«Қазақстан Республикасы ?кіметінің кейбір шешімдерiнiң күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 қазандағы № 1041 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 17 қазандағы
№ 1041 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң күші
жойылған кейбір шешімдерiнiң тізбесі
1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындаудың және жүзеге асырудың тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1701 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 52, 481-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 мамырдағы № 567 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 18, 195-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1701 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 21, 240-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 590-құжат).