«Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қарашадағы
№ 3223 өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 103 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 857 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қарашадағы № 3223 өкімін орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасының Ұлттық лотереясы туралы ереже;
Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) туралы ереже бекітілсiн.
2. Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрлерiне лицензия алған ұйымдастырушылар - заңды және жеке тұлғалар 1997 жылдың 15 сәуiрiне дейiн өздерiнiң қызметтiң осы түрiне арналып бекітілген біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiленген тәртiппен бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп Кеңестiң қатысуымен кейбір заң актілерінiң тиiстi лицензиясыз лотереялар өткізуден алынған табыстарды алып қою бөлiгiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзiрлесiн;
үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу саласында жасалған жұмыстар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп тапсырсын.
4. Мемлекеттік салық комитетi мен Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесе отырып Кеңестiң қатысуымен ұлттық лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу жөнiнде шешiм қабылдануына байланысты "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 мамырдағы № 2235 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж, № 6, 43-құжат) және "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2368 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж, № 13) Заң күшi бар Жарлықтарына енгiзiлетiн тиiстi өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзiрлесiн.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Кеңеске оның қызметiн қамтамасыз ету мақсатында қажеттi үй-жай беретiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөніндегі ұлттық агенттiгiне Кеңеспен бiрлесiп ұлттық лотереяны кеңiнен жарнамалауды ұйымдастыру ұсынылсын.
7. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер және өзге де орталық және жергiлiктi атқару органдары ұлттық лотереяларды таратуда қажеттi жәрдем көрсетсiн.
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) 1-қосымшасына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
реттiк нөмiрi 18 және 27 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қазақстан Республикасының Республиканың барлық Үкіметі аумағында лотереяларды (мемлекеттіктен басқа) ұйымдастыру және өткізу;
27. Облыстардың және Алматы Қоғамдық тамақтандыру қаласының әкiмдерi пункттерiнiң қызметi Бас тiгулер мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу Май құю станцияларын ұстау және пайдалану".
9. "Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік лотереяларды өткізу мен ұйымдастырудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1344 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | А. Қажыгелдин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 27 қаңтардағы
№ 103 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық лотерея туралы
ЕРЕЖЕ
1. Ұлттық лотерея - бұл мемлекеттік лотерея.
ҚР Үкіметінің 2000.04.13. № 565 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жергілікті өкілді органдардың лотереялар өткізуінен алынатын кірістерден басқа, ұлттық лотереяларды өткізуден алынатын кірістер республикалық бюджетке есептеледі.<*>
3. Заңды және жеке, оның iшiнде шет елдiк тұлғалардан тартылған қаражаттар ұлттық лотереяларды өткізу көзi болып табылады.
4. Ұлттық лотереяларды өткізудiң нақты шарттарын Кеңес бекiтедi.
5. Ұлттық лотереяның мiндеттi деректемесi оның атауына "ұлттық" деген сөздiң болуы.
6. Ұлттық лотереяны, компьютерлiктi қоса, ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасында ұлттық лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Кеңестiң немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсыруымен - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ерекше құқығы болып табылады.
7. Ұйымдастырушы-инвесторлармен ұлттық лотереяларды, компьютерлiктi қоса, өткізу жөніндегі контрактiлер тек қана тендерлiк негiзде жасалады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 27 қаңтардағы
№ 103 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяларды
ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық лотереяларды ұйымдастыру мен өткізудi жүзеге асырады, ұлттық лотереяны өткiзетiн ұйымдардың қызметiне бақылау жасайды, лотереяға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз етедi, Ақмола қаласының құрылысы мен дамыту жөніндегі шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ Зейнетақы қорына арналған қосымша бюджеттен тыс қаражаттар тартады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерін басшылыққа алады.
II. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
3. Ұлттық лотереяны өткізу саласындағы бiрыңғай саясатты жүзеге асыру кезіндегі Кеңестiң басты мiндетi:
ұлттық лотереяны өткізудi ұйымдастыру;
ұлттық лотереяға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
ұлттық лотереяны өткізудi өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету болып табылады.
ҚР Үкіметінің 1998.12.23. № 1328 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Кеңес мынадай функцияларды атқарады:
лотереяларды өткізу мен ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейтiн заңдар мен өзге де нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
ұлттық лотереяны ұйымдастырады және өткiзедi;
Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу бақылау жасайды;
Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық лотереяларды өткізу жағдайы мен дамытудың перспективасына талдау жасайды.
ҚР Үкіметінің 1998.12.23. № 1328 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
III. Кеңестiң құқықтары
5. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттер мен орындайтын функцияларына сәйкес мынадай құқықтарға ие:
қажеттi қаржыландыру мен ұлттық лотереяларды өткізу тәжiрибесiн алу мақсатында тендерлiк негiзде лотереялар өткізуден әлемдiк тәжiрибесi бар шетелдiк әрiптестер таңдауды жүзеге асырады;
ұлттық лотереяларды өткізуге қатысушылардың қызметiн реттейтiн мәселелер жөнiнде өз құзыретi шегiнде шешiм қабылдайды;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық лотереяларды ұйымдастыру және дамыту мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттердi тоқтату немесе актiлердi жою туралы ұсыныс енгiзедi;
мемқаржыбақылау органдарынан бақылау жұмысының нәтижелерi туралы өз құзыретi шегiнде мәлiметтер сұратады;
басқа мемлекеттердiң лотерея билеттерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату жағдайлары туралы құзыреттi органдармен келiссөздер жүргiзедi;
ұлттық лотереяларды өткізудiң нақты шарттарын бекiтедi;
ұлттық лотереяларды өткізуден түскен кiрiстi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен Ақмола қаласының құрылысы мен Зейнетақы қорына бөлудi жүзеге асырады.
IV. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
6. Кеңестiң Кеңеске жүктелген мiндеттердi орындауға түгелдей толық өкiлеттiгi бар және жауапты төрағасы, екi орынбасары және алты Кеңес мүшесi болады. Кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
7. Кеңестiң ұлттық лотерея мәселелерi жөніндегі шешiмi Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Шешiм хаттама түрiнде ресiмделедi.
8. Кеңес өз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз бақылауында болатын және оған есеп беретiн атқарушы орган құра алады.
Атқарушы органның басшысы Кеңестiң құрамына белгiленген тәртiппен лауазымы бойынша кiре алады.
9. Атқарушы орган, ол құрылған жағдайда, өз қызметiн Кеңес бекiткен смета бойынша жүзеге асырады.
10. Кеңестiң төрағасы:
Кеңес мүшелерiнiң өзара мiндеттерiн бөледi;
өз құзыретi шегiнде Кеңес мүшелерi, атқарушы органдар үшiн мiндеттi болып табылатын шешiмдер қабылдайды және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
мемлекет және Үкiмет басшылығымен, орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, сондай-ақ шет елдiк үкiметтiк және өзге де ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен қатысты Кеңес атынан шығады.
11. Кеңес мүшелерi немесе атқарушы органның қызметкерлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде қолданылып жүрген заңдарды басшылыққа алуға мiндеттi. Өз мiндеттерiн орындамағаны немесе немқұрайлы орындағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
12. Кеңеске берiлген немесе оған бекітілген мемлекеттік мүлiкке иелiк ету немесе пайдалану құқығы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
V. Тарату немесе қайта ұйымдастыру
13. Кеңестi тарату немесе қайта ұйымдастыру белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.