2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыруға қажеттi басқа да деректер немесе көрсеткiштер, оларды анықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергiлiктi атқарушы органға жүктеледi.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру жөніндегі қаулысын әзiрлеудi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бюджеттi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, бюджеттi жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
94-бап. Бюджеттік бағдарламалар паспорттары
1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын тиiстi қаржы жылына Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешiктiрмей бекiтедi.
Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын тиiстi қаржы жылына жергiлiктi атқарушы орган мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апта мерзiмде бекiтедi.
2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың паспорттары бюджеттік өтiнiмнiң құрамында ұсынылған және бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік бағдарлама паспортының жобасы негізiнде, бюджеттi бекiткен (нақтылаған, түзеткен) кезде қабылданған шешiмдердi ескере отырып жасалады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар:
1) бюджет нақтыланған;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөніндегі қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген;
3) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк тұрақтылығына қауiп төндiретiн жағдайды жою қажет болған жағдайларда енгiзiледi.
4. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң паспорттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, электрондық және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға жатады.
95-бап. Жылдық қаржыландыру жоспары
1. Жылдық қаржыландыру жоспары - бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) жылдық түсiмдер көлемiмен теңдестiрiлген жылдық қаржыландыру көлемдерiн айқындайтын құжат.
2. Жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтедi және ол бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға берiледi, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жiберiледi.
3. Жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
18-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі
96-бап. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы
1. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке түсетiн түсiмдердiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергіліктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде белгiленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралар кешенiн жүргiзу болып табылады.
2. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы:
1) түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа төлеудi және есепке алуды;
2) осы Кодекске сәйкес түсiмдердi бюджет деңгейлерi арасында бөлудi;
3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бюджеттен түсiмдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегiн өтеу есебiне есепке алуды қамтиды.
97-бап. Түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа төлеу және есепке алу
1. Бюджетке түсетiн түсiмдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бiрыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес толық көлемде бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке алынады.
2. Бюджетке шетел валютасымен түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен есепке алынады.
98-бап. Түсiмдердi бюджет деңгейлерi арасында бөлу
Түсiмдердi бюджет деңгейлерi арасында бөлудi осы Кодекске сәйкес әрбiр жұмыс күнi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
99-бап. Бюджеттен түсiмдер сомасын қайтару
Тиiстi бюджеттен түсiмдер сомасын қайтару не оларды салық берешегiн өтеу есебiне есепке алу Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
100-бап. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы
1. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік бағдарламаларды тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде не түзетiлген бюджетте бекітілген сомалар шегiнде толық және уақтылы орындауға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады.
2. Мыналар:
1) мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту;
2) түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту;
3) мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауына рұқсаттар беру;
4) мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу;
5) төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру;
6) бюджеттік қаражаттарды игеру бюджет шығыстарын атқарудың негiзгi кезеңдерi болып табылады.
3. Бюджеттік қаражат есебiнен тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
101-бап. Бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары
1. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (ішкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауының және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша оларды атқару үшiн төлемдер төлеудi жүзеге асыруының ай сайынғы кестесiн айқындайтын құжаттар (бұдан әрi - бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары).
2. Бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен әзiрлейдi.
3. Бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергілiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы қаулысына, жылдық қаржыландыру жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттік өтiнiмiне, бюджеттік бағдарлама паспортына, бiрыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әзiрленедi.
4. Бюджеттік бағдарламаны (iшкi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарлары түсiмдер мен қаржыландырудың тиiстi жиынтық жоспарларын қалыптастыру үшiн пайдаланылады.
5. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша төлемдердi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң келісімi бойынша түсiмдердiң болжамды көлемдерiн ескере отырып өзгерістер енгізуге құқылы.
6. Бюджеттік бағдарламаны (iшкi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларын түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бекiтедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттік мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларын бекітудi қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларын мемлекеттік мекемелер әзiрлейдi және оларды бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi бекiткеннен кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етiледi.
8. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бюджеттік бағдарламаны (iшкi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы қаулыларымен бекітілген жылдық сома шегiнде өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Бұл ретте мынадай талаптар сақталуға тиiс:
1) бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес келу;
2) мемлекеттік мекемелердiң қабылданған мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiнiң пайда болуына жол бермеу;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4) ағымдағы қаржы жылында бюджетке түсетiн түсiмдердiң күтілетiн көлемiн ескере отырып, бюджеттiң теңдестiрiлуiн сақтау.
102-бап. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары
1. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары - бюджет түсiмдерiнiң бюджет сыныптамасы бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердiң және бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) төлемдер бойынша қаржыландырудың ай сайынғы теңдестiрiлген жоспарын айқындайтын құжат.
