Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 мамырдағы № 567 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.17.10. № 1041 қаулысымен күші жойылды (күшіне енетін мерзімін қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1701 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 52, 481-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауы мен мәтініндегі "тағайындаудың" деген сөзден кейін "және жүзеге асырудың" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудың тәртібі туралы ережеде:
атауы мен 1-тармақтағы "тағайындаудың" деген сөзден кейін "және жүзеге асырудың" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы және 11-тармақтың төртінші абзацындағы "халықты әлеуметтік қорғау органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалық) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі өкілдіктері" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ алынып тасталсын;
20-тармақтағы "халықты әлеуметтік қорғау органы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалық) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі өкілдіктері Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшелері арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Зейнетақы төлемдерін 10 күн мерзімде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалық) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі өкілдіктері арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тағайындайды және өкілдіктердің бастықтары бекітеді.
Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшелері азаматтардың ұсынылған өтініштері мен құжаттарының негізінде Орталықтың облыстық (Астана және Алматы қалалық) бөлімшелері арқылы 5 күн мерзімде құжаттар мен зейнетақы төлемдерін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалық) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі өкілдіктеріне жолдайды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалық) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі өкілдіктері Орталықтың облыстық (Астана және Алматы қалалық) бөлімшелерінен құжаттар мен шешімнің жобасы түскен күннен бастап 5 күн мерзімде зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту туралы шешімді Орталықтың облыстық (Астана және Алматы қалалық) бөлімшелері арқылы Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшелеріне береді";
мынадай мазмұндағы 23, 24, 25-тармақтармен толықтырылсын:
"23. Зейнетақы төлеуге арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Зейнетақы төлеуге арналған шығыстарды қаржыландырудың тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайды.
24.Зейнетақы төлеу:
халықты әлеуметтік қорғау органдары осы қаулы күшіне енгенге дейін ұсынған зейнетақылардың тағайындалған мөлшері туралы көшірмелердің;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалық) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі өкілдіктерінің зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы шешімдерінің;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Республикалық ұланның және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің тиісті қызметтері ұсынған еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақылардың тағайындалған мөлшері туралы көшірмелерінің негізінде жүргізіледі.
25. Қайтыс болғандығы туралы құжаттардың және атқарушылық құжаттардың негізінде жерлеуге жәрдемақы төлеу, зейнетақы төлемдерінен ұстап қалу және оларды талапкерлерге аудару:
осы қаулы күшіне енгенге дейін халықты әлеуметтік қорғау органдары;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалық) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі өкілдіктері;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Республикалық ұланның және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің тиісті қызметтері берген хабарламалар бойынша жүргізіледі."
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы