3. Жергiлiктi атқарушы органның қарыздары бойынша алынған қаражаттар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару тәртібімен аталған мақсаттарға пайдаланылады.
203-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу
1. Облыстың жергiлiктi атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның белгiленген борыш лимитiмен және тиiстi жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергiлiктi бюджет қаражатының көлемiмен шектеледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Тиiстi қаржы жылына жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сүйене отырып белгiлейді.
3. Жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет кiрiстерiнiң он процентiнен аспауға тиiс.
204-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу мен оған қызмет көрсету
Жергілiктi атқарушы органдардың борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi олар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражаттар есебiнен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
46-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш
205-бап. Мемлекеттік кепiлдiк
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкiметтiк, егемендiк) кепiлдiгi (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiк) - Қазақстан Республикасының қарыз алушы резидентi одан тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда берешектi толық немесе iшiнара өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз берушiнiң алдындағы мiндеттемесi.
2. Мемлекеттік кепiлдiктер қарыз берушiлерге Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң өздерi алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуi ретiнде берiледi.
3. Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік кепiлдiктер берудiң айрықша құқығына Қазақстан Республикасының Yкіметі ие болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсыруы бойынша мемлекеттік кепiлдiктер берудi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен жүзеге асырады.
206-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер берудi шектеу
1. Мемлекеттік кепiлдiктер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн лимит шегiнде берiледi.
2. Мемлекеттік кепiлдiктер жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретiнде берiлмейдi.
3. Мемлекеттік кепiлдiктер беру лимитiнiң көлемi осы лимит белгiленген тиiстi қаржы жылының шегiнде ғана пайдаланыла алады.
207-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер беру шарттары
1. Мемлекеттік кепiлдiктер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары негізiнде берiледi.
2. Мемлекеттік кепiлдiктер беру осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес кепiл мiндеттемелерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатының қарыз алушыға қайтарымдылығы шарттарымен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепiлдiк берiлгенi үшiн қарыз алушыдан жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз процент қатысуымен құрылған заңды тұлғалар үшiн мемлекеттік кепiлдiк сомасының 0,2 процент мөлшерiнде және басқа да заңды тұлғалар үшiн мемлекеттік кепiлдiк сомасының екi процентi мөлшерiнде алдын ала бiржолғы төлем (алым) алынады.
4. Мемлекеттік кепiлдiк беру мемлекеттік кепiлдiк беру туралы келісім мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік кепiлдiк жөніндегі мiндеттемелерiн орындауға байланысты республикалық бюджеттен бағытталған қаражаттарды қайтару жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттар ресiмделiп, тiркелгеннен кейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кепiлдiк беру туралы келісім - бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган, сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) және мемлекет кепiлдiк берген қарызды алушы арасындағы тараптардың мемлекеттік кепiлдiк беру, мемлекет кепiлдiк берген қарыз шартына сәйкес мiндеттемелердi, мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелер орындалған жағдайда бөлiнген республикалық бюджет қаражатын қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық қатынастарды белгiлейтiн келісім.
208-бап. Мемлекеттік кепiлдiк алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптар
1. Қарыздар бойынша мемлекеттік кепiлдiк алуға үмiткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар қарыз алушы ретiнде әрекет еткенде, мынадай талаптар қойылады:
1) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушының Қазақстан Республикасының резидентi болуы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен бекітілетiн, тиiстi кезеңге арналған мемлекеттік кепiлдiкпен берiлетiн мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген жобалардың iске асырылуын жүзеге асыру;
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсе отырып бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын банк кепiлдiгiнiң болуы;
4) салалық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
5) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
6) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
8) мемлекеттік кепiлдiкпен бұрын алынған мемлекеттік емес қарыздарды, ол бойынша басталған төлем мерзiмдерiн, сондай-ақ кредиторлар алдындағы өзге де мерзiмi өткен берешектi өтеу және оған қызмет көрсету жөнiнде берешектерiнiң болмауы;
9) жобаның жалпы құнын жаппайтын қарыз тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қоса қаржыландыру жөніндегі мiндеттемелердiң қамтамасыз етiлуi.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік емес қарыздың және инвестициялық жоба тәуекелiнiң шарттарына қарай мемлекеттік кепiлдiк алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын қосымша талаптар белгiлей алады.
209-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер беруге арналған инвестициялық жобаларды iрiктеу
Мемлекеттік кепiлдiктер беруге арналған инвестициялық жобаларды iрiктеудi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
210-бап. Мемлекеттік кепiлдiктiң нысаны
1. Мемлекеттік кепiлдiк бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен қарыз берушi арасында кепiлдiк шартын жазбаша түрде жасасу арқылы не мемлекеттік емес қарыз бойынша кепiлгердiң мiндеттемесiн (кепiлдiк мiндеттемесiн) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның қабылдағаны туралы қарыз берушiнiң жазбаша хабарлауы нысанында берiледi.
Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша кепiлдiк шарты болған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен қарыз алушының векселдерiн авалдандыруға құқылы.
Осы баптың және осы Кодекстiң 211-бабының талаптарына сәйкес келетiн құжат қана мемлекеттік кепiлдiк болып танылуы мүмкiн. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының ешбiр актілерінде немесе өзге де құжаттарында мемлекеттік кепiлдiктiң заңдық күшi болмайды.
2. Әрбiр инвестициялық жоба бойынша кепiлдiк шартына, кепiлдiк берiлген мiндеттемеге, қарыз алушының әрбiр мiндеттемесi бойынша авалға бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы қол қояды.
211-бап. Мемлекеттік кепiлдiктiң мазмұны
1. Кепiлдiк шартында немесе кепiлдiк берiлген мiндеттемеде:
1) соған сәйкес мемлекеттік кепiлдiк берiлетiн Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының деректемелерi;
2) қарыз алушының атауы және тұрған жерi;
3) қарыз шартының тараптары және қарыз алушының негiзгi мiндеттемесiнiң мазмұны;
4) кепiлдiк берiлетiн қарыз сомасы, берiлетiн мемлекеттік кепiлдiктiң күшi қолданылатын қарыз бойынша басқа да кепiлдiк берiлетiн мiндеттемелер;
5) мемлекеттік кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi;
6) кепiлдiк шартына (кепiлдiк берiлген мiндеттемеге) қол қойған лауазымды адам көрсетiледi.
2. Кепiлдiк шартында, кепiлдiк берiлген мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген талаптар болмаған жағдайда:
1) мемлекеттік кепiлдiк қарыз бойынша борышкердiң барлық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттік кепiлдiк қарыз шартының қолданылу мерзiмiне берiлдi деп есептеледi.
Кепiлдiк шартында және кепілдiк берiлген мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар болмаған не осы Кодекстiң 210-бабының 2-тармағын бұза отырып, уәкiлеттi емес адам оларға қол қойған, сондай-ақ қарыз алушының мiндеттемелерiн авалдандырған жағдайда мемлекеттік кепiлдiк жарамсыз деп есептеледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 122-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
212-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер берудi және мемлекет кепiлдiк беретiн қарыздарды есепке алу
Берiлетiн мемлекеттік кепiлдiктердi және мемлекет кепiлдiк беретiн қарыздарды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен тiркеуге және есепке алуға тиiс.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекет кепiлдік берген борыштың мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады.
Мемлекет кепiлдiк берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйiнiң мониторингi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
213-бап. Мемлекеттік кепiлдiктің орындалуы
Егер қарыз шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы мемлекеттік кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген қарызды төлем мерзiмi басталған күнi және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражаттар шегiнде толық немесе iшiнара өтемеген жағдайда, қарыз берушiнiң талабы бойынша мемлекеттік кепiлдiк төлем күнi басталғаннан кейiн орындалуға жатады.
Мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердiң орындалуына бағытталған қаражаттарды қайтаруға, қарызды қайта құрылымдауға, борышкердi ауыстыруға, талап қою мерзiмi өтiп кетуiне, аталған қаражатты қайтару бойынша талаптарды тоқтатуға осы Кодекстiң 183-188-баптары қолданылады.
Мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердiң орындалуына бөлiнген қаражат осы Кодекстiң 176-бабына сәйкес белгiленген сыйақы ставкасы бойынша мемлекеттік кепiлдiк беру туралы келісімде белгiленген мерзiм iшiнде республикалық бюджетке қайтарылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартының талаптарына сәйкес және қарыз берушiнiң келісімiмен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаржы есебiнен мемлекеттік кепiлдiктi орындау арқылы мемлекет кепiлдiк берген қарызды мерзiмiнен бұрын өтеудi жүзеге асыруға құқылы.
214-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайта құрылымдау
1. Мемлекет кепiлдiк берген қарызды қайта құрылымдау Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiм қабылдаған жағдайда қарыз берушi мен қарыз алушының келісімi бойынша жүзеге асырылады.
2. Қарыз берушiнiң талабы бойынша мемлекет кепiлдiк берген қарызды қайта құрылымдау кезiнде бұрын берiлген мемлекеттік кепiлдiктi Қазақстан Республикасының Үкіметі растай немесе жаңасымен ауыстыра алады.
3. Бұл ретте кепiлдiк берiлген қарыз сомасы бұрын берiлген мемлекеттік кепiлдiк бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды. Жаңадан берiлген мемлекеттік кепiлдiкке осы Кодекстiң 206-бабының 1-тармағында белгiленген шектеулер қолданылмайды.
215-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру
1. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiм қабылдаған жағдайда қарыз шарты тараптарының келісімi бойынша жол берiледi.
2. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушы ауыстырылған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік кепiлдiктi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде қарыз берушiнiң талабы бойынша жаңасымен ауыстыра немесе растай алады.
3. Бұл ретте кепiлдiк берiлген қарыз сомасы бұрын берiлген мемлекеттік кепiлдiк бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды. Жаңадан берiлген мемлекеттік кепiлдiкке осы Кодекстiң 206-бабының 1-тармағында белгiленген шектеулер қолданылмайды.
216-бап. Мемлекеттік кепiлдiктiң қолданылуын тоқтату негiздерi
Мемлекеттік кепiлдiк:
1) қарыз алушы немесе кепiлгер Қазақстан Республикасының Үкіметі кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi толық орындаған;
2) егер кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемесiнде) өзгеше айтылмаса, онда көрсетiлген кепiлдiк мерзiмi өткен;
3) қарыз шартында және (немесе) кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемесiнде) арнайы айтылған;
4) мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қайта құрылымдау және (немесе) қарыз алушыны ауыстыру Кезiнде кепiлдiк жаңасына ауыстырылған жағдайларда, өзiнiң қолданысын тоқтатады.
217-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеулер
Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражаттарын қарыз шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалануға тыйым салынады.
218-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жасау және жауаптылық
Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражатының пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кепiлдiгi бар қарыз бойынша қарыз алушы және кепілдiк берген банк Қазақстан Республикасының Үкіметі кепiлдiк берген қарыз бойынша алынған қаражаттарды нысаналы пайдаланбағаны үшiн және қарыз алушы қарыз бойынша борыштық мiндеттемелердi орындамаған жағдайда мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға бөлiнген қаражаттарды қайтару үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауаптылықта болады.
47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау
219-бап. Қарыз шарты бойынша мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол бермеу
Қарыз шарты бойынша мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға немесе мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз берушiнiң алдындағы мiндеттемелердi орындау мерзiмiн ұзартуға жол берiлмейдi.
220-бап. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен қорғау
Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып қабылдаған және мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тарту, пайдалану немесе өтеу шарттарын нашарлататын актілерінiң заңдық күшi болмайды.
221-бап. Дауларды шешу
1. Қарыз шарттарына, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға, үкiметтiк кепiлдiктерге байланысты немесе мемлекеттік, үкiметтiк борышты, жергiлiктi атқарушы органдардың борышын немесе мемлекет кепiлдiк берген борышты басқаруды қоса алғанда, олардың қызметiне байланысты туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше келiссөздер жүргiзу арқылы не қарыз шарттарында, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару ережелерiнде белгiленген дауларды шешудiң бұрын келісілген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген өзге даулардың барлығын, шетелдiк қарыз берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен дауларын қоса алғанда, егер тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары шешедi.
12-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
48-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
222-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының бюджет заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
223-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1. Осы Кодекс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. 2005 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттер осы Кодекске сәйкес әзiрленедi.
Осы Кодекстi орындау үшiн қабылданған, 2005 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
3. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол қолданысқа енгізiлген күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы Кодекске сәйкес келтiрiлуге тиiс.
224-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының күшi жойылды деп тану туралы
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының мына заңдарының күшi жойылды деп танылсын:
1) "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 7, 225-құжат; № 20, 731-құжат; № 21, 783-құжат; № 23, 916, 928, 930-құжаттар; 2000 ж., № 21, 395-құжат; 2001 ж., № 1, 6-құжат; № 10, 123-құжат; № 23, 310-құжат; 2002 ж., № 18, 160-құжат; 2003 ж., № 14, 100-құжат; № 24, 178-құжат);
2) "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 784-құжат; 2001 ж., № 21-22, 282-құжат; 2003 ж, № 14, 101-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар);
3) "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 3, 21-құжат).
Қазақстан Республикасының