жеке тұлғаларға - 3 процент;
заңды тұлғаларға - 10 процент;
16) жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтiнiштерiн бергенi үшiн - 20 процент;
17) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн - 20 процент;
18) дубликаттарды бергенi үшiн - 100 процент;
19) банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):
жеке тұлғаларға - 10 процент;
заңды тұлғаларға - 50 процент;
20) жылжымайтын мүліктің кепiл шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап етілетін құқықтарды және ипотекалық куәліктерді куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент;
21) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн - 50 процент;
22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 10 процент;
23) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн - 50 процент;
24) Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа нотариаттық әрекеттердi жасағаны үшiн - 20 процент.
ҚР 12.06.01 ж. № 210-11 Заңымен 498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасының күші 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды; ҚР 21.03.02 ж. № 310-11 Заңымен 498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталды (бұл өзгеріс 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
498-бап. Азаматтық хал актілерін тiркегенi үшiн мемлекеттік баж ставкалары
1. Азаматтық хал актілерін тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актілерін тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, өлiм туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайталап бергенi үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) тууды тiркегенi, әкелiктi анықтағаны, Қазақстан Республикасы азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 100 процент;
2) некеге тұруды тiркегенi үшiн - 30 процент;
3) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келісімi бойынша - 200 процент;
сот шешiмi негiзiнде - 150 процент (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);
белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде 10 процент;
4) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн - 10 процент;
5) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн - 10 процент;
6) азаматтық хал актілерін тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап бергенi үшiн - 100 процент;
7) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 200 процент.
2. Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру мемлекеттік баж алынбай жүргiзiледi.
499-бап. Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрудi немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресiмдеу кезіндегі мемлекеттік баж ставкалары
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мыналарға құқық беретiн виза бергенi немесе ұзартқаны үшiн:
Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;
2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесiп өту құқығына виза бергенi үшiн - 200 процент;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретiн құжаттарына өзгерістер енгiзгенi үшiн - 100 процент;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгенi туралы құжаттар бергенi үшiн - әрбiр шақырылған адам үшiн 50 процент;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 100 процент;
6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлiнген құжаттарды ауыстырып бергенi үшiн - осы баптың тиiсiнше 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 499-1--баппен толықтырылды (2006.01.01 бастап қолданысқа енді)
499-1-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның
заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін
мемлекеттік баж ставкалары
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
1) алдын ала патент, патент, куәлік бергені үшін - 100 процент;
2) жалпыға белгілі тауар таңбасына сертификат бергені үшін - 100 процент;
3) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру, кепіл шарттарын, лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркегені үшін - 150 процент;
4) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін - 1500 процент;
5) патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу туралы куәлік бергені үшін - 100 процент мемлекеттік баж алынады.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 500-бап өзгертілді
500-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттік баж ставкалары
Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн:
1) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
2) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - 10 процент;
2-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;
3) мыналарды бергенi үшiн:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі- 400 процент;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігi, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлігі - 20 процент;
4) мыналарды бергенi үшiн:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 100 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 100 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 100 процент;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент; азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат 10 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 50 процент;
5) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;
6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерістер енгiзгенi үшiн - 10 процент;
7) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік органдар апостиль қойғаны үшін 20 процент;
8) мыналар үшін:
жүргізушінің куәлiгін бергені үшін 125 процент;
көлік құралдарының мемлекеттік тiркелгенi туралы куәліктi бергені үшін - 125 процент;
автомобильге мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 280 процент;
мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттік тiркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 140 процент;
көлік құралын айдап әкелгені үшiн мемлекеттік тіркеудің нөмір (транзиттік) таңбасын бергені үшін 35 процент;
9) мыналарды бергенi үшiн:
тракторшы-машинист куәлiгi - 50 процент;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге мемлекеттік тiркеу нөмiрiнiң белгiсi - 100 процент;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттік тiркеу үшiн техникалық паспорт - 50 процент мөлшерiнде мемлекеттік баж алынады.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңдарымен 501-бап өзгертілді
501-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату
Соттарда:
1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкерлер - авторлық құқықтан, сондай-ақ жаңалық ашуға, өнертабысқа, рационализаторлық ұсынысқа және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша;
3) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;
4) талапкерлер - мертігуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;
5) талапкерлер - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;
6) жеке адамдар - некенi бұзу туралы iстер бойынша апелляциялық шағымдардан;
7) iске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар бергенi үшiн;
8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу қаражатын мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;
9) біліктi еңбек қызметкерлерiн және біліктілігi көтерiңкi деңгейдегi жұмысшы кадрларын дайындауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды күтіп-қарауға мемлекет шығарған шығындарды өндiрiп алу жөніндегі талап қоюлар бойынша;
10) жеке тұлғалар - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өндiрiп алудың дұрыстығына дау айтылатын қылмыстық iстер бойынша апелляциялық шағымдардан;
11) заңдарда көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;
11-1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қойып сотқа жүгiнген сенім бiлдiрiлген өкiл (агент);
12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер - барлық iстер мен құжаттар бойынша;
13) талапкерлер - оралмандар (репатрианттар) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;
14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздарды бергенi үшін:
іс жүргiзудi қысқарту туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе соттың iс жүргiзудi қысқарту туралы мәлiмдемесiн қарамай қалдыру немесе арызды қарамай қалдыру туралы;
шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы;
шешiмдi орындаудың әдiсi мен тәртібін өзгерту туралы;
талап қоюларды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын керi бұрып атқару туралы;
апелляциялық шағымға қосылу туралы;
сондай-ақ:
сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне;
соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;
соттың сырттай шешiмiнiң күшiн жою туралы;
15) прокуратура органдары - барлық талап қоюлар бойынша;
16) мемлекеттік мекемелер - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде;
17) мүгедектердiң қоғамдық ұйымдары - өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезiнде;
18) сақтандырушылар мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қоюлар бойынша;
19) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен қамауға алуға заңсыз тарту не тұтқынға алу немесе түзеу жұмыстары түрiнде заңсыз әкiмшiлiк жазаға тарту арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезде;
20-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;
21) ерiксiз таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары - берешектi өндiрiп алу туралы және таратылатын банктердің борышкерлерiн банкрот деп тану туралы талап қоюлар бойынша;
22) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банктер:
бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;
мүлікті өндіріп алу туралы;
борышкерлердiң сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қойған кезде;
23) конкурстық басқарушылар - Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктері шегінде конкурстық іс жүргізу мүддесінде талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады..
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 502-бап өзгертілді
502-бап. Нотариаттық iс-қимылдар жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
Нотариаттық iс-қимылдар жасаған кезде мыналар:
1) жеке тұлғалар - өздерiнің, мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;
2) мемлекеттік мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;
3) жеке адамдар - оларға мұраға құқық туралы куәлiктер берiлгенi үшін:
Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттік меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкi;
егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде (пәтерде) тұруын жалғастырып жатса, тұрғын үйi (пәтерi) немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пайы;
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi, мемлекеттік заемдардың облигациялары, еңбекке төленетiн ақы, авторлық құқық сомалары, авторлық қаламақы және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомалары;
ақталған азаматтардың мүлкi;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтардағы мүгедектер - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
5) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасау үшiн өтiнiш берген кезiнде;
6-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасауға өтiнiш жасаған кезде;
7) "Ардақты Ана" атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
8) заңдарда белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;
9) "Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариалдық iс-әрекет бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
503-бап. Азаматтық хал актілерін тiркеу кезiнде мемлекеттік баж төлеуден босату
Азаматтық хал актілерін тiркеу кезiнде мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, барлық топтардағы мүгедектер, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайталап берілгенi үшін;
2) жеке адамдар - азаматтық хал актілерін тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкелiктi анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер бергенi үшiн;
3) жеке адамдар - ақталған туыстарының қайтыс болуы туралы оларға бұрын берiлген куәлiктер қайталап немесе алмастырылып берiлгенi үшiн;
4) жеке адамдар - бала асырап алу мен әкелiктi анықтауға байланысты актiлер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгiзiлгенi үшiн мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 504-бап өзгертілді
504-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және алу кезiнде мемлекеттік баж төлеуден босату
Мыналар:
жаппай қуғын-сүргiндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы өздерi тiлек бiлдiрген жағдайда;
оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Аталған мемлекеттік баж төлеуден босату бiр рет берiледi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 505-бап өзгертілді
505-бап. Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу жөніндегі iстер бойынша мемлекеттік баж төлеуден босату
Қазақстан Республикасынан кету жөніндегі iстер бойынша мыналар:
1) Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Халық қа?арманы", "Отан" ордендерiмен наградталған адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген басқа да мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, І топтағы мүгедек және оны ертiп жүретiн адам, сондай-ақ ІІ топтағы мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2) азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң соттарына азаматтық және қылмыстық iстер бойынша тараптар, куәлер және сарапшылар ретiнде шақырылған жеке адамдар - оларға шетелге кетуге құжаттар берiлгенi үшiн мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасына келу жөніндегі iстер бойынша оралмандар олардың паспорттарына немесе солардың орнына берілетін құжаттарына Қазақстан Республикасына келуге рұқсат берілетін виза берілген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 505-1--баппен толықтырылды (2006.01.01 бастап қолданысқа енді)
505-1-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган
заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде
мемлекеттік баж төлеуден босату
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде:
1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
2) мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;
3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін;
4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қа?арманы", "Отан" ордендерімен марапатталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және II топтағы мүгедектер, Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 506-бап өзгертілді
506-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
1. Тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн мыналар:
1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
2) мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;
3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн;
4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, оларға теңестірілген адамдар; бала кезінен мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
2. Аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн: аңшылық мамандары, қорықшылар мен штаттағы аңшылар - оларға аң аулау құқығына рұқсаттар берiлгенi немесе ұзартылғаны үшiн мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
3. Мыналардан:
1) 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
2) 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
3) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды табыс ету кезiнде;
4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қою кезінде;
5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайта куәліктер берілгені үшін мемлекеттік баж алынбайды.
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ, шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн берілгені үшін: Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топтағы мүгедектер, қарттарға арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар, мемлекеттiң толық қарамағындағы және балалар үйлерi мен интернат ұйымдарында тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.