8.11. Тежеу жол жоғары болған жағдайда, бұрылуды көздеген жүргiзушi осы жолаққа уақтылы ауысуға және сонда ғана жылдамдықты азайтуға мiндеттi.
Жолға кiретiн жерде жүру сызығы болған кезде жүргiзушi соның бойымен қозғалуы және осы жолмен қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол бере отырып, көршi жолаққа ауысуға мiндеттi.
8.12. Жаяу жүргiншiлер өтпесi мен көше қиылыстарында тротуармен немесе жол жағалауы жиегiмен;
тоннельдерде;
көпiр үстiнде, жол құбырларында, эстакадаларда және солардың астымен;
теміржол өтпелерiнде;
ең болмағанда бір бағытта кемiнде жол көрiнуi 100 метр жерлерде;
аялдама пункттерi орналасқан жерлерде бұрылуға тыйым салынады.
8.13. Көлiк құралдарына, егер бұл маневр қауiпсiз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi тудырмайтын болса, артқы жүрiске рұқсат етiледi.
Артқы жүрiспен қозғалуға көше қиылыстарында және Ереженiң 8.12-тармағына сәйкес керi бұрылуға тыйым салынған жерлерде тыйым салынады.
9. Көлiк құралдарының жүрiс бөлiктерiнде орналасуы
9.1. Рельссiз көлiк құралдарына арналған қозғалыс жол жолақтарының саны таңбалармен немесе 5.8.1, 5.8.2, 5.8.7, 5.8.8 белгiлерiмен, ал олар болмаған кезде жүрiс бөлiгiнiң енiн, көлiк құралдарының көлемiн және олардың арасындағы аралықты ескере отырып жүргiзушiлердiң өздерi айқындайды. Егер жол қозғалысы ұйымы өзгеше қозғалыс тәртібін белгiлемеген болса, жүрiс бөлiгiнiң (не жүрiс бөлiгiнiң шетiн айқындай мүмкiн болмағанда, жол полотносының) қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағы сол жақта орналасқан жартысы болып табылады. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жақтарды бөлетiн шартты сызықты айқындау кезiнде жүрiс бөлiгiнiң (жол полотносының) бір жерiнде енiнiң кеңеюi назарға алынуға тиiс емес.
9.2. Төрт немесе одан да көп жол жолағы бар екi жақты қозғалысты жолдарда, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығуға тыйым салынады.
9.3. Екi жақты қозғалысқа арналған, ортаңғысы екi бағыттағы қозғалысқа пайдаланылатын таңбалармен белгiленген (1.9 таңбасын қоспағанда), үш жол жолағы бар жолдарда осы жол жолағында басып озуға, айналып өтуге, солға бұрылуға немесе керi бұрылу үшiн шығуға рұқсат етiледi. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған сол жоқ шеткi жол жолағына шығуға тыйым салынады.
9.4. Елдi мекеннен тыс, сондай-ақ елдi мекендерде 5.1. және 5.3. белгiлерiмен белгiленген жолдарда немесе 80 км/сағ. және одан жоғары жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етiлген жерлерде көлiк құралының жүргiзушiлерi мүмкiндiгiне қарай оларды жүрiс бөлiгiнiң оң жақ шетiне жақын жүргiзуi тиiс. Оң жақ бос болған кезде сол жақты алуға тыйым салынады.
Елдi мекендерде осы тармақтың және Ереженiң 9.5, 16.1 және 24.2.-тармақтарын ескере отырып, кез келген жол жолағымен қозғалуға рұқсат етiледi, дегенмен, сол жақ жол жолағының бойымен рұқсат етiлгеннен төмен жылдамдықпен келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi, мүмкiндiкке орай, осы жол жолағының бойымен неғұрлым жоғары жылдамдықпен жақындап келе жатқан және 19.12-тармаққа сәйкес ескерту сигналын берген көлiк құралына жолағын босатып, оң жаққа қатар ауыстыруы тиiс.
Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш және одан көп жол жолағы бар кез-келген жолда, басқа жол жолақтары бос болмаған кезде сол жақ шеткi жол жолағына неғұрлым үдемелi қозғалыс кезiнде, сондай-ақ басып озуға, солға бұрылуға немесе керi айналу үшiн шығуға, ал рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т артық болатын жүк автомобильдерiне - тек қана солға немесе керi бұрылуға рұқсат етiледi. Бір жақты қозғалатын жолдың, аялдау немесе тұру үшiн, сол жағына шығу тек қана Ереженiң 12.1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Көлiк құралдарының көршi жол жолағындағы қарағанда үлкен жылдамдықпен бір жол жолағында қозғалуы басып озуға жатпайды.
9.5. Қозғалыс жылдамдығын 40 км/сағ. асырмауға тиiстi немесе техникалық себептерге байланысты мұндай жылдамдық ала алмайтын көлiк құралдары айналып өту, басып озу, солға, керi бұрылыс немесе жолдың сол жағында аялдауға (тұруға) рұқсат етiлген жағдайларда, алдында қатар ауыстыру жағдайларынан басқа кезде өзiне керектi бағытпен осындай көлiк құралдарының қозғалысына арналған шеткi оң жақ жол жолағымен қозғалуы тиiс.
9.6. Бір бағыттағы жүрiс бөлiгiмен сол жақта бір деңгейге орналасқан трамвай жолымен қозғалуға осы бағыттағы барлық жол жолақтары бос болмаған кезде, сондай-ақ Ереженiң 8.6-тармағын ескере отырып айналып өтуге, озып шығуға солға бұрылғанда немесе керi айналу кезiнде рұқсат етiледi. Бұл кезде трамвайға кедергi жасалмауы керек. Қарама-қарсы бағыттағы трамвай жолына шығуға, сондай-ақ жолда 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерi қойылған болса, трамвай жолымен қиылыс арқылы қозғалуға тыйым салынады.
9.7. Егер жүрiс бөлiгi таңбалау сызықтарымен жол жолағына бөлiнген болса, көлiк құралдарының қозғалысы белгiленген жол жолақтары бойынша жүзеге асырылуы тиiс. Үзiк сызықты таңбаларға қатар ауыстырған кезде ғана шығуға рұқсат етiледi.
9.8. Реверсивтi қозғалысты жолға бұрылған кезде, көлiк жүргiзушi көлiк құралын жүрiс бөлiгiнiң қиылысынан шыққан кезде көлiк құралы оң жақ шеткi жол жолағын алатындай жағдайда жүргiзуге тиiс. Қатар ауыстыруға, жүргiзушi осы бағыттағы қозғалысқа басқа жол жолақтары бойымен де рұқсат етiлетiндiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана, рұқсат етiледi.
9.9. Көлiк құралдарының жол жағалауымен, тротуарлармен және жаяу жүргiншiлер жолымен (Ереженiң 12.1. және 24.2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), ол елдi мекендерде - бұдан басқа, жүрiс бөлiгiнен тыс жерлермен қозғалуға тыйым салынады. Жол-пайдалану және коммуналдық қызмет машиналарының қозғалысына, жол жағалауына, тротуарларға немесе жаяу жүргiншiлер жолына, тiкелей жақын орналасқан объектiлерге жүктердi апаратын көлiк құралдарының қысқа жолмен баруына, басқа кіру жолы болмаған кезде рұқсат етiледi. Мұндай кезде қозғалыс қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
9.10. Жүргiзушi қозғалыс жылдамдығына орай алда қозғалып бара жатқан көлiк құралымен арада, ол тежеу жасаған кезде соқтығысудан сақтануға мүмкiндiк беретiндей және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi бүйiрлiк аралықты сақтауға мiндеттi.
9.11. Елдi мекендерден тыс жолдарда жылдамдығын 40 км/сағ. асырмауы тиiс болатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi өз көлiгi мен алда кетiп бара жатқан көлiк құралының арасында оларды басып озатын көлiк құралы бұлар жүрiп келе жатқан жол жолағына кедергiсiз қатар ауыстыра алатындай аралықты сақтауға мiндеттi. Бұл талап, егер жүргiзушi басып озуды орындауға әзiрленiп келе жатса, сондай-ақ үдемелi қозғалыс кезiнде және ұйымдасқан көлiк колоннасының қозғалысы кезiнде қолданылмайды.
10. Қозғалыс жылдамдығы
10.1. Жүргiзушi көлiк құралын белгiленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда қозғалыс үдемелiлiгiн, көлiк құралы мен жүктiң ерекшелiгiн және жай-күйiн, қозғалыс бағытындағы көрiнуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргiзуi керек. Жылдамдық жүргiзушiге Ереженiң талаптарын орындау үшiн көлiк құралының қозғалысына тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкiндiк беруiн қамтамасыз етуi керек.
Қозғалысқа жүргiзушi анықтай алатындай кедергi және (немесе) қауiп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейiн азайтуға немесе қозғалысқа басқа қатысушылар үшiн қауiп төндiрмей, кедергiнi айналып өтуге шаралар қолдануы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 30.01.04 ж. № 115 қаулысымен 10.2-тармақ өзгертілді
10.2. Елдi мекендерге 60 км/сағ. артық емес, ал тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында - 20 км/сағ. аспайтын көлiк құралдары қозғалысына рұқсат етiледi.
Ескертпе: Елдi мекендерде егер жол жағдайлары үлкен жылдамдықпен қауiпсiз қозғалысты қамтамасыз ететiн болса, жолдың жекелеген учаскелерiнде қозғалыс жылдамдығын көтеруге болады (3.24 тиiстi белгiсiн қоюмен).
10.3. Елдi мекендерден тыс мынадай қозғалыстарға рұқсат етiледi:
жеңiл автомобильдерге және рұқсат етiлген максималды массасы 3,5 т. аспайтын жүк автомобильдерiне автоарналарда - 110 км/сағ. артық емес, қалған жолдарда - 90 км/сағ. артық емес жылдамдықпен;
халықаралық және ерекше шағын автобустарға және мотоциклдерге 90 км/сағ. артық емес;
басқа автобустарға, тiркеме сүйреткен кезде жеңiл автомобильдерге, рұқсат етiлген максималды массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiне автоарналарда - 90 км/сағ. артық емес, басқа жолдарға - 70 км/сағ. артық емес.
10.4. Көлiк құралдарының жылдамдығы:
жүк автомобилiнiң кузовында жолаушыларды тасыған кезде - 60 км/сағ.; механикалық көлiк құралдарын сүйреткен кезде - 50 км/сағ.;
қауiптi, ауыр салмақты және iрi көлемдi жүктердi тасымалдау шарттарын келiскен кезде - белгiленген көлемнен аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 30.01.04 ж. № 115 қаулысымен 10.4-1-тармақпен толықтырылды
10.4-1. Елді мекендерде және елді мекендерден тыс жерлерде жол жағдайлары үлкен жылдамдықпен қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін болса, автомобиль жолдарының жекелеген учаскілерінде жеңіл автомобильдердің қозғалыс жылдамдығын 120 км/сағ. дейін, автобустардікін 110 км/сағ. дейін (3.24 тиісті белгісін орната отырып) көтеруге болады.
10.5. Жүргiзушiге:
көлiк құралының техникалық сипаттамасында анықталған ең жоғары жылдамдықтан асыруға;
көлiк құралында белгiленген "Жылдамдықты шектеу" айырым белгiсiнде көрсетiлген жылдамдықтан асыруға;
Осы жерде және бұдан кейiн айырым белгiлерi Негiзгi Ережелерге сәйкес көрсетiледi.
қажеттілік болмаған кезде өте аз жылдамдықпен қозғалып, басқа көлiк құралдарына кедергi тудыруға;
егер бұл жол-көлiк оқиғасын болдырмау үшiн талап етiлмесе, қозғалысты кенеттен тежеуге тыйым салынады.
11. Басып озу, алда кездескен жол айрығы
11.1. Басып озуды бастамас бұрын жүргiзушi:
ол шығуды көздеген қозғалыс жол жолағы басып озу үшiн жеткiлiктi аралықта бос екендiгiн және осы маневрмен ол қарама-қарсы және осы жол жолағында артта қозғалып келе жатқан, оның iшiнде 19.11 және 19.12-тармақтарға сәйкес ескерту сигналдарын берушi көлiк құралдарына кедергi келтiрмейтiнiне;
осы жол жолағындағы артта келе жатқан көлiк құралының басып озуды бастамағанына;
осы жол жолағы бойымен алда кетiп бара жатқан көлiк құралы жүргiзушiсiнiң солға маневр жасау туралы сигнал бермегенiне;
қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына (жағына) шығумен басып озуды аяқтағаннан кейiн, ол басып озған көлiк құралына кедергi тудырмай, бұрын жүрiп келе жатқан жол жолағына келе алатынына көз жеткiзуге мiндеттi.
11.2. Рельссiз көлiк құралын сол жағынан басып озуға рұқсат етiледi. Сөйте тұра, жүргiзушiсi солға бұрылуға сигнал берген және маневрдi орындауға кiрiскен көлiк құралын оң жағынан басып озады.
11.3. Қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына (жағына) шығумен басып озуды аяқтағаннан кейiн, жүргiзушi бұрын жүрiп келе жатқан қозғалыс жол жолағына қайтып оралуға мiндеттi.
11.4. Басып озатын көлiк құралының жүргiзушiсiне қозғалыс жылдамдығын көтерумен немесе өзге де әрекеттермен басып озуға кедергi жасауға тыйым салынады.
11.5. Мынадай жағдайларда:
реттелетiн жол қиылыстарында қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығумен, сондай-ақ реттелмейтiн қиылыстарда басты жолмен қозғалыс кезiнде, бағытын өзгертетiн (рұқсат етiлген оң жақтан басып озуды қоспағанда) және басты жол болып табылмайтын жол бойында (қиылыстарда шеңбер жасай басып озу қозғалыстарымен, бүйiр тiркемесi жоқ екi дөңгелектi көлiк құралдарын басып озуды және рұқсат етiлген оң жақты басып озуды қоспағанда);
жаяу жүргiншiлер өтпесiнде жаяу жүргiншi болған кезде;
темір жол өтпелерiнде және оның алдында 100 м. жақын жерде;
басып озып немесе айналып өтiп келе жатқан көлiк құралын;
өрлеудiң соңында және көруi шектелетiн жол учаскелерiнде қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығумен басып озуға тыйым салынады.
11.6. Жай жүретiн немесе әрi көлемдi көлiк құралының жүргiзушiсi елдi мекеннен тыс жерлерде осы көлiк құралын басып озу қиындаған жағдайда мүмкiндiгiнше оңға ығыса жүруi, ал қажет болған жағдайда артта жиналып қалған көлiк құралдарын өткiзiп жiберу үшiн аялдауға мiндеттi.
11.7. Егер алда кездескен жол айырығы қиындатылған және жол айырығының басымдылығы 2.6 және 2.7 белгiлерiмен айқындалмаған болса, онда кедергi бар жақтағы жүргiзушi жол беруi тиiс. 1.13 және 1.14 белгiлерiмен белгiленген еңiсте кедергi болған жағдайда төмен қозғалып келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi жол беруге мiндеттi.
12. Аялдама және тұрақ
12.1. Көлiк құралына жолдың оң жағындағы жол жағалауына, ал ол жоқ болғанда - жүрiс бөлiгiнiң шетiне аялдама жасауға және тұруға рұқсат етiледi.
Елдi мекендерде әр бағыт үшiн бір-бірден қозғалыс жол жолағы бар, ортасында трамвай жолы жоқ жолдарда және бір жақты қозғалысты жолдарда жолдың сол жағына аялдауға және тоқтауға рұқсат етiледi (рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiне біржақты қозғалысты жолдардың сол жағына аялдауға жүк тиеген немесе түсiрген кезде ғана рұқсат етiледi).
12.2. Көлiк құралдарын конфигурациясы (жүрiс бөлiгiнiң кеңейтiлген жерi) көлiк құралдарын өзгеше орналастыруға мүмкiндiк беретiн орындарды қоспағанда, жүрiс бөлiгiнiң шетiне параллель бір қатарға қоюға рұқсат етiледi. Бүйiр тiркемесi жоқ екi дөңгелектi көлiк құралдарын екi қатар қоюға рұқсат етiледi.
Жүрiс бөлiгiмен шектесетiн, оған толықтай және iшiнара кiретiн тротуардың шетiнде, егер бұл жаяу жүргiншiлер қозғалысына кедергi келтiрмейтiн болса, жеңiл автомобильдерге, мотоциклдерге, мопедтерге және велосипедтерге тұруға рұқсат етiледi.
12.3. Елдi мекендерден тыс ұзақ демалу, түнеу және сол сияқты мақсаттарда тұруға осыған арнап көзделген алаңдарда немесе жолдан тысқары жерде рұқсат етiледi.
12.4. Аялдама жасауға:
егер бұл трамвай қозғалысына кедергi жасайтын болса, трамвай жолына тiкелей жақын жерде;
темір жол өтпелерiнде, тоннелдерде, сондай-ақ эстакадаларда, көпiрлерде, жол құбырларында (егер осы бағыттағы қозғалыс үшiн кемiнде үш жол жолағы болса) және олардың астында;
аялдаған көлiк құралы мен тұтас таңбалау сызығының (жүрiс бөлiгiнiң шетiн белгiлейтiннен басқа) немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiмен, немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiнде тұрған көлiк құралымен ара қашықтық 3 метрден аз болатын жерлерде, егер бұл көлiк құралдарының қозғалысына кедергi тудыратын болса;
жаяу жүргiншiлер өтпесiнде және оның алдында 5 м. жақын жерде;
ең болмағанда бір бағыттағы жол көрiнуi 100 м. кем болған кезде қауiптi бұрылысқа жақын жүрiс бөлiгiнде және жолдың ұзына бойына томпайған сыну болса;
жүрiс бөлiгiнiң қиылыстарында және бүйiр өтпенiң қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе айырым жолақтары бар үш жақты түйiсу (қиылыс) жағын қоспағанда, қиылысатын жүрiс бөлiгiнiң шетiнен 5 м. жақын жерде;
аялдама алаңынан, ал ол жоқ болғанда - егер бұл олардың қозғалысына кедергi тудыратын болса, маршруттық көлiк құралдары немесе такси аялдамасы көрсеткiшiнен 15 м. жақын жерде;
көлiк құралдары басқа жүргiзушiлерден бағдаршам сигналын, жол белгiлерiн тасалайтын немесе басқа көлiк құралдарының қозғалысына (кіруiне немесе шығуына) мүмкiндiк бермейтiн немесе жаяу жүргiншiлердiң қозғалысы үшiн кедергi келтiретiн жерлерде тыйым салынады.
12.5. Тұруға тыйым салынады:
аялдама жасауға тыйым салынатын жерлерде;
эстакадаларда, көпiрлерде, жол құбырларында;
елдi мекеннен тыс жерлерде жолдың 2.1 белгiсiмен белгiленген жүрiс бөлiктерiнде;
теміржол өтпелерiнен 50 м. жақын жерде;
егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызатын болса, двигателi iске қосулы механикалық көлiк құралдарының елдi мекендерде.
12.6. Аялдама жасауға тыйым салынған жерде амалсыз тоқтаған кезде жүргiзушi көлiк құралын ол жерден әкетудiң мүмкiн болатын барлық шараларын қолдануға мiндеттi.
12.7. Мұның қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi және қауiп төндiрмейтiндiгiне көз жеткiзбейiнше көлiк құралының есiгiн ашуға, оларды ашық тастап кетуге немесе жолдың жүрiс бөлiгiне шығуға тыйым салынады.
13. Көше қиылысын өту
13.1. Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргiзушi ол бұрылатын жолдың жүрiс бөлiгiн кесiп өтетiн жаяу жүргiншiге, оны велосипед жолымен кесiп өтетiн велосипедшiге және 5.9 (18.2-тармағын ескере отырып) белгiсiмен белгiленген жол жолағы бойымен қозғалып келе жатқан маршруттық көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi.
13.2. Көше қиылысына немесе жүрiс бөлiгi өтпесiне, егер жүргiзушiнi аялдауға мәжбүр ететiн тығылыс болса, көлiк құралдарының көлденең бағыттағы қозғалысы үшiн кедергi келтiре отырып шығуға тыйым салынады.
13.3. Жүргiзушiге шолуды шектейтiн, iлеспе бағытта қозғалатын көлiк құралының алдына түсуге тыйым салынады.
Егер көше қиылысында немесе оның алдында көлiк құралы аялдаса, онда көршi жол жолағымен қозғалып келе жатқан басқа көлiк құралдарының жүргiзушiлерi мұның қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысты жалғастыра алады.
13.4. Қозғалыс кезектілігi бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналдарымен айқындалатын көше қиылысы реттелетiн болып есептеледi.
Жұмыс iстемей тұрған бағдаршамның жыпылықтаған сары сигналы кезiнде немесе реттеушi жоқ болса, көше қиылысы реттелмейтiн болып есептеледi және жүргiзушiлер реттелмейтiн көше қиылыстарын өту ережелерiн және көше қиылысында орнатылған басымдылық белгiлерiн басшылыққа алады.
Реттелетiн көше қиылыстары
13.5. Бағдаршамдардың рұқсат ететiн сигналдары бойынша солға немесе артқа бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағыттан тiке немесе оңға қозғалатын, оның iшiнде Ереженiң 5.6-тармағына сәйкес көше қиылысына шығатын көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де осындай ереженi өзара басшылыққа алуға мiндеттi.
13.6. Бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бірдей уақытта қосымша секцияда iске қосылған бағыттаушының бағытында қозғалған кезде жүргiзушi басқа бағыттардан қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi.
13.7. Егер бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналы трамвайға және рельссiз көлiк құралына бірдей уақытта қозғалуға рұқсат беретiн болса, онда трамвай, оның қозғалысы бағытына қарамастан, артықшылықта болады. Сонымен қатар бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бірдей уақытта қосымша секцияда iске қосылған бағыттаушының бағытымен қозғалған кезде трамвай басқа бағыттардан қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге тиiстi.
13.8. Бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы кезiнде көше қиылысына кiрген жүргiзушi көше қиылысынан шығудағы бағдаршам сигналына қарамастан, белгiлi бағытқа шығуға мiндеттi. Сонымен қатар, егер көше қиылысында, жүргiзушiнiң бағыт алған жолында орналасқан бағдаршамның алдында тоқтау-сызығы және (немесе) 5.33 белгiсi болса, жүргiзушi әрбір бағдаршамның сигналын басшылыққа алуға мiндеттi.
13.9. Бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы iске қосылғанда жүргiзушi көше қиылысы арқылы қозғалысын аяқтайтын көлiк құралына және осы бағыттағы жүрiс бөлiгiнде өтудi аяқтамаған жаяу жүргiншiге жол беруге мiндеттi.
13.10. Қозғалыс қосымша секциясы бар бағдаршаммен реттелетiн көше қиылысында айналу қозғалысын жасайтын жол жолағы үстіндегі жүргiзушi, егер оның аялдауы осы жол жолағы бойымен оның артынан келе жатқан көлiк құралына кедергi тудыратын болса, iске қосылған бағыттаушы көрсеткен бағытта қозғалысын жалғастыруы тиiс.
Реттелмейтiн көше қиылыстары
13.11. Тең емес мәндегi жолдардың қиылысында, екiншi дәрежелi жолдың бойымен қозғалушы көлiк құралының жүргiзушiсi олардың әрi қарайғы қозғалыс бағытына байланыссыз, басты жолмен жақындап қалған көлiк құралына жол беруге мiндеттi. Бөлу жол жолағы бар басты жолмен қозғалатын жүргiзушi көше қиылысында керi айналуды жүзеге асырмас бұрын екiншi дәрежелi жолмен көше қиылысына жақындаған көлiк құралының оған жол беретiндiгiне көз жеткiзуi тиiс.
13.12. Басты жол көше қиылысында бағытын өзгерткен жағдайда басты жолмен қозғалатын жүргiзушiлер бірдей маңызы бар жолдардың қиылысын өту ережесін өзара басшылыққа алуға мiндеттi. Екiншi дәрежелi жолмен қозғалып келе жатқан жүргiзушiлер де осы ереженi басшылыққа алуға мiндеттi.
13.13. Бірдей маңызы бар жолдардың қиылысында рельссiз көлiк құралдарының жүргiзушiсi оң жақтан жақындап қалған көлiк құралына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де өзара осы ережелердi басшылыққа алуға мiндеттi.
Мұндай көше қиылыстарында, оның қозғалыс бағытына қарамастан, рельссiз көлiк құралдарының алдында трамвай артықшылыққа ие болады.
13.14. Солға немесе керi бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағытта бірдей маңызды жол бойымен тiке немесе оңға қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де өзара осы ережелердi басшылыққа алуға мiндеттi.
13.15. Егер жүргiзушi жолдың төсенiшi бар-жоғын айқындай алмаса (тәулiктiң қараңғы кезi, балшық, қар және сол сияқты), басылымдылық белгiлерi болмаса, ол екiншi дәрежелi жолдамын деп есептеуi керек.
14. Жаяу жүргiншiлер өтпесi және маршруттық
көлiк құралдарының аялдамалары
14.1. Көлiк құралының жүргiзушiсi оның қозғалыс бағытындағы жүрiс бөлiгiн реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпесi бойымен өтiп келе жатқан жаяу жүргiншiлерге жол беруге мiндеттi.
14.2. Егер көлiк құралы реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпесi алдында аялдаса немесе қозғалысын баяулатса, көршi жол жолағы бойымен қозғалушы басқа көлiк құралдарының жүргiзушiлерi аялдаған немесе қозғалысын баяулатқан көлiк құралының алдында жаяу жүргiншiнiң жоқ екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысын жалғастыра алады.
14.3. Реттелетiн жаяу жүргiншiлер өтпесiнде бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы iске қосылғанда, жүргiзушi оның бағытындағы жүрiс бөлiгiн кесiп өтудi аяқтап қалған жаяу жүргiншiге жол беруге мiндеттi.
14.4. Жаяу жүргiншi өтпесiне, егер онан кейiн жүргiзушiнi жау жүргiншi өтпесiнде тоқтауға мәжбүр ететiн тығылыс болса, оған жығуға тыйым салынады.
14.5. Барлық жағдайларды, соның iшiнде жаяу жүргiншiлер өтпесiнен тыс жерлерде де, жүргiзушi ақ түстi таяқпен сигнал берген соқыр жаяу жүргiншiнi өткiзiп жiберуге мiндеттi.
14.6. Жүргiзушi аялдамада тұрған маршруттық көлiк құралына немесе одан (есiк жағынан) келе жатқан жаяу жүргiншiге, егер көлiкке отырғызу немесе түсiру жүрiс бөлiгiнде немесе жүрiс бөлiгiнде орналасқан отырғызу алаңында жүзеге асырылатын болса, жаяу жүргiншiлерге жол беруi тиiс.
14.7. "Балаларды тасымалдау" деген айырым белгiсi бар аялдап тұрған көлiк құралына жақындағанда жүргiзушi жылдамдықты азайтуы, қажет болған жағдайда аялдауға және балалар тобын өткiзiп жiберуге мiндеттi.
15. Теміржол жолдары арқылы қозғалыс
15.1. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерi теміржол жолдарын поезға (локомотивке, дрезинаға) жол бере отырып тек қана теміржол өтпелерi бойымен кесiп өте алады.
15.2. Теміржол өтпесiне кіру жолында жүргiзушi жол белгiлерiнiң, бағдаршамдардың, таңбалаудың талаптарын, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшiнiң нұсқауын басшылыққа алуға, және бұдан басқа, жақындап қалған поездың (локомотивтiң, дрезинаның) жоқ екендiгiне көз жеткiзуге мiндеттi.
15.3. Мынадай жағдайларда өтпелерге шығуға тыйым салынады:
шлагбаум жабық тұрғанда және ол жабыла бастағанда (бағдаршамның сигналына қарамастан);
бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезiнде (шлагбаумның орналасуына немесе оның бар екендiгiне қарамастан);
өтпе бойынша кезекшiнiң тыйым салатын сигналы кезiнде (кезекшi жүргiзушiге кеудесiн немесе арқасын қарата тұрып жоғары көтерiлген қолында - жезл, қызыл фонарь немесе жалаушы, не екi жағына қолдарын созып);