Опциондар, варранттар және олардың эквиваленттері
45. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу мақсатында ұйым өзінде бар таратушы ықпалы бар опциондар мен варранттардың орындалғаны туралы болжамды қабылдауы тиіс. Осы құралдардан болжалды түсімдер қарапайым акциялар шығарудан қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы бойынша алынған түсімдер ретінде қаралуы тиіс. Орналастырылатын қарапайым акциялардың саны мен қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы бойынша орналастырылуы тиісті қарапайым акциялар саны арасындағы айырмашылық қарапайым акцияларды әлдебір өтем төлеусіз орналастыру ретінде ескеріледі.
46. Опциондар мен варранттардың нәтижесі қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы бойынша қарапайым акциялар шығару болса, онда олардың таратушы ықпалы болады. Тарату көлемі қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы мен орналастыру құны мен бағасы арасындағы айырмашылыққа теңеледі. Сонымен, акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін әлеуетті қарапайым акциялар төмендегі шарттардан құралған акциялар ретінде ескеріледі:
(a) қарапайым акциялардың белгілі бір санын олардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы бойынша орналастыру шарты. Ондай қарапайым акцияларға белгіленген баға әділ деп саналады, сондықтан олар таратылатын немесе таратылуға қарсы болып саналмайды. Олар акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде ескерілмейді.
(b) қалған қарапайым акцияларды қандай да болсын өтемді төлеу шарты. Мұндай қарапайым акциялар ешқандай түсім келтірмейді және айналыстағы қарапайым акцияларға шаққандағы пайдаға немесе шығынға ешқандай ықпал етпейді. Демек, мұндай акциялар таратылатын болып табылады, сондықтан олар акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде айналыстағы қарапайым акциялар санына қосылады.
47. Опциондар мен варранттар қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы сол опциондар мен варранттарды орындау асып кеткен (яғни, олар «ақшада» болған» жағдайда ғана таратушы ықпалда болады. Есептілікте бұрын көрсетілген акцияға шаққандағы пайда сомасы қарапайым акцияларға бағаның өзгеруін көрсету үшін өтіп кеткен күнмен түзетуге жатпайды.
47А Акцияларға опциондар және өздеріне 2 Акциялар негізіндегі төлемдер ХҚЕС (IFRS) қолданылатын үлескерлік құралдар негізіндегі төлемдер туралы өзге де келісімдер үшін 46-тармақта айтылған орналастыру бағасына және 47-тармақта айтылған орындау бағасына ұйымға болашақта акцияға опциондар бойынша немесе үлескерлік құралдар негізіндегі төлемдер бар басқа келісім бойынша жеткізілуі тиісті кез келген тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны қосылуы тиіс.
48. Қызметкерлер үшін акцияларға нақты немесе белгіленетін шарттары бар опциондар және үлескерлік меншікке берілмеген қарапайым акциялар акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне, тіпті, мұндай табыстау кепілдікті болып табылмайтынына қарамастан қабылданады. Олар үлестік құқық берілген күнде айналыста болатын опциондар ретінде ескеріледі. Қызмет нәтижелеріне негізделген, қызметкерлер үшін акцияларға опциондар орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар ретінде ескеріледі, өйткені олардың шығарылуы белгілі бір уақыттың өтуіне қоса белгілі бір шарттардың орындалуына байланысты.
Айырбасталымды құралдар
49. Айырбасталымды құралдардың таратушы ықпалы 33 және 36-тармақтарға сәйкес акцияға шаққандағы таратылған пайдада көрсетілуі тиіс.
50. Айырбасталымды артықшылықты акциялардың ағымдағы кезеңде жарияланған немесе қарапайым акцияға ағымдағы кезеңде жинақталған мұндай акциялар бойынша дивидендтердің айырбастау жолымен алуға болатын көлемі акцияға шаққандағы негізгі пайдадан асып кететін барлық жағдайларда таратылуға қарсы ықпалда болады. Нақ осылайша, ауыстырылатын қарыз құралында, ол бойынша қарапайым акцияға есептелетін (салықтарды және кіріс пен шығыстағы басқа өзгерістерді ескерместен), айырбастау негізінде алуға болатын пайыз акцияға шаққандағы негізгі пайдадан асып кететін барлық жағдайларда таратылуға қарсы ықпалда болады.
51. Айырбасталымды артықшылықты акциялардың өтелуі немесе лажсыз айырбасталуы тек айырбасталымды артықшылықты акциялардың бұған дейін айналыста болған бөлігіне ғана ықпал ете алады. Мұндай жағдайларда 17-тармақта айтылған өтемді төлеудің кез келген артығы қалған артықшылықты акцияларда таратылуға қарсы ықпалдың бар екенін немесе жоқ екенін анықтау мақсаттарында өтелетін немесе айырбасталатын осы акцияларға жатады. Өтелген немесе айырбасталған осы акциялар өтелмеген немесе айырбасталмаған акциялардан бөлек қаралады.
Айналымға салынуы кейінге қалдырылған акциялар
52. Акцияға шаққандағы негізгі пайданы есептеу кезіндегідей, айналымға салынуы кейінге қалдырылған қарапайым акциялар, егер белгілі бір жағдайлар орындалған (яғни айтылған оқиғалар болған) болса, онда айналыстағы акциялар ретінде ескеріледі және акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылады. Айналымға салынуы кейінге қалдырылған акциялар есепке кезеңнің бас кезінен (немесе айналымға салынуы кейінге қалдырылған акциялар шығару туралы шартты көрсетілген күннен, егер ол кейінірек жасалған болса) қосылады. Егер шарттар орындалмаған болса, онда айналымға салынуы кейінге қалдырылған, акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылатын акциялар саны, егер есепті кезеңнің соңы тиісті шарттар қолданылатын кезең аяқталатын сәт болатын кезде шығарылатын акциялар санына негізделеді. Егер шарттар белгіленген кезең біткен кезде орындалмаған жағдайда, қайта есептеуге жол берілмейді.
53. Егер кезеңде пайданың нақты көлеміне жету немесе оны қолдау айналымға салынуы кейінге қалдырылған акциялар шығарудың шарты болса, онда егер ондай көлемге есепті кезеңнің аяқ кезінде қол жеткен болса, онда бірақ ол кезең аяқталғаннан кейін де қолдау жасауы тиіс болса, онда акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде ондай қосымша қарапайым акциялар, егер таратушы ықпал орын алатын болса, онда айналыстағы акциялар ретінде ескеріледі. Бұл жағдайда акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу есепті кезеңнің аяқ кезіндегі пайда көлемі тиісті шарттар қолданылатын кезеңнің аяқ кезіндегі пайданың көлеміндей болған кезде шығарылатын қарапайым акциялар санына негізделеді. Пайда сомасының болашақ кезеңдер ішінде өзгеруі мүмкін болғандықтан, акцияға шаққандағы негізгі пайда есебіне айналымға салынуы кейінге қалдырылған мұндай қарапайым акциялар, қажетті шарттардың бәрі бірдей орындалмағандықтан, тиісті шарттар қолданылатын кезең аяқталғанға дейін қосылмауы тиіс.
54. Айналымға салынуы кейінге қалдырылған қарапайым акциялар саны қарапайым акцияларға болашақ нарықтық бағаға байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда, таратушы ықпал орын алатын болса, онда акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу есепті кезеңнің аяқ кезіндегі нарықтық баға тиісті шарттар қолданылатын кезеңнің аяқ кезіндегі нарықтық бағадай болған кезде шығарылатын қарапайым акциялар санына негізделеді. Егер шарт есепті кезең аяқталғаннан кейін жалғасатын уақыт кезеңі үшін орташа нарық бағаға негізделсе, онда өткен кезең үшін орташа мөлшер пайдаланылады. Нарықтық бағаның болашақ кезеңдер ішінде өзгеруі мүмкін болғандықтан, акцияға шаққандағы негізгі пайда есебіне айналымға салынуы кейінге қалдырылған мұндай қарапайым акциялар тиісті шарттар қолданылатын кезең аяқталғанға дейін қосылмауы тиіс, өйткені қажетті шарттардың бәрі бірдей орындалмаған.
55. Айналымға салынуы кейінге қалдырылған қарапайым акциялар саны қарапайым акцияларға болашақ пайдаға және қарапайым акцияларға болашақ бағаларға байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда, акцияға шаққандағы таратылған пайданың есебіне қосылған қарапайым акциялар саны екі жағдайға да (яғни ағымдағы сәттегі жағдай бойынша пайда сомасына және есепті кезеңнің аяқ кезіндегі жағдай бойынша ағымдағы нарықтық бағаға) негізделуі тиіс. Айналымға салынуы кейінге қалдырылған қарапайым акциялар, егер екі шарт та орындалмайтын болса, онда акцияға шаққандағы пайданың таратылған пайдасының есебіне қосылмайды.
56. Басқа жағдайларда айналымға кейінге қалдырылған қарапайым акциялар саны, пайда сомасы немесе нарықтық баға сияқты емес, басқа жағдайларға (мысалы, бөлшек сауда жасайтын дүкендердің белгілі бір санының ашылуына) байланысты. Мұндай кездерде, жағдайдың қазіргі күйі шартты кезең біткенге дейін өзгеріссіз қалатыны туралы болжамды ескере, айналымға слынуы кейінге қалдырылған қарапайым акциялар осы жағдайды ескере есепті кезеңнің аяқ кезіндегі акцияға шаққандағы таратылған пайданың есебіне қосылады.
57. Айналымға слынуы кейінге қалдырылған әлеуетті қарапайым акциялар (айналымға слынуы кейінге қалдырылған акциялар, мысалы, айналымға слынуы кейінге қалдырылған айырбасталатын құралдар шығару туралы шарт мәні болып табылатын акциялардан өзгеше) акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне төменде көрсетілгендей қосылады:
(a) ұйым әлеуетті қарапайым акцияларды 52-56-тармақтардың айналымға слынуы кейінге қалдырылған қарапайым акцияларға қатысты ережелеріне сәйкес оларды орналастыруға қатысты белгіленген шарттар негізінде орналастыруға жол беру мүмкіндігін белгілейді; және
(b) егер осы әлеуетті қарапайым акциялар акцияға шаққандағы таратылған пайдада көрсетілуі тиіс болса, онда ұйым акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне олардың ықпалын 45-48-тармақтардың опциондар мен варранттар туралы ережелері, 49-51-тармақтардың айырбасталатын, өздері бойынша төлемдерді қарапайым акциялармен немесе ақшалай қаражатпен жасауға болатын құралдар туралы ережелері 58-61 тармақтарында, не басқа тиісті ережелер негізінде белгілейді.
Әйтсе де, орындау немесе шоғырландыру акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу мақсатында айналымға слынуы кейінге қалдырылған акциялар болып табылмайтын айналыстағы сол сияқты әлеуетті қарапайым акциялардың орындалуына немесе шоғырландырылуына жол берілген кезге дейін назарға алынбайды.
Төлемдерді жай акциялармен және ақша қаражатымен төлеуге болатын контрактілер
58. Ұйым төлемдерді өз қалауынша қарапайым акциялармен немесе ақшалай қаражатпен төлей алатын келісімшарт жасаған кезде ол сол контракт бойынша төлемдер қарапайым акциялармен төленетінін, ал таратушы ықпал бар кезде пайда болатын әлеуетті қарапайым акциялар міндетті түрде акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне міндетті түрде қосылатынын негізге алуға міндетті.
59. Мұндай келісімшарт есепке алу мақсаттарында актив немесе міндеттеме ретінде пайдаланылатын немесе өзіне үлескерлік компонентті де, міндеттеме компонентін де қамтитын кезде ұйым пайдада немесе шығында есепті кезең ішінде болатын, шарт түгелдей үлестік құрал ретінде сараланған кездегі барлық өзгерістерді ескере алым ретінде түзетуге міндетті. Мұндай түзету 33-тармаққа сәйкес қажет етілетін түзетулерге ұқсас.
60. Ұстаушының қалауы бойынша төлемдерді, қарапайым акциялармен немесе ақшалай қаражатпен жасауға болатын келісімшартқа қатысты акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде ақша қаражаты төлемдері мен акция төлемдері таратылуының неғұрлым елеулі деңгейі ескерілуі тиіс.
61. Төлемдерді, қарапайым акциялармен де, ақшалай қаражатпен де жасауға болатын келісімшарт, мысалы, өтем мерзімі басталған кезде ұйымға қарыздың негізгі сомасын ақша қаражатымен, не өзінің қарапайым акцияларымен өтеуге шексіз құқық беретін қарыз құралы бола алады. Басқа мысал, сатуға жазып берілген опцион болып табылады, ол ұстаушыға қарапайым акциялармен төлеу мен ақша қаражаттарымен төлеудің арасында таңдау мүмкіндігін береді.
Сатып алынған опциондар
62. Сатуға сатып алынған опциондар және сатып алуға сатып алынған опциондар (яғни, ұйым өзінің қарапайым акциялары есебінен ие болатын опциондар) акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылмайды, өйткені олардың есепке қосылуы таратуға қарсы ықпал туғызуы мүмкін. Сатуға арналған опцион - тек оны орындау бағасы нарықтық бағадан жоғары, ал сатып алуға арналған опцион оны орындау бағасы нарықтық бағадан төмен болған жағдайда ғана атқарылады.
Сатуға жазып берілген опциондар
63. Талаптары ұйымнан өз акцияларын, мысалы, сатуға жазып берілген опциондарды және форвардтық сатып алу - сату келісімшарттарын сатып алуды талап ететін келісімшарттар акцияға шаққандағы таратылған пайда есебінде таратушы ықпалы бар болған кезде ғана көрсетіледі. Егер осы кезеңде сол келісімшарттар «ақшада» болса (яғни опционды атқару бағасы кезеңдегі орташа нарықтық бағадан жоғары болса), онда әлеуетті таратушы ықпал былайша есептелуі тиіс:
(а) кезеңнің бас кезінде табысты келісімшартты орындау үшін қажетті деңгейге дейін көтеру үшін жеткілікті (кезеңдегі орташа нарықтық баға бойынша) қарапайым акциялар саны орналастырылатын болады деп болжануда;
(b) акцияларды орналастырудан түсетін табыс келісімшарты орындау үшін (яғни қарапайым акцияларды сатып алу үшін) пайдаланылады деп болжануда; және
(c) қосымша қарапайым акциялар (айналымға слынуы болжанған қарапайым акциялар саны мен келісімшарты орындау нәтижесінде алынған қарапайым акциялар саны арасындағы айырмашылық) акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылуы тиіс.
Ретроспективті түзетулер_______________________________________
64. Егер айналыстағы қарапайым акциялардың немесе әлеуетті қарапайым акциялардың саны капиталдану, жеңілдік жағдайларында немесе бөлшектеу нәтижесінде ұлғайса немесе шоғырландыру нәтижесінде азайса, онда барлық ұсынылған кезеңдер үшін акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданың есебі кері түзетілуге жатады. Егер бұл өзгерістер есепті күннен кейін, бірақ шығаруға арналған қаржылық есептілік бекітілгенге дейін болатын болса, онда олар үшін және алдыңғы кезеңдер үшін қаржы есептілігінің кез келген нысандары үшін акцияға пайданы есептеген кезде акциялардың жаңа санын басшылыққа алу керек. Акцияға шаққандағы пайданың есебі акциялар санындағы осындай тектегі өзгерістерді көрсеткен кезде, бұл факті міндетті түрде ашылуға жатады. Сонымен бірге, барлық көрсетілген кезеңдердегі акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда есепке алу саясатындағы өзгерістердің салдары болып табылатын және ретроспективті негізде ескерілетін қателер мен түзетулер ықпалын ескере түзетілуі тиіс.
65. Акцияға шаққандағы пайданы есептеу немесе әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастау кезінде пайдаланылған болжамдарға өзгеріс енгізілген жағдайда ұйым көрсетілген бұрынғы кезеңдердің бір де біріне акцияға шаққандағы таратылған пайданы қайта есептемейді.
66. Ұйым пайда мен шығын туралы есепте одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе шығын жөнінде, сондай-ақ басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға есепті кезеңде, егер кезеңдегі таза пайдаға қатысу құқығы әртүрлі болса, онда қарапайым акциялардың әрбір сыныбы бойынша келетін пайда мен шығын жөнінде акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда сомаларын көрсетуге міндетті. Ұйым акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда туралы ақпаратты көрсетілген барлық кезеңдер үшін бірдей дәлдікпен ұсынуға міндетті.
67. Акцияға шаққандағы пайда пайдалар мен шығындар туралы әрбір кезең үшін көрсетілуі тиіс. Егер акцияға шаққандағы таратылған пайда туралы деректер тіпті бір кезең үшін берілген болса, онда олар, акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда тіпті өзара тең болса да, аталған барлық кезеңдер үшін міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер негізгі және таратылған пайда тең болса, онда сол бір соманы пайда мен шығын туралы есептің бір жолында екі рет жазуға болады.
67А Егер ұйым пайда немесе шығынның компонентін 1 (IAS) Қаржы есептілігін ұсыну (2011 жылғы редакция) ХҚЕС-ының 10А тармағында сипатталғандай бөлек табыс туралы есепте ұсынса, онда ол бір акцияның базалық және таратылған табысын 66 және 67 тармақтарда талап етілгендей сол бөлек есепте ұсынады.
68. Тоқтатылатын қызмет туралы деректер беретін ұйым сол тоқтатылатын қызмет бойынша акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда сомаларын не пайда мен шығын туралы есепте, не қаржы есептілігіне ескертулерде ашып көрсетуі тиіс.
68А Егер ұйым пайда немесе залалдың компонентін 1 Қаржы есептілігін ұсыну (2011 жылғы редакция) ХҚЕС-ының (IAS) 10А-тармағында сипатталғандай бөлек табыс туралы есепте ұсынса, онда ол тоқтатылған операция үшін бір акцияның базалық және таратылған табысын 68-тармақта талап етілгендей сол бөлек есепте немесе ескертпелерде ұсынады.
69. Ұйым акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда туралы деректерді, тіпті ол сомалардың теріс мәні (акцияға шаққандағы шығын) бар болса да ұсынуға міндетті.
70. Ұйым мынадай ақпараттарды ашып көрсетуге міндетті:
(a) акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданы есептеу формуласында алымы ретінде пайдаланылған көлемдерді, және осы көлемдерді кезеңдегі басты ұйымға келетін пайдамен немесе шығынмен салыстырып тексеру. Салыстырып тексеру жөніндегі деректерде құралдардың акцияға шаққандағы пайдаға ықпал ететін әрбір сыныбының жеке әсері көрсетілуі тиіс;
(b) акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданы есептеу формулаларында бөлгіш ретінде пайдаланылған қарапайым акциялардың орташа алынған саны, сондай-ақ бөлгіштерді өзара салыстырып тексеру. Салыстырып тексеру жөніндегі деректерде құралдардың акцияға шаққандағы пайдаға ықпал ететін әрбір сыныбының жеке әсері көрсетілуі тиіс;
(c) акцияға шаққандағы пайдаға болашақта таратушы ықпалы болуы мүмкін, бірақ ұсынылған кезеңде (кезеңдерде) таратылуға қарсы ықпалы бар болғандықтан, акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылмаған құралдар (соның ішінде айналымға слынуы кейінге қалдырылған акциялар);
(d) қарапайым акциялармен немесе әлеуетті қарапайым акциялармен жүзеге асырылатын операциялардың, 64-тармаққа сәйкес ескерілетіннен есепті күннен кейін болатын және, егер есепті жылдың аяғына дейін болған болса, онда кезеңнің аяқ жағындағы жағдай бойынша айналымда болатын қарапайым акциялар немесе әлеуетті қарапайым акциялар санының елеулі өзгеруіне әкеліп соғатыннан басқаларының, сипаттамасы.
71. 70 (d)-тармақтағы операциялар мысалдары мыналарды қамтиды:
(а) төлемі ақша қаражатымен төленетін акцияларды орналастыру;
(b) акцияларды орналастырудан түсетін түсім қарызды төлеуге немесе есепті кезеңде айналымда болған артықшылықты акцияларды сатып алуға пайдаланылған жағдайда акциялар орналастыру;
(c) айналыстағы қарапайым акцияларды сатып алу;
(d) есеп берілетін күні айналыста болған әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастау немесе сату;
(e) опциондар, варранттар немесе айырбасталатын құралдар шығару; және
(f) нәтижесі айналымға слынуы кейінге қалдырылған акциялар шығару болатын жағдайларды қамтамасыз ету.
Акцияға шаққандағы пайда сомасы есеп берілетін күннен кейін болатын осы операцияларды ескере түзетілмейді, өйткені олар кезеңде пайда немесе шығын алу үшін пайдаланылған капитал көлеміне ықпал етпейді.
72. Нәтижесінде қарапайым акцияларға айырбастау құқығы пайда болатын қаржы құралдары мен басқа да келісімшарттар акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданы бағалауға ықпал ететін шарттар болуы мүмкін. Бұл шарттар әлеуетті қарапайым акциялардың таратушы ықпалы бар-жоғын, ал егер бар болса, онда айналыстағы акциялардың орташа алынған санына және қарапайым акциялар ұстаушыларға тиесілі пайда мен шығынға кез келген кейінгі түзетулерге олардың ықпалын анықтай алады. Осы қаржы құралдары мен басқа да келісімшарттар шарттарының ашып көрсетілуі, егер басқаша айтылмаған болса, онда көтермеленеді (7 Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС-ын (IFRS) қараңыз).
73. Егер ұйым акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда туралы ақпаратқа қосымша акцияға шаққандағы пайда туралы деректерді ашып көрсетсе, бұл жағдайда пайда мен шығын туралы есептің осы Стандартта талап етілетіннен өзгеше бапты пайдаланса, онда мұндай деректер қарапайым акциялардың осы Стандартқа сәйкес анықталған орташа алынған санының көмегімен есептелуі тиіс. Акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданың осы бапқа қатысы бар сомалары бірдей дәлдікпен ашып көрсетілуге және қаржы есептілігіне ескертулерде берілуі тиіс. Ұйым алымы формулаларда қандай деректер негізінде есептелгенін, соның ішінде, акцияға сомалар салықтар төленгенге дейін немесе төленгеннен кейін есептелгенін көрсетуге міндетті. Егер пайда мен шығын туралы есептің желілік баптарында көрсетілмеген пайда мен шығын туралы есеп компоненті пайдаланылса, онда пайдаланылған компонент және пайда мен шығын туралы есептің тиісті желілік бабы арасындағы салыстырып тексеруді ұсыну қажет.
73А 73 тармақ сонымен бірге бір акцияның базалық және таратылған табысына қоса, онда осы Стандартта талап етілгеннен басқа, бөлек табыс туралы есептің баяндалған компонентін қолданып бір акцияның сомаларын ашып көрсететін кәіспорынға қолданылады.
74. Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер жөнінде қолдануға міндетті. Стандарттың мерзімінен бұрын қолданылуы құпталады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдер үшін қолданатын болса, онда ол бұл фактіні ашып көрсетуге міндетті.
74А 1 ХҚЕС (IAS) (2007 жылғы редакция) бойынша ХҚЕС-тарында (IFRS) қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 4А, 67А, 68А және 73А тармақтары қосылды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, онда осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
74В 2011 жылы мамыр айында шығарылған 10-шы ХҚЕС (IFRS 10) мен 11-шi ХҚЕС (IFRS 11) Бірлескен қызмет, 4, 40 тармақтары және A11 тармағы өзгертілді. Кәсіпорын осы өзгерістерді 10-шы ХҚЕС (IFRS 10) мен 11-шi ХҚЕС (IFRS 11) қолданған уақытта пайдалануы тиіс.
74C 2011 жылы мамыр айында шығарылған 13-ші ХҚЕС (IFRS), 8, 47A және A2 тармақтары өзгертілді. Кәсіпорын бұл түзетулерді 13-ші ХҚЕС (IFRS) қолданғанда пайдалануы тиіс.
74D 2011 жылы маусым айында шығарылған Жиынтық Табыс Шарттарының Көрсетілімдері (1-ші ХҚЕС (IAS) өзгертулері), 4A, 67A, 68A және 73A тармақтары өзгертілді. Кәсіпорын осы тзетулерді 1-ші ХҚЕС (IAS) қолданған уақытта, яғни, 2011 жылғы маусым айында қолдануы тиіс.
Басқа құжаттардың күшінің жойылуы
75. Осы Стандарт 33 Акцияга шащандагы пайда ХҚЕС-ын (IAS) ауыстырады (1997 жылы күшіне енген).
76. Осы Стандарт 24 Акцияга шащандагы пайда - өздері бойынша есеп айырысуларды акциялардан шегіну жолымен жүзеге асыруга болатын қаржы құралдары мен басқа да шарттар ТТК-ын (SIC) ауыстырады.
А ҚОСЫМШАСЫ
Қолдануға қатысты ұсыныстар
Бұл Қосымша осы Стандарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады.
Басты ұйымға жатқызылатын пайда немесе залал
А1 Акцияға шаққандағы пайданы шоғырландырылған қаржы есептілігі негізінде есептеу мақсатында басты ұйымға жатқызылатын пайдаға немесе шығынға шоғырландырылған ұйымның азшылық үлесіне түзету енгізілгеннен кейінгі пайдасы немесе шығыны жатады.
Құқықтар шығарылымдары
А2 Әлеуетті қарапайым акцияларды атқару немесе шоғырландыру кезінде қарапайым акциялардың шығарылуы жеңілдік элементтерінің пайда болуына әкеліп соқпайды. Оның өзі әлеуетті қарапайым акциялардың, әдетте, толық құны бойынша орналастырылатынының салдары болып табылады, ал мұның өзі ұйымда бар активтердің тепе-тең өзгеруіне әсер етеді. Алайда, құқықтар шығарылымы кезінде опционды атқару құны көбінесе акциялардың әділ құнынан төмен болады. Сондықтан, 27-(b)-тармақта атап көрсетілгеніндей, құқықтардың мұндай шығарылымында жеңілдік элементі бар болады. Егер құқықтар шығарылымы акциялардың барлық иелеріне ұсынылатын болса, онда қарапайым акциялардың құқық шығарылымына дейінгі барлық кезеңдердегі акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда есебі үшін пайдаланылатын қарапайым акциялар саны айналыстағы қарапайым акциялардың төмендегі коэффициентке көбейтілген санына тең болады:
(Бір акцияның құқықтарының тікелей жүзеге асырылар алдындағы әділ құны)
(Құқықсыз акцияға теориялық әділ құн)
Құқықсыз акцияға теориялық әділ құн құқықтар жүзеге асырылар алдындағы акциялардың жиынтық нарықтық құнын құқықтарды жүзеге асырудан түсетін түсімдермен қосу және құқықтар жүзеге асырылғаннан кейін айналымда болатын акциялар санына бөлу жолымен есептеледі. Құқықтар жүзеге асырылатын сәт алдында олар акциялардан бөлек айналыста болатын жағдайларда әділ құн осы есеп мақсаттарында акциялар құқықтармен бірге сатылған соңғы күн жабылар кездегі бағам бойынша белгіленеді.