7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- Ақмола облысы Державинск қаласында жаңа су жинағышты, 3 насостық құрал жабдықтарды және трансформаторларды салу және ұзындығы 1500 метр негізгі су аққысын қайта жаңарту;
- Ақмола облысы Степняк қаласында 4 дана мөлшерінде жер асты типтес насостық станциялармен су жинағыш скважиналарын бұрғылау, ұзындығы 13,9 км. су құбыры желісін жаңғырту;
- Ақтөбе облысы Алға қаласындағы 5 тұрғын үйді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуден автономдық газ қазандықтарына алмастыру;
- Ақтөбе облысы Шалқар қаласының көп қабатты тұрғын үйлеріндегі және бюджеттік мекемелеріндегі ескірген "Универсал" жылу қазандықтарын "Протерм" қазандықтарына алмастыру;
- Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласындағы шеңберлік су құбыры желісінің 7 учаскесін қайта жаңарту, тозған су құбыры желілерін және насос станциялардағы насостық құрал жабдықтарды толығымен жаңарту, су құбыры желілерін су аққысының электр насос агрегаттарына алмастыру;
- Қарағанды облысы Абай қаласында ұзындығы 5 км су құбыры желілерін жаңарту;
- Қарағанды облысы Қарқаралы қаласындағы № 2 жылу қазандығын және жылу трассасын қайта жаңарту;
- Қостанай облысы Арқалық қаласында оңтайландыруды есепке алғанда ұзындығы 5363 метр су құбыры желісін ауыстыру;
- Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы оңтайландыруды есепке алғанда тозған құбырларды толығымен ауыстыру және демонтаж жасау, ұзындығы 1140 метр магистралды және тармақталған жылу желілерін қайта жаңарту;
- Қызылорда облысы Арал қаласының 25 көшесінде қосымша 6500 қума метр су құбыры желісін төсеу, 2 бас резервуарын тазарту, 5 км су аққысын жаңғырту, 3 су аққысы насос станцияларын салу;
- Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында ұзындығы 5,7 км тозған су құбыры жүйелерін және ескірген насостарды жаңғырту, су құбыры құбырларын жөндеу;
- Қызылорда облысы Арал қаласында шыны-пластиктен жасалған қайықтарды шығару.
Түпкі нәтиже:
Күзгі-қысқы кезеңде су құбырының, су аққысының және жылу желілерінің авариялығы төмендейді. Жылу, жылы және салқын судың тұрақты және үзіліссіз берілуін қамтамасыз ету. Шағын қалалардың жылу мен суаққысы жүйелерін тиімді пайдалану, энергия ресурстарын тиімді пайдалану. Халықтың жұқпалы аурулармен ауруы төмендейді. Халықтың сапасыз коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі шағымдарының көлемі қысқарады. Балық аулау саласында әрекет ететін балықшылардың құрал жабдықтарын жаңарту, балық шаруашылығындағы балық аулау мөлшерін көбейту мүмкіндігі пайда болады.
Сапа: Шағын қалалардың тұрғындары сапалы ауыз сумен, ыстық және салқын судың үзіліссіз берілуімен, тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі. Халықтың тұрмыс жағдайлары, санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық және демографиялық ахуал жақсарады. Арал, Зайсан, Балқаш және балық шаруашылығымен айналысатын басқа да көл маңындағы аудандардың отандық шыны-пластиктен жасалған қайықтарды пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Жалпы алғанда, шағын қалалардың дамыған тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымы халықтың іскерлік қабілетіне әсер етеді, шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндігі пайда болады. Жаңадан ұйымдасқан және бұрыннан жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуы халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылауын, жаңа жұмыс орындарының пайда болуын, жұмыссыздық деңгейін төмендеуін көздейді.
Уақтылығы: Жұмыс кестесіне сәйкес іс-шараларды уақытылы аяқтау.
*Ескерту: Облыстық бюджеттерге көрсетілген қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады. Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен алынатын трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
206-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Экономика саласындағы басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру"
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 123772 мың теңге (бір жүз жиырма үш миллион жеті жүз жетпіс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың түрлі салалары үшін кадрлар даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың қазіргі заманғы тиімді жүйесін құру.
ҚР Үкіметінің 2006.30.05. № 470 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экономиканың әр түрлі секторларында кадрлар даярлау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу; жас басшы қызметкерлердің жаңа буынын және елдің нарықтық экономикасының елеулі негізін құруға қабілетті қызметкерлерді тарту; басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу есебінен елдің экономика саласындағы ұйымдарының құрылымын жетілдіру; кадрлардың біліктілігін арттыру және Қазақстан мен Германияның тиісті фирмаларының өзара іс-әрекеті бөлігінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау; Германия Федеративтік Республикасының кәсіпорындарына тағылымдамаға жіберу.
ҚР Үкіметінің 2006.30.05. № 470 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 042 | | Экономика саласын- дағы басшы қызмет- керлердің білік- тілігін арттыру | І. Шетелдік оқытушыларды тарта отырып, экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру. Оқу мерзімі алты айдан аспайды. II. Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының Бірлескен өтінішінің шарттарына сәйкес Германия Федеративтік Республикасының кәсіпорындарына үздік басшы қызметкерлер мен менеджерлерді тағылымдамаға жіберу. 2005 жылдан бастап саны ең көбі - 100 адам. III. Германия Федеративтік Республикасындағы үздік басшы қызметкерлер мен менеджерлердің тағылымдамасы жөніндегі іс-шараларды үйлестіру. | жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Эконо- мика және бюд- жеттік жоспар- лау минис- трлігі |
ҚР Үкіметінің 2006.30.05. № 470 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі:
Экономика және өндірісті басқару саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру.
Yздік басшы қызметкерлер мен менеджерлер Германия Федеративтік Республикасының кәсіпорындарына тағылымдамаға жіберіледі.
Түпкі нәтижесі:
Қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің кәсіптік деңгейін арттыру.
Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы: қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін дамыту; ел экономикасының нақты секторы ұйымдарында жұмыс істеу үшін кадрлық резерв құру; Германия Федеративтік Республикасының компанияларымен әріптестік қатынастар орнату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
207-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
""Электрондық үкімет" құру"
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 20000 мың теңге (жиырма миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ел басшылығына өзекті, сенімді әрі кешенді ақпарат ұсыну және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жан-жақты зерттеудің бағалау мен болжамдаудың сапасын арттыру, сондай-ақ тиімді және негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауды жылдамдату.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік басқарудың ахуалдық жүйесін құру мен дамыту және мемлекеттік органдардың басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялануы.
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | "Электрон- дық Үкімет" құру | | | |
2 | | 100 | Мемле- кеттік басқарудың жағдайлық жүйесін құру | Мемлекеттік басқарудың ахуалдық жүйесін дамыту және оны мемлекеттік органдардың басқа ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жөніндегі қызметтерді сатып алу. Ілеспе қызметтердi сатып алу. | жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Эконо- мика және бюд- жеттік жоспар- лау минис- трлігі, Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпарат- тандыру және байланыс агент- тігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі:
басқарушылық шешімдерді қабылдауды қолдауға арналған жүйелерді пайдалану.
Түпкі нәтижесі:
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерін талдау және болжамдау әдістерін жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
басқарушылық шешімдердің қабылдану мерзімін қысқарту және сапасын арттыру.
Уақтылығы:
Жасалатын шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы:
сапалы басқарушылық шешімдерді 100% қабылдау.