Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне лицензиялау мәселелерi
бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі № 779 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 6 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 13-жолдағы 3-бағандағы "мен жерге орналастыру топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сату" деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуды лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 1481 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 479-құжат):
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуды" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуды лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптарында:
тақырыбындағы "және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуды" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
3) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
"Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген тарауда:
4-тармақтың 21) тармақшасының 1-бағанындағы "мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi өткізу" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |