3. Егер нақты деректер процеске қатысушылардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе қысым жасау жолымен алынса немесе процестiң өзге де ережелерiн бұза отырып алынған нақты деректердiң дұрыстығына ықпал етiп немесе ықпал етуi мүмкiн болып, соның iшiнде:
1) зорлық жасап, қорқытып, алдап, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттер қолданып;
2) процеске қатысушы адамға өз құқықтары мен мiндеттерiне қатысты түсiндiрмеу, толық емес немесе қате түсiндiру салдарынан оны шатастыруды пайдаланып;
3) осы iстi жүргiзудi жүзеге асыруға құқы жоқ адамның iс жүргiзу iс-әрекетiн жасауына байланысты;
4) қарсылық бiлдiрiлген адамның iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты;
5) iс жүргiзу iс-әрекетiнiң тәртібін бұзып;
6) белгiсiз көзден;
7) дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімдерге қайшы келетiн әдiстердi қолданып, осы Кодекстiң талаптарын бұза отырып алынса, дәлелдемелер ретiнде жол беруге болмайды деп танылуға тиiс.
3. Нақты деректердi дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайтындығын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан сот немесе орган (лауазымды адам) өз бастамашылығымен немесе процеске қатысушылардың өтiнiштерi бойынша анықтайды.
4. Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердiң заңды күшi жоқ деп танылады және тиiстi бұзушылық пен оған жол берген адамдардың кiнәлiлiгi фактiсiн қоспағанда оларды iс бойынша шешiмнiң негiзiне алуға, сондай-ақ iс бойынша кез келген мән-жайды дәлелдеу кезiнде пайдалануға болмайды.
605-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелденуге тиiс
мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша мыналар дәлелденуге тиiс:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасының болуы;
2) құқыққа қайшы әрекет жасаған, сол үшiн осы Кодексте әкiмшiлiк жауаптылық көзделген адам;
3) жеке адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға кiнәлiлiгi;
4) әкiмшiлiк жауаптылықты жұмсартатын немесе ауырлататын мән-жайлар;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келген залалдың сипаты мен мөлшерi;
6) әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуға алып келетiн мән-жайлар;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар.
606-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адамның түсiнiктемесi,
жәбiрленушiнiң және куәнiң жауаптары
1. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемесi, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары аталған адамдардың ауызша немесе жазбаша нысанда хабарлаған, iске қатысы бар мәлiметтерi болып табылады.
2. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемесi, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы немесе iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы хаттамада жазылады, қажет болған жағдайда - жауап алу хаттамасымен ресiмделiп, iске тiгiледi.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 607-бап өзгертілді
607-бап. Дәлелдеу мiндетi және дәлелдемелер табыс ету
1. Процеске қатысушылар дәлелдемелер табыс етедi.
2. Дәлелдемелердi тараптар және әкiмшiлiк iс жүргiзуге басқа да қатысушылар табыс ете алады.
3. Егер табыс етiлген дәлелдемелер жеткiлiксiз болса, iстi қарап жатқан сот немесе орган процеске қатысушыларға қосымша дәлелдемелер табыс етуге не оларды өз бастамашылығымен жинауға ұсыныс жасауы мүмкiн.
608-бап. Дәлелдеуден босатудың негiздерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қарауға уәкiлеттi сот, орган (лауазымды адам) жалпыға бiрдей белгiлi деп таныған мән-жайлар дәлелдеудi қажет етпейдi.
2. Азаматтық iс бойынша соттың күшiне енген шешiмiмен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы өзге iс бойынша соттың қаулысымен анықталған мән-жайлар, нақ сол адамдар қатысқан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы басқа iстердi қараған кезде дәлелдеудi қажет етпейдi.
3. Егер тиiстi құқықтық рәсiм шеңберiнде керiсiнше жағдайлар анықталмаса, мына мән-жайлар дәлелдемелерсiз анықталған болып есептеледi:
1) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, қолөнерiнде жалпыға бiрдей қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;
2) адамның заңды бiлуi;
3) адамның өзiнiң қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi;
4) олардың болуын растайтын құжатын табыс етпеген және арнаулы даярлықтан өткен немесе білім алған оқу орнын немесе басқа мекеменi көрсетпеген адамның арнаулы даярлығының немесе білімiнiң жоқтығы.
609-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету
1. Өздерiне қажеттi дәлелдемелердi табыс ету мүмкiн болмайды деп немесе қиынға түседi деп қауiптенуге негiзi бар тараптар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) осы дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы өтiнiш жасай алады.
2. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету ұйымдардан, олардың iске қатысуына қарамастан, құжаттар, мәлiметтер және қорытындылар табыс етудi, сараптама жүргiзудi, болған жердi тексерiп, қарауды талап ету жолымен және өзге де әдiстермен жүргiзiледi.
610-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы арыз
1. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы арызда қамтамасыз етiлуi қажет дәлелдемелер; растау үшiн бұл дәлелдемелердi қажет ететiн мән-жайлар; арыз берушiнi қамтамасыз ету туралы өтiнiш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ бұл дәлелдемелердi қажет етiп отырған iс көрсетiлуге тиiс.
2. Арыз әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) берiледi.
611-бап. Сараптама тағайындау және жүргiзу
1. Iс үшiн маңызы бар мән-жайлар сарапшының арнаулы ғылыми білім негiзiнде жүргiзетiн iс материалдарын зерттеуi нәтижесiнде алынуы мүмкiн болған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) сот сараптамасын тағайындайды.
2. Iсте ведомстволық инспекциялардың түгендеу, тексеру актілерінiң, қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың iс жүргiзу әрекеттерi барысында атқарған зерттеулерiнiң нәтижелерi бойынша жасалған ресми құжаттарының болуы нақ сол мәселелер бойынша сараптама жүргiзу мүмкiндiктерiн жоққа шығармайды.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) тараптардың өтiнiшi бойынша немесе өз бастамашылығымен сараптама тағайындай алады.
4. Сараптама жүргiзу сараптама органдарының қызметкерлерiне не осы Кодекстiң 597-бабының талаптарын қанағаттандыратын өзге адамдарға тапсырылуы мүмкiн. Сараптама жүргiзу тараптар ұсынған адамдардың арасынан бiреуiне тапсырылуы мүмкiн. Сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыруы туралы судьяның, лауазымды адамның талабы аталған адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, онда мыналар көрсетiледi:
1) судьяның, лауазымды адамның аты-жөнi, соттың, органның атауы;
2) сараптаманың тағайындалған уақыты, орны;
3) сараптама тағайындаудың негiзi;
4) сарапшының аты-жөнi немесе сараптама жүргiзiлуге тиiс сараптама органының атауы;
5) сарапшының алдына қойылған мәселелер;
6) сарапшының билiгiне берiлетiн материалдардың тiзбесi.
6. Күрделi сараптамалық зерттеулер жүргiзу үшiн бiр мамандықтағы сарапшылар жүргiзетiн комиссиялық сараптама тағайындалуы мүмкiн.
7. Егер iс үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтауға білімнiң әртүрлi салалары негiзiнде зерттеулер жүргiзу қажет болса, әртүрлi мамандықтағы сарапшылар жүргiзетiн кешендi сараптама тағайындалады.
8. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындау үшiн жiбергенге дейiн судья, лауазымды адам өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамды және жәбiрленушiнi мұнымен таныстыруға, оларға: сарапшыдан бас тартуды мәлiмдеу; өздерi көрсеткен адамдарды сарапшы ретiнде тартуды сұрау; сарапшының алдына қосымша мәселелер қою туралы өтiнiш жасау; сарапшының қорытындысымен не судьяға, органға (лауазымды адамға) түскеннен кейiн қорытынды берудiң мүмкiн болмайтындығы туралы хабармен танысуға, өз ескертпелерiн табыс етуге, қосымша немесе қайта сараптама тағайындау, жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтiнiш жасау құқығын түсiндiредi.
9. Сарапшы (сарапшылар) өздерiнiң атынан сараптама жүргiзу нәтижелерi бойынша осы Кодекстiң 612-бабының талаптарына сәйкес жасаған қорытындыны бередi және оны сараптама тағайындаған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiбередi.
10. Қорытынды жеткiлiктi дәрежеде айқын немесе толымды болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жағдайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған жағдайда қосымша сараптама тағайындалуы мүмкiн, оны жүргiзу нақ сол немесе өзге сарапшыға (сарапшыларға) тапсырылады.
11. Егер сарапшының қорытындысы жеткiлiктi дәрежеде негiзделмесе не оның дұрыстығына күмән туса, сол объектiлердi зерттеу және сол мәселелердi шешу үшiн қайтадан сараптама тағайындалуы мүмкiн, оны жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады, оған осының алдындағы сараптаманы жүргiзген сарапшы (сарапшылар) кiрмейдi.
12. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша және қайтадан сараптама тағайындау туралы ұйғарымы дәлелдi болуға тиiс. Сарапшыға (сарапшыларға) қосымша және қайтадан сараптама жүргiзу тапсырылған кезде осының алдындағы сараптамалардың нәтижелерi бойынша жасалған қорытындылар табыс етiлуге тиiс.
13. Егер сарапшы зерттеу жүргiзгенге дейiн өзiнiң алдына қойылған мәселелер өзiнiң арнаулы білімiнiң шегiнен шығып кететiнiне не өзiне табыс етiлген материалдардың қорытынды беру үшiн жарамсыз немесе жеткiлiксiз екендiгiне, оны толықтыру мүмкiн болмайтынына, не ғылымның және сараптама практикасының жай-күйi қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкiндiк бермейтiнiне көзi жетсе, ол қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi хабарлама жасайды және оны судьяға, органға (лауазымды адамға) жiбередi.
612-бап. Сарапшы қорытындысы
1. Сарапшы қорытындысы - оның алдына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) қойған мәселелер бойынша iстiң материалдарын зерттеу нәтижелерiне, оның iшiнде арнаулы ғылыми білімдердi пайдалану арқылы жүргiзiлген заттай дәлелдемелер мен үлгiлерге негiзделген жазбаша нысанда табыс етiлген тұжырымдар. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезiнде қолданған әдiстерi, қойылған сұрақтарға жауаптардың негiздемесi және сарапшының өз бастамашылығымен анықталған, iс үшiн мәнi бар мән-жайлар көрсетiледi.
2. Қорытындыны сарапшы (сарапшылар) зерттеу жүргiзгеннен кейiн оның нәтижелерiн ескере отырып, өз атынан жасайды, оған ол (олар) қолын қойып, жеке мөрiмен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргiзген жағдайда сарапшының қолы аталған органның мөрiмен расталады.
3. Сарапшының қорытындысы судья, орган (лауазымды адам) үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда сарапшының қорытындысымен келiспеушiлiк дәлелдi болуға тиiс.
613-бап. Заттай дәлелдемелер
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша заттай дәлелдемелер құқық бұзушылықтың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, не өзiнде оның iздерi қалған заттар болып табылады.
2. Қажет болған жағдайларда заттай дәлелдемелер суретке түсiрiледi немесе өзге тәсiлмен тiркеледi және iске тiгiледi, ол жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға немесе осы Кодекспен көзделген өзге хаттамаға жазба жазылады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн заттай дәлелдемелердiң сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
614-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелдемелер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес жасалған хаттамаларда жазылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) тiкелей қабылдаған мән-жайларды куәландыратын нақты деректер болып табылады.
615-бап. Құжаттар
1. Егер ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс үшiн маңызы болса, құжаттар iс бойынша дәлелдемелер деп танылады.
2. Құжаттар жазбаша да, өзге түрде де тiркелген мәлiметтерден тұруы мүмкiн. Құжаттарға соның iшiнде осы Кодексте көзделген тәртiппен алынған, талап етiп алынған немесе табыс етiлген компьютерлiк ақпараттан, фотожәне кино түсiрiлiмдерден, дыбыс- және бейне жазылымдарынан тұратын материалдар жатуы мүмкiн.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
4. Құжаттарда осы Кодекстiң 613-бабында аталған белгiлер болған жағдайларда олар заттай дәлелдемелер болып табылады.
616-бап. Қосымша мәлiметтер талап ету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) ұйымдардан, қоғамдық бiрлестiктерден iстiң шешiлуiне қажеттi қосымша мәлiметтер талап етiп алу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
2. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша мәлiметтер талап етiп алу туралы ұйғарымында қаралып жатқан iстiң мәнi қысқаша баяндалып, анықтауға жататын мән-жайлар көрсетiледi. Осы ұйғарым жiберiлiп отырған сот үшiн мiндеттi болып табылады және белгiленген мерзiмде орындалуға тиiс.
3. Талап етiп алынатын мәлiметтер талап алынған күнiнен бастап үш күн мерзiмде, ал әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық жасалған жағдайда кiдiрiссiз жiберiлуге тиiс.
4. Аталған мәлiметтердi табыс ету мүмкiн болмаған жағдайда ұйым, қоғамдық бiрлестiк ұйғарым шығарған судьяны, органды (лауазымды адамды) бұл туралы үш күн мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.
617-бап. Дәлелдемелердi бағалау
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзудi жүзеге асыратын судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам дәлелдемелердi заң мен ар-намысты басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi өз жиынтығында жан-жақты толық және объективтi қарауға негiзделген өзiнiң iшкi сезiмi бойынша бағалайды. Ешбiр дәлелдеменiң алдын ала белгiленген күшi болмайды.
2. Әрбiр дәлелдеме тиесiлiлiгi, жол берiлетiндiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктілігi тұрғысынан бағалануға тиiс.
3. Егер дәлелдеме iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың болуы туралы тұжырымды растайтын, жоққа шығаратын немесе оған күмән келтiретiн нақты деректер болса, дәлелдеме iске қатысты деп танылады.
4. Егер дәлелдеме Кодексте көзделген тәртiппен алынса, ол жол беруге болатын дәлелдеме деп танылады.
5. Егер тексеру нәтижесiнде дәлелдеменiң шындыққа сәйкес екендiгi анықталса, ол дұрыс дәлелдеме деп танылады.
6. Егер дәлелденуге тиiс мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты даусыз анықтайтын, iске қатысты жол берiлетiн және дұрыс дәлелдемелердiң бәрi жиналса, дәлелдемелердiң жиынтығы iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктi деп танылады.
36-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс
жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 618-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
618-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету
шаралары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға сезiктiнiң жеке басын анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жасау мүмкiн болмағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, iстiң уақытылы және дұрыс қаралуы мен iс жөнiнде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiгi шегiнде жеке адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шараларды қолдануға құқылы:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткізу;
2) жеке адамды әкiмшiлiк түрде ұстау;
3) алып келу;
4) жеке тексерiп шығу және көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi және заттарды тексерiп шығу;
5) құжаттар мен заттарды алып қою;
6) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және оның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куәландыру;
7) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу"
8) тексеру;
9) жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiн медициналық куәландыру.
2. Заңды тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн:
1) заңды тұлғаға тиесiлi үй-жайларды, аумақтарды, сондағы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап шығу;
2) заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою;
3) заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу.
3. Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан келтiрген зиян үшiн жауап бередi.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға осы Кодекстiң 633-бабының ережелерi бойынша шағым жасалуы мүмкiн.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 619-бап өзгертілді және толықтырылды
619-бап. Жеткізу
1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы мiндеттi болып, оны сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, хаттама жасау мақсатында жеке адамды, заңды тұлғаның заңды өкiлiн мына жағдайларда:
1) көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн, жүрiс тәртібі мен қауiпсiздiгiн қорғау жөніндегі ережелердi, көлiкте жүктiң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелердi, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн, көлiкте санитариялық-гигиеналық және санитариялық эпидемиологияға қарсы ережелердi бұзғанда, егер оның жеке басын куәландыратын құжаттары және ол туралы қажеттi деректер хабарлауы мүмкiн куәгерлер жоқ болса, сондай-ақ оның көлiк құралына деген қажеттi құжаттары болмаса, уәкiлдiк берiлген адам iшкi iстер органына (полицияға);
2) орман бұзылғанда немесе аң аулау ережелерi, балық аулау және балық қорын қорғау ережелерi бұзылғанда және жануарлар дүниесiн қорғау мен пайдалану туралы заңдар басқаша түрде бұзылғанда - орман және аң шаруашылығы мемлекеттік және ведомстволық күзетiнiң қызметкерлерi аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың, уәкiлдiк берiлген балық қорғау органдарының уәкiлеттi лауазымды адамдары, жануарлар дүниесiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттік және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын басқа органдардың лауазымды адамдары, қорықтардың және басқа да айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары, сондай-ақ iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе жергiлiктi басқару органына;
3) қорғалатын объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылықпен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда - әскерилендiрiлген күзет қызметкерлерi әскерилендiрiлген күзеттiң қызметтiк үй-жайына немесе iшкi iстер органына (полицияға);
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимi, кеден режимi, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өту бекеттеріндегі режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы шекара қызметi органдары әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құрамалар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбағанда - әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі мiндеттi атқарушы басқа азамат бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы шекара қызметi органына, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;
5) кеден iсi саласында құқық бұзушылық жасалғанда - кеден органының, iшкi iстер органының (полицияның) қызметкерлерi кеден органының, iшкi iстер органының қызметтiк үй-жайына (полицияға);
5-1) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу саласында белгiленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылық жасалғанда, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасалғанда - қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi;
6) өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар тарапынан тиiстi өтiнiш болған жағдайда - iшкi iстер органдары қызметкерлерi iшкi iстер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттік органға жеткізудi, яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында құқық бұзушылық жасалған жағдайда кiм екенi жергiлiктi жерде анықталуы мүмкiн емес тәртiп бұзушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында заңсыз әрекеттi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын, тексеру кезiнде кiмдiкi екенi анықталуы мүмкiн емес кемелер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары құқық бұзушылықтың жолын кесу үшiн, сондай-ақ тәртiп бұзушының кiм екенiн және ұсталған кемелердiң, құқық бұзушылық жасау құралдарының кiмдiкi екенiн анықтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшiн Қазақстан Республикасының портына (шетел кемелерi - шетел кемелерiнiң келiп кiруiне ашық Қазақстан Республикасы порттарының бiрiне) жеткiзiлуге тиiс.
3. Жеткізу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс.
4. Жеткізу туралы хаттама жасалады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе әкiмшiлiк ұстау туралы хаттамаға тиiстi жазба жазылады.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 620-бап өзгертілді
620-бап. Әкiмшiлiк ұстау
Әкiмшiлiк ұстауды, яғни жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекеттерiн тыю мақсатында белгiлi бiр уақыт iшiнде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, iс-әрекет және жүрiп-тұру бостандығынан уақытша айыруды:
1) ұсақ бұзақылық жасалған, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi, әскери қызметшi қоғамдық тәртiптi сақтау жөніндегі өз мiндеттерiн орындау кезiнде олардың заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбаған, сондай-ақ сотты сыйламаушылық танытқан, шетел валютасымен және төлем құжаттарымен заңсыз операциялар жасаған, тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сатқан, еркiн сатылуына тыйым салынған немесе шек қойылған тауарлармен заңсыз сауда жасаған, шығармалардың даналарын немесе фонограммаларды сатқан, жалға берген және өзге де жолмен заңсыз пайдаланған, тiркелмей немесе лицензия алмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, қоғамдық орындарда спирттiк iшiмдiктер iшiп немесе қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық әдептi қорлайтын мас күйде жүрген кезде iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiне немесе өзге де уәкiлеттi лауазымды адамға бағынбаған, өрт қауiпсiздiгi мен жол қозғалысы ережелерi, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерi бұзылған және жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн қорғау және пайдалану туралы заңдар басқаша бұзылған, жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі бұзылған, қызметiне тыйым салынған бiрлестiктер құру жөнiнде iс-әрекеттер жасалған және оларға белсендi қатысқан, төтенше жағдай кезiнде режим бұзылған және құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалған, қаруды алып жүру мен сақтау ережелерi бұзылған, нысанды киiм мен айырым белгiлерi заңсыз киiлiп, тағылған, бөлiмнен өз бетiмен кеткен жағдайда, сондай-ақ шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзған кезiнде - iшкi iстер органдары (полиция);
2) төтенше жағдай режимi бұзылған жағдайда және төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалғанда төтенше жағдай жарияланған жердiң комендатурасы мен әскери сақшылар;