Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 30 қаңтардағы № 115 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдармен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінде:
»Арнаулы сигналдарды қолдану» деген 6-бөлімінде 6.1-тармақтың бірінші абзацындағы «8-11» деген сандар «8-18» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қозғалыс жылдамдығы» деген 10-бөлімде:
10.2-тармақтағы ескертпе алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10.4-1-тармақпен толықтырылсын:
«10.4-1. Елді мекендерде және елді мекендерден тыс жерлерде жол жағдайлары үлкен жылдамдықпен қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін болса, автомобиль жолдарының жекелеген учаскілерінде жеңіл автомобильдердің қозғалыс жылдамдығын 120 км/сағ. дейін, автобустардікін 110 км/сағ. дейін (3.24 тиісті белгісін орната отырып) көтеруге болады».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |