2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келісіммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
363-бап. Салық салу объектiсi
Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектiлер:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi - қоныстану (пайдалану) кезiнен бастап жеке тұлғалардың мүлкiне салық салу объектiсi болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 364-бап өзгертілді
364-бап. Салық базасы
1. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкiлеттi орган белгiлейтiн салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. алып тасталды
3. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.
365-бап. Салық ставкалары
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу объектілерінің құнына қарай мынадай ставкалар бойынша есептеледі:
1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | салық салу объектілері құнының 0,1 проценті; |
1 000 000-нан теңгеден жоғары - 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 1000 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15%; |
2 000 000 теңгеден жоғары - 3 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2500 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2%; |
3 000 000 теңгеден жоғары - 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 4500 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3%; |
4 000 000 теңгеден жоғары - 5 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 7500 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4%; |
5 000 000 теңгеден жоғары - 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 11500 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5%; |
6 000 000 теңгеден жоғары - 7 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 16500 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6%; |
7 000 000 теңгеден жоғары - 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 22500 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7%, |
8 000 000 теңгеден жоғары - 9 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 29500 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,8%; |
9 000 000 теңгеден жоғары - 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 37500 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,9%; |
10 000 000 теңгеден жоғары | 46500 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 1%. |
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 366-бап өзгертілді
366-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi салық кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.
1-1. Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы осы баптың бір тармағына сәйкес анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын іске асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
2. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгіндегі салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.
3. Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.
4. Жаңадан құрылған салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейiнгi салық жылында жүргiзiледi.
5. Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiсiн растап уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
6. Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
8. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда салық сомасы мүлiкке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн iс жүзiнде иелену кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттік тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгізуге тиiс. Бұл орайда бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлiк салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Салықтың жылдық сомасын салық салынатын объектiге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу кезiнде тараптардың бiрi (келісім бойынша) бюджетке енгізуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi.
9. Жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.
367-бап. Салық кезеңi
1. Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салықты есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есебiне кiредi.
15-бөлім. Арнаулы салық режимдері
63-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 368-бап толықтырылды
368-бап. Жалпы ережелер
1. Мыналарға:
1) шағын бизнес субъектiлерiне;
2) шаруа (фермер) қожалықтарына;
3) ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға;
4) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне қатысты арнаулы салық режимдерi көзделедi.
2. Бiржолғы талон - арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактiсiн растайтын құжат.
3. Патент - арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленген фактiсiн растайтын құжат.
4. Белгiлi бiр арнаулы салық режимiн қолдануға арналған патент нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
5. Патент жоғалған немесе бүлiнген жағдайда салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша дубликат берiледi. Салық төлеушi бүлiнген патенттi салық органына тапсыруға тиiс.
6. Берiлген патенттердi тiркеудi салық органдары патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзедi.
Тiркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
7. Жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, бiржолғы талон және патент бланкiлерi қатаң есептілік бланкiлерi болып табылады және ақша алынбай берiледi. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.
8. Арнайы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 369-бап өзгертілді
369-бап. Арнаулы салық режимдерiн қолдану ерекшелiктерi
1. Осы Кодекстің 378 және 385-баптарында көзделмеген қызметтер бойынша ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілерiне арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыра алады.
2. Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда (тұрақты үлгі бөлімдерде) өткізудi қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу, осы Кодекстің 392-бабының 1-тармағында айқындалған тұлғалардан басқа, осы Кодекстiң 373-бабында белгiленген тәртiппен бiржолғы талон негiзiнде шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимi бойынша ғана жүргiзiледi.
Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға осы Кодекстің 370, 371 және 379-баптарының ережелері қолданылмайды.
3. 392-баптың 1-тармағында белгiленген тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды осы Кодекстің 391-397-баптарында көзделген кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған арнаулы салық режимiнде ғана жүзеге асырады.
64-тарау. Шағын бизнес субъектілеріне арналған
арнаулы салық режимі
§ 1. Жалпы ережелер
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 370-бап өзгертілді
370-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстiң 371, 372, 374, 376-баптарында белгiленген талаптарға сай келетiн жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсаттары үшiн шағын бизнес субъектiлерi деп танылады.
2. Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртібін белгiлейдi. Бұл орайда, осы Кодекстiң 146-162-баптарын қоспағанда, жоғарыда аталған салықтарды есептеу, төлеу және салық есептілігiн табыс ету тәртібі 77-140, 315-322, сондай-ақ 141-174-баптарда белгiленген шағын бизнес субъектiлерiне қолданылмайды.
Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған салықты есептеудiң оңайлатылған тәртібі салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 375, 377-баптарында белгiленген ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi.
4. Төлем көзiнен салық ұсталғанын растайтын құжаттар және (немесе) бiржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға тиiс) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшіндегі табыс салық салу объектiсi болып табылады.
Осы Кодекстің 163-бабына сәйкес жеке кәсiпкердiң , мүлiктi жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысы мен өзге де табыстары салық салу объектiсi болып табылмайды.
5. Бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн - күнтiзбелiк жыл, бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектiсi үшiн - тоқсан, салық кезеңi болып табылады.
6. Арнаулы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi кәсiпкерлiк қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтiң барлық түрлерiн жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады.
7. Арнаулы салық режимiн қолданатын және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын шағын бизнес субъектiлерi үшiн салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 371-бап өзгертілд; 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 371-бап өзгертілді (бұр. ред. қара
371-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану талаптары
1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігiн тапсырудың төменде аталған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
2) бiржолғы талон негiзіндегi арнаулы салық режимi;
3) патент негiзіндегі арнаулы салық режимi;
4) оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимi.
Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткiзетiн адамдарға қолданылмайды.
2. Салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп екi жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.
3. Мыналардың:
1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
2) филиалдардың, өкiлдiктердiң;
3) заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлік қоғамдардың;
4) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлердiң арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ.
4. Арнаулы салық режимi:
1) акцизделетiн өнiмдi өндiретiн;
2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлiк қызмет көрсететiн;
3) мұнай өнiмдерiн өткiзетiн;
4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;
5) жер қойнауын пайдаланатын;
6) мыналарды:
медициналық, дәрiгерлiк қызметтi, мал дәрiгерлiк саласындағы қызметтердi: мал дәрiгерлiк мақсаттағы препараттарды өндiру және өткізудi; мал дәрiгерлiк мақсаттарға арналған дәрi-дәрмек құралдарды, биологиялық препараттарды өткізудi; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзудi; мал дәрiгерлiк емдеу-профилактикалық қызметтерiн;
тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газбен жабдықтау жөніндегі өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;
күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтiрудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндiрудi;
жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеудi және оларға қызмет көрсетудi;
автомобиль көлiгiмен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын;
емдiк препараттар дайындау мен сатуды;
жобалау-iздестiру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөніндегі жұмыстарын;
алкоголь өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды;
пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметті, теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөніндегі қызметті жасау мен көрсетуді, жалпыреспубликалық магистральды, халықаралық байланыс желілерін жобалауды, салуды, іске қосуды және радиожиілік спектрін пайдалануды;
жолаушылар мен жүкті өзен көлігімен тасымалдауды;
жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi;
өлшеу құралдарын жасауды және жөндеуді;
тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық және жаңғырту жұмыстарын;
жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызметтердi: жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеудi, пайдалануды;
іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауға қарсы жұмыстарды;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;
жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсіптік білім, оның ішінде кәсіптер бойынша; орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметін, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметін;
жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;
электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды;
өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндірістерін, электр станцияларын, электр желілері мен қосалқы станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар, ыдыстар мен құбырларды жобалауды және пайдалануды;
химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау, аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерін жобалауды, жасауды, монтаждауды және жөндеуді;
астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазалауды, сақтауды және тиеуді;
темір жолдың жылжымалы құрамын жасау мен жөндеудi; қауiптi жүктерді тасымалдау үшiн қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасау мен жөндеудi;
шетелдік валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасауды және қызмет көрсетуді жүзеге асыруды;
ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барлық түрiн;
экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалауды, нормалауды және табиғат қорғау жұмыстарын қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлерiне қолданылмайды.
§ 2. Бiржолғы талон негiзіндегі арнаулы салық режимi
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 372-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
372-бап. Жалпы ережелер
1. Бiржолғы талон негiзіндегі арнаулы салық режимiн қызметi ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстiң 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар қолданады.
2. Салық агенттерiмен жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, күнтiзбелiк жылда бәрiн жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра сипаттағы кәсiпкерлiк қызмет деп ұғынылады.
373-бап. Бiржолғы талон негiзiнде бюджетпен есеп айырысу
тәртібі
1. Қызмет түрлерiнiң тiзбесiн, бiржолғы талондардың нысаны мен берiлу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
2. Бiржолғы талондардың құны кiрiс алынатын объектiнiң орналасқан жерiн, түрiн, қызметтi жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемiн, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиiмдiлiгiне ықпал ететiн басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргiзген орташа күндiк хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректерi негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленедi.
3. Жалдамалы еңбектi қолданбай бiржолғы талон негiзiнде ара-тұра сипаттағы қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылмайды және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеуден босатылады.
§ 3. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 374-бап өзгертілді
374-бап. Жалпы ережелер
1. Патент негiзіндегі арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:
1) жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;
2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;
3) жыл iшіндегі табысы 2,0 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсiпкерлер қолданады.
2. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған ретте салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiне не салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне өтiнiш негiзiнде ауысады.
Аталған өтініш патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.
3. Патент жеке кәсiпкерге бiр күнтiзбелiк жыл шегiнде кемiнде бiр ай мерзiмге берiледi.
4. Жеке кәсiпкер патент алу үшiн кәсіпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына қызмет түрiн көрсете отырып, уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда өтiнiш және Жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi табыс етедi.
Кезектi патент алу үшiн патент алуға өтiнiш алдыңғы патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынылады.
Жеке кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асырған жағдайда ол мұндай қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн лицензиясын көрсетуге мiндеттi. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге берiледi.
Жеке кәсіпкер жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін (жүйелі немесе жүйесіз тасымалдаулар) көрсетуге міндетті. Автомобильмен тасымалдаулар түрінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын орны бойынша салық органына, кәсiпкерлiк қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiш берiлген жағдайды қоспағанда, патент алуға өтiнiшiн бермеуi оның салықты жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен есептеуге және төлеуге келісiмi деп саналады.