«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Индустрия
және сауда министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 326-349-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.06.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
326, 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333 (құпия), 334, 335, 336, 337, 338, 338-1, 339, 339-1, 340, 341, 342, 343, 344, 345, 346, 347, 349-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
326-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Индустрия және сауда саласындағы уәкілетті
органның қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.28.06. № 470а (бұр. ред. қара); 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2390215 мың теңге (екі миллиард үш жүз тоқсан миллион екі жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 12-14-баптары; "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 5-1, 5-2-баптары; "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы; "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы; "Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18, 23, 28-баптары; "Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы; "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 24, 25-баптары; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; "Қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндірісімен байланысты шикізаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қаңтардағы № 120 қаулысы; "Қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндірісімен байланысты шикізаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 тамыздағы № 1025 қаулысы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы тауарларды (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 867 қаулысы; "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылауға жататын өнімдер тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1282 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; "Қазақстан Республикасы өнімінің сәйкестігін бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысы; "Сапа саласындағы конкурстар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысы; "Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысы; "Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысы; "Автокөлік және арнайы техника үшін жанар-жағармайдың және пайдалану материалдарының шығыстарын нормалау жөніндегі ережені бекіту туралы" Көлік және коммуникация министрлігінің 2001 жылғы 20 шілдедегі № 226-1 және Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2001 жылғы 16 шілдедегі № 176 бірлескен бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: индустрияны, сауданы және кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ елдің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатын қалыптастыру.
Қазақстан рыногын отандық тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімімен молықтыру.
Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуды қамтамасыз ету.
Стандарттау, сертификаттау және, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесу. Өнімді тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
Жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қатысу бөлігіндегі келісім-шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі өсіру және шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ құрылымындағы үлесін ұлғайту үшін жағдайлар жасау.
Өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлікті жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерді, білік пен дағдыны жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мына: индустриялық даму, елдің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы, техникалық реттеу мен өлшем бірліктерін дамыту, сауда қызметін дамыту, Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қатынастарын дамыту, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мен бәсекелестікті қорғау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
экспортты жылжыту мәселелері бойынша шекара маңындағы және өнеркәсіптік дамыған өңірлердің отандық тауар өндірушілерінің, оның ішінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, ақпарттандырылуын қамтамасыз ету;
Қазақстандық тауарлардың экспортын, сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасын әзірлеу оның негізгі міндеті қазақстандық экспорттаушылардың шетелдік нарықтарға қол жетімділігі үшін оңтайлы жағдай жасау болып табылады;
инвестицияларды экономиканың шикізаттық емес секторына тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру;
тауар рыноктарының шоғырлану деңгейін, 25 тауар көріністері бойынша тауарлар рыногы құрылымының көрсеткіштерін айқындау, ұсынымдар мен ден қоюдың тиісті шараларын пысықтау;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мен мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға конкурстарға қатысуға отандық тауар өндірушілерді тарту:
- жер қойнауын пайдалану жобаларында тауарларда, жұмыстарда және қызметтерде қазақстандық қатысуды арттыру,
- "Отандық өндірушілер мен шетел инвесторларының бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесін құру және тұрақты жүргізу,
- мердігерлердің қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға мердігерлермен жасалатын шарттардың, жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларының және сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша мердігерлер бюджеттерінің жобаларына бағалық сараптама жүргізу,
- жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мен мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг және жер қойнауын пайдалану жобаларында қазақстандық қатысы бар тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге мониторинг жүргізу;
кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін оның экономикалық және әлеуметтік проблемаларын талдау; Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік саласына қатысты қолданыстағы салық заңнамасын талдау және жүйелеу; өңірлерде семинарлар, конференциялар өткізу, әдістемелік құралдар және журнал шығару жолымен шағын кәсіпкерлікті дамытуды насихаттау;
отандық өндірушілер қызметін бәсекеге қабілетті өнімді тұрақты шығаруға ынталандыру;
тәуелсіздік пен құзыреттілікті бағалау үшін сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын аккредиттеу аттестаттарын бере отырып, аттестациялық зерттеулер жүргізу. Отандық және импортталатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын, ауруларды диагностикалау және емдеу кезінде өлшем нәтижелерінің сенімділігін, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайлары қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды қамтамасыз ету, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау. Мемлекет мүдделерін және тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғауды қамтамасыз ету. Техникалық реттеу және стандарттар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік қоры ақпараттық жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуі. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі жөніндегі процесін қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік біліктілігін арттыру.
