Бақылау көрсеткіші
A3 Бақылау көрсеткіші ұғымының 42 және 43-тармақтарда сипатталғандай қолданылуын көрсету үшін ұйымда одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымға жатқызылатын 4,800 а.б.2 мөлшеріндегі пайда бар, тоқтатылатын қызметтен басты ұйымға жатқызылатын (7,200 а.б.) мөлшеріндегі шығын бар, басты ұйымға жатқызылатын (2,400 а.б.) мөлшеріндегі шығын бар, сондай-ақ айналыстағы 2,000 қарапайым акция және 400 әлеуетті қарапайым акциялар бар делік. Ұйым одан әрі жалғастырылатын қызмет бойынша 2.40 а. б. көлемінде, тоқтатылатын қызмет бойынша (3.60 а.б.) акцияға шаққандағы негізгі пайда алады және (1.20 а.б.) шығынға жатқызылады. Атап көрсетілген 400 әлеуетті қарапайым акциялар акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылады. Одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымға жатқызылатын пайда бақылау көрсеткіші болып табылатындықтан, ұйым осы 400 әлеуетті қарапайым акцияларды да акцияға шаққандағы пайданың басқа сомаларының есебіне тіпті акцияға шаққандағы пайданың нәтижелік сомалары акцияға шаққандағы негізгі пайданың онымен салыстырылатын сомаларына таратушы ықпал ететініне, яғни, акцияға шаққандағы шығын бұл жағдайда аз екеніне қарамастан, [тоқтатылатын қызметтен келетін шығын жөнінде акцияға (3.00 а.б.) және шығын жөнінде акцияға (1.00 а.б.)] қосады.
Қарапайым акциялардың орташа алынған нарықтық бағасы
А4 Акцияға шаққандағы таратылған пайда есебі үшін болжалды орналастырылған қарапайым акциялардың орташа алынған нарықтық бағасы қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа алынған нарықтық бағасы негізінде есептеледі. Теория жүзінде, ұйымның қарапайым акцияларымен барлық нарықтық операцияларды орташа алынған нарықтық баға анықтамасына қосуға болады. Әйтсе де, практикада акцияларға бір апта немесе бір ай ішіндегі орташа алынған арифметикалық баға есебі жеткілікті деп саналады.
А5 Әдетте, қорытынды нарықтық бағалар орташа алынған нарықтық бағаны есептеуге жеткілікті деп саналады. Рас, бағалардың ауытқуы күшті болса, онда ең жоғары және ең төмен бағалардың орташа алынған мәні неғұрлым нақты баға береді. Орташа алынған нарықтық бағаны есептеу үшін қолданылатын әдіс, ол өзгерген жағдайларға байланысты нақтылығынан айырылған кезге дейін, дәйекті түрде пайдаланылады. Мысалы, акцияларға бағалар біршама тұрақты болған бірнеше жыл бойы орташа алынған нарықтық бағаны есептеу үшін қорытынды нарықтық бағаларды пайдаланған ұйым бағаларда елеулі ауытқулар пайда болған кезде ең жоғары және ең төмен бағалардың орташа алынған мәніне көше алады, өйткені қорытынды нарықтық бағалар орташа нақты баға алуға ендігі жерде мүмкіндік бермейді.
Опциондар, варранттар және олардың баламалары
А6 Айырбасталатын құралдарды сатып алуға опциондар және варранттар айырбастау жолымен алынатын айырбасталатын құралдың да, қарапайым акциялардың да орташа алынған бағасы опциондарды немесе варранттарды атқару бағасынан жоғары болатын барлық жағдайларда айырбасталатын құралдарды сатып алуды атқарады деп шамаланады. Әйтсе де, айналымдағы айырбасталатын ұқсас құралдарды, егер ондай құралдар бар болса, онда айырбастау орындалған кезге дейін атқару орындалды деп саналмайды.
А7 Опциондар немесе варранттар атқарудың бүкіл бағасын немесе оның бір бөлігін төлеу үшін ұйымның (немесе оның басты немесе еншілес ұйымының) борышқорлық немесе басқа құралдарын пайдалану туралы ресми ұсыныс болуына жол бере немесе оны талап ете алады. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде мұндай опциондар мен варранттардың таратушы ықпалы бар болады, бұл үшін егер (а) тиісті қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа алынған нарықтық бағасы атқару бағасынан астам болуы немесе (b) ұсынылған құралды сату бағасы бұл құралды опцион немесе варрант бойынша келісім шеңберінде ұсынуға болатын бағадан төмен болуы, және нәтиже беретін жеңілдік атқарудың тиімді бағасын атқару кезіндегі қол жетімді қарапайым акцияларға нарықтық бағадан төмен белгілеуі керек. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде бұл опциондар немесе варранттар атқарылды деп саналады, ал борышқорлық немесе басқа құрал берілді деп саналады. Егер ақша қаражатын беру опцион немесе варрант ұстаушыға тиімді болса, ал шарт ережелерінде ақша қаражатының берілуіне жол берілсе, онда ақша қаражатын беруге жол беріледі. Сатып алынады деп саналатын кез келген борышқорлық құрал бойынша пайыз (салық шегерілгеннен кейін) алымға түзету ретінде кері қосылады.
А8 Шарттары ұқсас артықшылықты акциялар және инвестордың ақша қаражатын неғұрлым тиімді айырбас коэффициентімен төлеуіне мүмкіндік беретін айырбас опциондары көзделген басқа да құралдар осылайша ескеріледі.
А9 Белгілі бір опциондардың немесе варранттардың негізгі шарттарының осы құралдары пайдаланудан алынған түсімдердің ұйымның (немесе оның басты не еншілес ұйымының) борышқорлық немесе басқа құралдарын өтеуге жұмсалуын талап етуі мүмкін. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде бұл опциондар немесе варранттар атқарылды деп саналады, ал түсімдер қарапайым акциялар сатып алудың орнына борышқорлық құралдарды олардың орташа алынған нарықтық бағасы бойынша сатып алуға жұмсалады. Әйтсе де, болжалды атқарудан алынатын қосымша түсімдер, борышқорлық құралдарды болжалды сатып алуға жұмсалған сомамен салыстырғанда, акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде ескеріледі (яғни қарапайым акцияларды сатып алу үшін пайдаланылды деп саналады). Сатып алынады деп саналатын кез келген борышқорлық құрал бойынша пайыз (салық шегерілгеннен кейін) алымға түзету ретінде кері қосылады.
Сатуға жаздырып алынған опциондар
А10 63-тармақтың қолданылуын көрсету үшін ұйымда айналыста өзінің қарапайым акцияларын 35 а.б. болатын атқару бағасымен сатуға жаздырып алынған 120 опцион бар делік. Оның қарапайым акцияларына орташа алынған нарықтық баға кезең ішінде 28 а.б. болды. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде ұйым 4,200 а. б. сомасына сату жөніндегі өз міндеттемесін қанағаттандыру мақсатында кезеңнің бас кезінде бір акция үшін 28 а. б. бағамен 150 акция орналастырдым деп санайды. Орналастырылған 150 қарапайым акция мен сатуға арналған опционды қанағаттандырудан алынған 120 қарапайым акция арасындағы айырмашылық (30 қосымша қарапайым акция) акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде бөлгішке қосылады.
Еншілес, бірлескен кәсіпорындардың немесе қауымдасқан ұйымдардың құралдары
А11 Еншілес, бірлескен кәсіпорындардың немесе қауымдасқан ұйымның тиісінше еншілес ұйымның қарапайым акцияларына айырбасталатын әлеуетті қарапайым акциялары немесе басты ұйымның, кәсіпкердің немесе инвестордың (есеп беруші ұйымның) қарапайым акциялары акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне былайша қосылады:
(a) еншілес, бірлескен кәсіпорын немесе қауымдасқан ұйым шығарған, өз ұстаушыларына еншілес ұйымның, бірлескен кәсіпорынның немесе қауымдасқан ұйымның қарапайым акцияларын сатып алу құқығын беретін құралдар еншілес ұйымның, бірлескен кәсіпорынның немесе қауымдасқан ұйымның акциясына шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылуға жатады. Акцияға пайданың осы мәндері содан соң акцияға шаққандағы пайда есебіне есеп беруші ұйымның еншілес ұйым, бірлескен кәсіпорын немесе қауымдасқан ұйым құралдарын иеленуі негізінде қосылады.
(b) еншілес, бірлескен кәсіпорын немесе қауымдасқан ұйым есеп беруші ұйымның қарапайым акцияларына айырбастайтын құралдар акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу мақсаттарында есеп беруші ұйымның әлеуетті қарапайым акцияларымен бірге ескеріледі. Еншілес ұйымның, бірлескен кәсіпорының немесе қауымдасқан ұйымның есеп беруші ұйымның қарапайым акцияларын сатып алуға опциондар немесе варранттар акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде есеп беруші ұйымның әлеуетті қарапайым акцияларымен бірге нақ осылайша ескеріледі.
А12 Акцияға шаққандағы пайда есеп беруші ұйым орналастырған және еншілес ұйымның, бірлескен кәсіпорынның немесе қауымдасқан ұйымның қарапайым акцияларына айырбасталатын құралдарға жасайтын ықпалды анықтау мақсаттарында бұл құралдар айырбасталды деп саналады, ал алым (қарапайым акцияларды ұстаушыларға шаққандағы пайда немесе шығын) 33-тармаққа сәйкес тиісінше түзетіледі. Осы түзетулерді толықтыру ретінде алым пайдадағы немесе шығындағы есеп беруші ұйым тіркеген кез келген өзгерістерді (мысалы, дивиденд кірісін немесе үлескерлік қатысу әдісі бойынша анықталатын кірісті) ескере түзетіледі, бұлар еншілес ұйымның, бірлескен кәсіпорынның немесе қауымдасқан ұйымның қарапайым акциялары санының болжалды айырбас нәтижесінде көбеюінің үлесіне келеді. Бөлгіш акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде өзгермейді, өйткені есеп беруші ұйымның айналыстағы қарапайым акцияларының саны болжалды айырбас нәтижесінде өзгермеуі тиіс.
Үлескерлік қатысу құралдары және қарапайым акциялардың екі сыныбы
А13 Кейбір ұйымдардың меншікті капиталы мыналарды қамтиды:
(a) белгілі бір арақатынасқа (мысалы, біреуге екеу), кейбір жағдайларда үлескерлік қатысудың ең жоғары шегіне (мысалы, акцияға шаққандағы белгілі бір көлемге дейін, бірақ одан астам емес) сәйкес қарапайым акциялармен бірге дивидендтерге қатысатын құрал;
(b) қарапайым акциялардың басқа сыныбынан дивидендтік кірісінің айырмашылығы бар, бірақ басым немесе жоғары құқықтарсыз қарапайым акциялар сыныбы.
А14 Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін А13-тармақта сипатталған, таратушы ықпалы бар болған жағдайда қарапайым акцияларға айырбастауға болатын құралдар айырбасталды деп болжамдалады. Қарапайым акциялар сыныбына айырбастауға болмайтын құралдар үшін кезеңдегі пайда немесе залал үлескерлік қатысу акциялары мен құралдарының түрлі сыныптары бойынша олардың дивиденд алу құқығына немесе бөлінбеген пайдаға қатысудың басқа құқықтарына сәйкес бөлінеді. Акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданы есептеу үшін:
(a) қарапайым акцияларды ұстаушыларға тиесілі пайда немесе залал кезеңде акциялардың әрбір сыныбы үшін жарияланған дивидендтер көлеміне және кезең үшін төленуі тиісті дивидендтердің (мысалы, төленбеген кумулятивті дивидендтер) шарттық келісімдерде көзделген сомаларына түзетіледі.
(b) пайданың немесе залалдың қалған бөлігі қарапайым акциялар бойынша және үлескерлік қатысу құралдары бойынша кезеңдегі пайда немесе шығын түгелдей бөлінген кездегідей әрбір құралдың пайдаға қатысу үлесіне сәйкес бөлінеді. Пайданың немесе шығынның үлескерлік құралдардың әрбір сыныбына бөлінген жалпы сомасы дивидендтерге бөлінген көлем мен қатысу ерекшелігіне бөлінген көлемді қосу жолымен анықталады.
(c) пайданың немесе залалдың акциялардың әрбір сыныбына бөлінген жалпы сомасы пайда бөлінген айналыстағы құралдар санына бөлінеді, мұның өзі сондай бір құрал бойынша акцияға шаққандағы пайданы анықтауға мүмкіндік береді.
Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін орналастырылды деп саналатын барлық әлеуетті қарапайым акциялар айналыстағы қарапайым акциялар санына қосылады.
Бөлшектеп төленген акциялар
А15 Егер қарапайым акциялар орналастырылған болса, бірақ ақысы толық төленбесе, онда олар акцияға шаққандағы негізгі пайданы есептеу кезінде ақысы толық төленген қарапайым акциялар жөнінде кезеңдегі дивидендтерге қатысу үлесіне сәйкес ескеріледі.
А16 Бөлшектеп төленген акциялардың кезеңдегі дивидендтерге қатысу құқығы жоқ деңгейде, акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде олар варранттар мен опциондардың баламасы деп саналады. Бұл жағдайда төленбеген қалдық қарапайым акцияларды сатып алу үшін пайдаланылған түсімдер болып табылады. Акцияға шаққандағы таратылған пайданың есебіне қосылған акциялар саны жазылыс жасалған акциялар саны мен сатып алынған деп саналатын акциялар саны арасындағы айырмашылыққа тең болады.