1. Тежеу жүйелерi
1.1. Жол сынаулары кезiнде жұмысшы тежеу жүйесi тежеуiнiң мынадай тиiмдiлiк нормалары сақталмайды:
Тежеу жолы, Бекiтiлетiн
м, көп емес бәсеңдету
м/с2, кем
емес
Жекелеген көлiк құралдары:
жеңiл автомобильдер және олардың
жүк тасымалдау үшiн жетiлдiрiлген
түрлерi ... 12,2 (14,5) 6,8 (6,1)
рұқсат етiлген ең жоғары, массасы
5 т дейiн қоса алғандағы автобустар...13,6 (18,7) 6,8 (5,5)
бұл да 5 т жоғары ... 16,8 (19,9) 5,7 (5)
рұқсат етiлген ең жоғары массасы
3,5 т қоса алғанда ... 15,1 (19) 5,7 (5,4)
бұл да 3,5-12 т қоса алғанда ... 17,3 (18,4) 5,7 (5,7)
бұл да 12 т жоғары ... 16 (17,7) 6,2 (6,1)
екi дөңгелектi мотоциклдер мен
мопедтер ... 7,5 (7,5) 5,5 (5,5)
бүйiрiнде тiркемесi бар
мотоциклдер ... 8,2 (8,2) 5 (5)
Мыналардың сүйреуіндегі
автопоездар:
жеңiл автомобильдер және
олардың жүк тасымалдау үшiн
жетiлдiрiлген түрлерi ... 13,6 (14,5) 5,9 (6,1)
рұқсат етiлген ең жоғары
массасы 5 т дейiн қоса
алғандағы автобустар... 15,2 (18,7) 5,7 (5,5)
бұл да 5 т жоғары ... 18,4 (19,9) 5,5 (5)
рұқсат етiлген ең жоғары массасы
3,5 т дейiн қоса алғанда жүк
автомобильдерi ... 17,7 (22,7) 4,6 (4,7)
бұл да 3,5-12 т қоса алғанда ... 18,8 (22,1) 5,5 (4,9)
бұл да 12 т жоғары ... 18,4 (21,9) 5,5 (5)
Ескертпе.
1. Жақшада келтiрiлген тежеу жолы мен бекітілетiн бәсеңдету мәндерi 1981 жылғы 1 қаңтарға дейiн шығарыла басталған көлiк құралдарына қолданылады.
2. Сынақ тегiс, құрғақ, таза цемент немесе асфальт-бетон төселген жолдың көлденең учаскесiнде, жылдамдық бастапқыда автомобильдер, автобустар және автопоездар үшiн - 40 км/сағ және мотоцикл және мопедтер үшiн - 30 км/сағ тежеумен өткiзiледi. Көлiк құралдары жарақталған күйiнде жүргiзушiмен жұмысшы тежеу жүйесiнiң басқару органына бір рет әсер ету жолымен сыналады.
3. Көлiк құралы жұмысшы тежеу жүйесiнiң нәтижелiлiгi 25478-91 ГОСТ-қа сәйкес басқа көрсеткiштер бойынша да бағалануы мүмкiн.
1.2. Гидравликалық тежеу жетегiнiң нығыздылығы бұзылған
1.3. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетектерi нығыздығының бұзылуы оларды толық iске қосқаннан кейiн 15 минуттан соң двигатель тоқтап тұрғанда ауа қысымының 0,05 МПа (0,5 кгс/см2) астам төмендеуiне соқтырады.
1.4. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетегiнiң манометрi жұмыс iстемейдi.
1.5. Тоқтағандағы тежеу жүйесi қозғалыссыз күйiн қамтамасыз ете алмайды:
толық жүктемедегi - қоса алғанда 16% дейiнгi еңiстегi көлiк құралы;
жеңiл автомобильдер мен автопоездар жарақталған күйіндегі - қосы алғанда 23% дейiнгi еңiстегi;
жүк автомобильдер мен автопоездар жарақталған күйіндегі - қоса алғанда 31% дейiнгi еңiстегi.
2. Рульдiк басқару
2.1. Рульдiк басқарудағы жиынтық люфт мына мәндерден асады:
Көлiк құралының түрi Жиынтық люфт
(градус), көп емес
Жеңiл автомобильдер мен
олардың негiзiнде жасалған
жүк автомобильдерi мен
автобустар ... 10
автобустар ... 20
жүк автомобильдерi ... 25
Ескертпе. Өндiрiстен алынып тасталған автомобильдер үшiн рульдiк басқарудағы жиынтық люфт көлiктiң осы түрi үшiн дайындаушы-кәсiпорын белгiлеген мәннен аспауы, бірақ 25 градустан артпауы тиiс.
2.2. Детальдар мен тораптардың конструкцияда көзделмеген орын ауыстыруы; резьбалық қосылыстар тартылмаған немесе белгiленген әдiспен бекітілмеген.
2.3. Конструкцияда көзделген рульдiк басқарудың күшейткiшi немесе рульдiк демпферi (мотоцикл үшiн) жоқ немесе ақауы бар.
3. Сыртқы жарықтандыру приборлары
3.1. Сыртқы жарықтандыру приборларының саны, түрi, түсi, орналасуы мен жұмыс режимi көлiк құралдары конструкциясының талаптарына сәйкес келмейдi.
Ескертпе. Өндiрiстен алынып тасталған көлiк құралдарына басқа маркiлi және модельдегi көлiк құралдарының сыртқы жарықтандыру приборларын орнатуға жол берiледi.
3.2. Фардың реттеушiсi 25478-91 ГОСТ талаптарына сәйкес емес.
3.3. Сыртқы жарықтандыру приборлары мен жарық қайтарғыштары белгiленген режиммен жұмыс iстемейдi немесе ластанған.
3.4. Жарықтандыру приборларындағы таратқыштары жоқ не осы жарықтандыру приборы үлгiсiне сай келмейтiн таратқыш пен шам пайдаланылады.
3.5. Жарқылдауық маяк стандарт талаптарына сай қондырылмаған.
3.6. Көлiк құралының алдынан - қызыл түстi оттар бар жарықтандыру приборы немесе қызыл түстi жарық қайтарғыштар, ал артта - ақ түстi, артқы жүру және тiркелiм белгiсiн жарықтандыру, тiркелудiң, айырым және тану белгiлерiнiң жарық қайтару фонарынан басқа.
4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
4.1. Әйнек тазалағыштар белгiленген режимде жұмыс iстемейдi.
4.2. Әйнек тазалағыштар көлiк құралының конструкциясында көзделгендегiдей жұмыс iстемейдi.
5. Дөңгелектер мен шиналар
5.1. Жеңiл автомобильдердiң шиналары 1,6 мм, жүк автомобильдерiнiкi - 1мм, автобустардыкi - 2 мм, мотоциклдер мен мопедтердiкi - 0,8 мм протектор суретiнiң қалдық биiктiгi болады.
Ескертпе. Тiркемелерге шина протекторының суретiнiң қалдық биiктiгiнiң нормасы сүйретпе-көлiк құралдары шинасына арналған нормалармен бірдей.
5.2. Шиналардың әр жерiнде кордты жалаңаштап тұратындай ақауы бар (соғылған, тілінген, кесiлген, жыртылған), сондай-ақ каркастың бүктелуi, протектор мен боковинаның ажырауы.
5.3. Бекіту болты (гайкасы) жоқ немесе дөңгелектiң дискасы мен құрсауы жарылған.
5.4. Шиналар өлшемi немесе рұқсат етiлетiн жүктеме бойынша көлiк құралының моделiне сәйкес келмейдi.
5.5. Автобустың, жеңiл автомобильдiң немесе оған тiркемеге радиалдымен бірге диагоналды шиналар немесе протекторының түрлi суретi бар шиналар орнатылған.
5.6. Қалааралық автобустың алдыңғы осiне қалпына келтiрiлген протекторлы шина, ал басқа осьтерде екiншi сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтiрiлген шиналар орнатылған.
5.7. Автомобильдiң және автобустың (қалааралық емес) алдыңғы осiне екiншi сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтiрiлген шиналар орнатылған.
6. Двигатель
6.1. Шығарылған газдардың құрамындағы зиянды заттар 1-кестеде келтiрiлген көлемнен асып кетедi, және олардың түтiндiлiгi 2-таблицада:
Бензиндi двигателi бар автомобильдер үшiн
1-таблица
Двигательдiң жұмыс режимi | Көмiртегi тотығының көлемдiк үлесi, % артық емес | Көмiрсутектерiнiң көлемдiк үлесi, МЛН-1 артық емес |
17.2.2.03-77 МЕМСТ бойынша | 17.2.2.03-87 МЕМСТ бойынша |
мына жылдары жасалған автомобильдер үшiн: |
| 01.07. 1978 дейiн | 01.07. 1978 бастап 01.01. 1980 дейiн | 01.01 1980 бастап 01.01. 1988 дейiн | 01.01.1988 кейiн цилиндрлер бар двигательдер үшiн |
| 4-ке дейiн, қоса алғанда | 4 көп |
Бос жүрiс режимiн- дегi двигательдiң иiндi білігi айналысының ең төменгi жиiлiгi | 3,5 | 2,0 | 1,5 | 1,5 | 1200 | 3000 |
Бос жүрiс режимiн- дегi двигательдiң иiндi білігi айналысының жоғары, 0,6 номиналдыға тең жиiлiгi | 2,0 | 1,5 | 1,0 | 2,0 | 600 | 1000 |
Ескертпе. Автомобильдердi жолда бақылау тексеруi кезiнде (01.07.1978 ж. кейiн жасалған) 3 % дейiнгi бос жүрiс режимiнде иiндi біліктiң ең төменгi айналыс жиiлiгiнде көмiртегi тотығының болуына жол берiледi.
Дизельдi автомобильдер үшiн 21393-78 МЕМСТ Мемстандарттың
11.12.1985 ж. № 3919 қаулысы бойынша
2-таблица
Автомобиль моделi | Түтiндiлiгi, % |
еркiн жылдамдықта | біліктiң жиiлiгi ең жоғары айналысы |
КамАЗ, АМЗ, КрАЗ және олардың жетiлдiрiлген түрлерi | 40 | 15 |
Бұл да үрлемесiмен | 50 | 15 |
МАЗ, КрАЗ 1976 ж. 1 шiлдесiне дейiн шығарылған дизелi бар | 60 | 15 |
6.2. Қоректену жүйесiнiң герметикалығы бұзылған.
6.3. Пайдаланылған газды шығару жүйесiнiң ақаулы болуы.
7. Құрылымының басқа да элементтерi
7.1. Көлiк құралының құрылымында көзделген артқы көрiнiс айналысының, әйнегiнiң болмауы.
7.2. Дыбыс сигналы жұмыс iстемейдi немесе көлiк құралының конструкциясында көзделмеген дыбыс сигналы орнатылған.
7.3. Жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн, әйнектiң мөлдiрлiгiн нашарлататын, жол қозғалысына қатысушыларға зақым келтiру қаупiн төндiретiн қосымша заттар орнатылған немесе әйнек жабылған.
Ескертпе. Автомобильдер мен автобустардың желқағар әйнегiнiң жоғарғы бөлiгiне түрлi-түстi мөлдiр үлдiрлер жапсыруға болады. Жарық өткiзуi 5727-88 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес келетiн, желқағар әйнектер үшiн кемiнде 75 %, ал басқа әйнектер үшiн кемiнде 70 % болуға тиiс, өндiрiстiк әзiрленген күңгiрттелген әйнектер (айналардан басқа) қолдануға рұқсат етiледi. Автобустардың терезелерiнде пердешелер, сондай-ақ екi жағында артқы көрiнiске арналған сыртқы айналары болған жағдайда жеңiл автомобильдердiң артқы әйнектерiнде жалюзи және пердешелер ұстауға рұқсат етiледi.
7.4. Автокөлiк құралының желқағар әйнегiнiң жүргiзушi жағындағы әйнек тазалағышпен тазалайтын бөлiгiнде сызаттың болуы.
7.5. Қораптың немесе кабинаның конструкцияда көзделген есiк құлыптары, жүк платформасы борттарының тiрегiштерi, цистерна аузының тiрегiштерi мен отын бактарының тығындары, жүргiзушi отырғышының жағдайын реттеушi тетiк, авариялық жағдайда шығатын жерлер мен оларды iске қосу құрылғылары, есiктердi басқару баулары, спидометр, тахограф, көлiктi айдап әкетуге қарсы құрылғылар, жылыту және әйнектi үрлеу құрылғылары жұмыс iстемейдi.
7.6. Конструкцияда көзделген артқы қорғаныс құрылғысының, ластан қорғаушы шалғыштар мен шашыратқыштардың болмауы.
7.7. Тартқыштың және тiркеме буынның тарту-қосу және тiреу-қосу құрылғыларының ақаулы болуы, сондай-ақ олардың конструкциясында көзделген сақтандыру тростарының (шынжырларының) ақаулы болуы. Мотоцикл рамасының бүйiрдегi тiркеме рамасымен қосылған жерiнде люфттердiң болуы.
ҚР Үкіметінiң 19.12.02 ж. № 1329 қаулысымен 7.8-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
7.8. Мыналардың:
автобуста, жеңiл және жүк автомобильдерiнде, доңғалақты тракторларда медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының, өрт сөндiргiштiң, авариялық тоқтап тұру белгiсiнiң (жанып-сөнiп тұратын қызыл фонарь);
рұқсат етiлген ең үлкен салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк автомобильдерiнде және ең үлкен салмағы 5 тоннадан асатын автобустарда кейiн кетуге қарсы тiреуiштердiң (кемiнде екi);
бүйiрiнде тiркемесi бар мотоциклде медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының, авариялық тоқтату белгiсiнiң (жанып-сөнiп тұратын қызыл фонарь);
22895-77 ГОСТ бойынша М2, М3, N2, N3, О2, О3, О4 санаттарындағы көлiк құралдарын СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 талаптарына жауап беретiн жарық қайтарғыш материалдармен таңбалаудың болмауы.
Ескертпе. Медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының дәрiлiк заттарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының ең аз құрамын Денсаулық сақтау министрлігі белгiлейдi.
Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің Төрайымының 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 225 бұйрығын қараңыз
7.9. Жедел және арнайы қызметтерге тиесiлi емес көлiк құралдарында Р 50574-93 ГОСТ-пен көзделген жарыққа шағылысатын бағдаршалар, реңктерi алма кезек өзгерiп тұратын дыбыстық сигналдар және түстi-графикалық схемалар пайдаланылады.
Бұл ретте мемлекеттік тiл және Қазақстан Республикасының
нышандары қолданылады.
7.10. Көлiк құралының конструкциясында бекітілуi көзделген қауiпсiздiк белбеулерiнiң болмауы.
7.11. Қауiпсiздiк белбеулерi жұмыс iстемейдi немесе олардың таспасында көзге көрiнетiн жыртықтардың болуы.
7.12. Көлiк құралының тiркеу белгiсi стандарт талаптарына сәйкес келмейдi.
7.13. Мотоциклде конструкцияда көзделген қауiпсiздiк доғасының болмауы.
7.14. Мотоцикл мен мопедтерге конструкцияда көзделген табан тiрегiштердiң, олардың орындықтарында жолаушыларға арналған тұтқалардың болмауы.
7.15. Тежегiш жүйелерiнiң, руль басқаруының және басқа да тораптар мен агрегаттардың конструкцияда көзделген, оларға қойылатын талаптар осы Тiзбемен регламенттелетiн қосымша элементтерiнiң болмауы немесе олардың көлiк құралын жасаушы кәсiпорынмен немесе уәкiлеттiгi бар басқа ұйыммен келiспей орнатылуы.
7.16. Белгiленген нормалар мен ережелердi бұза отырып немесе Мемлекеттік автомобиль инспекциясы органдарының рұқсатынсыз және жасап шығарушы кәсiпорынмен немесе өкiлеттiгi бар басқа ұйыммен келiспей көлiк құралдарын қайта жабдықтау (двигателiн, қорабын, отын бактарын және т.с.с. ауыстыру) жүргiзiлген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына
3-қосымша
Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша
арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға
және боялуға жататын жедел және
арнайы қызметтердiң, көлiктiң
ТIЗБЕСI
1. Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметi
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметi
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жедел қызметi
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң жедел қызметi
5. Әскери полиция
6. Авариялық қызмет
7. Медициналық жедел жәрдем қызметi
Ескертпе:
1. Түстiк-графикалық бояу, айырым белгiлерi, жазулар, арнаулы жарық және дыбыс сигналдары Қазақстан Республикасының стандарттарымен реттеледi.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Мемлекеттік тергеу комитетiнiң жедел қызметтерiнiң арнаулы түстiк-графикалық бояулар, айырым белгiлерi мен жазулары болмауы да мүмкiн.