге немесе пайдалануға құқық беретiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да жағдайларда, көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге; заңдарда көзделген негiздер бойынша көлiк құралдарын ұстауға және Ішкі істер министрлігі белгілейтін мәжбүрлеу тәртібімен оларды жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жасалған арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшін жеткізуге, сондай-ақ көлік құралдарының жүріс бөліктерін жауып тастауға; көшелер мен жолдарда көлiктiң және жаяу адамдардың қозғалысын, сондай-ақ оларда жүргiзiлiп жатқан барлық жұмыстарды уақытша шектеуге немесе оларға тыйым салуға;
31) қажет болған жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын тексеруде мемлекеттік өрттен қорғау қызметіне жәрдем көрсетуге;
32) төтенше жағдайларда барлық тұрғын, өндірістік және басқа да үй-жайларға бөгетсіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қолдануға өртке қарсы күрес және апаттан құтқару қызметiнiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiм жасауға; құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға;
33) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тiзбелер бойынша түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасын, жарылғыш, күштi әсер ететiн улы заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектiлердi және үй-жайларды пайдалануға, атыс тирлерi мен стендтерiн ашуға, ал жеке тұлғаларға - азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтап қоюға, сақтауға және алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруге;
азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың, тасымалдаудың, жоюдың, әкелудiң, әкетудiң ережелерiн белгiлеуге;
33-1) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ сотталған адамдарды және бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшін тергеу жүргізетін уақытша ұстайтын оқшау бөлмелер болуға;
33-2) әуе кемелері ұшуының, сондай-ақ жолаушылар поездарының, теңіз және өзен кемелерінің қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында авиажолаушыларды, поездардың, теңіз және өзен кемелерінің жолаушыларын және олардың теңдеме жүктерін тексеруді, оның ішінде үстеме тексеруді жүзеге асыруға; заңда белгіленген тәртіппен қаруды, оқ-дәрілерді, есірткілерді және алып жүруге тыйым салынған өзге де заттар мен нәрселерді алуға;
33-3) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, азаматтардың табиғат қорғау және малдәрігерлік заңдардың талаптарын орындауын, ұйымдардың табиғат қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы шаралар жүргізуін бақылауға; ұйымдар әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен бұл талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге; қоршаған ортаға қауіп төндіретін тәртіп бұзушылықтар, індеттер мен эпизоотиялар пайда болған кезде ұйымдардың, жекелеген өндірістер мен учаскелердің жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруға;
33-4) 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен алып тасталды
34) мемлекеттік органдар мен меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы органдардан құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында кедергiсiз әрi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ақпарат пен материалдарды алуға;
35) қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шаралар жөнiнде заңды және жеке тұлғаларға орындауға міндетті ұйғарымдар, ұсынулар және ұсыныстар беруге, сондай-ақ созылмалы маскүнемдiк, есiрткiқұмарлық, уытқұмарлық ауруына шалдыққан, жүйке бұзылуынан зардап шегетiн және басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын адамдарды ерiксiз емдеу үшiн денсаулық сақтау органдарына ұсыныстар мен материалдар жiберуге;
36) заңдарға сәйкес ғылыми-зерттеу, оқу, өндiрiстiк, қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға;
37) халықтың құқық қорғау бағытында өз бетiнше iс-қимыл жасайтын қоғамдық жасақтарының жұмысына жәрдемдесуге;
38) қоғамдық тәртiптi қорғауда, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде және құқық бұзушылыққа қарсы күресте көзге түскен азаматтарды көтермелеуге құқығы бар;
39) шарттар негізінде жеке адамдарды, меншік иелерінің мүлкін күзетуді жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арнайы құралдар мен атыс қаруын өзiмен алып жүру, сақтау не қолдану құқығы берiледi. Олар, сол сияқты күш, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға хақылы. Арнайы құралдарды, атыс қаруы мен күш қолдану тәртібі осы Заңмен белгiленедi.
3 Тарау
Iшкi iстер органдарының атыс қаруын, арнайы
құралдар мен күш қолдануы
12-бап. Атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдану мақсаты
Атыс қаруы, арнайы құралдар және күш қоғамдық қауiптi әрекеттерге тыйым салу, құқық бұзушылық пен нақты ахуал ескерiле отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және iшкi iстер органдарына жеткізу мақсатында қолданылады.
13-бап. Арнайы құралдар мен күш қолдану
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi күш пен арнайы құралдарды, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн, қол кiсендерiн, резина таяқты, көзден жас ағызатын заттарды, назарды басқа жаққа аудартатын жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, суатқыштарды, қызмет жануарларын, бронды машиналар мен тiзбесiн Үкiмет белгiлейтiн басқа да арнайы және көлiк құралдарын:
1) азаматтарға, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктер мен және қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю үшiн;
3) азаматтарға, ұйымдарға және мемлекеттік органдарға тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты басып алудан босату үшiн;
4) егер құқық бұзушылар iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарып жүрген басқа да адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды ұстау, iшкi iстер органдарына жеткізу үшiн, ұсталған, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды не олардың қашып кетуi немесе айналадағыларға не өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп санауға толық негiздер болса, айдап апару және күзету үшiн, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттерiн орындауына қасақана кедергi келтiретiн адамдарға қатысты қолдануға құқығы бар.
2. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жас балаларға қарсы, олар айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен реттердi қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсiлдердi қолдануға тыйым салынады.
14-бап. Атыс қаруын қолдану
1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң атыс қаруын:
1) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлдердi босату үшiн:
2) iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
3) азаматтардың тұрғын жайларына, iшкi iстер органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттік ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылды тойтару, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылды тойтару үшiн;
4) Қарсылық көрсеткен немесе қылмыс үстiнде көзге түскен, қамауға қашқан адамдарды (әкiмшiлiк қамауға алынғандардан басқа) ұстау, қарулы адамдарды ұстау үшiн;
5) егер жүргiзушi iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе көлiк құралдарына ақау келтiру жолымен тоқтату үшiн;
6) хайуанаттар шабуылынан қорғану үшiн;
7) дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру үшiн қолдануға құқығы бар.
2. Әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адам алған, көлiк құралдарын, соның iшiнде әуе кемесiн басып алған не топтасып шабуыл жасаған реттердi қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.
3. Қару қолданылған барлық жағдайларда iшкi iстер органдарының қызметкерi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны жөнiнде тiкелей бастығына баяндауға мiндеттi.
4. Кiсi қазасына немесе өзге ауыр зардаптарға әкелiп соққан қару және арнайы құралдар қолданудың әрбiр оқиғасы жөнiнде прокурорға дереу хабарланады.
4 Тарау
Iшкi iстер органдарында қызмет өткеру
15-бап. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау
1. Iшкi iстер органдарына қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, білім деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
2. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау мемлекеттік қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.
3. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау қызметке тағайындау жолымен, соның iшiнде контракт жасасу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте контрактының нысаны мен шартын Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
4. Iшкi iстер органдарының оқу орындарына оқуға орта білімi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар алынады. Iшкi iстер министрлігі оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiне оқыған уақыт мерзiмдi әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте iшкi iстер органдарының қаражаты есебiнен оқу ақысы төленiп iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарына, басқа оқу орындарына оқуға түскен адамдармен контракт жасалады, онда оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында әрi қарай қызмет атқару шарты мен мерзiмi қарастырылады.
5. Iшкi iстер органдарының қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамдағы лауазымдарға қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда осы жас шегi Iшкi iстер министрінің шешiмiмен өзгертiледi.
6. Қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған немесе iшкi iстер органдарының кадрларына алынған әскери мiндеттiлер, соның iшiнде курсанттар мен iшкi iстер органдары жүйесi оқу орындарының тыңдаушылары белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарының арнайы есебiнде тұрады.
7. Iшкi iстер органдарына алғаш қызметке тұрушы адамдар мiндеттi түрде бастапқы арнайы оқудан өтедi және олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ мерзiмiн және тағылымдамадан өту тәртібі мен шартын Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
8. Iшкi iстер органдарына қызметке алынған азамат мәтiнiн Республика Президентi бекiткен ант бередi.
9. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау тәртібі, қызметкерлердiң қызмет өткеруi, олардың өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгi осы Заңмен, Республика Үкіметі бекiткен Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен, басқа да құқықтық нормативтiк актiлермен белгiленедi.
10. Iшкi iстер органдарына қызметке бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.
16-бап. Iшкi iстер органдарындағы қызметтiң шектi жасы
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi әскери қызмет үшiн заңдарда белгiленген жас шегiне дейiн қызметте бола алады. Қажеттi жағдайда iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң кейбір санаттарына Iшкi iстер министрінің шешiмiмен қызмет өткеру мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
2. Қызмет өткеру мерзiмiн ұзарту iшкi iстер органдарының қызметкерiн осы Заңда және Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет атқаруы туралы ережеде көзделген негiздерде жұмыстан босату мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
19.06.1997 ж. № 134-I; 09.12.1998 ж. № 307-1; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Iшкi iстер органдарынан қызметтен босату
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерi мына негiздерде:
1) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
2) жасына қарай, яғни әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
3) денсаулық жағдайына қарай - әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы жөнiнде әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде;
4) штаттың қысқаруына немесе iшкi iстер органдарының қайта құрылуына байланысты басқа қызметте пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
5) контрактыны бұзуға не оның мерзiмiнiң өтуiне байланысты;
6) өз қалауымен;
7) белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты;
8) сынақ мерзiмiнiң iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
9) әскери-қызметтiк тәртiптi өрескел бұзғаны үшiн;
10) аттестацияның қорытындысы бойынша қызметке сай келмеуiне орай;
11) iшкi iстер органдарының қызметкерi деген атаққа кiр келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;
12) соттың заңды күшiне енген айыптау үкімі болуына байланысты;
13) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына байланысты қызметтен босатылады.
2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Қызмет өткеруден бас тартуға байланысты шығындарды өтеу
1. Iшкi iстер министрлігі оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiн бiтiрген iшкi iстер органдарының қызметкерлерi iшкi iстер органдарында кем дегенде бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi.
Iшкi iстер органдарының қызметкерi Iшкi iстер министрлігінiң оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келісім-шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол өзiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома келісім-шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға бара-бар есептеледi.
2. Әскерге шақыру жасына толған және үлгермеуi, тәртiпсiздiгi үшiн, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығарылған Iшкi iстер министрлігі оқу орындары күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), егер олар оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген болса, арнайы есептен шығару үшiн тұрғылықты жеріндегі әскери басқарманың органдарына жiберiледi. Олар өздерiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома оқу орнында болудың әрбiр толық айына бара-бар есептеледі.
18-бап. Iшкi iстер органдарындағы жұмыс уақыты
1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң жұмыс уақытының ұзақтығы еңбек туралы заңдарға сәйкес белгiленедi.
2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қажеттi жағдайларда белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мейрам күндерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруға шақырылуы мүмкiн.
2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 19-бап толықтырылды
19-бап. Iшкi iстер органдарында қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары