Алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн:
мектепке дейiнгi білім беру ұйымдары желісін кеңейту;
балалардың 30%-ын мектепке дейiнгi ұйымдармен қамту есебiнен атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етiлген отбасыларды білім беруде қолдау жүйесiн құру;
мемлекеттік жалпыға мiндеттi жалпы орта білім берудiң ұлттық білім беру мақсаттарының жүйесiн белгiлейтiн, бiтiрушiлердiң базалық құзыреті түрiндегі нәтижеге бағдарланған жаңа стандартын әзiрлеу;
білім беру сапасын iшкi және сыртқы бағалауды енгізу, оқушылардың оқу жетiстіктерiнiң деңгейiн айқындайтын стандартталған бағалау құралдарын жетiлдiру;
білім беру бағдарламаларын әртараптандыру және олардың икемдiлiгi, жоғары оқу орындарын қайта құрылымдау және академиялық еркiндiктердi кеңейту негiзiнде кәсiптiк жоғары білім беру сапасын жоғарылату;
жаңа магистрлiк бағдарламалар бойынша кадрлар даярлау;
ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық таныту және студенттердің өздiгiнен білім алу деңгейiн жоғарылату мақсатында кәсiптiк орта және жоғары білiм беру жүйесiне кредиттік технологияны енгізу;
ауыл мектептерiн дамыту, шағын жинақталған мектеп балалары үшiн бейiндi мектеп-интернаттар салу және ашу;
республикалық бюджет есебiнен 2008 жылдың аяғына дейiн 176 жалпы білім беретiн мектеп салу;
арнаулы түзеу білім беру ұйымдары желісін және мүмкiндігі шектеулi балалардың кәсiптікке дейiнгi және кәсiптiк даярлыққа қол жеткiзуiн өрiстету;
мүмкiндiгi шектеулі адамдарды бірiктiрiлген оқытуды мемлекеттік қолдау жөніндегі, бұрын оқытылмайды деп есептелген балаларды оқытуды ұйымдастыру жөнiндегі шараларды әзiрлеу;
Алматы және Қарағанды қалаларында көзi нашар көретiн балалар үшiн әрқайсысының жобалық қуаты 250 орын мектеп-интернаттар салу;
оқу процесiн ұйымдастырудың қашықтық және өзге де инновациялық нысандарын енгізудi кеңейту ұйғарылып отыр.
Мемлекет басшысының мұғалiм мамандығының беделiн қамтамасыз ету туралы тапсырмасын iске асыру үшiн жыл сайын педагог кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 5000 бірлiкке ұлғайтылады.
2006 жылдан бастап кез келген шетелдегі тағылымдаманы қоса алғанда, жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған грант мәртебесi бар жыл сайынғы мемлекеттік "Yздiк оқытушы" стипендиясы енгiзiледi.
Көрсетiлген мақсаттарға 2006-2008 жылдары шамамен 1,3 млрд. теңге бөлу ұйғарылып отыр.
Сондай-ақ "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы арқылы студенттердiң кредиттерiне мемлекеттік кепiлдiк беру жүйесiн iске асыру мақсатында таяу арадағы 4 жыл ішінде шамамен 1,4 млрд. теңге бөлiнетiн болады.
2007 жылы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясына педагог қызметкердiң мәртебесi туралы норманы қосу ұйғарылып отыр.
Техникалық білім берудi дамыту үшiн жыл сайын техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту көзделуде. 2005/2006 оқу жылында техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты тағы да 700 бірлiкке ұлғайту көзделiп отыр.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiнiң жұмыс iстеуi мақсатында Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, республикалық біліктілiктi растау және беру орталығы, "Мектепке дейiнгі балалық" республикалық орталығы, "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығы құрылуда.
"Болашақ" бағдарламасын институционалдық қолдау үшiн Халықаралық бағдарламалар орталығы құрылды. Аталған бағдарлама шеңберiнде әлемнiң озық жоғары оқу орындарында оқу үшiн жыл сайын үздiк үш мың студентке республикалық бюджеттен қаражат бөлiнетiн болады.
Әзiрленетiн "Жасыл ел" бағдарламасының шеңберiнде жастар арасында жұмыссыздық деңгейiн азайту мақсатында ормандарды молықтыру, республика аумақтарын көгалдандыру мен абаттандыру жөніндегі iс-шараларға оқушылар мен студенттер, сондай-ақ жұмыс iстемейтiн жастар тартылатын болады. Сондай-ақ жазғы демалыс кезiнде тұрғын үй салу жөніндегі iс-шараларға студенттердiң қатысуы үшiн құрылыс жасақтары ұйымдастырылатын болады.
Білім берудi басқаруды одан әрi демократияландыру негiзiнде ұлттық білім беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру ұйғарылып отыр.
"Денсаулық сақтау" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 2,7 %-ы, 2007 жылы - 2,7 %-ы, 2008 жылы - 3,1 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде денсаулық сақтау саласында 2006-2008 жылдары:
сапалы бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен (БМСК) қамтамасыз ету, оның iшiнде:
халықтың жекелеген санаттарын кейiннен серпiндi байқау және сауықтыру жұмысын жүргiзе отырып, жыл сайын алдын ала медициналық тексерудi кезең-кезеңiмен енгізу, бұған 2006 жылы 4,5 млрд. теңге, 2007-2008 жылдары 4,8 млрд. теңге бөлу талап етiледi;
материалдық-техникалық жарақтандыру 2006-2008 жылдары шамамен 12,7 млрд. теңгенi, соның iшiнде ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау объектілерi үшiн 9,0 млрд. теңгенi құрайды. Бұл ретте БМСК ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейi біртіндеп медициналық жабдықпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және санитарлық автокөлiкпен жарақтандырудың ең төменгi нормативiне дейiн жеткiзiледi.
2006 жылдан бастап неғұрлым көп таралған ауру түрлерiне шалдыққан үлкендердi амбулаториялық деңгейде жеңiлдiктi дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету көзделіп отыр, бұл үшiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ауру түрлерiнiң тиiстi тiзбесiн бекiтедi. Жыл сайын осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңге жiберiледi. 2006-2008 жылдары барлығы шамамен 5,6 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр;
ана мен бала денсаулығын нығайту.
2006-2008 жылдары жекелеген ауру түрлерi бойынша бес жасқа дейiнгi балаларды амбулаторлық деңгейде дәрілік заттармен, сондай-ақ жүктi әйелдердi құрамында темір және йод бар препараттармен тегін қамтамасыз ету жалғасады, бұған тиiсiнше шамамен 1,7 және 2,4 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.
2006-2008 жылдары диспансерлiк есепте тұрған балалар мен жасөспiрiмдердi амбулаториялық емдеу кезiнде тегiн дәрілік заттармен қамтамасыз етуге шамамен 3,2 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.
Жоғарыда көрсетiлген бағыттарды iске асыру үшiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган ауру түрлерінің тиiсті тiзбелерiн бекiтедi.
Балалар және бала туу ұйымдарының жарақтандырылуы медициналық жабдықпен жарақтандырудың ең төменгі нормативіне дейiн жеткiзiледi, бұл ретте 2006-2008 жылдары қажеттi қаражат сомасы шамамен 7,1 млрд. теңгенi құрайды.
Ел халқының қауiпсіз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк құралдарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету сияқты басым iс-шараларды iске асыру жалғасады.
Диагностика, емдеу хаттамаларына сәйкес АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды 2008 жылдан бастап антиретровирусты терапиямен қамтамасыз ету ұйғарылып отыр, бұл республикалық бюджеттен 0,9 млрд. теңге бөлудi көздейдi.
Бұдан басқа, денсаулық сақтаудың жекелеген бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысымен бекітілген "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 тамыздағы № 850 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестi күшейтудiң 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы iске асырылуда.
Тұтастай алғанда, денсаулық сақтау саласындағы бюджет саясаты халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, оның артықшылықтары туралы хабардар болуын жоғарылатуға, мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне, бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейiнде денсаулықты, аурулардың алдын алу жүйесiн нығайтуға, азаматтардың сапалы медициналық және дәрілік көмекке қол жетiмдiлiгiн арттыру жолымен халық денсаулығын жақсартуға, еркiн медициналық сақтандыруды дамытуды ынталандыруға бағытталады.
"Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмегі" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 5,4 %-ы, 2007 жылы - 5,2 %-ы, 2008 жылы - 5,2 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Елде сақталып отырған экономикалық өсу Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықты әлеуметтiк қорғауды дамытуға арналған шығыстарды ұлғайту жолымен саясаттың әлеуметтiк бағдарлануын жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
2005 жылы ең төменгi зейнетақы мөлшерi 6200 теңгенi құрады, ал 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап зейнетақы жасына жеткен адамдарға жұмыс өтіліне, жалақысына және зейнетақы мөлшерiне қарамастан 3000 теңге мөлшерiнде қосымша ай сайынғы базалық зейнетақы төлемi енгiзiледi, оның мөлшерi кейiннен кезең-кезеңiмен ұлғайтылады. Осылайша, базалық зейнетақы төлемiн ескергенде, зейнетақы мөлшерi 9200 теңгенi, ал орташа зейнетақы мөлшерi 12 мыңнан астам теңгенi құрайды. 2005 жылы базалық зейнетақы төлемiн енгізуге қосымша 28,8 миллиардтан астам теңге бөлiнедi.
Сондай-ақ 2005 жылы:
мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар мен асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетiн жәрдемақылардың қолданыста мөлшерi көтерiлдi. Көрсетiлген мақсаттарға қосымша шамамен 13,1 млрд. теңгe жiберiлдi;
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына төленетiн арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерi 15 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн ұлғайтылды және 30 мың теңге мөлшерiнде біржолғы материалдық көмек көрсетiлдi. Көрсетiлген iс-шараларды жүргiзуге 7,0 млрд. теңгеден астам сома бөлiндi.
2006-2008 жылдары әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек саласындағы бюджет саясатының негiзгi мақсаттары әлеуметтік қамсыздандырудың қаржылық орнықты, әлеуметтiк әдiл үш деңгейлi жүйесiн құру, атаулы әлеуметтік көмектi күшейту болып табылады.
Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Әлеуметтiк реформаларды тереңдету бағдарламасы) iске асыру жалғасады, мұнда әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн енгізу көзделедi.
2006 жылы:
ана мен баланы қорғау мақсатында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күмiс алқа" белгiлерiмен немесе I және II дәрежелi "Ана даңқы" атағымен марапатталған аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерi 4000 теңгеге дейiн ұлғайтылады. Бұған 2005 жылғы нақтыланған базаға қосымша 2006 жылы 8,3 млрд. теңге, 2007 жылы 9,2 млрд. теңге талап етiледi;
аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейiнгi балаларына жәрдемақылар енгізiледi. Бұл мақсатқа арналған шығыстар мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi төлеуге көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады;
барлық санаттағы мүгедектер мен жасына байланысты жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды алушыларға төленетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi тағы да 1000 теңгеге ұлғайтылады. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған 247 мың отбасыға 300 теңгеден 1000 теңгеге дейiнгi сомада қосымша қолдау көрсетiледi. Бұл мақсаттарға 2005 жылғы нақтыланған базаға қосымша 2006 жылы 10,06 млрд. теңге, 2007 жылы 13,9 млрд. теңге бөлiнедi.
2006 жылғы 1 шiлдеден бастап бір жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар енгiзiледi, бұл ретте бала санына қарай жәрдемақы мөлшерiнiң прогрессивтік шәкiлi болады. Бұл мақсаттарға 2006 жылы 7,7 млрд. теңге, 2007 жылы 16,9 млрд. теңге қосымша бөлу жоспарланып отыр.
Халықаралық стандарттарға жақындау мақсатында 2006 жылдан бастап ең төменгi күнкөрiс деңгейi базалық көрсеткiш ретiнде алынады, оның негiзiнде әлеуметтік төлемдердiң мөлшерлерi қайта қаралады. Осыған байланысты, ең төменгі күнкөріс деңгейiн айқындау әдiстемесi өзгертiледi, оның негізi тұрмыстық игiлiктер мен қызметтердiң ең төменгi әлеуметтiк қажетті деңгейiн көрсететiн тұтыну бюджетi болмақ.
Әлеуметтiк реформаларды тереңдету iс-шараларын iске асыруға және халықты әлеуметтiк қолдау жөніндегі қосымша шараларды қаржыландыруға 2004 жылғы деңгейге шаққанда 2006-2007 жылдары мемлекеттік бюджеттен шамамен барлығы 255 млрд. теңге қосымша бөлiнедi.
2007 жылдан бастап уақытша еңбекке жарамсыздық жөніндегі жәрдемақы мөлшерi ұлғайтылады, оған 2 млрд. теңгеден астам жiберiледi.
Елге қоныс аударушылардың ағынын одан әрi көтермелеу, демографиялық ахуалды жақсарту және Қазақстан Республикасының халық санының өсуiн қамтамасыз ету мақсатында 2006-2008 жылдары көшi-қон квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларын көшiрудi ұйымдастыруға, әлеуметтiк қорғауға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты бөлiнедi. 2006-2007 жылдары оралмандардың көшi-қон квотасы жыл сайын 15000 отбасын құрайды.
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстарын 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,8 %-ы, 2007 жылы - 1,8 %-ы және 2008 жылы - 1,8 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Қазiргi уақытта тұрғын үй қоры түгелдей дерлiк жеке сектордың иелiгiнде, мұнда бәсекелестiк жағдайлары жасалған және қызметтердiң iс жүзiнде пайдаланылған көлемiне ақы төлеуге көшу жүзеге асырылуда. Сонымен қатар оны пайдалану және ұстау мәселесi проблемалы болып отыр, ескiрген және авариялы тұрғын үй көлемi өсуде.
Қолдағы тұрғын үй қорын тиiстi деңгейде пайдалану мен ұстауды, онда тұрудың қауiпсіз әрi ыңғайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарлама шеңберiнде, атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық салада қызмет көрсетудегi бәсекенi дамыту үшiн құқықтық жағдайлар жасау мақсатында заңнамалық база әзiрленедi, тұрғын үй қорын күрделi жөндеудi жүзеге асыру үшiн қолданыстағы тұрғын үй қорының жай-күйiн қолдауды және жаңартуды қаржыландыру жүйесi жасалады, пайдаланылатын тұрғын үй қорының жай-күйiн тиiстi бақылау қамтамасыз етiледi.
Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге нақты қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешу қажет.
Осыған байланысты, арзан тұрғын үй ұсыну және тұрғын үйге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үйлерде қауiпсіз әрi сапалы тұруы үшiн жағдайлар жасау негiзгi мiндеттер болып табылады.
Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешу мақсатында Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен арзан коммерциялық және коммуналдық тұрғын үй салу, сондай-ақ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі салымдар бойынша сыйақылар төлеу жүзеге асырылады.
"Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 0,6 %-ы, 2007 жылы 0,6 %-ы, 2008 жылы 0,5 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк саласындағы негiзгi мақсаттар:
Жiбек жолы трассасының қазақстандық учаскесiн урбандаудың тарихи жүйесiнiң жалпы ұлттық, әлеуметтiк-экономикалық және халықаралық рөлiн қайта өрлету;
қазақстандық және шетелдiк азаматтардың әр алуан туристiк қызметтерге деген қажеттіліктерiн қанағаттандыруға арналған мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы туристiк кешен құруға жәрдемдесу;
елдегi дене шынықтыру мен спортты одан әрi дамыту;
әсiресе ауылда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн жағдай жасау; спорттың және ұлттық ойындардың олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы түрлерiн дамыту;
бұқаралық спорт және жоғары жетiстiктер спорты саласында спорт резервi мен халықаралық сыныптағы спортшыларды дайындауды ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық және психологиялық қамтамасыз ету жөнiнде зерттеулер жүргiзу;
спорт резервiн және халықаралық сыныптағы спортшыларды даярлау;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
бірыңғай ақпараттық кеңiстiктi нығайту, теңгерiмдi тiлдiк және әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын нығайту;
мемлекеттік тiлдi одан әрі дамыту;
этносаралық және конфессияаралық келісімнiң қазақстандық моделiнiң тиiмдiлігін арттыру және оның негізгi өлшемдерiн жетiлдiру болып табылады.
Бұл мақсаттар тиiстi бағдарламалық құжаттар шеңберiнде бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру арқылы iске асырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлығымен бекітілген "Жiбек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұраларын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде оның іс-шараларының ауқымдылығын, көп салалы сипатын және капитал сыйымдылығын ескере отырып, республикалық бюджеттен туризм объектілерінiң тiзбесiне енгiзiлген және кәдеге жаратуға жатпайтын, республикалық санатта қорғалатын ескерткiштердi қорғау, қалпына келтiру және зерттеу мақсатына жыл сайын бөлiнетiн қаржы бөлу шегiнде қаражат көзделедi. Жыл сайын жергiлiктi бюджеттен жергiлiктi санатта қорғалатын, туристік бағыттарға қосылған ескерткiштерге тиiстi қаражат көзделедi.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығымен бекітілген, халықтың зор мәдени мұрасын зерделеудiң біртұтас жүйесiн жасауға, ұлтымыздың тарихы үшiн ерекше маңызы бар бірқатар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiрудi қамтамасыз етуге, өрiстетiлген көркем, ғылыми, биографиялық серияларды жасауға, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерi базасында гуманитарлық білім берудiң мемлекеттік тiлдегi толыққанды қорын құруға бағытталған "2004-2006 жылдарға арналған мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру аяқталады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 9 сәуiрдегі № 398 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында ұлттық сипаттағы, саяси маңызы бар неғұрлым iрi әрi маңызды проблемаларды шешу, соның iшiнде теледидар және радио хабарларын таратудың арнайы дайындалған бағдарламаларын ТМД елдерiне және алыс шетелдерге трансляциялауды ұйымдастыру, қазiргi заманғы технологияларды пайдалану есебiнен жаңа таратқыштарды орнату немесе радио және телехабарларды таратудың қолданыстағы желісін жаңғырту жолымен халықтың мемлекеттік теледидар және радио бағдарламалармен барынша көп қамтылуын қамтамасыз ету көзделедi.
Мемлекеттік тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк функцияларын кеңейту және нығайту, орыс тілiнің жалпы мәдени функцияларын сақтау және этникалық топтардың тiлдерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде тиiстi бюджет қаражаты көзделедi.
2006 жылы:
Этносаралық және конфессияаралық келісімнiң қазақстандық моделiн жетiлдiрудiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы, оны iске асыру этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестiру, қоғамдағы әлеуметтiк шиеленiстi азайту үшiн негiз құруға мүмкiндiк бередi, әлеуметтiк практикаға толеранттық мiнез-құлық нормаларын және экстремизмнiң алдын алу және оған қарсы әрекет ету тетiктерiн енгізудi қамтамасыз етедi, қоғамдағы әлеуметтiк-саяси жағдайлардың өзгеруiне икемдi ден қою үшiн жағдайлар жасайды;
мәдениеттi дамыту және классикалық халық өнерiнiң үздiк дәстүрлерiн сақтау мақсатында Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленедi.
Әзiрленiп жатқан, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектiлерi желісін дамытуға, мамандарды даярлауға және саланы біліктi кадрлармен қамтамасыз етуге, саланы ұйымдық, ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз етуге, жоғары біліктi және спорт резервiнiң спортшыларын даярлау мәселелерiн шешуге бағытталған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру көзделiп отыр.
Қазақстанның тартымды туристiк объект ретіндегі беделiн қалыптастыру, ұлттық туризм өнiмдерiн қалыптастыру және оның әлемдiк деңгеймен салыстыруға болатын сапасын қамтамасыз ету, саланы мемлекеттік реттеудi қолдау және оның оңтайлы әдiстерiн таңдау негiзiнде туризмдi кешендi дамыту мақсатында 2006 жылы Туризм саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленедi.
Рынок сегменттерiнiң бірi ретiнде туризм кластерiн дамытуға ерекше көңiл бөлiнедi.
"Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 0,4 %-ы, 2007 жылы 0,2 %-ы және 2008 жылы 0,1 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Осы саладағы орта мерзiмдi перспективадағы бюджет саясаты:
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының барланған қорларын толықтыруды және олардың тиiмдi пайдаланылуын арттыруды қамтамасыз ететiн минералдық-шикiзат ресурстарын мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiруге және табиғи капитал - көмiрсутек шикiзатын терең әрi кешендi қайта өңдеудi қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға;
жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге;
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының көмiрсутек ресурстарын ұтымды әрi қауiпсіз игеру жолымен елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз етуге және Қазақстан халқының сапалы өмiр сүруiн жақсартуға жәрдемдесуге;
мұнай-газ кен орындарының iлеспе газын пайдалану арқылы электр энергиясын өндiру жөніндегі жаңа қуаттарды қолданысқа енгізу жөнiнде iс-шаралар жүргізуге;
ел өңiрлерiнiң табиғи және сұйытылған газбен үздiксіз қамтылуын қамтамасыз етуге;
Қызылорда қаласын газдандыруды қамтамасыз етуге;
елдiң энергетикалық тәуелсіздiгіне қол жеткiзу үшiн жағдайлар жасауға;
ғылымның, техника мен технологиялардың қазiргi заманғы бағыттарын дамытуға, жоғары технологиялы әзiрлемелердi рынокқа жылжытуға және оларды өнеркәсiптiк өндiрiске енгізуге, атом және термоядролық энергетика, атом және мұнай-химия өнеркәсiбi, геология және жер қойнауын пайдалану, ядролық медицина саласындағы жоғары біліктi ғылыми және инженер кадрларды даярлауға жәрдемдесуге;
бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Қазақстан аумағындағы ядролық зерттеу және жеделдету кешендерiнiң қауiпсіздiгін қамтамасыз етуге бағытталады.
Бұл мiндеттер тиiстi бағдарламалардың iс-шараларын қаржыландыру арқылы шешiлетiн болады.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеру - ұзақ әрi күрделi жасампаз процесс, бұған едәуiр табиғи, техникалық, еңбек және зияткерлiк ресурстар тартылады. Мұнда теңiз мұнай-газ операцияларын дамытудың саяси және экономикалық жағдайлары, Каспий жағалауы өңiріндегі жұмыстардың ауқымы және олардың елдiң экономикалық өсуiне оң әсерi, сондай-ақ табиғи факторлардың жоғары маңызы назарға алынады.
2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығымен бекітілген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасында көзделген, соның iшiнде көмірсутектерді теңiзде өндiрудi жоғарылатуды, жаңа теңiз блоктарын тендерлерге жоспарлы шығаруды, барлық теңiз жобаларының мониторингiн, жоғары экологиялық стандарттарға сай келетiн қосымша табиғат қорғау iс-шараларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды, қосымша құбыр қуаттарын (экспорттық мақсаттағы емес) салуды қамтитын іс-шаралар мен жұмыстарды iске асырудың екiншi кезеңi басталады.
Бұл ретте теңiз мұнай-газ кешенi үшiн негізгi отандық тауарлар мен қызметтердiң бәсекеге қабiлеттілігi дамытылады (теңiз операцияларын жүргiзу үшiн импорт алмастыру).
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысымен бекітілген Елдiң минералдық-шикізаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу:
өңiрлiк және геологиялық түсiру жұмыстарын жүргiзген кездегi дайындық іс-шаралары;
1:200000 масштабында жер қойнауын жете геологиялық зерттеу;