2) жергiлiктi атқарушы органның резервi мөлшерi;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлары көлемi;
4) басқа да ережелер болуға тиiс.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы шешiмнiң жобасына:
1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi;
3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, соның iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң бекітілгенi туралы облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленген бюджеттік бағдарламалар тiзбесi;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемi;
5) әрбiр қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттік бағдарламалары;
6) басқа да деректер қоса тiркеледi.
5. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бекітілетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi ақшалай түрде көрсетiледi.
6. Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қарауға табыс етедi.
13-тарау. Бюджет жобасын қарау мен бекіту процесінің
негізгі ережелері
79-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер
1. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмді жоспарын;
2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
4) республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен болжамдық есептердi;
5) соңғы есептiлiк күнгi жағдай бойынша мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жайы туралы деректердi;
6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекітіледi.
3. Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентi алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджеттi Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады.
Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгі көлемiнде бекітіледi.
Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекітілуге тиiс. Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекітіледi.
5. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
80-бап. Жергiлiктi бюджеттiң жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер
1. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгізедi.
Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
Жергiлiктi атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарын;
2) үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты;
3) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
4) жергiлiктi бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен болжамдық есептердi;
5) алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет жобасында негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей бекітіледi.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджетi тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешiмiне қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей бекітіледi.
3. Мәслихат осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмдi қабылдамаған жағдайда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы шешiм шығаруға құқылы, ол жергiлiктi бюджеттi мәслихат бекiткенге дейiн қолданылады.
Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгi көлемiнде бекітіледi.
Жергiлiктi қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекітілуге тиiс.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiн бекіту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға бекітілген жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiн, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тiзбесiн табыс етедi.
6. Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы қабылдаған шешiмдерi қосымшаларымен және жергiлiктi атқарушы органдардың алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы шешiмдерi қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
81-бап. Өкiлдi органдардың бюджет жобасын қарауының негізгі принциптерi
1. Өкiлдi органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай принциптердi:
1) негiздiлiк принципiн;
2) бюджеттiң теңдестiрiмдiлігін сақтау принципiн ұстанады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Негіздiлiк принципi депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары, тиiстi есептердi оларға қоса тiркей отырып, осы түзетулердi енгізудiң қажеттiгiн, олардың әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестiгiн жазбаша баяндаумен қатар жүруге тиiс екендiгiн бiлдiредi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Бюджеттiң теңдестiрiмдiлiгiн сақтау принципi депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгерiс пен толықтыру енгiзген кезде бюджет тапшылығының мөлшерiн бюджет жобасында белгiленген деңгейден асырмай сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша көздерi не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиiс екендiгін бiлдiредi.
14-тарау. Қазақстан Республикасы Парламентінің Республика бюджет
жобасын қарау және бекіту процесі
82-бап. Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау
1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісi мен Сенатының жалпы отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары жалпы отырыстарда алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда қаралады.
Талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
83-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекіту
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекіту Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
15-тарау. Мәслихаттың жергілікті бюджет жобасын
қарау және бекіту процесі
84-бап. Жергiлiктi бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау
1. Жергiлiктi бюджет жобасы тиiстi мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.
2. Тиiстi мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерiнiң арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi тартылуы мүмкiн.
3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пiкiрлерiн ескере отырып, тиiстi негiздемелермен және есептермен қоса жергiлiктi бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар жасайды және оларды тиiстi мәслихат белгiлеген бас тұрақты комиссияға жiбередi.
4. Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл ретте жинақтамаға тиiстi негiздемелерi мен есептерi бар ұсыныстар ғана енгiзiледi.
5. Тиiстi мәслихаттың сессиясында жергiлiктi бюджеттiң жобасын талқылау тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкімінiң немесе жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) тиiстi, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкiлеттiк берген адамдардың жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.
6. Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет бойынша жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы.
85-бап. Мәслихаттың жергiлiктi бюджеттi бекітуi
Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекіту мәслихаттың шешiмiн қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
5-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы мен нақтылануы
16-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
86-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер
1. Бюджетке түсiмдердiң түсуiн, бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) жөніндегі iс-шаралар кешенiн орындау бюджеттiң атқарылуы болып табылады.
2. Бюджеттiң атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Yкіметі республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi.
5. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын қамтамасыз етедi. Бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган осы Кодекске сәйкес жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
87-бап. Бюджеттiң атқарылу принциптерi
1. Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципi - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiмен, нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын iс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану.
2. Уақтылылық принципi - бюджет түсiмдерiн есепке алу және бюджет қаражатын белгiленген мерзiмдерде пайдалану.
3. Бюджеттiң бiрқалыпты атқарылу принципi - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемiнiң жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы iшiнде бiрқалыпты бөлу.
4. Кассаның бiрыңғайлық принципi - түсiмдердiң барлығын бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бiрыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру. Бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi кассаның бiрыңғайлығы принципi негiзiнде атқарылады.
88-бап. Бiрыңғай қазынашылық шот
1. Бiрыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылатын шот.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Бiрыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын қамтиды.
Қолма-қол ақшаны бақылау шоты бюджеттiң тиiстi деңгейiнен түскен түсiмдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған.
Мемлекеттік мекеменiң шоттары бюджеттік шығыстар мен Қазақстан Республикасының заң актілерінде рұқсат етiлген өзге де қаражатты есепке алуға арналған.
3. Шетел валютасымен түсетiн түсiмдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде шетел валюталарының түрлерi бойынша банк шотын ашады.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол берiлмейдi.
89-бап. Мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру
1. Мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелер республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен және осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге де қаражат есебiнен қаржыландырылады.
2. Iшкi iстер органдарын қоспағанда, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердi республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
Iшкi iстер органдарын қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердi жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
Мемлекеттік мекеменi екi және одан да көп жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
3. Бiр мемлекеттік мекеменi басқа мемлекеттік мекеменi қаржыландырудың жеке жоспары есебiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттік органдар тек қана республикалық немесе тиiстi жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 5-тармақ толықтырылды
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.
90-бап. Мемлекеттік мекемелердiң шоттары
1. Мемлекеттік мекемелердiң мынадай шоттары болуы мүмкiн:
1) бюджеттік шот - бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшiн ашылатын шот;
2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түскен ақшаны есепке алуға арналған шот - мемлекеттік мекемелердiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден алынатын, ақша түсiмдерi мен жұмсалуын есепке алу үшiн ашылатын шот;
3) демеушiлiк және қайырымдылық көмек шоты - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңды және жеке тұлғалардан қайырымдылық және демеушiлiк көмек ретiнде алынатын, ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де түсетiн ақша түсiмi мен жұмсалуын есепке алу үшiн ашылатын шот;
4) депозиттiк шот - ұлттық және шетел валютасымен мемлекеттік мекеменiң уақытша иелiгiне түсетiн және белгiлi бiр жағдайлар орын алған ретте, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге мақсаттарға жұмсау құқығынсыз, оны аударушы тұлғаларға қайтарылуға немесе бюджетке не үшiншi тұлғаларға аударылуға жататын ақшаны есепке алу үшiн ашылатын шот;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5) бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоты үкiметтiк сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдерi арқылы жаңартылатын халықаралық қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде айтылған шетел валютасындағы шот. Арнайы шотты бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi үкiметтiк сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың есебiнен халықаралық қарыз шартына не байланысты грант туралы келісімге сәйкес тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алуға және бюджеттік инвестициялық жобаға немесе бағдарламаға әкiмшiлiк етуге шығарылған шығыстар үлесiнiң орнын толтыру үшiн ашады;
6) бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына ұлттық валютамен төлемдердi жүзеге асыру үшiн ашылған шот;
7) бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты үкiметтiк сыртқы қарыздар есебiнен берiлген кредит бойынша негiзгi борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшiн бюджеттік инвестициялық жобаны iске асыру кезеңiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық атқарушы органға ашылатын шот;
8) шетел валютасымен операциялар жүргiзуге арналған шетел валютасындағы шот;
9) нысаналы қаржыландыру шоты - ерекше шығыстар жасауға ақшаны есепке алу және жұмсау үшiн республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемеге ашылатын шот.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2. Мемлекеттік мекемелердiң шоттары бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда ғана ашылады. Осы Кодексте, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Үкiмет белгiлеген және Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген тәртiппен шоттар екiншi деңгейдегi банктерде ашылуы мүмкiн.
91-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары
1. Бюджет қаражатының қалдықтары - есептiлiк кезеңiнiң аяғындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған бюджет қаражаттары.
2. Уақытша бос бюджет ақшасы - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде пайдаланылмаған, бiрыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджет қаражаттары.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджеттік ақшасын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастыра алады. Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға (депозиттерге) орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
4. Бюджет қаражатының бос қалдықтары - өткен қаржы жылынан кейiнгi 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен қаржы жылындағы бюджеттiң атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған бюджеттік қаражаттар.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілiктi бюджеттердiң бюджет қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алуға болмайды.
6. Бюджет қаражатының бос қалдықтары ағымдағы жылдың шығыстары бойынша жоспарлы жұмсалымдарды ұлғайтуға мынадай ретпен:
1) өткен жылғы бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаны оның бекітілген жылдық көлемiнiң он процентiнен аспайтын сомаға ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыламай-ақ, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысы негiзiнде қаржыландыруды аяқтауға жұмсалуы мүмкiн. Мұндай шығыстар ағымдағы жылдың шығыстары болып табылады;
2) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыламай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысы негiзiнде алынған қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге;
3) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылай отырып, мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеуге;
4) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылай отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге;
5) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылай отырып, басқа да шығыстарға жұмсалуы мүмкін.
7. Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - бюджет қаражатының бос қалдықтары мен есептiлiк кезеңiнiң аяғындағы жағдай бойынша бюджет қаражаты қалдықтарының арасындағы айырма.
17-тарау. Бюджеттің атқарылу негізі
92-бап. Бюджеттiң атқарылу негiзi болып табылатын құжаттар
Мыналар:
1) осы Кодекс;
2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерi;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөніндегі қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердi атқару барысында ағымдағы жылы қабылдайтын шешiмдерi;
5) бюджеттік бағдарламалардың паспорттары;
6) жылдық қаржыландыру жоспары;
7) түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары;
8) осы Кодекске сәйкес бюджеттi атқару тәртібін айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер бюджеттiң атқарылу негiзi болып табылады.
93-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы қаулылары
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейiн қабылданады.
Жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөніндегі қаулысы мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апта мерзiмде қабылданады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру жөніндегі және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөніндегі қаулылары бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды көздейдi.
Қаулыға мыналар қоса тiркеледi:
1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша бекітілген республикалық немесе жергiлiктi бюджет. Бұл ретте түсiмдер ерекшелiктер деңгейiне дейiн ұсынылады, ал бюджеттік бағдарламалар ішкi бағдарламаларға бөлiнiп ұсынылады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi толық берiледi;