ҚР Үкіметінің 2006.28.06. № 470а (бұр. ред. қара); 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.06.11. № 470е (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Индуст- рия және сауда саласын- дағы уә- кілетті органның қызметін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | 1) Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда министрлігінің орталық аппаратын және оның комитеттерін 444 бірлік санда штат са- нының бекітілген лими- тін ұстау. Белгіленген нормативтік қалыпқа сәйкес 16 бірлік сан- дағы автокөлікті ұстау және жалдау. Метроло- гия және сертификат- тау, бәсекелестікті қорғау, тұрғын үй құ- рылысы, инвестициялар- ды қолдау, инновация- лық даму, сауда қызметі саласында тексерулер жүргізу. Іске асыру мерзімі: 2006 жылғы қаңтар- желтоқсан. 2) Қазақстан Республи- касының индустриялық- инновациялық даму мәселелері бойынша семинарлар, тренингтер өткізу. Іске асыру мерзімі 2006 жылғы қаңтар- желтоқсан. 3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға конкурс және «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсын өткізу. Іске асыру мерзімі: 2006 жылғы ақпан-қараша; 4) Азаматтық және қыз- меттік қарудың және оның патрондарының мемлекеттік кадастрын жүргізу және басып шығару. Іске асыру мерзімі 2006 жылғы қаңтар- желтоқсан. 5) Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынақ және өлшеу зерт- ханаларын аккредиттеу, оның ішінде: - Іссапар шығыстары; - байланыс қызметтері; - аккре- диттеу аттестаттарының бланкілерін дайындау. Іске асыру мерзімі: 2006 жылғы қаңтар- желтоқсан. 6) Техникалық реттеу және метрология коми- тетінде сапа менедж- ментінің жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификаттау. Іске асыру мерзімі 2006 жылғы қаңтар- желтоқсан. 7) Лицензиарлардың функцияларын орындау (2500 дана лицензия бланкілерін дайындау). Іске асыру мерзімі: 2006 жылғы қаңтар- желтоқсан. 8) Инвестицияларды мемлекеттік қолдау жөніндегі шараларды жетілдіру: жарнамалық- ақпаратты өнім бойынша қызметтерді сатып алу, жаңарта отырып қолдау, веб-сайтты сервистік қамтамасыз ету (www.kazinvest.kz); - самиттер, конференция- лар, семинарларды ұйымдастыру және өткізу; - Қазақстан Республикасы Президен- тінің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің қызметін (үй-жайды, көлікті, синхрондық аударма және дыбыс күшейткіш үшін жабдық- ты жалға алу, байланыс қызметін төлеу, фото- қызметтер көрсету, гүлмен безендіру, өкілеттік шығындар) қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімі 2006 жылғы қаңтар- желтоқсан. 9) Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, оның ішінде: - кәсіпкерліктің одан әрі дамуы жөнінде зер- ттеулер; - әдістемелік құралдар әзірлеу және шығару; Іске асыру мерзімі 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан. 9-1) «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктері үшін» республикалық конкурсын өткізу. Іске асыру мерзімі: 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан. 10) Бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру: - 25 тауар рыноктарын зерттеу. Іске асыру мерзімі 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан. 11) Қазақстан тауарла- рын экспорттық жылжы- туға бойынша іс-шара- лар өткізу, көрме - жәрмеңкелік қызмет жүргізу жолымен проб- лемалық мәселелерді шешу, оның ішінде: - Ганновер қаласында (Германия); "HA№№OVER MESSE - 2006" халықа- ралық көрмеге жыл сайын қатысу; - Берлин қаласында (Германия); "Жасыл апта-2006" азық-түлік өнімдері, ауыл шаруа- шылық және бау- бақшалық өнеркәсіп көрмесіне қатысу; - Мәскеу қаласында (Ресей) ТМД елдерінің 15 жылдығына арналған Мемлекет аралық көрмесіне қатысу; - Мәскеу қаласында (Ресей) "Алтын күз - 2006" көрмесіне қатысу; - Мәскеу қаласында (Ресей) "MosBuild" халықаралық жәрмеңкесіне қатысу; - Гуанжоу қаласында (Қытай) 98-ші экспорт- тық тауарлар көрмесіне қатысу, Ганновер қала- сында (Германия) "СЕВІТ - 2006" халықаралық көрмесіне қатысу; - "ЕХРО - 2010, Шанхай" халықаралық көрмесінің эскиздік жобасын әзірлеу; - "ЕХРО - 2008, Сарагоса" халықаралық жәрмеңкесінің эскиздік және жұмыс жобасын әзірлеу; - Ізмір қаласында (Түркия) Халықаралық жалпы салалық көрмесі- не қатысу. Іске асыру мерзімі 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан. 11-1) ҚР Үкіметінің 2006.06.11. № 470е Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 11-2) Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасын әзірлеу. 11-3) ҚР Үкіметінің 2006.06.11. № 470е Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 12) жер қойнауын пай- далану және сарапшылық рәсімдер жобаларында қазақстандық қатысудың мониторингі, оның ішінде: - өнімді бөлу туралы келісім шеңбе- рінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу жөніндегі барлық келісім-шарттардың бағалық сараптамасын жүзеге асыру; - жасалынатын шарттар, жұмыс бағдарламалары мен бюджеттердің са- раптамалық жобаларын жүзеге асыру; - жер қойнауын пайда- лану жөніндегі опера- циялар мен мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу процесінің монито- рингін жүргізу; - екінші кезеңді әзірлеу және енгізу; - ВЕБ сайтты және деректер базасын жобалау; - қайтадан тестілеуді жүргізу, тестілеуді аяқтау және өнеркәсіп- тік пайдалануға беру; - жер қойнауын пайда- ланушылардың тауар- ларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қатысты қазақс- тандық ұстау бөлігін- дегі келісім-шарттық міндеттемелерді орын- дауының мониторингін жүргізу; - 2007 жылға арналған сатып алынатын тауар- лардың, жұмыстардың және қызмет көрсету- лердің көлемі жөнінде- гі мердігерлердің жыл сайынғы жұмыс бағдар- ламалары мен бюджет- тердің, қазақстандық қатысудың тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу жөніндегі мердігерлер жасайтын шарттардың жобаларына сараптаманы жүзеге асыру; - жер қойнауын пайда- лануда қазақстандық қатысу бөлігіндегі құқығына келісім-шарт- тық құжаттарды жасасу жобаларының сараптама- сы; - қазақстандық өндірушілер мен мемле- кеттік және (немесе) халықаралық стандарт- тарға сәйкес келетін және конкурстық негіз- де міндетті сатып алынатын қазақстанда шығарылатын тауарлар- дың, жұмыстар мен қыз- меттердің мемлекеттік тіркелімінің екінші кезеңін әзірлеу және енгізу ("Бірыңғай тіркелім" ақпараттық жүйесі). Іске асыру мерзімі: 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан. 13) АЭА-ның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу. | қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Респу- бликасы Индустрия және сауда ми- нистрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық орган- дардың аппа- раттары | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің аумақ- тық органдарын 288 бірлік санда штат санының бекітілген лимитті ұстау. Белгіленген норматив- тік қалыпқа сәйкес 16 бірлік сандағы автокө- лікті ұстау және жалдау. Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекет- тік бақылауды жүзеге асыру мақсатында тексерулер жүргізу. Іске асыру мерзімі 2006 жылғы қаңтар-жел- тоқсан. Оларды сатып алу саласында сапасы мен қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау- ды жүзеге асыру үшін тауар үлгілерін сатып алу және сынау, оның ішінде: 1. мынадай бағыттар бойынша 5040- тан кем емес тауар үлгілерін сатып алуды жүзеге асыру: адам терісімен, тамақпен және сумен жанасатын халықтың тұтыну тауар- лары; құрылыс материалдары және құрастырмалар; дәрі-дәрмек; медициналық бұйымдар және санитарлық- гигиеналық мақсаттағы құралдар; ауыл шаруа- шылығы мен тамақ өнер- кәсібінің өнімдері; отындық шикізат; ойын- шықтар. 2. Аккредит- телген зертханалар сатып алған өнімдерге сынақ жүргізу - 5040 сатып алу. Іске асыру мерзімі: 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан. Техникалық реттеу және метрология комитетінің құрылымдық бөлімше- леріндегі сапа менеджментінің жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификаттау. Іске асыру мерзімі: 2006 жылғы қаңтар- желтоқсан. Құрылыс істері комитетінің аумақтық органдарын жергілікті атқарушы органдарға беру нәтижесінде пайда болған қаңтар-ақпан айларының жалақысын және жұмыстан шығару жәрдемақысын төлеу бойынша Құрылыс істері комитетінің қызметкерлері алдындағы кредиторлық берешекті өтеу. | қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Респу- бликасы Индустрия және сауда ми- нистрлігі |
4 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Мына тақырыптар бойын- ша мемлекеттік қызмет- шілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қыз- меттерді сатып алу: 1) шағын кәсіпкерлік- тің қаржы-кредиттік секторын дамыту; 2) салық салу; 3) дамыған елдердің индустриялық саясаты. Мемлекеттік және ағыл- шын тілдерін оқыту. Халықаралық деңгейдегі сарапшы аудиторлардың атағына мамандар дайындау. | жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Индустрия және сауда ми- нистрлігі |
5 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды мате- риалдық- техни- калық жарақ- тандыру | Мына жабдықтарды сатып алу: - тауарлардың массасын айқындау үшін - № 1 жұмыс жиынтығы (16 бірлік); - тауарлардың тығызды- ғын айқындау үшін - № 2 жұмыс жиынтығы (16 бірлік); - технологиялық автокөлік (19 бірлік); - 14 бір арнайы автокөлік (жылжымалы зертхана) - 3 бірлік жеңіл автокөлік сатып алу. - көшіру-көбейту аппараты (1 бірлік); Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері үшін жиһаз, оның ішінде: басшыға арналған жиһаздар жиынтығы (16 бірлік). | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда ми- нистрлігі |
6 | | 017 | Ақпарат- тық жүй- елердің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамтама- сыз ету | Шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді сатып алу. Интернет желісіне ену қызметтері. Есептеу техникасы құ- ралдарына техникалық қызмет көрсету. Дербес міндеттерді: 1 С-бухгалтерия» бағдарламасын сүйемелдеу, «Қаржыландыру жоспары» бағдарламасын сүйемелдеу ИСМ веб-сайтын және «Заң» ДҚ сүйемелдеу, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу ДСҰ және Мемлекеттік стандарттар қорымен өзара қызмет бойынша ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу; Техникалық реттеу және стандарт- тар саласында норма- тивтік құқықтық акті- лердің мемлекеттік қоры. Есептеу техникасын сатып алу: Министрліктің орталық аппараты мен комитеттері үшін серверлер, дербес компьютерлер, сканерлер, принтерлер, свитчтер және лицензиялық бағдарламалық өнімдер. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сау- да минис- трлігі |
7 | | 100 | Шет елдегі сауда өкілдік- терінің қызметін қамтама- сыз ету | Қазақстан Республика- сының Ресей Федерация- сындағы саны 8 адамнан тұратын сауда өкілді- гін ұстау. Ресей Федерациясында Қазақстан Республика- сының сыртқы сауда саласындағы мүдделерін білдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттер арасындағы экономика- лық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу. Микроавтобустар, компьютерлер, жиһаздар сатып алу. | қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Респу- бликасы Индустрия және сауда ми- нистрлігі |
8 | | 101 | Қазақс- танның Дүние- жүзілік сауда ұйымына кіруі | Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша Индуст- рия және сауда минис- трлігінің шығыстары, оның ішінде: - Астана қаласындағы және Женева қаласындағы көпжақты келіс сөздер- ді, сондай-ақ материалдарды аударатын ағылшын тілінің және мем- лекеттік тілдің кәсіби аудармашылары- ның қызметтерін төлеу; - веб-сайтты сүйемел- деу жөніндегі қызмет көрсетулерді төлемі; - Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығымен және Жұмыс тобына мүше елдермен (шамамен 40 ел халықаралық қызмет- терді, Интернетті сатып алу; - осы бағ- дарламаны іске асыру үшін кеңсе де тауарлар мен қызметтерді сатып алу; - өкілдік шығыс- тар; - Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі процесі туралы телебағдарлама- лар мен сюжеттер шыға- ру жөніндегі қызмет- терді сатып алу; - Қазақстанның Дүниежү- зілік сауда ұйымына кіру жөніндегі семи- нарларды, дөңгелек үстелдерді, өңірлік конференцияларды өткізу; Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің салдарларын бағалау бойынша жұмыстар жүргізуге қызметтерді сатып алу. Радио-Ин- тернет, факс аппара- тын, ноутбук, ұйымдас- тыру техникаларын, сервер, дерекқорларды, компьютер үстелдерін, принтерлерді, сканер- лерді, компьютерлерді сатып алу. | қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Индустрия және сауда ми- нистрлігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.06.11. № 470е (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі:
индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөнінде 20 семинар мен тренингтер жүргізу;
Мына 2 конкурс-көрмені: «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға және «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсын;
азаматтық және қызметтік қарудың және оның патрондарының кемінде 35 дана санында 1 мемлекеттік кадастрын басып шығару;
кемінде 45 ұйымды аккредиттеу. Комитетте сапа менеджментінің жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификаттау;
кемінде 2500 дана лицензия бланкілерін дайындау;
кемінде 5040 бірлік тауар үлгілерін сатып алу және оларды сынау;
Комитеттің 16 аумақтық бөлімшелерінде сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификаттау;
инвестицияларды мемлекеттік қолдау жөніндегі шараларды жетілдіру, оның ішінде 25 семинар, конференция, бизнес-форум, самит (21-і ел ішінде, 4-уі шетелде) өткізу, ИИС-тің 2 мәжілісін өткізу, 6000 дана жарнамалық-ақпараттық өнім шығару;
кәсіпкерлік саладағы зерттеулер жүргізу туралы есептер - 1 есеп;
шағын кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына жүргізілген талдау және жүйелеу бойынша есеп - 2 есеп; шағын бизнес саласындағы проблемаларды өңірлерде талқылау бойынша кемінде 10 семинар өткізу және оларды жою жөніндегі шаралар әзірлеу; әрқайсысы 1000 дана санда 6 әдістемелік құрал шығару және әрқайсысының 3000 дана таралымы бар журналдың 4 нөмірін шығару;