Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі № 779 Қаулысы
(2007.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 13-жолдағы 3-бағандағы «мен жерге орналастыру топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сату» деген сөздер алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 2007.06.07. № 574 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |