Түпкілікті нәтиже: жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік басқаруды сапалы деңгейге көтеру.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі: ҚР ЖҚП ББМЖ жүйесінің шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін жедел бақылау негізінде экономиканың өндіруші салаларының экономикалық тиімділігін арттыру.
Уақтылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарға сәйкестілігі.
Сапасы: ҚР ЖҚП ББМЖ жүйесінің Қазақстан Республикасы ақпараттық технологияларының стандарттарына және ақпараттық қауіпсіздік ISO 17799:2005 және ISO 27001:2005 жаңа халықаралық стандарттарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
318-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымаларды жою және тұмшалау"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1180210 мың теңге (бір миллиард бір жүз сексен миллион екі жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 56, 48-баптары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1019 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар, мұнай, газ, жер асты сулары кен орындарын әзірлеу жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысымен бекітілген "Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы".
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластанудың, табиғи су ресурстары ысырабының алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: су басу аймағында мұнай ұңғымаларын жою және консервациялау, құрамында радионуклидті жоғары, жоғары дебитті, төгілетін тұщы сулы өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымалар- ды жою және тұмшалау | 1. Каспий теңізінің су басу аймағында мұнай ұңғымасын жою және консервациялау. 2. Өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғыманы жою және консервациялау. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
1) Каспий теңізінің су басу аймағында 12 мұнай ұңғымасы жойылды және консервацияланды;
2) өздігінен ағатын 47 гидрогеологиялық ұңғыма жойылды және консервацияланды.
Түпкілікті нәтиже: жұмыстың басынан 49,3% мұнайлық және 10% гидрогеологиялық ұңғымаларды жою есебінен жер қойнауының мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластану қаупін төмендету, сондай-ақ 97,3 мың. т.м/күн көлемінде табиғи су ресурстарының ысырабын азайту., алаңы 675,0 мың ш.м астам аумақты құрғату.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- теңізде бір ұңғыманы жоюға арналған орташа шығын 80000 мың теңгені құрайды;
- бір гидрогеологиялық ұңғыманы жоюға арналған орташа шығын 4926 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: уәкілетті орган бекітетін объектінің жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу.
Сапасы: Жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалды және құрамында ТЖМ, ҚОҚМ, санэпидқадағалау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері бар ведомствоаралық комиссия қабылдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
319-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Мұнай операцияларын жүргізу, сондай-ақ көмірсутегін тасымалдау,
қайта өңдеу және өткізу кезінде келісімшарттарда мемлекет мүддесін білдіру"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 6-бабы, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы "Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы".
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарттарда, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату кезінде мемлекеттің мүдделерін сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мұнай операцияларына келісім-шарттардың сақталу мониторингін ұйымдастыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнай операцияларын жүргізуге жасалған келісім-шарттарды қамтамасыз ету, мұнай-газ жобаларын сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату бойынша жобаларды іске асырумен байланысты мәселелері жөнінде мемлекеттің мүдделерін білдіру, мұнай операцияларын жүргізу саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, мұнай-газ саласындағы өнімдермен қызметтердің сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сатудың қауіпсіздігі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Мұнай операция- ларын жүргізу, сондай-ақ көмірсу- тегін тасымал- дау, қайта өңдеу және өткізу кезінде келісім- шарттарда мемлекет мүддесін білдіру | 1. Мұнай операцияла- рына келісімшарттар талаптарының орындалу мониторин- гін консультациялық сүйемелдеу. 2. Мұнай операцияла- рын жүргізуге келісім-шарттардың, соның ішінде өнімдi бөлу туралы келісімдердің жобаларын дайындау. 3. Мұнай операцияла- рын жүргізу саласын- да нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша консультанттарды тарту, мұнай-газ саласындағы өнімдер- мен қызметтердің сондай-ақ көмірсу- тектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сатудың қауіпсіз- дігі. 4. Даулы мәселелердi шешу, мұнай опера- цияларын жүргізудің шарттарын мердігер- лердің орындауы және мұнай-газ жобаларын іске асыру кезіндегі басқа мәселелер жөнінде консультанттарды тарту. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
1) мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттардың мониторинг нәтижелері бойынша есептер;
2) мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттардың, соның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің жобаларын жасау кезінде, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге сәйкес мемлекеттің мүдделерін білдіру бойынша құзіретті органның қажеттілігін қамтамасыз ету;
3) нормативтік құқықтық актілердің жобалары, мұнай операцияларын жүргізу саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар, мұнай операцияларын, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сатуды техникалық реттеу;
4) Мұнай-газ, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату жөніндегі жобаларды іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: мұнай операцияларын жүргізуге, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату келісім-шарттарды іске асыру кезінде мемлекеттің шығындарының алдын-алу.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: мұнай-газ саласына тікелей инвестициялар тарту.
Уақтылығы: анықталған шарттар мен техникалық тапсырмалар мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы: толық көлемде және белгіленген мерзімде қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
320-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
""Қарағанды шахталарын тарату" РМБК-ке берілген, жабылған шахталар
қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 146286 мың теңге (бір жүз қырық алты миллион екі жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1999 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 47-тарауы (Ерекше бөлім).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірген залалдың өтемінде азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалдың өтемін өз уақытында төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | "Карағанды шахталарын тарату" РМБК-ке берілген, жабылған шахталар қызметкер- лерінің денсаулы- ғына келтіріл- ген зиянды өтеу | 1. Жойылған шахталар қызметкерлеріне индексацияны ескере отырып, жойылған шахталар қызметкер- лері залалының орнын толтыру төлемдері. 2. Сомаларды жеткізу және жіберу шығындары. | Ай сайын | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтижелер: 727 адам санымен "Қарағандышахтатарату": РМБК-ге берілген, жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалды өтеу төлемдері.
Өз уақтылылығы: ай сайын 25 дейін уақтылы төлем.
Сапасы: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалды өтеу төлемі - 100%.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
321-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ядролық медицина және биофизика орталығын құру"
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 250000 мың теңге (екі жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Кейінгі жылдары медицина ғылымының, ядролық физика және ақпараттық технологиялар торабында әзірленген диагностика мен терапияның жаңа әдістерін дамыту және республиканың денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: диагностика мен терапияның жаңа әдістемелерін жасау және игеру үшін жағдайын қамтамасыз ету, ядролық медицина мен биофизиканың жаңа өнімдерін жасау үшін ғылыми зерттеулер жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Ядролық медицина және биофизика орталығын құру | ТЭН-ге сәйкес Ядролық медицина және биофизика орталығын құру жөніндегі іс-шара- ларды орындау (ЭБЖМ-ның ТЭН-ге арналған 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 6-2-1/9252 экономикалық сараптау қорытындысы): 1. Жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу. 2. Белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген ПСД-ға сәйкес инженерлік жүйелер мен ғимарат- тарды қайта құру арқылы Ядролық медицина және биофизика орталығын құру жөніндегі жұмыстарды жүргізудi бастау. | Қаңтар-жел- тоқсан Қаңтар-жел- тоқсан Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
1. Мемлекеттік сараптаудан өткен, бекітілген жобалық-сметалық құжаттама.
2. Инженерлік жүйелер мен ғимараттарды қайта құру жөніндегі жұмыстар (18%), соның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды, санитарлық өткізушілер үшін радиометрикалық жабдықтар сатып алу және монтаждау.
Түпкілікті нәтиже: Медицина ғылымы мен ақпараттық технология торабында әзірленген диагностика мен терапияның жаңа әдістерін дамыту және республиканың денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу үшін Ядролық медицина және биофизика орталығын пайдалануға қосу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Республика үшін экономикалық тиімділігі диагностика мен терапияның жаңа әдістерін Республиканың денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізуді іске асыру арқылы жетеді.
Уақтылығы: жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес, жасалған шарттарға сәйкестігі.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
322-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ақтөбе облысының облыстық бюджетіне Мартұқ ауданында жеткізуші
газ құбырын салуға берілетін нысаналы даму трансферттері"
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ақтөбе облысы, Мартұқ ауданының елді мекендерін арзан отын түрі-ілеспе газбен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Ақтөбе-Мартұқ газ құбырын жүргізу құрылысының ұзақтығы - 69,93 ш.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Ақтөбе облысының облыстық бюджетіне Мартұқ ауданында жеткізушi газ құбырын салуға берілетін нысаналы даму трансферт- терi | Ақтөбе-Мартүк газ құбырын жүргізу құрылысының жобасын іске асыру үшін ("Мемсараптама" РМК 2002 жылғы 12 тамыздағы № 6-121/02) бекітілген ТЭО сәйкес Ақтөбе облысының облыстық бюджетін дамытуға арналған мақсатты инвестициялық трансферттердi аудару. | Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі; Ақтөбе облыстық әкімдігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
Ақтөбе-Мартұқ газ құбырын жүргізу құрылысы бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстардың көлемі - 30%.
Түпкілікті нәтиже: Мартұқ ауданы елді мекендерінің тұтынушыларын арзан отынмен (ілеспе газбен) қанағаттандыру үшін газ құбырларын пайдалануға қосу.
Қаржы-экономикалық тиімділік: экономикалық тиімділік республика үшін Ақтөбе облысының Мартұқ ауданы елді мекендерін отынның арзан түрімен - ілеспе газбен қамтамасыз ету арқылы жетеді.
Өз уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес жоспар-кестеге сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту:
*) Жоспарлы-сметалық белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген құжаттамаға сәйкес Ақтөбе-Мартұқ газ құбырын жүргізуші құрылыс жөніндегі жобалар мен іс-шаралардың тізбесі, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламаларға сәйкес паспорттардан көрінеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
323-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Арнайы бақылау станцияларында тіркелген ядролық жарылыстар
мен жер сілкіністерінің тарихи сейсмограммаларының электрондық
мұрағатын жасау" деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 25000 мың теңге (жиырма бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы; "1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қараудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді ұзарту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 маусымдағы Заңы, "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысымен бекітілген "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы".
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ядролық жарылыстар мен жер сілкіністері туралы ақпаратты сақтау мен берудің сенімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Геофизикалық зерттеулер институтының бөлімшелерінде (Бурабайда, Курчатовта, Ақтөбеде) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселқорғау" кәсіпорнының басқаруына көшкен (Семей, Талғар станциялары) мұрағатта 1951-1985 жылдардағы мұрағаттық жазбаларды түгендеуді жүргізу.
Бурабай, Курчатов АҚ, Орталықта мұрағаттық қағаз жазбаларды қазіргі цифрлық форматтарға көшіру үшін (бұрын мұрағатталатын жазбаларды тіркеу кезінде пайдаланылған аппаратураның ерекшеліктерін және Алматы қаласында Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығында (бұдан әрі - АСАЖӨО) технологиялық желілерді құру жөніндегі 2005 ж. тәжірибені ескере отырып) технологиялық желілерді құру.
1951-1989 жылдардағы мұрағаттық жазбаларды кезең-кезеңмен қазіргі заманғы халықаралық форматтардағы жаңа (электронды) тасығыштарға көшіру.
Электронды станция мұрағаттарын құру, оларды АСАЖӨО дерекқорына интеграциялау, және ядролық жарылыстар жөніндегі дерекқорға пайдалануға енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Арнайы бақылау станция- ларында тіркелген ядролық жарылыстар мен жер сілкініс- терінің тарихи сейсмо- граммала- рының мұрағатын қағаздағы жазбадан электрон- дық тасымал- даушыларға көшіру | 1. Семей, Курчатов, Бурабай және Талғар станцияларының цифрлық және ұқсас мұрағаттық жазбала- рын тексеру, жинау және құжаттау (1960 ж. дейін). 2. Курчатовта мұрағаттық деректер- ді цифрлау үшін бағдарламалық-аппа- ратура кешенін жасау. 3. Геофизикалық зерттеулер институ- тының деректер орталығында (АСАЖӨО, Алматы қ.) түрлі бақылау станцияларының жазбаларына қолданылатын ядролық жарылыстар жөніндегі дерекқорды жаңғырту. 4. АСАЖӨО-ға геофизикалық обсер- ваториялардан деректерді жіберудің технологиясын әзірлеу және сату. 5. Мұрағаттық жазбаларды цифрлау, АСАЖӨО-ға ядролық жарылыстар базасын толтыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже:
Станциялар тобы бойынша қағаз және магнитті тасығыштарда ядролық жарылыстардың мұрағаттық сейсмограммалардың каталогы құрылды (1965 ж. дейін);
Курчатовта қағазды тасығыштардан электронды нысанға жазбаларды аудару жөніндегі қолданыстағы технологиялық желі.
Түпкілікті нәтиже: 2008 жылы жұмыстарды бітірумен ядролық жарылыстар мен жер сілкіністері жөніндегі деректер базасын (электронды мұрағат) құру жөніндегі жұмыстардың бастапқы (дайындық) кезеңі;
қағазды тасығыштардан ядролық жарылыстардың мұрағаттық жазбалары цифрланды.
Уақтылығы: күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес.
Қаржы-экономикалық нәтиже: қажетті көлемде ақпаратты алуға және беруге уақытты едәуір қысқарту.
Сапасы: ұсынылатын ақпараттың сенімділігі және толықтығы.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
324-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері"
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 16180621 мың теңге (он алты миллиард бір жүз сексен миллион алты жүз жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы".
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй аймақтары мен қоғамдық ғимараттарды сенімді жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жылу желілерінің жабдықтарын кеңейту және жаңғырту үшін жағдайларды қамтамасыз ету; электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.25.12. № 470у Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Облыстық бюджеттер- ге, Астана және Алматы қалалары- ның бюджетте- ріне жылу- энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферт- терi | Облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалала- рының бюджеттi дамытуға арналған мақсатты инвестиция- лық трансферттердi "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсан- дағы № 1228 қаулысы- ның 2-қосымшасына сәйкес сомалар шегінде белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген ЖСҚ тәртібіне сәйкес мынадай инвестиция- лық жобаларды іске асыруға аудару: 1. Астана қаласының ЖЭО-2, жылу желілерi мен энергия желілерi объектілерін кеңейту және жаңарту ("Мемсараптау" РМК-ның ЖСҚ бойынша 2005 жылғы 10 қазан- дағы № 2-705/05 ЖСҚ бойынша қорытындысы); 2. Астана қаласының сол жағалаулық бөлігінде "Новая" ҚС құрылысы ("Мемсараптау" РМК- ның 2004 жылғы 27 қазандағы № 2-549/04 ЖСҚ бойынша қорытындысы); 3. Астана қаласын- дағы 110/10 кВ "Степная" ҚС құрылысы ("Мемсараптау" РМК-ның ТЭН бойынша 2005 жылғы 24 маусымдағы № 2-369/05 ТЭН бойынша қорытындысы); 4. Астана қаласындағы 110/10 кВ "Заречная" ҚС құрылысы ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 14 шілдедегі № 2-437/05 ТЭН бойынша қорытындысы"); 5. Астана қаласындағы 110/10/ кВ "17 тұрғын аймақ" ҚС құрылысы; 6. "Бұрынғы 35 және 6 кВ желілердің кіруін қайта құрумен "Алмалы" кешенi аумағында 35/6 кВ жаңа екі транс- форматорлы қосалқы станциясының құрылысы. ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 18 тамыздағы № 7-450/05 ЖСҚ бойынша қорытындысы); 7. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы- ның жылу желілерін жаңғырту, орталық жылумен жабдықтау схемасында сақталған қазандықтардың және ЖЭО-ның бар қуаттарын жаңғырту. 8. № 7, 8 станцияларының қазандық агрегаттарын, № 5, 6 станцияларының құбыр агрегаттарын және Астана қаласының су жылыту қазандығын орнатып ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту, оның ішінде төленетін аванс сомасына жабдықтарды жеткізу жөніндегі шарттық міндеттемелерді уақтылы орындауға екінші деңгейдегі банктің кепілдігін мердігер ұйымның ұсыну шарты кезінде оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде қосалқы жабдықтармен КB-T-139,6-150 типті су жылыту қазандықтарына тапсырыс беру үшін аванс аудару («Мемсараптама» РМК-ның 2005 жылғы 23 маусымдағы № 2-364105 TЭH бойынша қорытындысы). 9. Астана қаласында ЖЭО-3 салу («Мемсараптама» PMK-ның 2005 жылғы 24 маусымдағы № 2-367/05 TЭH бойынша қорытындысы). 10. Алматы қаласындағы «Орбита» аудандық қазандығын қайта жаңарту және кеңейту (»Мемсараптама» РМК-ның 2005 жылғы 19 мамырдағы № 7-53-2/2005 ЖСҚ бойынша қорытындысы). 11. Атырау қаласындағы Сәтпаев даңғылы бойындағы «Премьер-Сити» тұрғын үй кешенін электрмен жабдықтау. | Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары- ның және Астана қаласының әкімдік- тері. |