1.23. "Жол жұмыстары".
1.24. "Мал айдау".
1.25. "Жабайы хайуанаттар".
1.26. "Тас түсу". Опырылып құлау, ысырма жүру, тас түсуi мүмкiн болатын жол учаскелерi.
1.27. "Бүйiрден соғатын жел".
1.28. "Төмен ұшатын ұшақтар".
1.29. "Тоннель". Жасанды жарықтандыруы және тоннель немесе кіру порталының көрiнуi шектеулi тоннель.
1.30. "Басқа қауiптіліктер". Басқа ескерту белгiлерiмен көзделмеген қауiптіліктерi бар жол учаскелерi.
1.31.1., 1.31.2. "Бұрылыс бағыты". Көрiнуi шектеулi шағын радиусты жол доғалануындағы қозғалыс бағыты. Жолдың жөнделетiн учаскесiн айналып өту бағыты.
1.31.3. "Бұрылыс бағыты". Т үлгiсіндегі жол қиылысында немесе ол тармақталуындағы қозғалыс бағыты. Жолдың жөнделетiн учаскесiн айналып өту бағыты.
1.1., 1.2., 1.5-1.30. ескерту белгiлерi қауiптi учаске басталғанға дейiн елдi мекеннен тыс жерлерде 150-300 м қашықтықта, ал елдi мекендерде және тұрғын аймақтарда 50-100 м қашықтықта орнатылады. Қажет болған жағдайларда белгiлер 7.1.1. табличкасында көрсетiлетiн өзге қашықтықтарда да орнатылуы мүмкiн.
1.13. және 1.14. белгiлерi, егер еңiстер мен өрлеулер бірiнен соң бірi келетiн болса, тiкелей еңiстiң немесе өрлеудiң басталысы алдында 7.1.1. табличкасыз орнатылуы мүмкiн.
1.23 белгiсi жүріс бөлiгiнде қысқа мерзiмдiк жұмыстар жүргiзiлген кезде жұмыс жүргiзiлетiн жерге дейiн 10-15 м ара қашықтықта орнатылуы (7.1.1. табличкасыз) мүмкiн.
Елдi мекендерден тыс жерлерде 1.1, 1.2, 1.9, 1.10, 1.21 және 1.23 белгiлерi қайталанады. Екiншi белгi қауiптi учаске басталғанға дейiн кемiнде 50 м арақашықтықта орнатылады.
1.4.1 - 1.4.3 белгiлерi жолдың оң жағынан, ал 1.4.4 - 1.4.6 -сол жағынан қойылады. 1.4.1 және 1.4.4 белгiлерi - 1.1 немесе 1.2 белгiсiмен қозғалыстың бағытымен, ал 1.4.2 және 1.4.5 белгiлерi өздiгiнен, 1.1 немесе 1.2 бірiншi және екiншi белгiлерiнiң арасына бірдей арақашықтықта қойылады.
1.3.1 және 1.3.2 белгiлерi тiкелей теміржол өтпесiнiң алдына қойылады.
2. Басымдылық белгiлерi
Басымдылық белгiсi жүрiс бөлiгiнiң немесе жолдың жiңiшкерген учаскелерiнiң көше қиылыстарын өтпелерiн кесiп өту кезектілігiн белгiлейдi.
2.1 "Басты жол". Реттелмейтiн қиылыстарда басымдылықпен өту құқығы берiлген жолдар.
2.2 "Басты жолдың аяқтаулы".
2.3.1 "Екiншi дәрежелi жолмен қиылысу".
2.3.2, 2.3.3 "Екiншi дәрежелi жолға жанасу". 2.3.2 - оң жақтан, 2.3.3. - солдан жанасу.
2.4 "Жол берiңiз". Жүргiзушi қиылысатын, ал 7.13 табличкасы болғанда басты жолдың бойымен қозғалатын көлiк құралдарына жол беруi тиiс.
2.5 "Аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады". Тоқтау-сызығының алдынан, ол жоқ болса - қиылысатын жүрiс бөлiгiнiң шетiне жетпей аялдама жасамай қозғалуға тыйым салынады. Жүргiзушi қиылысатын жол бойымен, ал 7.13 табличкасы болған кезде - басты жолмен қозғалатын көлiк құралына жол беруi тиiс.
2.5 белгiсi теміржол өтпесi немесе карантин посты алдынан қойылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда жүргiзушi тоқтау-сызығының, ал ол жоқ болса - белгiнiң алдында аялдауы тиiс.
2.6. "Қарама-қарсы қозғалыстың басымдылығы". Егер бұл қарама-қарсы қозғалысты қиындататын болса, жолдың тар учаскесiне шығуға тыйым салынады. Жүргiзушi тар учаскедегi немесе қарама-қарсы оған кіру жолындағы қарама қарсы көлiк құралына жол беруi тиiс.
2.7 "Қарама-қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық". Қарама-қарсы көлiк құралына қарағанда оның бойымен жүргенде жүргiзушi басымдылықпен пайдаланатын жолдың тар учаскесi.
3. Тыйым салатын белгiлер
Тыйым салатын белгiлер қозғалысқа белгiлi бір шектеулер енгiзедi немесе оларды жояды.
3.1 "Кiруге тыйым салынады". Осы бағыттағы барлық көлiк құралдарының кіруiне тыйым салынады.
3.2. "Қозғалысқа тыйым салынады". Барлық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.3. "Механикалық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады".
3.4. "Жүк автомобильдерiнiң қозғалысына тыйым салынады". Жүк автомобильдерi мен рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т астам (егер белгiде массасы көрсетiлмесе) немесе рұқсат етiлген ең жоғары массасы белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының составтарының, сондай-ақ тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналардың қозғалысына тыйым салынады. 3.4 белгiсi борттарында төмен көлбеу ақ жолағы бар немесе адамдарды тасуға арналған жүк автомобильдерiнiң қозғалысына тыйым салмайды.
3.5 "Мотоциклдердiң қозғалысына тыйым салынады".
3.6 "Тракторлардың қозғалысына тыйым салынады". Тракторлардың және өздiгiнен жүретiн машиналардың қозғалысына тыйым салынады.
3.7 "Тiркемемен қозғалуға тыйым салынады". Жүк автомобильдерi мен тракторлардың кез-келген тiркемемен қозғалысына, сондай-ақ механикалық көлiк құралдарын сүйретуге тыйым салынады.
3.8 "Көлiк-арба қозғалысына тыйым салынады". Көлiк-арбаның (шананың), адам мiнген және жүк артылған малдардың қозғалуына, сондай-ақ мал айдауға тыйым салынады.
3.9. "Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады". Велосипедтер мен мопедтердiң қозғалысына тыйым салынады.
3.10 "Жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына тыйым салынады".
3.11. "Массаны шектеу". Нақты жалпы массалары белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдары, оның iшiнде көлiк құралдары составтарының қозғалысына тыйым салынады.
3.12 "Оське түсетiн жүктеменi шектеу". Қандай болса да оське түсетiн нақты жүктемесi белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.13. "Биiктiктi шектеу". Көлемдiк биiктiгi (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.14 "Енiн шектеу". Көлемдiк енi (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.15 "Ұзындықты шектеу". Көлемдiк ұзындығы (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының (көлiк құралдары составының) қозғалысына тыйым салынады.
3.16 "Ең төменгi аралықты шектеу". Олардың арасындағы аралық белгiде көрсетiлгеннен кем көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.17 "Кеден", Кеден (бақылау пунктiнiң) жанында аялдамасыз өтуге тыйым салынады.
3.17.2 "Қауiптілік", Жол-көлiк оқиғаларына, аварияға немесе басқа қауiптіліктерге байланысты, әрi қарай барлық көлiк құралдарының қозғалысына ерекшелiксiз тыйым салынады.
3.18.1 "Оңға бұрылуға тыйым салынады".
3.18.2 "Солға бұрылуға тыйым салынады".
3.19 "Керi бұрылуға тыйым салынады".
3.20 "Басып озуға тыйым салынады". 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын, жекелегендерiнен басқа, барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады.
3.21 "Басып озуға тыйым салынатын аймақтың аяқталуы".
3.22 "Жүк автомобильдерiне басып озуға тыйым салынады". Рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдерiне 30 км/сағ кем жылдамдықпен қозғалатын, жекелегендерiнен басқа барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады. Тракторларға көлiк-арба және велосипедтен басқа барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады.
3.23 "Жүк автомобильдерiнiң басып озуына тыйым салу аймағының аяқтаулы".
3.24 "Ең жоғары жылдамдықты шектеу". Белгiде көрсетiлгеннен артық жылдамдықпен (км/сағ) қозғалуға тыйым салынады.
3.25 "Ең жоғары жылдамдықты шектеу аймағының аяқталуы".
3.26 "Дыбыстық сигнал беруге тыйым салынады". Сигнал жол-көлiк оқиғаларын болдырмау үшiн берiлгеннен басқа жағдайларда дыбыс сигналына тыйым салынады.
3.27 "Аялдауға тыйым салынады". Көлiк құралдарының аялдауына және тұруына тыйым салынады.
3.28 "Тұруға тыйым салынады". Көлiк құралдарының тұруына тыйым салынады.
3.29 "Айдың дақ күндерi тұруға тыйым салынады".
3.30 "Айдың жұп күндерi тұруға тыйым салынады". 3.29 және 3.30 белгiлерiн бір мезгiлде қолданғанда көлiк құралдарын бір жақтан екiншiсiне орын ауыстыру уақыты - 19-дан 21 сағатқа дейiн.
3.31 "Барлық шектеу аймақтарының аяқтаулы". Бір мезгiлде 3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 - 3.30 белгiлерiнiң бір мезгiлде бірнешеуiн қолдану аймағының аяқталуы.
3.32 "Көлiк құралдарының қауiптi жүкпен қозғалуына тыйым салынады". "Қауiптi жүк" айырым белгiсiмен жабдықталған көлiк құралдарының қозғалуына тыйым салынады.
3.33 "Көлiк құралдарының жарылғыш және оңай тұтанатын жүктермен қозғалуына тыйым салынады". "Қауiптi жүк" айырым белгiсiмен жабдықталған және 19433-88 ГОСТ-ы бойынша, 1.2.2-2.4, 3.1, 3.2, 5.2 сыныптарының қауiптi жүктерiн тасымалдауға арналған көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.2-3.9, 3.32 және 3.33 белгiлерi тиiстi көлiк құралдары түрлерiнiң екi бағытқа қозғалуына тыйым салады.
Мына белгiлердiң күшi қолданылмайды:
3.1-3.3, 3.18.1, 3.18.2, 3.19, 3.27 - маршруттық көлiк құралдарына;
3.2-3.8 - белгiленген аймақта орналасқан кәсiпорындарға қызмет етедi, сондай-ақ белгiленген аймақта тұратын немесе жұмыс iстейтiн азаматтарға қызмет көрсетедi немесе солардың меншiгi. Мұндай жағдайларда көлiк құралдары белгiленген аймаққа белгiленген жерге жақын қиылыстан кіруi немесе содан шығуы керек;
3.28-3.30 - таксометрi iске қосылу таксиге;
3.2, 3.3, 3.28-3.30 - I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектердi тасымалдайтын көлiк құралдарына.
3.18.1, 3.18.2 белгiлерiнiң күшi жүрiс бөлiгiнiң алдына белгi қойылған қиылысына қолданылады.
3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26-3.30 белгiлерi қолданылатын аймақтар белгi қойылған жерден бастап жақын жердегi қиылысқа дейiн, ал елдi мекендерде қиылыс жоқ болса - елдi мекен аяқталғанға дейiн қолданылады. Жолға жанасып жатқан аумақтан шығатын жерде белгiлердiң күшi сақталады.
5.22 белгiсiмен белгiленген елдi мекеннiң алдына қойылған 3.24 белгiсiнiң күшi осы белгiге дейiн қолданылады.
Белгiлердiң күшi қолданылатын аймақ мынадай жағдайларда кiшiреуi мүмкiн:
7.2.1 табличкасын қолданумен 3.16 және 3.26 белгiлерi үшiн;
3.20, 3.22, 3.24 белгiлерi үшiн аймақтың соңына қойылғанда немесе 7.2.1 табличкасын қолданумен олардың күшi 3.21, 3.23, 3.25 белгiлерiне сәйкес келедi. 3.24 белгiсiнiң қолданылу аймағы 3.24 белгiсiн қозғалыстың ең жоғары жылдамдығының басқа мәнiмен кiшiреюi мүмкiн;
3.27-3.30 белгiлерi үшiн 7.2.3. табличкасымен 3.27-3.30 қайталама белгiлерiнiң немесе 7.2.2. табличкасын қолданумен олардың күшi жүретiн аймақтың соңында қойылғанда;
3.27 белгiсi 1.4 таңбасымен бірге қолданылуы мүмкiн, ал 3.28 белгiсi - 1.10 таңбалауымен, мұндайда белгiлердiң қолданылу аймағы таңбалау сызығының ұзындығымен айқындалады.
3.10, 3.27 - 3.30 белгiлерiнiң күшi жолдың олар қойылған жағына ғана қолданылады.
4. Алдын ала жазылатын белгiлер
4.1.1 "Тiке қозғалыс", 4.1.2 "Оңға қозғалыс", 4.1.3 "Солға қозғалыс", 4.1.4 "Тiке немесе оңға қозғалыс", 4.1.5 "Тiке немесе солға қозғалыс", 4.1.6 "Оңға және солға қозғалыс". Белгiлерде бағыттауыштармен көрсетiлген бағыттарда ғана қозғалуға рұқсат етiледi. Солға бұрылуға рұқсат ететiн белгiлер керi бұрылуға да рұқсат бередi (4.1.1 - 4.1.6 белгiлерi нақты кесiп өтулерде қозғалыстың тиiстi талап етiлетiн бағытына бағыттаушы кескiндердiң үйлесiмiмен қолданылуы мүмкiн).
4.1.1-4.1.6 белгiлерiнiң күшi маршруттық көлiк құралдарына қолданылмайды.
4.1.1-4.1.6 белгiлерiнiң күшi жүрiс бөлiгiнiң алдына белгi қойылған өтпелерге қолданылмайды.
Жол учаскесiнiң басталысында қойылған 4.1.1 белгiлерiнiң күшi жақын жердегi қиылысқа дейiн қолданылады. Белгi жолға жанасып жатқан аумаққа оңға бұрылуға тыйым салмайды.
4.2.1 "Кедергiнi оң жағынан айналып өту", 4.2.2 "Кедергiнi сол жағынан айналып өту". Бағыттауышпен көрсетiлген жағынан ғана айналып өтуге рұқсат етiледi.
4.2.3 "Кедергiнi оң немесе сол жағынан айналып өту". Кез келген жақтан айналып өтуге рұқсат етiледi.
4.3 "Айналма қозғалыс". Бағыттауыштармен көрсетiлген бағытта қозғалуға рұқсат етiледi.
4.4. "Жеңiл автомобильдер қозғалысы". Жеңiл автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, маршруттық көлiк құралдары мен рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3.5 т аспайтын жүк автомобильдерiнiң қозғалысына рұқсат етiледi.
Белгi белгiленген аймақта орналасқан кәсiпорындарға қызмет көрсететiн, сондай-ақ белгiленген аймақта тұратын немесе жұмыс iстейтiн азаматтарға қызмет көрсететiн немесе олардың меншiгіндегі басқа көлiк құралдарының қозғалысына да рұқсат бередi.
4.5. "Велосипед жолы". Велосипедпен және мопедпен ғана қозғалуға рұқсат етiледi. Велосипед жолымен сондай-ақ жаяу жүргiншiлер де қозғала алады (тротуар, жаяу жүргiншi жолы немесе жол жағалауы болмағанда).
4.6 "Жаяу жүргiншiлер жолы". Тек қана жаяу жүргiншiлердiң қозғалуына рұқсат етiледi.
4.7 "Ең төменгi қозғалысты шектеу". Тек қана көрсетiлген немесе көбірек жылдамдықпен (км/сағ) қозғалуға рұқсат етiледi.
4.8. "Ең төменгi жылдамдықты шектеу аймағының соңы".
4.9. "Қауiптi жүгi бар көлiк құралдары қозғалысының бағыты". "Қауiптi жүк" деген айырым белгiмен жабдықталған көлiк құралына 4.9.1 - солға, 4.9.2. - тiке, 4.9.3. - оңға белгiлерiнде көрсетiлген бағыттарда қозғалуға рұқсат етiледi.
5. Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер
Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер қозғалыстың белгiлi бір режимдерiн енгiзедi немесе күшiн жояды, сондай-ақ елдi мекендер мен басқа да объектiлердiң орналасуы туралы хабарлайды.
5.1. "Автоарна". Ережелердiң талаптары қолданылатын, автоарналар бойынша қозғалыстың тәртiптерiн белгiлейтiн жол.
5.2. "Автоарнаның аяқталуы".
5.3. "Автомобильдерге арналған жол". Автомобильдер мен мотоциклдердiң ғана қозғалысына ғана арналған жол.
5.4. "Автомобильдерге арналған жолдың аяқталуы".
5.5. "Біржақты қозғалыстағы жол". Көлiк құралдарының қозғалысы бүкiл енi бойынша біржақты бағытта жүзеге асырылатын жол немесе жүргiн бөлiк.
5.6. "Біржақты қозғалыстағы жолдың аяқталуы".
5.7.1., 5.7.2. "Жолға біржақты қозғалыспен шығу". Жолға немесе жүргiн бөлiкке біржақты қозғалыспен шығу.
5.8.1. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағытты". Жол Жолақтарының саны және қозғалыстың оның әрбірiне рұқсат етiлген бағыттары.
5.8.2. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағыттары". Қозғалыстың жол жолақтары бойынша рұқсат етiлген бағыттары.
Шеткi сол жол жолағынан сол жаққа бұрылуға рұқсат ететiн 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi осы жол жолағынан айналыс жасауға да рұқсат етедi.
Қиылыстың алдында орнатылған 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi, егер онда орнатылған басқа 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi өзге нұсқаулар бермейтiн болса бүкiл қиылысқа қолданылады.
5.8.3. "Жол жолағының басталуы". Көтерiлуде қосымша жол жолағының немесе тежеу жол жолағының басталуы.
Егер қосымша жол жолағының алдында "Ең төменгi жылдамдықты шектеу" деген 4.7. белгiсi бейнеленген болса, онда қозғалыста көрсетiлген негiзгi жол жолағы бойынша немесе жоғары жылдамдықты жалғастыра алмайтын көлiк құралының жүргiзушiсi қосымша жол жолағына қайта шығуы тиiс.
5.8.4. "Жол жолағының басталуы". Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш жол жолақты жолдың орта жол жолағы учаскесiнiң басталуы.
5.8.5. "Жол жолағының аяқталуы". Көтерiлудегi қосымша жол жолағының немесе екпiндеп айдаудың аяқталуы.
5.8.6. "Жол жолағының аяқталуы". Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш жол жолақты жолдың орта жол жолағы учаскесiнiң аяқталуы.
5.8.7, 5.8.8. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағыты".
Егер 5.8.7. белгiсiнде қандай да болмасын көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салатын белгi бейнеленген болса, онда осы көлiк құралдарының тиiстi жол жолағы бойынша қозғалысына тыйым салынады.
5.8.7. және 5.8.8. белгiлерi көрсеткiштердiң тиiстi санымен жолдарда төрт жол жолағымен және одан да көп қолданыла алады.
5.8.7. және 5.8.8. ауысымдық бейнеленуiнiң көмегiмен реверсивтiк қозғалыс ұйымдастырылуы мүмкiн.
5.9. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағы". Көлiк құралдарының жалпы легiмен жолай қозғалатын тек маршруттық көлiк құралдарының қозғалысына ғана арналған жол жолағы.
Белгi өзi қойылған жол жолағына қолданылады. Жолдың оң жағына орнатылған белгi оң жол жолағына қолданылады.
5.10.1. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жол". Маршруттық көлiк құралдарының қозғалысы көлiк құралдарының жалпы легiне қарсы арнайы бөлiнген жол жолағында жүзеге асырылатын жол.
5.10.2, 5.10.3. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жолға шығу".
5.10.4. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жолдың аяқталуы".
5.11.1. "Айналыс жасауға арналған орын". Солға бұрылуға тыйым салынады.
5.11.2. "Айналыс жасауға арналған белдеу". Айналыс жасауға арналған белдеудiң ұзындығы. Солға бұрылуға тыйым салынады.
5.12. "Автобус пен (немесе) троллейбустың аялдау орны".
5.13. "Трамвайдың аялдау орны".
5.14. "Жеңiл таксилердiң тұрақ орны".
5.15. "Тұрақ орны".
5.16.1, 5.16.2. "Жаяу өтпе".
Өтпеде 1.14.1.-1.14.3. таңбалары болмаған кезде 5.16.2. белгiсi жолдың оң жағына өтудiң жақын шекарасына, ал 5.16.1. - жолдың сол жағына өтудiң шегiне орнатылады.
5.17.1, 5.17.2. "Жер асты жаяу өтпесi".
5.17.3, 5.17.4. "Жер үстi жаяу өтпесi".
5.18. "Ұсынылатын жылдамдық". Жолдың осы учаскесіндегі ұсынылатын қозғалыстың жылдамдығы. Белгiнiң қолданылу белдеуi жақын маңайдағы қиылысқа дейiн, ескертушi белгiмен бірлесiп 5.8. белгiсi қолданылу кезiнде қауiптi учаскенiң ұзындығымен айқындалады.
5.19.1. - 5.19.3. "Тұйық". Тура жол жүру жоқ жол.
5.20.1. "Бағыттардың алдын ала көрсеткiшi", 5.20.2. "Бағыттардың алдын ала көрсеткiшi". Белгiде белгiленген елдi мекендер мен басқа да объектiлерге қарай қозғалыстың бағыттары. Белгiлерге 5.29.1. белгiсiнiң бейнесi, автоарналардың, әуежайдың, спорттық рәмiздер мен өзге де пиктрограммалар енгiзiлуi мүмкiн. 5.20.1. белгiсiне қозғалыстың ерекшелiктерi туралы хабарлайтын басқа белгiлердiң бейнелерi енгiзiлуi мүмкiн. 5.20.1. белгiсiнiң төменгi бөлiгiнде белгiнi орнату орнынан бастап қиылысқа немесе тежеу жол жолағының басталуына дейiнгi ара қашықтық көрсетiледi.
5.20.1. белгiсi, сондай-ақ 3.11-3.15 тыйым салу белгiлерiнiң бірi орнатылған жолдардың учаскелерiн айналып өтудi нұсқау үшiн де қолданылады.
5.20.3. "Қозғалыс схемасы". Жекелеген маневрлер қиылысындағы тыйым салу кезіндегі қозғалыс маршруты немесе қозғалыстың күрделi қиылысындағы рұқсат етiлген бағыттары.
5.21.1. "Бағыт көрсеткiш", 5.21.2. "Бағыттар көрсеткiшi". Қозғалыстың маршрут бағыттарына қарай бағыттары. Белгiлерге ондағы белгiленген объектiлерге дейiнгi арақашықтық (км) көрсетiлуi, автоарналар, әуежай, спорттық рәмiздер мен өзге де пиктограммалар енгiзiлуi мүмкiн.
5.22. "Елдi мекеннiң басталуы". Елдi мекендерде қозғалыстың тәртібін белгiлейтiн Ережелердiң талаптары қолданылатын елдi мекеннiң атауы және басталуы.
5.23. "Елдi мекеннiң аяқталуы". Елдi мекендерде қозғалыстың тәртібін белгiлейтiн Ережелер талаптарының күшi жоғалатын осы жолдағы орын.
5.24. "Елдi мекеннiң басталуы". Елдi мекендерде қозғалыстың тәртібін белгiлейтiн осы жолда Ережелердiң талаптары қолданылмайтын елдi мекеннiң атауы және басталуы.
5.25. "Елдi мекеннiң аяқталуы". 5.24. белгiсiмен таңбаланған елдi мекеннiң аяқталуы.
5.26. "Объектiнiң атауы". Елдi мекенге қарағанда өзге объектiнiң атауы (өзен, көл, асу, назар аударарлық орындар және соған ұқсастар).
5.27. "Арақашықтықтардың көрсеткiшi". Маршрутта орналасқан елдi мекендерге дейiнгi арақашықтық (км).
5.28. "Километрлiк белгi". Жолдың басына немесе аяғына дейiнгi ара қашықтық (км).
5.29.1, 5.29.2. "Маршруттың нөмiрi". 5.29.1- жолға (маршрутқа) берiлген нөмiр; 5.29.2.- жолдың (маршруттың) нөмiрi мен бағыты.
5.30.1.-5.30.3. "Жүк автомобильдерiне арналған қозғалыстың бағыты". Жүк автомобильдерiне, тракторлар мен өзi жүретiн машиналарға арналған, егер олардың қозғалысының бағыттарының бірiне қиылыста қозғалуына тыйым салынған болса, қозғалыстың ұсынылатын бағыты.
5.31. "Айналып өту схемасы". Қозғалыс үшiн уақытша жабылған жол учаскесiн айналып өту маршруты.
5.32.1-5.32.3. "Айналып өту бағыты". Қозғалыс үшiн уақытша жабылған жол учаскесiнiң бағыты.
5.33. "Тоқтау сызығы". Көлiк құралдарының бағдаршамның (реттеушiнiң) тыйым салған белгiсi кезіндегі аялдау орны.
5.34.1, 5.34.2. "Басқа жүргiн бөлiкке түсудiң алдын ала көрсеткiшi". Бөлектеушi жол жолағы бар жолда жүргiн бөлiктiң учаскесiн қозғалыс үшiн жабылған учаскесiн айналып өтудiң бағыты немесе оң жақтағы жүргiн бөлiкке оралуға арналған қозғалыстың бағыты.
5.35. "Реверсивтi қозғалыс". Қозғалыстың бағыты бір немесе бірнеше жол жолақтарында қарама-қарсыға өзгеруi мүмкiн жол учаскесiнiң басталуы.
5.36. "Реверсивтi қозғалыстың аяқталуы".
5.37. "Реверсивтi қозғалысты жолға шығу".
5.38. "Тұрғын аймақ". Тұрғын аймақтағы қозғалыстың тәртібін белгiлейтiн Ережелердiң талаптары қолданылатын аумақ.
5.39. "Тұрғын аймақтың аяқталуы".
Елдi мекеннен тысқары орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 белгiлеріндегі жасып немесе көк рең көрсетiлген елдi пунктке немесе объектiге қозғалыстың тиiсiнше автоарна немесе басқа жол бойынша жүзеге асырылатындығын бiлдiредi. Елдi мекенде орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 белгiлеріндегі жасыл немесе көк рең қозғалыстың көрсетiлген елдi мекенге немесе объектiге осы елдi мекеннен өткен соң тиiсiнше автоарналар немесе басқа жол бойынша жүзеге асырылатындығын бiлдiредi; ақ рең көрсетiлген объектiнiң осы елдi мекенде екендiгiн бiлдiредi.
6. Сервис белгiлерi
Сервис белгiлерi тиiстi объектiлердiң орналасуы туралы хабардар етедi.
6.1. "Алғашқы медициналық көмек пунктi".
6.2. "Аурухана".
6.3. "Автомай құю станциясы".
6.4. "Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету".
6.5. "Автомобильдердi жуу".
6.6. "Телефон".
6.7. "Тамақтану пунктi".
6.8. "Ауыз су".
6.9. "Қонақ үй немесе мотель".
6.10. "Кемпинг".
6.11. "Демалыс орны".
6.12. "МАИ посты".
7. Қосымша ақпарат белгiлерi (табличкалар)
Қосымша ақпарат белгiлерi (табличкалар) өздерi қолданылатын белгiлердi нақтылайды немесе шеттейдi.
7.1.1. "Объектiге дейiнгi арақашықтық". Белгiден қауiптi учаскенiң, тиiстi шектеу енгізу орнының немесе жолдың үстiнде алдағы белгiлi бір объектiнiң (орнының) басталуына дейiнгi арақашықтықты көрсетедi.
7.1.2. "Объектiге дейiнгi арақашықтық". 2.4. белгiсiнен қиылыстың тiкелей алдында 2.5. белгiсi орнатылған жағдайдағы қиылысқа дейiнгi арақашықтықты көрсетедi.
7.1.3., 7.1.4. "Объектiге дейiнгi арақашықтық". Жолдан тысқарыдағы объектiге дейiнгi ара қашықтықты көрсетедi.
7.2.1. "Қолданылу белдеуi". Белгiлермен таңбаланған жолдың қауiптi учаскесiнiң ұзындығын, немесе тыйым салынатын iс-әрекет белдеуiн және ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлердi көрсетедi.
7.2.2.-7.2.6. "қолданылу белдеуi". 7.2.2. 3.27-3.30. тыйым салушы белгiлердiң қолданылу белдеуiн көрсетедi; 7.2.3. 3.27-3.30 белгiлерiнiң қолданылу белдеуiнiң аяқталғанын көрсетедi; 7.2.4. жүргiзушiлердi олардың қолданылу белдеуiнде 3.27-3.30 белгiлерiнiң бар екендiгi туралы хабарландырады; 7.2.5, 7.2.6. алаңының, ғимарат фасадының және соған ұқсастардың бір жағының бойында аялдауға немесе тұруға тыйым салу кезіндегі 3.27-3.30. белгiлерiнiң бағытын және қолданылу белдеуiн көрсетедi.
7.3.1.-7.3.3. "Қолданылу бағыттары". Қиылыстың алдында орнатылған белгiлердiң қолданылу бағытын, немесе жолдағы тiкелей тұрған таңбаланған объектiлерге қозғалыстың бағытын көрсетедi.
7.4.1.-7.4.8. "Көлiк құралының түрi". Белгiнiң қолданылуы жүретiн көлiк құралының түрiн көрсетедi.
7.4.1. табличкасы жүк автомобильдерiне арналған белгiге, ал 7.4.2. табличкасы оның iшiнде және тiркемелісіне, 3,5 т астам салмағы барларға рұқсат етiлгендерге, 7.4.3. табличкасы - жеңiл автомобильдерге, сондай-ақ 3,5 т дейiн салмағы бар рұқсат етiлген жүк автомобильдерiне, 7.4.8. табличкасы - "Қауiптi жүк" деген айырым белгiлерiмен жабдықталған көлiк құралдарына қолданылады.
7.5.1. "Сенбi, жексенбi және мереке күндерi", 7.5.2. "Жұмыс күндерi", 7.5.3. "Апта күндерi". Белгi қолданылатын аптаның күндерiн көрсетедi.