«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 және
2002 жылғы 17 шілдедегi № 794 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қыркүйектегі № 893 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
"Лицензияланатын қызмет түрлерi" деген бағандағы 1-тараудың 4-тармағының 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"35) қауiпті жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу";
2) "Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 794 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 243-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөніндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілiк талаптары;";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшiн қолданылатын теміp жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптарында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегі қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары";
1-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Темір жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) темір жол жылжымалы құрамының жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.";
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Қауіптi жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес өндiрiстiк алаңдар, жабдықтар, құрал-саймандар, өлшеу құралдары, айнымайтын бақылау және ақаутапқыш приборлар, вагондарды және/немесе контейнерлердi әрi олардың тораптарын қабылдап алу жүйелерi;
2) қауіпті жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердің жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |