Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1701 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 679 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.17.10. № 1041 қаулысымен күші жойылды (күшіне енетін мерзімін қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1701 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 52, 481-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы ережеде:
17-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
18-тармақта:
"аудандық коэффициенттер" деген сөздің алдынан "бұрын" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі