7.5.4. "Қолданылу уақыты". Белгi қолданылатын тәулiктiң уақытын көрсетедi.
7.5.5.-7.5.7. "Қолданылу уақыты". Белгi қолданылатын аптаның күндерi мен тәулiктiң уақытын көрсетедi.
7.6.1.-7.6.9. "Көлiк құралын тұраққа қоюдың тәсiлi". 7.6.1. барлық көлiк құралдарын жүргiн бөлiктiң бойында тротуарға қойылуы тиiс екендiгiн көрсетедi; 7.6.2.-7.6.9. жеңiл автомобильдер мен мотоциклдердi тротуар маңындағы тұраққа қоюдың тәсiлiн көрсетедi. 5.15. белгiсiмен қолданылады. 7.7. "Жұмыс iстемейтiн двигателi барларға арналған тұрақ". 5.15. белгiсiмен таңбаланған тұраққа тек двигателi жұмыс iстемейтiн көлiк құралдарын тұраққа рұқсат ететiндiгiн көрсетедi.
7.8. "Ақылы қызмет көрсетулер". Қызмет тек қана ақыға ғана көрсетiлетiндiгiн көрсетедi.
7.9. "Тұраққа қоюдың уақыт ұзақтығын шектеу". Көлiк құралының 5.15. белгiсiмен таңбаланған тұрақта болуының ең жоғары уақыт ұзақтығын көрсетедi.
7.10. "Автомобильдердi қарауға арналған орын". 5.15. немесе 6.11. белгiсiмен таңбаланған алаңшада эстакада немесе қарау шұңқыры бар екендiгiн көрсетедi.
7.11. "Рұқсат етiлген барынша жоғары массаны шектеу". Белгiнiң табличкада көрсетiлген рұқсат етiлген жоғары массадан астам көлiк құралдарына ғана қолданылатындығын көрсетедi.
7.12. "Қауiптi жиек". Жиекке жүрудiң онда жөндеу жұмыстары жүргiзiлуiне байланысты қауiптi екендiгiн ескертедi. 1.23. белгiсiмен қолданылады.
7.13. "Басты жолдың бағыты". Қиылыстағы басты жолдың бағытын көрсетедi.
7.14. "Қозғалыс жол жолағы". Бөлiгiнiң немесе бағдаршамның қолданылатын жолдың қозғалысының жол жолағын көрсетедi.
7.15. "Зағип жаяу жүрушiлер". Жаяу жүргiншiлердiң өтпесiн зағиптардың пайдаланатындығын көрсетедi. 1.20, 5.16.1, 5.16.2. белгiлерiмен және бағдаршаммен қолданады.
7.16. "Ылғалды жабын". Белгiнiң жүргiн бөлiктiң жабыны ылғал уақыт кезеңiнде қолданылатындығын көрсетедi.
7.17. "Мүгедектер". 5.15. белгiсiнiң "Мүгедек" деген айырым белгiлерi орнатылған мотобесiктер мен автомобильдерге ғана қолданылатындығын көрсетедi.
7.18. "Мүгедектерден басқа". Белгiлердiң "Мүгедек" айырым белгiлерi орнатылған мотобесiктер мен автомобильдерге қолданылмайтындығын көрсетедi.
7.19. "Қауiптi жүк сыныбы". 19433-88 ГОСТ бойынша қауiптi жүктердiң сынып (сыныптарының) нөмiрiн көрсетедi. 3.32., 4.9.1-4.9.3. белгiлерiмен қолданылады.
Табличкалар олар қолданылатын белгiнiң тiкелей астында орналастырылады. 7.2.2.-7.2.4., 7.13. табличкалары жүргiн бөлiктiң, жиектiң немесе тротуардың үстіндегі белгiлердiң жанында орналасуы кезiнде белгiнiң бүйiрiне орналастырылады.
Уақытша жол белгiлерi (көшiрiлетiн бағандағы) және стационарлық белгiлердiң мәндерi бір-бірiне қайшы келген жағдайда, жүргiзушiлер уақытша белгiлердi басшылыққа алуы тиiс.
[Графикалық нысанды қараңыз]
1. Ескерту белгiлерi
2. Басымдылық белгiлерi
3. Тыйым салатын белгiлер
4. Алдын-ала қойылатын белгiлер
5. Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер
6. Сервис белгiлерi
7. Қосымша ақпараттық белгiлер (табличкалар)
2-қосымша
Жол белгiлерi және оның сипаттамалары
(13508-74 ГОСТ және 23457-86 ГОСТ бойынша)
1. Көлденең белгi
Көлденең белгi (сызықтар, бағыттаушы сызықтары, көлiк жүретiн бөлiкте жазулар және басқа белгiлеулер) қозғалыстың белгiлi режимдерi мен тәртібін белгiлейдi.
Көлденең белгiлердiң түсi, 1.4, 1.10. және 1.17. сары түстi сызықтардан басқасы, ақ болады.
Көлденең белгi:
1.1. - қарама-қарсы бағыттағы көлiктердiң легiн бөлiп тұрады және жолдардағы қауiптi жерлердегi қозғалыс жолағының шекарасын белгiлейдi; кіруге тыйым салынған көлiк жүретiн бөлiктiң шекарасын белгiлейдi; көлiк құралдары тұрақ орындарының шекарасын және автоарнаға жатқызылмаған жолдардың көлiк жүретiн бөлiгiнiң шетiн бiлдiредi;
Белгiлердiң нөмiрленуi 13508-74 ГОСТ-қа сәйкес келедi.
Жол белгiсiнiң атауы мен бейнеленуi 3-суретке келтiрiлген
1.2. (жалпақ тұтас сызық) - автоарналардағы көлiк жүретiн бөлiктiң шетiн бiлдiредi;
1.3. - төрт және одан да көп қозғалыс жол жолағы бар жолдардағы қарама-қарсы бағыттардағы көлiк легiн бөледi;
1.4. - аялдама жасауға тыйым салынған орындарды бiлдiредi. Дербес немесе 3.27. белгiсiмен қоса қолданылады және көлiк жүрiсi бөлiгiнiң шетiнен немесе бордюрдiң жоғары жағынан қойылады;
1.5. - екi немесе үш жолағы бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардағы көлiк легiн бөлiп тұрады; бір бағытта қозғалуға арналған екi немесе одан көп қозғалыс жолағы болған кезде шекараны бiлдiредi;
1.6. (жақындау сызығы - сызықтарының ұзындықтары олардың арасындағы бос жерлерден 3 есе ұзын болатын үзiк сызықтар) қарама-қарсы немесе iлеспе бағыттағы көлiк легiн бөлетiн 1.1. немесе 1.11. таңбасына жақындағанын ескертедi;
1.7. (арасындағы бос жерлерi олармен тең болатын қысқа сызықты үзiк сызықтар) - жол қиылысы шегіндегі қозғалыс жол жолағының шекарасын бiлдiредi;
1.8. (жалпақ үзiк сызықтар) - қозғалу немесе тоқтау жол жолағы мен жүрiс бөлiгiнiң негiзгi жолағы арасындағы шекараны бiлдiредi (түрлi деңгейдегi жолдардың қиылысындағы, өтпелеріндегі, автобустар аялдамалары және сол сияқты аймақтағы);
1.9. - реверсивтi реттеу жүзеге асырылатын қозғалыс жол жолағы шекараларын бiлдiредi; реверсивтi реттеу жүзеге асырылатын жолдарда қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлiп тұрады (реверсивтi бағдаршам жұмыс iстеп тұрғанда);
1.10. - тұруға тыйым салынған жерлердi бiлдiредi. Дербес немесе 3.28-3.30. белгiлерiмен қоса қолданылады және көлiк жүрiсi бөлiгiнiң шетiнен немесе бордюрдiң жоғары жағынан қойылады;
1.11. - жолдардың бір жолақтан ғана орын ауыстыруға рұқсат етiлген учаскелерiнде қарама-қарсы немесе iлеспе бағыттағы көлiк легiн бөледi; бір бағыттағы қозғалысқа рұқсат етiлген тұру алаңынан және тағы сондай жерлерде бұрылуға, кіруге және шығуға арналған жерлердi көрсетедi;
1.12. (тоқтау-сызығы) - жүргiзушi 2.5. белгiсi немесе бағдаршамның (реттеушiнiң) тыйым салатын сигналы кезiнде аялдауға тиiстi орынды көрсетедi;
1.13. - жүргiзушi қажет болған жағдайда қиылысатын жолдың бойымен қозғалыстағы көлiк құралдарына жол бере отырып тоқтайтын орынды көрсетедi;
1.14.1, 1.14.2. ("зебра" (ала)) - жаяу жүргiншiлерге арналған реттелмейтiн өтпенi бiлдiредi; 1.14.2. таңбалауының бағыттаушылары жаяу жүргiншi қозғалысының бағытын көрсетедi;
1.14.3. - қозғалыс бағдаршаммен реттелетiн жаяу жүргiншiлер жолын бiлдiредi;
1.15. - велосипед жолы көлiк жүретiн бөлiктi кесiп өтетiн жердi бiлдiредi;
1.16.1.-1.16.3. - мына орындарға бағыттайтын жерлердi бiлдiредi: 1.16.1. - қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлу; 1.16.2. - бір бағыттағы көлiк легiн бөлу, 1.16.3. - көлiк легiнiң араласуы;
1.17. - маршруттық көлiк құралдарының аялдамасын және такси тұрағын бiлдiредi;
1.18. - жол қиылысында жолақтар бойынша рұқсат етiлген қозғалыс бағытын көрсетедi. Дербес немесе 5.8.1., 5.8.2. белгiлерiмен қоса қолданылады; тұйықтықты кескiндеген таңбалау жақын маңдағы жүрiс бөлiгiнде бұрылуға тыйым салынатындығын көрсетедi; сол жақтағы шеткi жолақтан солға бұрылуға рұқсат ететiн таңба керi бұрылуға да рұқсат етедi;
1.19. - жүрiс бөлiгiнiң тарылуы (осы бағыттағы қозғалыс жолақтарының саны азайған учаскедегi) немесе қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлiп тұратын 1.1. немесе 1.11. таңбалы сызықтарға жақындағаны туралы ескертедi. Бірiншi жағдайда 1.19. таңбалауы 1.18.1.-1.18.3. белгiлерiмен қоса қолданылуы мүмкiн;
1.20. - 1.13. таңбасына жақындағаны туралы ескертедi;
1.21. - "(ТОП ("ТОҚТА") жазуы) - 2.5. белгiсiмен қоса қолданылатын кездегi 1.12. таңбасына жақындағаны туралы ескертедi;
1.22. - жолдың (маршруттың) нөмiрiн көрсетедi;
1.23. - маршруттық көлiк құралдарына арналған арнаулы жол жолағын көрсетедi.
1.1.-1.3. сызықтарын кесiп өтуге тыйым салынады.
Көлiк құралын жол жағалауында тоқтату үшiн 1.1. және 1.2. сызықтарын кесiп өтуге болады, ал 1.1. сызығы - ерекшелiк ретiнде кедергiнi, егер бұл ерекшелiкке соқпай орындау мүмкiн болмаған жағдайда, айналып өткенде. 1.4. сызығы маршруттық көлiк құралдарына қолданылмайды.
1.5.-1.8. сызығын кез келген жағынан кесiп өтуге рұқсат етiледi.
1.9. сызығын реверсивтi бағдаршамдар жоқ болғанда немесе ажыратулы жағдайда, егер ол жүргiзушiнiң оң жағында орналасқан болса; реверсивтi бағдаршамдар қосулы болғанда - егер ол қозғалысқа бір бағытқа рұқсат етiлген жолақтарды бөлiп тұратын болса - кез келген жағынан кесiп өтуге рұқсат етiледi реверсивтi бағдаршамдар ажыратулы болғанда жүргiзушi кiдiрместен 1.9. таңбалы сызықтан оңға орын ауыстыруы керек.
Қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлiп тұрған 1.9. сызығын реверсивтi бағдаршамдар қосулы болғанда кесiп өтуге тыйым салынады.
1.10. сызығының күшi I және II топтағы мүгедектер басқаратын көлiк құралдарына немесе осындай мүгедектердi таситын таксилерге және таксометрi iске қосулы таксилерге қолданылмайды.
1.11. сызығын үзiк сызықты жағынан, ал сондай-ақ басып озу немесе айналып өту аяқталғаннан кейiн ғана тұтас жағынан кесiп өтуге рұқсат етiледi.
алып жүретiн тақтада орналасқан жол белгiлерi мен таңба сызықтары бір-бірiне қайшы келетiн болса, жүргiзушi белгiнi басшылыққа алуы тиiс.
2. Тiгiнен таңбалау
Жол ғимараттарындағы және жол жабдықтары элементтеріндегі қара және ақ түстi жолақ аралас түріндегі таңба олардың көлемiн көрсетедi және көрiп бағдарлау құралы болып табылады.
Тiгiнен таңбалау:
2.1. жол ғимараттары элементтерiн (көпiр таянышы, жол құбырлары, парапеттердiң бүйiр жағы және сол сияқтылар), бұл элементтер қозғалыстағы көлiк құралына қауiп төндiрген кезде, бiлдiредi;
2.2 тоннелдердiң, көпiр және жолқұбырлары өту құрылымының төменгi шетiн бiлдiредi;
2.3 бөлу жолақтары мен қауiпсiздiк аралдарында орнатылған дөңгелек тумбаны бiлдiредi;
2.4 бағыттаушы бағаналар, бағаншылар, қоршау таяныштары және сол сияқтыларды бiлдiредi;
2.5 шағын радиусты айналыстардағы, тiк құлама жарлар мен басқа да қауiптi учаскелердегi жол қоршауларының бүйiр жағын бiлдiредi;
2.6 басқа учаскелердегi жол қоршауларының бүйiр жағын бiлдiредi;
2.7 қауiптi учаскелер мен биiктегi қауiпсiздiк аралдарын бiлдiредi.
[Графикалық нысанды қараңыз]
Көлденең таңбалау
Тiгiнен таңбалау
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына
2 қосымша
Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөніндегі
негiзгi ережелер мен қозғалысының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуi бойынша лауазымды адамдар мен жол
қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi
1. Жол қауiпсiздiгiне және қоршаған ортаны қорғауға қатысты тұрғыдағы жол қозғалысына қатысушы көлiк құралдарының техникалық жай-күйi мен жабдығы оларды техникалық пайдалану жөніндегі тиiстi стандарттардың, ережелер мен басшылықтардың талаптарына жауап беруi тиiс.
2. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелерi "Транзит" деген тiркеу белгiсiнiң қолданылу мерзiмiнде немесе олардың сатып алғаннан немесе кедендiк ресiмдеуден кейiн 5 тәулiктiң iшiнде Мемлекеттік автомобиль инспекциясында тiркелуi тиiс.
Тұрақты тiркеу орнынан 2 айдан астам мерзiмге шыққан механикалық көлiк құралдары арналған жерiне келуi бойынша уақытша тiркелуi тиiс.
3. Механикалық көлiк құралдарында (трамвайлар мен троллейбустардан басқа) және тiркемелерде осы үшiн көзделген орындарда тиiстi үлгiдегi тiркеу белгiлерi, ал автомобильдерде бұдан басқа, маңдай әйнегiнiң оң төменгi бұрышында мемлекеттік техникалық қараудан өткендiгi туралы талон орналастырылады.
Тiркеу белгiлерiнiң сандары мен әрiптерi жүк автомобильдерiнiң, тiркемелердiң (жеңiл автомобильдер мен мотоциклдердiң тiркемелерiнен басқа) және автобустардың (аса шағындарынан басқа) қораптарының артқы жақтауында қайталануы тиiс. Сандардың биiктiгi - кемiнде 300 мм, енi кемiнде 120 мм, штрихтың қалыңдығы 30 мм, әрiптердiң мөлшерi сандардың мөлшерiнiң 2/3.
Трамвайлар мен троллейбустарға тиiстi ведомстволардың берген тiркеу нөмiрлерi жазылады.
4. Жолаушыларды тасымалдауға пайдаланылатын борттық платформасы бар жүк автомобилi еденiнен 0,3 - 0,5 м және борттың жоғарғы жиегiнен 0,3 м кем емес биiктiкте бекітілген орындықтармен жабдықталуы тиiс, ал балаларды тасымалдау кезiнде, бұдан басқа, борттың биiктiгi еденнiң деңгейiнен 0,8 м кем болмауы тиiс. Артқы немесе қапталдағы борттардың бойында орналастырылған орындықтардың берік арқалықтары болуы тиiс.
5. Жүргiзуге оқыту үшiн пайдаланылатын және оқу ұйымына тиесiлi механикалық көлiк құралы iлiнiстiргiш пен тежеуiштi iске келтiрудiң қосымша тепкiштерiмен жабдықталуы тиiс.
6. Велосипедте ақаусыз тежеуiш, руль және дыбыстық белгi болуы, алдынан жарықты қайтарушы және фонарьмен немесе ақ түстi фармен (тәулiктiң қараңғы уақытында жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларында қозғалыс үшiн), артынан - жарықтық қайтаршымен немесе қызыл түстi фонарьмен, ал әрбір бүйiр жағынан - сарғыш немесе қызыл түстi жарық қайтарушысымен жабдықталуы тиiс.
7. Жүктiк арбашада конструкциясында көзделген ақаусыз тұрақтық тежеуiш қондырғысы мен сырғанап кетуге қарсы тiреуiш болуы, алдынан екi жарық қайтарушымен немесе ақ түстi фонармен (тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларында қозғалыс үшiн), артынан - 2 жарықтық қайтарушымен немесе қызыл түстi фонарьмен жабдықталуы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 19.12.02 ж. № 1329 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
8. Көлiк құралдарында мынадай айырым белгiлерi орнатылуы тиiс:
Айырым белгiлерiнiң атаулары мен бейнелерi 4-суретте
келтiрiлген.
"Автопоезд" - аралары 150-ден 300 мм дейiн аралықта кабинаның төбесiнде көлденең орналасқан сарғыш түстегi үш фонарь түрiнде тiркемесi бар жүк автомобильдерi мен доңғалақты тракторларға (1,4 сыныбы және одан жоғары) арналған, сондай-ақ мүшелес автобустар мен троллейбустарға арналған. Автопоезда iшкi жарықтандыруға арналған қондырғы мен сары түстi тең жақты үшбұрыш түріндегі (жақтары - 2500 мм) айырым белгiлерiн қолдануға жол берiледi;
"Тиектер" - "Ш" әрпi етiп жазылған қызыл түспен жиектелген ұшы жоғары ақ түстi тең жақты үшбұрыш түріндегі (үшбұрыштың жақтары кемiнде 200 мм, жиектiң енi - жақтың 1/10) - тиектелген шиналары бар механикалық көлiк құралдарының артында;
"Балаларды тасымалдау" - 1.21. жол белгiсiнiң рәмiзiн қара бояумен бедерлеп қызыл түстi жиектi сары түстi квадрат түрiнде (жақтары кемiнде 250 мм, жиектiң енi - жақтың 1/10) - балалар тобын тасымалдау кезiнде автобустардың немесе жүк автомобильдерiнiң алдынан және артынан;
"Саңырау жүргiзушi" - диаметрi 40 мм iштен үш қара шеңбер жүргiзiлген 160 мм диаметрлi сары шеңбер түріндегі бейнеленген тең жақты үшбұрыштың тiкбұрыштары орналасқан, оның ұшы төменге қаратылған - мылқау немесе саңырау жүргiзушiлер басқаратын механикалық құралдарының алдынан және артынан;
"Оқу көлiк құралы" - қызыл түспен жиектелген ұшы жоғары қараған ақ түстi тең жақты үшбұрыш түрiнде, онда қара түстi "У" әрпi жазылған (жақтары - кемiнде 200 мм, жиегiнiң енi - жақтың 1/10) - жүргiзуге оқытуға пайдаланылатын механикалық көлiк құралдарының алдынан және артынан (жеңiл автомобильдiң төбесiне екiжақты белгi қоюға жол берiледi); "Жылдамдықты шектеу" - рұқсат етiлген жылдамдықты (белгiнiң диаметрi - кемiнде 160 мм, жиектелiмiнiң енi - диаметрдiң 1/10) көрсетіліп 3.24 жол белгiсiнiң кiшiрейтiлген түстi белгiсi түрiнде ауыр салмақты және iрi көлемдi заттарды таситын механикалық көлiк құралдарында қораптың төменгi жағында сол жақта, сондай-ақ көлiк құралының техникалық сипаттамасы бойынша Ережелердiң 10.3-тармағында белгiленген ең жоғары жылдамдығы төмен жағдайларда;
4-сурет. | | Айырым және өзге де белгiлер |
[Графикалық нысанды қараңыз]
"Қауiптi жүк" - 690х300 мм мөлшеріндегі ТУ-7100 РК 39044189-НПО-01-2001 талаптарына сай жарық қайтарғыш бетi бap тiк үшбұрыш түрiнде оның оң бөлiгi 400х300 мм мөлшерiнде сарғыш бояумен, ал сол жағы - қара түстi жиекпен ақ түсте боялған (енi - 15 мм) және жүктiң қауiптi белгiлерiн сипаттайтын таңбалары бар (19433-88 ГОСТ бойынша) - осындай жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының алдынан және артынан;
"Iрi көлемдi жүк" - жарықтық қайтару үстiңгi бетiмен СТ РК ГОСТ Р 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес 50 мм еніндегі кезектесiп келетiн қызыл және ақ диагоналдары бойынша жүргiзiлген 400х400 мм мөлшеріндегі қалқанша түрiнде - iрi көлемдi жүктiң алдынан, артынан және бүйiрiнен;
"Ұзын өлшемдi көлiк құралы" - жарық қайтару үстiңгi бетi бар қызыл түстi жиектi (енi - 40 мм) сары түстi кемiнде 1200 - 200 мм мөлшеріндегі тiк ұшбұрыш түрiнде - көлiк құралының артынан, оның ұзындығы (бір тiркеменi қоса алғанда) жүгiмен немесе жүксiз - 20 м астам, және екi және одан да көп тiркемелерi бар автопоездар. Аталған мөлшердегi белгiнi орналастыру мүмкiн болмаған кезде көлiк құралының осiне симметриялы, кемiнде 600х200 мм мөлшеріндегі екi бірдей белгiнi орнатуға жол берiледi; "Мүгедек" - жақтауы 150 мм және қара түстi 7.17. жол белгiсiнiң рәмiзi бейнеленген сары түстi төртбұрыш түрiнде - I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектердi тасымалдайтын механикалық көлiк құралдарының алдынан және артынан;
Жүргiзушiнiң қалауы бойынша "Дәрiгер" айырым белгiсi орнатылуы мүмкiн - ақ шеңбермен (диаметрi - 125 мм) көк түстi төртбұрыш түрiнде (жақтаулары - 140 мм), оған қызыл крест түсiрiлген (биiктiгi - 90 мм, штрихтiң енi - 25 мм) - дәрiгер-жүргiзу басқаратын автомобильдiң алдынан және артынан;
ҚР Үкіметінiң 19.12.02 ж. № 1329 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
9. Авариялық тоқтату белгiсi 24333-97 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес келуi тиiс. Ережелердiң 7-бөлiмнiң талаптарына сәйкес қолданылатын фонардан сәулеленетiн жыпылықтаушы қызыл түс күндiз ашық ауа райында және жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларында жақсы айырымдалуы тиiс.
10. Қазақстан Республикасы Көлiк құралдарын "KZ" ерекшелеу белгiсi 78ЗК01-95 РД басшылық нормативтiк құжатына сәйкес келуi тиiс. Белгi жеңiл автомобильдердiң, шағын автобустар мен автобустардың артқы әйнегiнiң жоғарғы оң жағына желiмденедi немесе орнатылады, ал қалған көлiк үшiн - артқы панелiнiң оң жақ бөлiгiнде - ортасында желiмденедi немесе орнатылады.
11. Механикалық көлiк құралдарын сүйреу кезіндегі икемдi байланыстыру буындарды таңбалау үшiн ескерту қондырғылары жарық қайтару үстiңгi бетi бар 50 мм ендi жолақтармен кезектесiп келетiн қызыл және диагоналдар бойынша екiжақтан жүргiзiлген 200х200 мм мөлшеріндегі жалаушалар немесе қалқаншалар түрiнде орындалуы тиiс.
Икемдi байланыстырушы буынға кемiнде екi ескерту қондырғысы орнатылуы тиiс.
12. Қатты үйрету қондырғысының конструкциясы 25907-89 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес болуы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 19.12.02 ж. № 1329 қаулысымен 13-тармақ толықтырылды (бұрынғы ред. қара)
13. Мыналарға тыйым салынады:
егер олардың техникалық жай-күйi мен жабдығы көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын Ақаулықтармен жағдайлары тiзбесiнiң талаптарына жауап бермесе автомобильдерге, автобустарға, автопоездарға, тiркемелерге, мотоциклдерге, мопедтерге, тракторлар мен өзi жүретiн машиналарға (қосымшаға сәйкес);
Техникалық пайдалану ережелерi бойынша бір ақаулығы болған кезiнде де троллейбустар мен трамвайларға;
мемлекеттік техникалық қараудан өтпеген, сондай-ақ тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралдарына;
иелерi өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырмаған көлiк құралдарына;
Мемлекеттік автомобиль инспекциясының рұқсатынсыз жарқылдақ жарық беретiн және арнайы дыбыстық белгiлермен, Мемлекеттік автомобиль инспекциясымен келiспей қораптың бүйiрiнiң жоғарғы жағына көлбеу ақ жолақпен, белгiленген орындарында тiркеу нөмiрлерiн бекітусiз түйiндермен агрегаттардың немесе тiркеу белгiлерiнiң жасырын, қолдан жасалған, өзгертiлген нөмiрлерiмен жабдықталған көлiк құралдарына.
ТУ-7100 РК 39044189-НПО-01-2001 талаптарына сай, алдында және артында "Қауiптi жүк" белгiсi жоқ, қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарына.
14. Көлiк құралдарының техникалық жай-күйi мен пайдалануына жауапты лауазымды және өзге де адамдарға:
оларды пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтары бар көлiк құралдарын жолға шығаруға немесе тиiстi рұқсатсыз жабдықталған, немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген, немесе мемлекеттік техникалық қараудан өтпеген, сондай-ақ иелерi өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырмаған көлiк құралдарын жолға шығаруға;
масаңдық (алкогольдiк, есiрткiлiк немесе өзге) күйiнде, құлақ асу мен назар аударуды нашарлататын, дәрi препараттарының әсеріндегі, қауiпсiздiгiне қатер төндiреiн аурулы немесе шаршаған күйдегi қозғалыстың жүргiзушiлердi, немесе осы санаттың көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамдарды көлiк құралын басқаруға жiберуiне;
асфальттi - және цементтi - бетонды жабын жолдар бойынша шынжыр табанды тракторлар мен өзi жүретiн машиналарды қозғалысқа жiберуiне тыйым салынады.
15. Жолдардың, темір жол өтпелерiнiң және басқа да жол құрылғыларының жай-күйiне жауапты лауазымды және өзге де адамдар:
жолдарды, темір жол өтпелерi мен басқа да жол құрылыстарын қозғалыс үшiн қауiпсiз жай-күйде ұстауға;
қозғалысқа кедергi келтiретiн кедергiлердi уақтылы жоюға, оларды пайдалану жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн кездерде жолдардың жекелеген учаскелерiнде қозғалысқа тыйым салу немесе шектеу, шараларын қолдануға мiндеттi.
16. Жолдардағы жұмыстардың жүргiзiлуiне жауапты лауазымды және өзге адамдар жұмыстарды жүргiзу орындарында қозғалыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Осы орындар, сондай-ақ жолдың шегiнен алып тастауға болмайтын жұмыс iстемейтiн жол машиналары, жұмыстар аяқталған соң қалған құрылыс материалдары, конструкциялар мен соған ұқсастар тиiстi белгiленген нормалармен бағыттаушы және қоршаушы қондырғылармен, жол белгiлерiмен, ал тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларында қосымша қызыл немесе сары белгiлiк оттармен таңбалануы тиiс.
Жұмыстар аяқталған соң жолда көлiк құралдары мен жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiз қозғалысының жағдайлары қамтамасыз етiлуi тиiс.
17. Тиiстi лауазымды және өзге адамдар қолданып жүрген заңдарда көзделген жағдайларда белгiленген тәртiппен Мемлекеттік автомобиль инспекциясымен және басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдармен:
қалаларда және автомобиль жолдарында жол қозғалысын ұйымдастырудың жобаларын, жолдарды қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарымен жабдықтауды;
құрылыстардың, жолдарды қайта жаңарту, жол құрылыстарының жобаларын; жолдың тiкелей жақын маңында көрiнiмдi нашарлататын және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысын қиындататын киоскiлердi, транспаранттарды, плакаттарды, жарнамалық қалқандарды және осыған ұқсастарды орнатуды;
қозғалыс маршруттарын және маршруттық көлiк құралдарының аялдамалық пункттерiн орналастыруды;
жолдарда бұқаралық, спорт және өзге шараларды жүргiзудi;
көлiк құралдарын қайта жабдықтауды, оларға көлiк құралдарының қораптарының бүйiрiнiң жоғарғы жағына көлбеу ақ жолақтар жүргiзудi, оларға арнайы түстiк және дыбыстық белгiлердi орнатуды;
ауыр салмақты, қауiптi және iрi көлемдi жүктердi тасымалдауды;
жалпы ұзындығы 20 м астам көлiк құралдарының (бір-тiркеменi қоса алғанда) немесе екi және одан да көп тiркемелерi бар автопоездардың қозғалысын;
жол қозғалысының қауiпсiздiгi бойынша мамандарды, жүру бойынша нұсқаушылар мен жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын;
оқулық жүру тыйым салынатын жолдардың тiзбесiн;
жолда көлiк құралдарының немесе жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына кедергi келтiретiн кез келген жұмысты жүргiзудi келiседi.
Ескертпе. Осы құжаттың мәтiнiнде Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiнде бекітілген арнайы терминдеме пайдаланылды.
Қосымша
Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын
ақаулар мен жағдайлардың
ТIЗБЕСI
Бұл Тiзбе автомобильдердiң, автобустардың, автопоездардың, тiркемелердiң, мотоциклдердiң, мопедтердiң, тракторлардың, өздiгiнен жүретiн машиналардың ақауларын және оларды пайдалануға тыйым салынатын жағдайларды бекiтедi. Келтiрiлген параметрлердi тексеру әдiстерi "Автокөлiк құралдары. Қозғалыс қауiпсiздiгi шарттары бойынша техникалық жай-күйiне қойылатын талаптар. Тексеру әдiстерi" 25478-91 ГОСТ-пен реттелген.