2. Түсiмдер және бюджеттік бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша жылдық сомалар түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бастапқы бекітілуi кезiнде жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуге тиiс.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бюджетке төлемдер төлеудiң белгiленген мерзiмi, бюджетке өткен жылдары түскен түсiмдер қарқыны, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық қарқынын талдау және бағалы қағаздар рыногындағы сұраныс пен ұсыныс деңгейi, жасасылған кредиттiк шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердiң талаптары мен бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi әзiрлеген бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары негiзге алына отырып жасалады.
4. Мiндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының негiзiнде мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары жасалады.
5. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жасап, бекiтедi.
6. Жылдық сомаларды қоса алғанда, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізудi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
7. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті орган түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
103-бап. Рұқсаттар беру
1. Рұқсат - бюджет қаражатының көлемiн айқындайтын құжат, мемлекеттік мекемелер солардың шегiнде мiндеттемелер қабылдайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Рұқсаттарды бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органдар бередi.
3. Рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн күшiнде болады.
4. Рұқсаттар беру нысаны мен тәртібін бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейді.
104-бап. Мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1. Мемлекеттік мекемелер тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар шегiнде ғана мiндеттемелер қабылдайды.
2. Мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерi олар бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда мiндеттi тiркелуден өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Бюджеттік қаражаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнетiн жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кейiн мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуына жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
105-бап. Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру
1. Алдын ала ақы төлеу нысанындағы төлемдердi қоспағанда, төлемдер растайтын құжаттардың негiзiнде мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша жүзеге асырылады. Бюджеттен төленетiн төлем сомасы мемлекеттік мекемелер мiндеттемелерiнiң сомасынан аспауға тиiс.
2. Растайтын құжаттар - тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiленiң шарттарына немесе Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес келетiн тауарлардың жеткiзiлу, жұмыстардың орындалу немесе қызметтердiң көрсетiлу фактiсiн дәлелдейтiн құжаттар.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3. Төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру төлеуге берiлетiн шоттар мен төлем құжаттарын қалыптастыруды қамтиды.
Төлеуге берiлетiн шот - мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелердi орындағанын растайтын құжат, соның негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган төлемдердi жүзеге асырады.
Бюджеттен төленетiн төлемдер тиiстi бюджеттегi қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы бюджеттік қаражаттың қалдығы шегiнде жүзеге асырылады.
Шоттарды ресiмдеу, ұсыну және төлемге пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
Төлем құжаттарын ресiмдеу, ұсыну және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңдарымен белгiленедi.
4. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган төлемдер жүргiзген кезде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берiлген шоттар мен төлем құжаттарының:
1) бюджеттік бағдарламалар паспорттарына;
2) бюджеттік бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) жоспарларына, жеке қаржыландыру жоспарларына;
3) бiрыңғай бюджеттік сыныптамаға;
4) кредиттiк шарттардың, қарыз шарттарының, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмiлелер жөніндегі шарттардың талаптарына;
5) Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген өзге де ережелерге сәйкестiгiн тексеруден тұрады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5. Төлемдердi және аударымдарды жүзеге асырған кезде бюджеттік қаражаттың тиiстi сомасы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның нұсқауы негiзiнде бiрыңғай қазынашылық шоттан шығарылып, қабылданған мiндеттемелермен айқындалатын бюджеттік қаражатты алушының шотына есептеледi.
6. Мемлекеттік мекеменiң келісімiнсiз оның шотынан ақшаны алу Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
7. Осы Кодекстiң талаптары және қабылдануы осы Кодексте көзделген, бюджеттiң атқарылу тәртібін айқындайтын басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптары бұзылған жағдайда бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган өзi жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердiң төлемдерiн тоқтата тұруға құқылы.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
8. Төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру әдiстерi Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен айқындалады.
9. Сыртқы экономикалық қызметке байланысты төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
10. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның төлемдердi жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
106-бап. Бюджеттік ақшаны басқару
1. Бюджеттік ақшаны басқаруды бюджеттi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
2. Бюджеттік ақшаны басқару - төлемдердiң бюджетке түсетiн түсiмдер мерзiмдерiне сәйкес уақтылы төленуiн қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралар кешенi.
3. Төлемдердiң уақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ету үшiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган алдағы кезеңде бюджетке түсетiн ақша түсiмдерiнiң болжамды көлемiн айқындайды.
4. Бюджетке түсетiн ақша түсiмдерiнiң болжамды көлемi тиiстi кезеңде жеткiлiксiз болған жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган төлемдер жүргiзу үшiн қарыз алу арқылы ақша тарту процесiн ұйымдастырады.
5. Бюджеттік ақшаны басқару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
107-бап. Бюджет қаражаттарын игеру
1. Бюджет қаражаттарын игеру - бюджет қаражаттарын, оларды алушылардың бюджеттік бағдарлама паспортында, мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерде және бюджеттік бағдарламаларды iске асыру соларға сәйкес жүзеге асырылатын нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген мақсаттарға пайдалануы.
2. Мемлекеттік мекеменiң өткен жылдардағы дебиторлық берешегiнiң сомасы тиiстi бюджеттiң кiрiсiне қайтарылуға тиiс.
3. Бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органдар осы Кодексте көзделген есептердiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергiлiктi атқарушы органға бюджеттi нақтылау (түзету) туралы ұсыныстар беруге құқылы.
108-бап. Бюджет қаражаттарын игеру мониторингi
1. Бюджет қаражаттарын игеру мониторингiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасының ай сайын бөлiнуiн, қаржыландыру жоспарларына бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi енгiзген өзгерістердiң негiздiлiгiн талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерiн анықтау, бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы туралы есеп жасау арқылы жүзеге асырады.
2. Бюджеттік бағдарламаларды iске асыру мониторингi барысында бюджеттi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен әкiмдiктерге - толық игерiлмеу себептерiн көрсете отырып және республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң негiзiнде бюджеттік бағдарламаларды iске асыру жөніндегі ұстанымдары туралы ұсыныстармен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражаттарының толық игерiлмеуi туралы;
2) республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне бюджет қаражатын игеру қаржыландыру жоспарларынан кешеуiлдеп жүрiп жатқан бюджеттік бағдарламалар бойынша;
3) тиiстi бюджет комиссияларына ағымдағы, сонымен қатар алдағы жоспарланып отырған қаржы жылындағы жекелеген бюджеттік бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттiгi туралы ақпарат жiбередi.
109-бап. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуiнен түсетiн өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақша бойынша атқару
1. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаның есебiнен операцияларды жүзеге асыруы үшiн мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының түрлерi бойынша жыл сайын жоспар жасайды.
2. Мемлекеттік мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгінде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бекiтедi.
3. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгінде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
4. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi тиiстi бюджеттік бағдарлама (ішкi бағдарлама) бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының мемлекеттік мекемелер ұсынған жоспарлары негiзiнде мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын жасайды.
5. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу осы Кодекстiң 104-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қаржы жылы iшiнде мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан тыс кiрiстер тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспары нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкiн.
8. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен жүргiзiлетiн төлемдер мемлекеттік мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаны есепке алу үшiн ашылған шотындағы нақты ақша көлемi шегiнде жүзеге асырылады.
110-бап. Қаржы жылының аяқталуы
1. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсiмдерiн есепке алуға және бюджеттен төленетiн төлемдердi жүзеге асыруға байланысты операциялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады.
2. Бюджетке 31 желтоқсаннан кейiн есепке алынған түсiмдер жаңа қаржы жылының түсiмдерi болып есептеледi.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн қоса алғанда пайдаланылмаған жоспарлы жұмсалымдар қалдықтарының күшi жойылады.
19-тарау. Бюджеттерді нақтылау мен түзету
процесінің негізгі ережелері
111-бап. Бюджеттi нақтылау
1. Бюджеттi нақтылау - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттiң көрсеткiштерiн өзгерту.
2. Бюджеттi нақтылау:
1) бюджет түсiмдерiн қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн Қазақстан Республикасының заң актілері қабылданған немесе өзгертiлген;
2) бюджеттi атқару барысында бюджет түсiмдерi олардың бекітілген жылдық көлемiнен он проценттен астам сомаға төмендеген жағдайларда мiндеттi түрде жүргiзiледi.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде бекітілген көлемнен артық қосымша шығыстарды бюджеттен жүзеге асыруға бюджеттi нақтылау кезiнде ғана жол берiледi.
4. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауға бюджеттiң кiрiстерi жөніндегі жылдық жоспар қаржы жылының бiрiншi тоқсанының қорытындылары бойынша кем дегенде отыз процентке немесе бiрiншi жарты жылдығының қорытындылары бойынша алпыс процентке және үш тоқсанының қорытындылары бойынша сексен проценттен астам орындалған жағдайда жол берiледi.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергiлiктi атқарушы органдар бюджет қаражатын игеру мониторингiнiң нәтижелерi негiзiнде тиiстi бюджеттік комиссияның жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттiгi жөніндегі ұсыныстарын ескере отырып, жеке бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауға бастамашы болуға құқылы.
6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылау осы Кодексте көзделген басқа да жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.
112-бап. Бюджеттi нақтылау принциптерi
Бюджеттердi нақтылау кезiнде мынадай принциптер сақталады:
1) уақтылылық принципi - бюджеттi нақтылауды бюджеттік бағдарламаларды тиiмдi iске асыруға мүмкiндiк беретiн мерзiмдерде жүргiзу;
2) негiздiлiк принципi - енгiзiлiп отырған өзгерістер мен толықтырулардың қажеттігін нормативтік құқықтық актiлермен, тиісті есептермен және басқа да құжаттармен растау;
3) теңдестiрiлiмдiктi сақтау принципi - депутаттардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын немесе мәслихаттың шешiмiн ескере отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде белгiленгеннен аспайтын бюджет тапшылығының көлемiн сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша көздерiн не қысқартылатын шығыстарды негiздей және айқындай отырып, кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізуi.