«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 470у Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 324-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесі 5-бағанының 8-тармағы «Астана қаласының су жылыту қазандығын орнатып ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту» деген сөздерден кейін «, оның ішінде төленетін аванс сомасына жабдықтарды жеткізу жөніндегі шарттық міндеттемелерді уақтылы орындауға екінші деңгейдегі банктің кепілдігін мердігер ұйымның ұсыну шарты кезінде оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде қосалқы жабдықтармен КB-T-139,6-150 типті су жылыту қазандықтарына тапсырыс беру үшін аванс аудару» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы