7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: жобаға сәйкес төрт шахта бойынша тарату жұмыстарын жалғастыру.
Түпкілікті нәтиже: Акті бойынша жергілікті атқарушы органдарға берілген 200,8 га шұрайландырылған жер аумағы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: оларды жабу басталғаннан бастап шахталарда тарату жұмыстарының орындалу көлемі:
"Қарағандыкөмір" АҮАҚ № 1 шахтасында - 42,2%; "Қарағандыкөмір" АҮАҚ №2 - 53,2%; "Қарағандыкөмір" АYАҚ № 3 - 34,7%; "Арман" ЖШС №1 - 81,2%; жерлерді шаруашылық айналымына қайтару.
Уақтылылығы: күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес.
Сапасы: жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
313-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жылу-энергетика кешенін дамыту"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 70600 мың теңге (жетпіс миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Энергия үнемдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 3-6, 9, 12-баптары, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабы; "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 18, 21, 22, 26-баптары; "2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 101 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
1) көмір өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру және көмір саласының халықаралық стандарттарға көшуіне жағдай туғызу;
2) Қазақстан Республикасында электр және жылу энергиясының сапасына тұрақты бақылау жүйесін құру; энергия кәсіпорындарының қондырғыларын пайдалану кезінде энергиямен жабдықтау сенімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) мұнай-химия кәсіпорындары үшін қосымша күнтізбегі бойынша тауарлық мұнай-химия өнімдерін шығару арқылы көмірсутегі шикізатын тереңдетіп тазалау және кешенді қайта өңдеу жөніндегі ғылыми-техникалық және технологиялық негіздерді құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
1) көмір саласының нормативтік құжаттарын халықаралық талаптармен үйлестіру;
2) энергетика саласында нормативтік-техникалық құжаттарды қайта қарау және әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың ғылыми-техникалық және ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру: мұнай-химия өнімдері - метанол немесе диметил эфирін шығарумен ілеспе және табиғи газдарды өңдеу жөніндегі технологияларды, өндірістерді құру; бензол және басқа мұнай-химия өнімдерін алу үшін сұйытылған мұнай газын өңдеудің бір кезеңдік каталитикалық процесінің технологиясы мен өндірісін құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Жылу-энер- гетика кешенін дамыту | | | |
2 | | 101 | Көмір саласының халықара- лық стандартқа көшуін қамтамасыз ету | 1. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу. 1) Шұбаркөл кен орнының тас көмірі. Жалпы техникалық шарттар. 2) Минералдық қатты отын. Таңбалау, буып-түю, тасымалдау және сақтау. 3) Минералдық қатты отын. Өнімдердi сәйкестендіру. 2. Қолданыстағы стандарттарға № 1 өзгерістер: 1) Қазақстан Республикасының стандарты 3.39-2003 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификация жүйесі. Көмірді сертификаттау тәртібі. 2) Ізбес өндірісi үшін Қазақстан көмірі Қазақстан Республикасының стандарты 1093-2002. Жалпы техникалық талаптар. 3. Қушоқы кен орнының көмір өнімдерінің каталогы мен жіктеуішін әзірлеу. | Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
3 | | 102 | Электро- энергетика және мұнай өңдеу саласында норматив- тік-техни- калық құжаттарды әзірлеу | Талаптарға сәйкес электр энергетикасы саласындағы нормативтік-техни- калық құжаттамалар- ды әзірлеу: энергия жабдықтарын пайдалану кезінде энергия жабдықтарын жөндеу министрлігi кезінде; ауыл шаруашылығын электрлендіру саласында. | Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
4 | | 103 | Өнеркәсіп- тің мұнай- химиялық саласын дамыту және құру | 1. Метанол немесе диметил эфирін (ДМЭ) алу жөнінде ілеспе және табиғи газдарды өңдеудің ғылыми-технологиялық негіздерін әзірлеу шеңберінде технологиялық кешен үшін жабдықтарды жиынтықтылау бойынша алдын ала техника- экономикалық негіздемесі мен техникалық құжаттамасын әзірлеу. 2. Бензол және басқа мұнай-химия өнімдерін алу үшін катализаторларды қолданып сұйытылған мұнай газын өңдеудің технологиялық схемасын әзірлеу. | Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
1) 3 мемлекеттік стандарт және қолданыстағы стандарттарға 2 өзгеріс әзірленді;
2) Қушоқы кен орны көмір өнімдерін каталогы мен жіктеуіші әзірленді;
3) электр энергетикасы саласындағы 20 нормативтік-техникалық құжат әзірленді және қайта қаралды немесе қажеттіден 12%;
4) метанол немесе диметил эфирін өндіру бойынша технологиялық кешенді құруға арналған алдын ала техникалық-экономикалық көрсеткіштер, катализаторларды пайдалану арқылы бензол алудың технологиялық схемасы.
Түпкілікті нәтиже:
1) Тұтас көмір саласы тиісті халықаралық талаптарға 9,8% стандарттармен қамтамасыз етілетін болады;
2) Тұтас электр энергетикасы нормативтік-техникалық құжаттамамен 12%-ға қамтамасыз етілетін болады;
3) метанол және диметил эфирін өндіру бойынша технологиялық кешенінің құрылысына арналған нақты көрсеткіштерді анықтау, бензол алудың принципті технологиялық схемасы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік стандартты өңдеудің орташа құны - 1370,0 мың теңге, қолданыстағы стандартты өзгертуге - 945,0 мың теңге, каталог пен жіктеуішке - 2000,0 мың теңге, нормативтік-техникалық құжатқа - 1645,0 мың теңге, нормативтік-техникалық құжатты қайта қарауға - 744,0 мың теңге. 1 млн. т.м газды қайта өңдеу кезінде алынған мұнай-химия өнімдерінің құны 180 мыңнан астам АҚШ долларын құрайды, отын нұсқасы бойынша осы көлемдегі газды сату кезінде - құны 18-20 мың АҚШ долларын құрайды.
Уақтылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарларына сәйкес.
Сапасы: отын-энергетикалық кешен өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін халықаралық талаптарға сәйкес нормативтік-құқықтық, ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
314-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 480000 мың теңге (төрт жүз сексен миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Атом энергиясын пайдалану туралы" 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 13-баптары, "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6, 9-баптары; "Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 927 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның радиациялық және ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының аумағындағы қазіргі радиациялық жағдайды және халық үшін радиологиялық ахуалды бағалау; кейінгі радиоэкологиялық мониторингті жүргізу үшін радиациялық-ластанған аумақтар мен алаңдарды белдемдеу; зерттеулер нәтижелері бойынша радионуклидтермен ластанған аумақтарды оңалту және нормативтен жоғары радиоактивтік сәулелену жағдайларынан халықты қорғау жөніндегі ұсыныстарды дайындау; Ертіс химия-металлургия зауытына (бұдан әрі - ЕХМЗ) іргелес аумақтарда радиоактивтік заттар мен қалдықтардың бақылаусыз таралуын болдырмау; оның аумағының ерекшеліктерін ескерумен шаруашылық қызметін жүргізу үшін бұрынғы Семей сынақ полигонының (бұдан әрі - ССП) радиациялық және ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ССП аумағындағы ядролық қару-жарақ қызметі қалдықтарының қорларын бағалау, бұрынғы ССП аумағында ядролық жерасты сынақтарын өткізу орындарының ағымды сейсмикалық жағдайын зерттеу, радиоэкология мәселелері жөнінде ақпараттандыру және түсіндіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Радиация- лық қауіп- сіздікті қамтама- сыз ету | 1. Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайды зерделеу: 1) 250,0 мың км2 алаңда масштабы 1: 1000 000 өңірлік радиогидролито-химия -лық түсіру; 2) Орталық Қазақстандағы (Ақмола және Қарағанды облыстары, жұмыстардың аяқталуы), Оңтүстік Қазақстанның 1-учаскесінде және Батыс Қазақстанның 1-учаскесінде (жұмыстардың басталуы) әрбірінің алаңы 2,3 мың км2 үш типтік учаскеде масштабы 1200 000- -1:100 000 орта масштабты радио- экологиялық зерттеулер; 3) 5 радиоактивтік ластану учаскесінде және 15 жоғары радиациялы тау-кен үйінділері бар учаскелерде 1:5000-5:500 масштабты егжей- тегжейлі радиоэкологиялық зерттеулер. 2. Бұрынғы Ертіс химия-металлургия зауытының (ЕХМЗ), радиоактивті қалдықтарды көму пункттерінде және оған іргелес аумақтардағы радиациялық қауіптi жағдайларды жою жөнінде жұмыстарды жүргізу: 1) дайындау, ұйымдастыру және техникалық іс-шараларды жүргізу, жалпы алаңы 0,6 ш м. бұрынғы ЕХМЗ аумағын, шлам жинауыштар және жалпы алаңы 2,5 ш.км. шлам топырақты және ағын сулардың оларға іргелес аумақтарын радиациялық тексеру жоспарын әзірлеу. Қадағалау органдарында құжаттарды келісу; 2) ЕХМЗ аумағында, оның цехтарында, аумағы 0,6 ш.км. ғимараттары мен құрылыстарында, шлам жинауыш бассейндер және зертханалық жағдайда олардың радиометриялық, спектрометриялық талдауларымен 2,5 ш.км оларға іргелес аумақтарда қоршаған ортадан сынама іріктеп алумен радиациялық зерттеулер жүргізу; 3) ЕХМЗ-тың тексерілген аумақтарынан және шлам жинауыш бассейндерден иондаушы сәуле көздері (ИСК) мен радиоактивті қалдықтарды (РҚ) іздестіру мен жою және оларды жинап салу, тасымалдау және КИР "Байкал-1" қоймаларына ұзақ уақыт сақтауға орналастыру; 4) ЕХМЗ-тың ластанған аумақтары мен ғимараттарын радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру жөнінде ұсынымдар мен жобаларды әзірлеу және бақылаушы органда келісу, радиоактивтi қалдықтарды өңдеу, көму немесе КИР "Байкал-1" қоймаларына ұзақ уақыт сақтауға орналастыру бойынша технологиялық кешен жасау жөнінде инженерлік технологиялық жұмыстарды жүргізу; ЕХМЗ-ның 22 және 22а цехтарын технология- лық жабдықтарын бөлшектеу және оны дезактивтеу (мүмкіндігінше) мен кондиционерлеудің технологиялық процестерін әзірлеу, сондай-ақ осы жұмыстарды жүргізу үшін жұмыс алаңын ұйымдастыру. ЕХМЗ-ның 22 және 22а цехтарындағы сұйық радиоактивті қалдықтарды кәдеге жаратудың әдістері мен технологиясын әзірлеу және тәжірибелік сынамалау; 5) ЕХМЗ-да 2005 жылы табылған РОҚКП іргелес ластанған аумақтарда табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу жөніндегі жобаларды әзірлеу, келісу және бекіту, сондай-ақ осы аумақтарда табиғат қорғау және қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу мен оларды радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру (бөлінген қаражат шектерінде және жобаға сәйкес). 3. Бұрынғы ССП-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету: 1) бұрынғы ССП-ны аумағының шекарала- рын тексеру және жайластыру; ядролық сынақтар жүргізілген негізгі алаңдарды қоса алғанда бұрынғы ССП аумағына рұқсат- сыз кіруді шектеу жүйесін әзірлеу; 2) ССП аумағында шаруашылық жұмыста- рын жүргізудің қауіпсіздік тәртібін регламенттейтін нормативтік-техни- калық база әзірлеу; ССП аумағының өзіндік ерекшелікте- рін ескерумен шаруашылық жұмыста- рын радиациялық қауіпсіз жүргізудің нормаларын әзірлеу; 3) ССП аумағындағы шаруашылық қызметі- нің мониторингі; шаруашылық қызметін жүргізу кезінде радиациялық қауіп- сіздік талаптарын қамтамасыз ету мониторингін орындау. ССП аумағында шаруашылық етуші субъектілер жөніндегі дерекқорды дамыту; 4) ядролық және радиациялық қауіпті объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; бұрынғы ССП аумағын- да орналасқан реакторлық кешендер- дің физикалық қорғаныш жүйесін жаңғырту. Ядролық және радиациялық қауіпті объектілер- дің физикалық қорғаныш жүйесінің техникалық және әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру. Ядролық және радиациялық қауіпті объектілерде болуы мүмкін аварияларды үрлеу және болжамдау; объектілердің қауіпсіздік жүйесі мониторингінің әдістерін әзірлеу; 5) бұрынғы ССП аумағындағы радиациялық жағдайдың шынайы картасын жасау мақсатында қосымша радиоэкологиялық зерттеулер жүргізу; дала және камералдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Радионуклидтік ластану карталарын жасау; 6) жерасты ядролық жарылысын өткізетін жерлердің бассейн- дерінің сарқынды суларының радионук- лидтік ластануының мониторингі жүйесін жасау; гидрогеоло- гиялық қосымша қадағалау ұңғымаларын бұрғылау. Гидрогеологияларды және аумақтың гидрогеологиясын анықтау; 7) ССП шегінен көшу мүмкіндігін азайту және жою жөнінде зерттеулер мен жұмыстар жүргізу; ССП аумағындағы радионуклидтердің көшу жолдарының заңдылықтарын зерделеу және радиациялық жағдай- дың қарқынын үлгілеу; жерасты сулары бассейнінің радионуклидтермен ластануын зерделеу; 8) ССП аумағында жерасты ядролық жарылыстар жүргізіл- ген орындардың қазіргі сейсмикалық жағдайын зерделеу; Дегелең алаңының қазіргі сейсмикалық жағдайын зерделеу жөнінде далалық зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу. Балапан алаңының сейсмикалық жағдайының мониторингі. Нәтижелерді талдау; 9) Балапан алаңының әскери ұңғымаларын паспорттау; әскери ұңғымалардың жағдайы мен жай-күйін анықтау бойынша далалы зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу. Камеральдық жұмыстар; 10) ССП аумағындағы ядролық қару-жарақ қызметі қалдықтары- ның қорларын бағалау; ядролық қызмет қалдықтарының құрамын анықтау бойынша зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстарды жүргізу; ядролық сынақ өткізілген жерлердегі олардың құрамын белгілеу үшін зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар жүргізу. Ядролық сынақ өткізілген жерлердегі олардың құрамын белгілеу әдістемелерін таңдап алу; 11) ядролық қару- жарақ қызметі қалдықтарымен, радиоактивтік қалдықтармен және улы қалдықтармен қауіпсіз айналысуды қамтамасыз ететін технологияларды әзірлеу; радиоактивті улы қалдықтарды қауіпсіз консервациялау жөнінде зерттеулер жүргізу және ұсынымдар мен әдістерді әзірлеу; 12) ядролық және радиоактивті материалдарды таратпау және заңсыз айналымын болдырмау жөнінде зерттеулер жүргізу және жұмыстарды ұйымдас- тыру; радиоактивті және ядролық материалдармен заңсыз айналысуға қарсы әрекетке бағытталған зерттеу- лер мен жұмыстарды жүргізу; 13) ССП аумағын басқару жөніндегі ақпараттық жүйенi дамыту және шешімдер қабылдау жүйесін құру; ақпаратты жедел жеткізу әдістерін әзірлеу. Бағдарламаның міндетіндегі деректер банкі мен географиялық ақпарат жүйесін (ГАЖ) дамыту; 14) Бағдарлама бойынша жұмыс нәтижелерін ақпараттық қамтамасыз ету; қоғамдық пікір мониторингісі жүйесін ұйымдастыру. Халықты радиоэкология мәселелері және ССП аумағын пайдалану мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру және түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Жұмыс нәтижелерін ақпараттық түсіндіру; 15) Құпия | Қаңтар-жел- тоқсан Қаңтар-жел- тоқсан Қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және мине- ралдық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды зерттеу: өңірлік зерттеулер бойынша Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағы бойынша 205 000 мың шаршы км. алаңда масштабы 1:1000 000 радиогидролитохимиялық түсіру орындалатын болады, 2005 жылдың далалық жұмыстары бойынша барлық зертханалық талдаулар аяқталатын болады;
ортамасштабты зерттеулер бойынша Орталық Қазақстанның (Ақмола және Қарағанды облыстары) үш учаскесінде жан-жақты зерттеу аяқталатын және радиациялық факторлар жиынтығы бойынша олардың радиациялық кернеуліктерін бағалау үшін Оңтүстік Қазақстанның бір учаскесінде және Ақтөбе облысының бір учаскесінде зерттеу басталатын болады;
Қазақстанның 4 облысы бойынша масштабы 1:1000 000 топырақ пен судың радиациялық-химиялық ластану карталары, барлығы 45 карта жасалды;
Ақмола және Қарағанды облыстарының типтік учаскелері бойынша 3 радиациялық паспорт және Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарының типтік учаскесі бойынша радиациялық паспорттың 1 макеті жасалды;
5 жергілікті учаскелердің радиоактивтік ластануының радиациялық паспорттарының және жоғары радиоактивті тау-кен жыныстарының үйінділерімен 15 учаскенің паспорттарының макеттері;
санамаланған карталардың және паспорттардың қосымшасымен бірге ақпараттық есеп.
2. Бұрынғы Ертіс химия-металлургия зауыты (ЕХМЗ) аумағында, радиоактивті қалдықтарды көму пункттері мен оған іргелес аймақтарда радиациялық-қауіп жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу:
РҚКП аумағына іргелес ластанған аумақтарды радиациялық қауіпсіз жай-күйге келтіру жөніндегі жұмыстар орындалатын, ондағы ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, бұрынғы ЕХМЗ-ның меншігіндегі аумақта табылған иондағыш сәулелену көздері мен жоғары активті РАҚ жойылатын болады;
22 және 22а ғимараттарының ластанған жабдықтарын, жүйелерін және конструкцияларының элементтерін бөлшектеу мен дезактивтендірудің технологиялық процесіне, 22 және 22а ғимараттарында тұрған және дезактивтендіру жұмыстары кезінде пайда болған сұйық радиоактивтік қалдықтарды қайта өңдеу қондырғысына қадағалау органдарында келісілген және жобалық-сметалық және конструкторлық құжаттамада бекітілген жинақ әзірленді;
ЕХМЗ-да кейінгі жұмыс кезеңдерінде ластанған технологиялық жабдықтарды, оларда болатын сұйық радиоактивтік қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жаратуды жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын 22 және 22а ғимараттарында инженерлік зерттеулер өткізілді, СРҚ-ны кәдеге жаратудың әдістері мен технологиялары экспериментті түрде әзірленді;
2005 жылы табылған, ЕХМЗ іргелес ластанған аумақтарда табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға қадағалау органдарында келісілген және жобалық-сметалық және конструкторлық құжаттамада бекітілген жинақ әзірленді.
3. Бұрынғы ССП-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
ядролық сынақтар жүргізілген негізгі алаңдарды қоса алғанда, бұрынғы ССП аумағына рұқсатсыз кіруді шектеу жүйесі әзірленді;
аумақтың ерекшелігін ескерумен, шаруашылық жұмыстарын радиациялық қауіпсіз жүргізудің нормалары әзірленді;
шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздіктің талаптарын қамтамасыз ету мониторингісінің жаңа деректері;
шаруашылық етуші субъектілердің дерекқорын дамыту;
ЗГР реакторлық кешенді физикалық қорғаудың қазіргі жүйесін ішінара жаңғырту бойынша іс-шаралар орындалды;
ядролық объектілердің қауіпсіздігі, ядролық және радиациялық қауіпті объектілерде авариялардың мүмкін болатын түрлерін үлгілеу мен болжамдау саласында жаңа деректер алынды;
радиологиялық зерттеулердің жаңа деректері, радионуклидтік ластанудың анықталған карталары;
топырақты сулардың жүйесін ішінара жаңғырту орындалды;
ССП аумағында радионуклидтердің көшіп-қонуы және радиациялық жағдайдың динамикасы жөніндегі жаңа деректер алынды;
жерасты ядролық сынақтарын өткізетін орындардағы жерасты сулары бассейнінің радионуклидтермен ластануы жөніндегі жаңа деректер алынды;
радионуклидтердің жерасты суларымен жеңілдету аймағына түсу мүмкіндігін бейтараптандыру қазіргі әдістемелерін таңдап алу жүзеге асырылды;
Дегелең алаңының қазіргі сейсмикалық жағдайы және Балапан алаңының қазіргі сейсмикалық жағдайының мониторингі туралы жаңа деректер алынды;
Балапан алаңының әскери ұңғымаларының бір бөлігін паспорттау орындалды;
Бұрынғы ССП аумағындағы ядролық сынақтар өткізілген жерлердегі ядролық қарулану әрекетін қалдықтарын іздеп табу әдістемелерін таңдап алу жүзеге асырылды;
радиоактивтік қалдықтарды, улы қалдықтарды және ядролық қару әрекетінің қалдықтарын көму объектілерінің мониторингі жүйесін құруға техникалық тапсырыстар әзірленді;
Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық және ядролық материалдардың заңсыз айналымына қарсы әрекет жасау және таратпау режимін қолдау әдістерін таңдап алу жүзеге асырылды;
ГАЖ шешім қабылдау жүйесінің бір бөлігі ретінде жаңа ақпараттық қабаттармен толықтырылды;
бұрынғы ССП өңірінің халқын ақпараттандыру және түсіндіру.
Түпкілікті нәтиже: радиациялық жағдай картасын жасау және радионуклидтермен ластанған аумақтарды сауықтыру және бағдарламаны іске асыру басталғаннан бастап, Қазақстанның барлық аумағының 29% кем емес алаңында нормативтен жоғары сәулелену жағдайларынан халықты қорғау жөнінде ұсынымдар дайындау;
жобаларды әзірлеу: ластанған жүйелерді дезактивтендірудің технологиялық процесі; 22 және 22а ғимараттарындағы сұйық радиоактивтік қалдықтарды қайта өңдеу қондырғылары; 2005 жылы табылған ластанған аумақтардағы табиғат қорғау іс-шаралары;
бұрынғы ЕХМЗ аумағында табылған радиоактивтік заттар мен қалдықтар жойылды;
адамдардың денсаулығына, өміріне және қоршаған ортаға қауіпті әсердің төмендеуі;
негізгі радионуклидтер бойынша 4 карта (ССП), қоршау периметрі 600 км-ден тұратын 4 сынақ алаңы жасалды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: радиациялық жағдайды белгіленген нормаларға сәйкес келтіру және оны халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз ету.
Уақытылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкестігі.
Сапасы: аудан халқының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
315-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Геологиялық ақпаратты түзу"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 67946 мың теңге (алпыс жеті миллион тоғыз жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы; "2003-2010 жылдарға арналған елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.