Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыру мен өткізудің жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсан № 1328 Қаулысы
(2005.19.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
аталған қаулының қосымшасында:
атауындағы «оның ішінде патент түрінде» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Қазақстан Республикасының Республиканың бүкіл
Мемлекеттік кіріс министрлігі аумағында лотереяларды
(мемлекеттік(ұлттық)
лотереялардан басқа)
ұйымдастыру мен өткізу».
2) ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 857 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
5-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары алынып тасталсын.
3) «Заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткізуге мемлекеттік лицензиялар беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі № 653 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 22, 191-құжат):
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастырумен және өткізумен байланысты қызметті лицензиялаудың тәртібі туралы ережені әзірлеп, заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі